Инфоурок Другое Другие методич. материалыСаяхат сабақ "Орал қаласының ескерткіштері"

Саяхат сабақ "Орал қаласының ескерткіштері"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тарихи-мәдени ескерткіштері. Орал қаласына  мәдени- танымдық туристік-өлкетанулық бір күндік саяхат сабақ

Саяхаттың  мақсаты: жас ұрпақ бойына Отанына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, азаматтыққа және патриоттыққа тәрбиелеу, рухани-мәдени мұраларды сақтауда және танып білуде оқушылардың қызығушылығын арттыру.Орал қаласының тарихи ескерткіштерімен таныстыру Республикалық және облыстық маңызы бар тарихи ескерткіштер туралы түсінік беру.

Саяхаттың маршруты: Федровка ауылы- Орал қаласы ( В.И.Чапаев ескерткіші- Г.К.Жуков ескерткіші - М.Маметова ескерткіші – Сырым Датұлы ескерткіш - Христос Спасатель шіркеуі – М.Маметованың мемориалдық мұражай-үйі – Суретші С.Ғұмаровтың мұражайы – Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы – Абай Құнанбаев ескерткіші – Ж.Молдағалиев ескерткіші – Карев үйі – А.С.Пушкин мұражайы (Атамандар үйі) – Е.Пугачев мұражайы- Михайл Архангел шіркеуі) –Федоровка ауылы.

Ұйымдастыру кезеңі: Жас туристтермен амандасып. Саяхатқа аттану.

Саяхатқа кіріспе:

1.      Теректі ауданының тарихи-мәдени ескерткіштерінің саны?

2.      Теректі ауданының орталығы Федоровка ауылы облыс орталығы Орал қаласынан қанша км қашықта жатыр?

3.      Теректі ауданы облыстың қандай аудандармен шекаралас?

4.      Федровка ауынан Орал қаласына дейінгі  арақашықтықта орналасқан ауылдар?

Саяхат сабақ:

  Орал – ірі ғылыми және мәдени орталықтар қаласы. Батыс Қазақстан облысы территорясында алты  мыңнан астам археолоогиялық ескернткіштер және 500-ден астам тарих, сәулет және монументтік өнер ескерткіштері бар. Қазіргі кезде жергілікті маңызға ие 2153 және республикалық маңызы бар 14  ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Жергілікті маңызды 2153 ескерткіштің ішінде 173-і тарих, сәулет және монументтік өнер ескерткіші болса, 1966-сы археология ескерткіші саналады. Республикалық  маңызы бар тарихи ескерткіштер ҚР-ның ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Бұл ескерткіштер 1992 ж. 2 шілдедегі ҚР «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау  мен пайдалану» заңына сәйкес қорғалады. Қазіргі Орал Қазақстанда қайталанбас өзіндік сәулет мәнері бар қала. Орал – мемлекетіміздің  батыс қақпасы, көрші Ресей аймақтарымен халықаралық экономикалық және іскери байланыс орталығы.

    Саяхатымыз Темір жол бекеті маңы алаңында орналасқан В.И.Чапаевтің ескерткішінен   басталады. Оқушылар өздері ізденіп, дайындап келген хабарламаларына кезек берейік.

1.      В.И.ЧАПАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ

В.И.Чапаев -азамат соғысының аты аңызға айналған батыры, аты бізің өлкеміздің тарихымен байланысты. 1918ж. май айында В.И.Чапаев бригада жасақтап, ал күзде Шығыс майданында ақ казактармен ерлікпен күресуші Қызыл әскерлерді, дивизияны басқарды. 25-атқыштар дивизиясы Орал қаласын қоршаудан босатылды. В.И.Чапаевтың атты статуя ескерткіші 25 тамыз 1984ж. вокзал жанындағы алаңға орнатылды. Чапаев атта отырған кейпінде кескінделген. Мүсін қоладан құйылған, биіктігі 6,8 м. Чапаев ескерткішінің тұғыры құйма тастан жасалып, сұр гранитпен және қызыл стилобатпен қапталған, биіктігі 8 метр. Авторы: мүсіншілер  Б.Тулеков, М. Айнеков.

2.      Г.К. ЖУКОВТЫҢ ЕСКЕРТКІШ -МҮСІНІ

Ескерткіш Жуков көшесі бойында әскери бөлімші ауданы алдында орнатылған.

Георгий Константинович Жуков- ұлы қолбасшы, Советтер Одағының маршалы, төрт дүркін Советтер Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысы кезінде аты аңызға айналған. Орал қаласындағы бір көше оның атымен аталады.

Ескерткіш-мүсін әскери бөлімнің кірер жерінде 1992ж. орнатылған. Ескерткіш скульптурасы қоладан дайындалған, тұғыры бетоннан, гранитпен қапталған.

Ескерткіш авторы- мүсінші Ю. Баймұқашев. Мүсін биіктігі -2,5х1,5х1,5м.

3.      МӘНШҮК МӘМЕТОВАҒА ҚОЙЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШ

 Орал қаласындағы Бейбітшілік алаңында орнатылған ескерткіштің биіктігі 7 м 80 см. Мүсін қоладан құйылған. Тұғыры граниттен жасалған. Мүсіншісі – Х.Наурызбаев, архитекторы – Ю.Хакало. Қазақстанның КОКП ОК Хатшылығының 1980 жылғы 9 шілдедегі «Орал қаласында М.Маметоваға ескерткіш орнату туралы» Қаулысымен Бейбітшілік алаңында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметоваға ескерткіш орнатылды. Алаң оңтүстіктен солтүстіккке қарай қаланың бас магистралымен Достық даңғылында қиылысады. Табиғи шамасына сәйкес модельді орындаушы болып РСУ «Казкультремстрой Министерства культуры Каз.ССР» табылады. Ескерткішті облремстройтресттің бастығы Әнуар Жукерұлы Нұрғалиевтің (1963 ж.туған) басшылығымен аталған тресттің жұмысшылары орнатқан. Ескерткіштің ашылу салтанаты 1988 жылғы 23 сәуірде болған. Ескерткіш Минск қаласында «Монументальная скульптура и производственное литье» зауытында қоладан құйылған. Ескерткіштің негізгі идеясы – біздің жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың өшпес ерлігін мәңгілікке қалдыру, ол осы жерде Отанына деген сүйіспеншілік пен шын берілгендіктің алғашқы талпынысын өз жерлестерінен мұраға алған.

4.      СЫРЫМ ДАТҰЛЫ ЕСКЕРТКІШІ

Сырым Датов 1742 жылы Жымпитыға жақын Жетікөл жерінде дүниеге келді. Қазақ халқының тарихында сирек кездесетін аса талантты, дарынды қайраткер С.Датовтың туғанына 260 жыл толуына арналып, 2003 жылы Орал қаласында Достық даңғылының бойына облыстық маслихаттың алдындағы алаңға ескерткіш орнатылды.

Сырым Датұлы –қазақтардың алғашқы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі, халқымыздың тәуелсіздігі мен еркіндігі жолындағы ұлы күрескер (1783-97жж) Қазақстан тарихында С.Датұлы өз халқының зор сүйіспеншілігіне бөленген қоғам қайраткері және тарихи тұлға ретінде мәңгі сақталады. Оның қайталанбас жарқын тұлғасы отандық тарихта терең із қалдырды.  Ескерткіш қоладан жасалып, бетон тұғырға орнатылған. Ескерткіщтің жалпы биіктігі – 5,95м.

5.      ХРИСТОС  СПАСАТЕЛЬ ШІРКЕУІ

  1891-1907 жж. Христос Спасатель шіркеуі Достық даңғылы, 202 үйде орналасқан. Әуелі  Христос Спаситель шіркеуінің іргетасы 1889 жылы қаланды. Архитектор И.А.Тец шіркеудің  жобасын ғибадатхананы үш тақты, жанында шектері бар етіп салуды жоспарлаған. Құрылыстың ашылуын 1891 жылғы мерейтойға жоспарланғанымен қаржының, ең бастысы уақыттың жетіспеушілігіне байланысты құрылысты аяқтау мүмкін болмады.

  Шіркеу құрылысының жобасына архитектор В.Н.Курицин және  В.Н.Чагин елеулі өзгерістер енгізіп, бір тақтық шіркеу жобасын ұсынды. Барлық дайындық жұмыстары тек 1903 жылы аяқталып, ал шіркеу құрылысы 1907 жылы бітті. Оны басқарған инженер құрылысшылар И.Н.Небаронов пен И.М.Железнов, ХристосСпаситель  шіркеуі жеті күмбезден тұрады, сегіз бастионымен қоршалған, алдыңғы екеуінде жылдары жазылған – 1591 және 1891. Түбегейлі бұрынғы қалпына келтіру жұмыстары 1983-1984 жылдары жүргізіліп, ескерткіш алғашқы қалпына келтірілді. Күмбездері толығымен ауыстырылып, ғимараттың сыртқы келбеті мен оның қызғылт қаптамасы тазаланып, жаңа крест орнатылды. Қазіргі уақытта Христос Спаситель шіркеуі- қаладағы ең әдемі шіркеулердің бірі, бұл храмды халық “Алтын шіркеу” деп атаған, өйткені оның күмбездері алтынмен қапталған, ал оған бекітілген шақалар сыңғырлап, түрлі-түске боялып, мың құбылып отырған.. Ұзақ жылдар бойы шіркеуде Өлкетану және атеизм мұражайлары орналасты. 1990 жылы шіркеу діндар адамдарға қайтарылды.

6.      М.МӘМЕТОВАНЫҢ МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙ-ҮЙІ.

    1932-1934 жылдар аралығында бұл үйде  қазақ халқының даңқты қызын тәрбиелеген Мәметовтр отбасы өмір сүрді. М.Мәметова –Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған Шығыстың тұңғыш қызы. Мәншүк Алматы медициналық институтының екінші курсынан өз еркімен майданға аттанады. Аз ғана уақыт ішінде өзінің әскери ортадағы шеберлігімен, алғырлығымен ерекшеленген Мәншүкті пулеметшілер тобының командирі етіп тағайындады. Мәншүк Псков облысының Невель қаласы үшін шайқаста 1943  жылдың  15 қазанында ерлікпен қаза тапты. Ол өз отрядын қорғап, көз жұмған сәтіне дейін қолынан қаруын тастамады. Мәншүктің ерлігі невельдіктердің есінде сақталғандығының бірден-бір белгісі –Невель жеріндегі М.Мәметова атындағы мектеп пен ескерткіші. Мәншүк ерлігіне куә Невель қаласы мен оның туған жері –Орал қаласы арасындағы тығыз байланыс бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді. 1982 жылы 7 шілдеде Орал қаласында ашылған музейде  фотосуреттер, құжаттар, Мәметовтар отбасының жеке заттары көрініске қойылған. Музей экспонаттары қазақ халқының батыр қызы М.Мәметованың өмірімен таныстырады. Алты залдан тұрады. 1993 жылы 22-маусым – Ұлы Отан соғысының  басталғанына 52 жыл толған күні әкелі-балалы Ананьевтердің «Мәншүктің қайталанбас ерлігі» диормасы салтанатты түрде ашылды. Мәншүм Мәметованың мемориалдық музей-үйі орналасқан Сарайшық  көшесіндегі 51-үй тарихи ескерткіш ретінде арнайы қамқорлыққа алынған. 1930 жылы бұл үйде Мәметовтер отбасы, мектеп жасындағы Мәншүк тұрған. Оның алғашқы ұстазы В.Г.Зайцева мұражай қорына өте құнды экспонаттарды алғашқылардың бірі болып тапсырды.

7.       СУРЕТШІ СӘКЕН ҒҰМАРОВТЫҢ МҰРАЖАЙЫ

Мұражай 1996 жылы суретшінің көркем шеберханасынан ашылды. Сәкен Ғұмаров қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданында дүниеге келген. Ол кішкентай кезінен балалық сезіміне әсер еткен даланың, текеметтердің суретін салған. Сәкен Гұмаров - КСРО Журналистер Одағының, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі. Ол 30 жыл сұңғат өнерімен айналысқан. Суретші өзі туралы: «Ес білгелі сурет салып келемін. Тек майлы бояумен жумыс істедім. Жанр мен тақырып тұрғысында өзіме шектеу қоймадым, ұлттық, таптық, әлеуметтік тақырыптарға ғана тоқталғаным жоқ. Шығармашылығыма саз өнері, сәулет, поэзия жанама және тікелей әсерін тигізді», - деп жазған. Сәкен Ғұмаров өмірде болған кездің өзінде 40 жеке көрме өткізілді. Олардың бесеуі Алматыда, үш көрме Мәскеуде, төртеуі Оралда және бір-бір ден Ялта, Сочи, Киев, Челябинск, Вильнюсте өткізілді. Сәкен Ғүмаровтың суреттері оны көрген адамдардың сезіміне ерекше әсер ететін. Бұл суретші сұңғаттары бойынан өмірге деген сүйіспеншілік сезімі сезіледі. Оның суреттері - дүние бірлігін түсінудің бір кілті. Мұражайда суретшінің жеке коллекциясынан алынған суреттер, оның жеке заттары, фотосуреттері мен құжаттары көрмеге қойылған.

8.          ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫ

  Мұражай Достық даңғылы, 184 үйде орналасқан. Ғимарат орыс-қазақ қолөнер мектебі үшін арнайы салынған. Бұл Қазақстандағы осындай титі бірінші оқу орны. Ғимарат екі қабатты, жартылай жертөлелі, мавритан стилінде салынған (сүйір терезе ойығы, шатыр тіректеріндегі күмбездер және стильдегі мұнара, т.б) Ғимараттың құрылымы анық жоспарланған, бөлмелер доғалы тоғыспалармен біріктірілген, қасбет жабыстырылып мәнерленген сәулет элементтерімен безендірілген. Музей 1832 жылы мектеп мұғалімі М.К.Курилиннің ұйымдастыруымен ашылған. Атақты орыс ғалымдары Г.С.Карелин, Н.С.Северцев, Л.С.Берг музейді ұйымдастыруға ат салысқан. Бұл ғимарат 1879 жылы орыс-қырғыз /қазақ/ мектебі үшін шығыстық сәулет өнері бойынша салынған.  Ғимаратта әртүрлі саладағы оқу орындары мен ұйымдар орналасқан. Алғашқы кездерде екі жылдық орыс-қазақ мектебі болған, бұл жерде ұлдарды  сауатты болуға, сонымен қатар, токарьлық, ағаш ұсталық, темір соғу және слесарьлық істеріне оқытқан. Азамат соғысы кезінде, 1919 жылдың аяғынан бастап бұл ғимаратта обллыстық әскери комиссариаты жұмыс жасаған. ХХ ғасырдың 1920-30 жылдары оқу сыныптары, интернат, асхана, клубтары бар Орал кәсіптіктехникалық мектебі, ал кейін ғимаратта №75 қалалық кәсіби-техникалық училище орналасқан. 1963 жылы ол, Батыс Қазақстан Ауыл шаруашылық институтына берілген. 1973 жылғы 12 сәуірдегі Орал облыстық  атқару комитетінің шешімімен ғимаратқа мәдениет басқармасы көшіп келді. Орал облыстық атқару комитетінің шешімімен 1980 жылы облыстық тарихи-өлкетану музейіне берілді.Музей қорында 102917 жәдігерлер жинақталған.

9.      А. ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ

 27 тамыз 2002 ж. Орал қаласының орталық көшесіне Абай Құнанбаевтың ескерткіші орнатылды. Класссикалық стильде дайындалып, граниттен жасалған. Авторы- мүсінші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші  Нұрлан Далбай (Алматы қаласы). Ескерткіштің биіктігі -4,50м, ені – 1,570м. Тұғыры гранитті, түсі-сұр. Ескерткіштің тұғырмен қосқандағы биіктігі 10,365м. Жанында декоративті 2 фонтан орнатылған.

Абай Құнанбаевтың өмірі мен творчествосы-XIX ғ-ғы қазақ әдебиетіндегі бірден-бір басты тақырып.

10.    ЖҰБАН МОДАҒАЛИЕВТІҢ ЕСКЕРТКІШ-БЮСТІ

 Ж. Молдағалиев скверінде орнатылған. Бюст-ескерткіш 2002 жылы ақынның туғанына 80 жыл олу құрметіне орай орнатылған.  Бюст-ескерткіш қоладан жасалған. Мүсінші – Ю.Баймукашев, сәулетші –А.Кононов.  Жұбан Молдағалиев 1920 жылы 5 қазанда Тайпақ ауданының Жыланды деген жерінде дүниеге келген.  Жұбан Молдағалиев Орал өңірімен тек қана осы жерге қаны тамып, осы жерде өскендігімен емес, сонымен бірге оның шығармашылығы Орал өңірінің еңбекшілерімен кездесуден, біздің өлкеміздің сұлу табиғатынан нәр алғандығымен де тығыз байланысты. Жұбанның өлеңдері мен поэмалары көп ұлтты поэзияның асыл қазынасына сом алтындай құйылып, қалың оқырманның сүйіп оқыр шығармасына айналды.

11.  КАРЕВ ҮЙІ

Ғимарат Карев көшесі, 47 үйде орналасқан, 1900 жылы бірінші гильдиялық көпес А.Т.Карев салдырған. Тарихи деректерге қарағанда қожасы осы үйдің құрылысын тексеріп жүргенде баспалдақтан құлап кетіп мерт болған. Құрылысты оның әйелі Д.Ф. Карева аяқтаған.Бұл – қаладағы ең әдемі және ескі ғимараттардың бірі. Сол кезде казактар бұл зәулім үйді «Нар үй» немесе «Дом -верблюд»деп атаған. Карев үйі үш қабатты, оның қаскелбеті жарты колоннамен, жақтаулармен, сәулет белдеулерімен, ал оның шатырмен жабылған төбесі ойылған ағаш терезелерімен безендірілген. Үйдің ең әдемі архитектуралық бөлшектері – балкондары: ортадағы үлкені және жанындағы екі шағыны. Шатырмен жабылған, әшекейленген төбенің үстінде, франтонда салынған жылы көрсетілген – «1900». Бірінші қабатта А.Т.Карев, А.А.Шмидт, Р.Ф.Функ және т.б. көпестердің дүкендері болған. Екінші қабатта офицерлер мәжілісі өтетін орын, кейіннен коммерциялық клуб орналасқан. Үшінші қабатта - "нөмірлер", ол туралы ғимараттың солтүстік жағындағы үлкен жазулар дәлелдейді. 1907 жылдың көктемінде Карев үйінде дүкендер витриналарын жарқыратып, алғашқы рет электр лампасы пайдаланылған. 1908-1909 жылдары  екінші қабаттағы залда «Электробиоскоп Пате» және «Парижский кинематограф» жұмыс істей бастаған. Кино картиналар рояль мен скрипканың сүйемелдеуімен көрсетілген.  Кейін, Кеңес өкіметі уақыты кезінде, Оралды қорғау барысында 1919 жылы бұл ғимаратта  ерікті жұмысшылар дружиналары құрылған. Осы жерде Орал қорғаушыларына арналған В.И.Лениннің барлығына белгілі телеграммасы оқылды, телеграммада ол оларды батыр, ал қаланы ақ гвардияшылардан қорғауды – ерлік деп атаған. 1919 жылы 14 желтоқсанда Карев үйінде салтанатты түрдеК.Маркс атындағы Еңбек сарайы ашылды. 1923 жылдың қараша айында бұл жерде қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы, ҚазССР ЦИК төрағасы С.Сейфуллин тұрған. Ұлы Отан Соғысы кезінде бұл ғимаратта госпиталь орналасқан. Қазіргі уақытта Карев үйінде  Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы және Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап кітапханасы орналасқан.

 

12.  А.С.Пушкин мұражайы (Атамандар үйі)

“2006 жыл-Қазақстандағы Пушкин жылы” аясында 1833 жылы орыс әдебиетінің ұлы классигі А.С.Пушкин тоқтаған атамандар үйінде ақынның музейі ашылды. И.Крылов, В.Даль, В.Жуковский, Т.Шевченко, А.Плещеев, Л.Толстой тоқтаған бұл ғимараттың табалдырығын аттасымен-ақ ХІХ ғасырдағы Орал қаласына сапар шеккендей әсерде қаласыз. Орыс суретшілерінің линогравюралары арқылы Сіз сол кездегі қаладағы «Успен ғибадатханасы», «Петр мен Павел шіркеуі», «Михаил-Архангел ғибадатханасы», «М.Толкачевтің үйі» секілді Пушкин аралаған тарихи орындармен танысасыз. Дворяндық үлгіде жабдықталған осынау залдан ХІХ ғасырдың лебі есіп тұрғандай сезімде боласыз. Сондай-ақ, музей экспозициясында “Капитан қызы” мен “Пугачев көтерілісінің тарихы” кітаптарының ескі басылымдары, ақын қолжазбасының көшірмелері, Орал қаласында болған ақын-жазушылар туралы фотоматериалдар, А.С.Пушкинмен кездескен шаруалар көтерілісінің қатысушылары туралы деректер көрермен назарына ұсынылған.

13.   Е.ПУГАЧЕВ МҰРАЖАЙ-ҮЙІ.

Е.Пугачев мұражайы ХІХ ғасыр. Достық даңғылы, 35 үйде орналасқан. Үй «шилихин өртінен» кейін шамамен ХҮІІІ ғ. Ортасы орта дәулетті П.Кузнецовтың  басқауымен салынған. Құрылыс шатыр төбелі дөңгелек ағаштан тұрғызылған. Екі бөлмесі, асханасы, қоймасы бар. Мұнда Е.И.Пугачевтің екінші әйелі, «Яик ханшайымы» -Устинья Кузнецова дүниеге келіп, осы жерде тұрды, нәтижесінде ол Екатерина ІІ-нің бұғауына алынып, Кексгольмск бекінісіне қамалды. 1774 жылы Е.И.Пугачев Яик бекінісін қоршау кезінде осы үйде болған.  Бүгінгі таңда мұнда Е.И.Пугачевтің мұражайы орналасқан. 1968 жылы үйге 50х70см көлемінде ағаш мемориалды тақта қойылды.

14.  Михайл Архангел шіркеуі.

ХҮІІІ ғ.340-51 жж. Шіркеу Достық даңғылы, 63 үйде орналасқан. Орал қаласындағы ең ескі ғимарат - Михайло-Архангельский соборы қаланың көне бөлігі Курениде орын тепкен. Бұрын оның орнында біртектес ағаш храмдар салынған, олар қаланы өрт шалған кезде жанып кететіндіктен, әркез орнына басқасын салып отырған. Осындай бір кезекті өрттен кейін казактар соборды кірпіштен салуды ұйғарған. Михайл Архангел шіркеуі – Орал қаласындағы бірінші тас ғимараттарының бірі. Оның негізі 1740 жылы қаланған. Құрылыс 1751 жылы аяқталды. оған орал (жайық) казактарының жебеушісі – Михайл Архангельдің аты берілген, осы собордың атынан келіп қаланың басты көшесі Большая Михайловская деп аталып кеткен. 1772 жылға дейін собордың алдындағы алаңда әскер топтары өтетін болған. Орал қаласына ат ізін салдырған талай-талай ұлы адамдар осы соборға соқпай кетпеген. 1850 жылы Александр Невскийдің православиелік соборын (1938 жылы бұзылған) дәріптеуден кейін Михайло-Архангельский соборын халық «Старый собор» деп атап кеткен. 1930 жылдары діни қудалау кезінде оны жауып тастап, ішінде қойма ұйымдастырылған. 1943 жылы собор дінге сенушілерге қайтарылған, алайда 1961 жылы жаңадан діни қудалау болған кезде оны қайтадан жауып тастап, ғимаратта өлкетану мұражайы орналастырылған. 1988 жылы собор дінге сенушілерге қайтарылды. Қазіргі кезде шіркеу ғимараты діндарларға берілді. Шіркеу псков-новгород сәулет мотивтерімен салынған –қарапайым сәулеттік қалпымен, пияз пішіндез күмбездер, тропалармен жабылған.

Саяхатты қорытындылау.  Ауылға қайтып келе жатырған жолда оқушылардың алған әсерлерімен бөлісу. Қандай ғимарат немесе ескерткіш ұнағанын, естерінде қалған мәліметтерін айтқызу..

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Саяхат сабақ "Орал қаласының ескерткіштері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 611 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.06.2016 13243
    • DOCX 29 кбайт
    • 30 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алгазиева Айдана Руслановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алгазиева Айдана Руслановна
    Алгазиева Айдана Руслановна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32339
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции