Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Саятшылық. Құсбегілік." тақырыбында өткізілген викторина

"Саятшылық. Құсбегілік." тақырыбында өткізілген викторина



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Саятшылық»

Өткізілетін күні: 18.10.2016ж

Өткізілетін жері: музей

Өткізілу әдісі: викторина

Жауапты: Ф.Нұрлыбаева;экскурсовод



Мақсаты: Кеңестік дәуірде қол үзіп қалған ұлттық ата – мұра дәстүрімізді терең зерттеу, жан – жақты танып білу,әсіресе жастар арасында  нәсихаттау.

Көрнекілігі: этнография залында орналасқан құсбегілік көрмесіне қойылған жәдігерлер, қажетті құрал - жабдықтар, викторина барысында бейнематериал көрсетіледі.

Өткізілу барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме балалар! Адамзат алғаш әлемде пайда болған кезден-ақ өзін қоршаған ортаға үйлесе өмір сүруге талпынған. Күн көріс қарекетімен әуелден әртүрлі табиғаттағы жабайы жеміс-жидекті теріп жей келе, аң – құс аулауға машықтана бастады. Мұны дала мәдениетінде сақталып қалған көне жәдігерлер дәлелдеуде. Әсіресе тасқа «қашалған» аң-құс аулаудағы бейнелер соның айғағы іспетті.

Жалпы бүгінгі викторинамыздың тақырыбы: «САЯТШЫЛЫҚ». Саятшылық – адамзаттың ең көне және ең алғашқы күнкөріс қарекетінің бірі болғанымен, уақыт өте келе кәсіпке ұласып, орта ғасырдың соңына дейін шаруашылықтың негізгі бір түріне айналды.

Құсбегілік жайында дайындалған бейнематериалымыз бар ал енді экранға назар аударайық. (экранда бейнематериал көрсетіледі).

«Қыр – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл… Қыран бүктеп астына дәл басқанда. Құсы да, иесі де қоразданар» - дейді. Қас пен көздің арасында болатын осы бір сәтті ұлы Абай ақын өлең-суретпен бейнелегенде құсбегіліктің бүкіл болмысы мен мұндалап тұрғаны хақ. Ұлы Абайда құсбегілікті жан-тәнімен ұнатқан адам. Бұл өнерден ләззәт алған даланың дүл-дүл ұлдары Біржан мен ақан, сегіз сері мен Қанапия бұл өнерді ұлттық ерекшелік деңгейінде жырлады.

Саятшылық яғни құс салып аң аулау өнері де қазақ өміріндегі сирек кездесетін қызықты салт. Мұндай адамды «құсбегі» деп атайды. Құстың «тілін» білетін және оның мінез-құлқын, жан-дүниесін, қасиеті мен табиғатын білетін адамдар бұрын көп болған. Олар қазір де бар, бірақ сирек кездеседі. Құсбегілер көбінесе бүркіт, лашын, сұңқар, қырғи, тұйғын, ителгі сияқты жыртқыш құстарды ұстап аңға салып баулиды. Мұның бірнеше қыр-сыры, құпия-қызығы да өте көп. Құсбегілер мен аңшылар көбінесе бүркіт ұстайды. Сыр-сипатына қарай оған ат қойылады. Жасына қарай оларды тастүлек, мұзбалақ, көк түбіт, май түбіт, барқын, баршын т.с.с. деп бөледі. Алғыр құстарды қыран, шәулі... деп бағалайды.. Құсты күту, баптау, тәрбиелеу, түлету, үйрету жолдарының өзі бір ғылым десе де болады. Мұның құпия сырын құсбегілер өте жақсы білген. Бабы келген бүркіт – қыста қасқыр, түлкі, қарсақ, киік, қоянға түседі. Жазда қаз, үйрек, қырғауыл, шіл, кекілік сияқты құстарды да алады.
Саятшылар мен аңшылардың күтетін ең сәтті күні сонар.
Бұл күнгі аңшылық қызықтың орны тіпті бөлек. Баяғыда бір аңшы «атам өлсе қойылар, атан өлсе сойылар, Мұндай қызық қан сонар, Маған қайдан табылар» деп атасы өлгенде де бұрылмай кеткен екен дейді. Сонар деп жерге жаңа түскен, жел үрмеген, жан баспаған қарды айтады. Бұған түскен із тайға таңба басқандай анық болады. Сонар үшке бөлінеді: ұзақ сонар, келте сонар және қан сонар. Мұның ішінде ең қызығы қан сонар. Бұл күні шыққан аңшының жолы болатыны айдан да анық. Саятшылық қазақ халқының тірі табиғат пен өлі табиғаттың тыныс-тіршілігін, құпия сырын терең меңгергендігінің айғағы. Бұл зор өнердің қызығын саятшылардың өздері, ал игілігін халық көрген. Сөйтіп саятшылық – халықтың мұрат тұтқан арманы әрі өнері болып саналған.


Саятшылар ел ішінде өте сыйлы, құрметті адамдар қатарына жатады. Олар кезінде осы құс салу арқылы ел-жұртты тамақпен (етпен), қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян терілерімен қамтамасыз еткен ел қомқоры, асыраушысы деп те санаған. Сөз басында айтқандай саятшылардың ең негізгі құралы – қыран бүркіт. Бүркіт – текті құс. Оны сол бүркіттей жігіттер ғана ұстап, бабын келтіріп аңға салады. Бүркітті балапан кезінде тай басынан, құз қиясынан әдейі барып алады. Ал сатып алса, бағасы тіпті қымбат. «ХІХ ғасыр соңында бүркіттің алғырлығына қарай, түйе бастатқан тоғыздан бастап, 5-6 түйеге тең келген. Шу мен Сырдарияда 5-6 түйе, қаршыға мен сұңқар 1-2 түйеге бағаланған. Семей губерниясында жақсы бүркітке 250-300 сом немесе 1000 (мың) бас қой берген». Бұрын ел жақсылары мен бай, би, серілер бүркіт ұстаған. Әлібек батырдың қыраны бір жылда 60 түлкі, 10 қарсақ, 12 қасқыр алған. Ұлы Абайдың Көкшегір, Қарашолақ деген бүркіттері болған. Сол Қарашолақты ұлы ақын Тулақ деген кісіден 10 шақты ірі қараға сатып алған. Бүркіт – текті құс. Ол өз иесін таниды, қарсы шаппайды. Найманда атақты Тіней атты құсбегінің Сарықұсы иесі өлгенде ешқайда кетпей Тінейдің зиратының басында отырып, құсадан өлген. Саятшылар мен аңшылардың тағы бір сенімді серігі - тазы. Салмағы жеңіл әрі ұшқыр да жүйрік тазыларды иесі күтіп-баптап, таза жылы жерде ұстап аңға шыққан. Алматы облысының атақты аңшысы Е.Атабергенов бір бүркіт, екі тазысымен 3 айда 115 түлкі, 3 қасқыр, 4 борсық алған. Жаңақорғанның аңшысы Е.Әлиев Лашын атты тазымен бір қыста 47 шиебөрі алған. Сайып келгенде саятшылық біздің халқымызға тән және ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан кәсіптік өнер әрі ол еліміздің әр іске, кәсіпке бейімділігін көрсетеді.

Ерте кездерде қазақ даласына саяхаттап немесе елшілік қызметін атқарып келген адамдарға әрқашан қонақжайлылық көрсетіп, иығына шапан жауып, қолына қыран құс қондырып, астына жүйрік ат мінгізіп, еліне сый-сияпатпен қайтарып отырған.



Бүркіт пен бүркітші жабдықтары.

Аушы құстарды баулауды өнер еткен адам оған қажетті жабдықтарды негізінен өзі дайындап алады. Олар: томаға, аяққап, құндақ, балдақ, тұғыр, ырғақ, жезтұяқ, балақ бау, шолақбау, сүзу жіп, шыжым(жіп, қайыс), жем сапты аяқ, биялай, жемқалта, тұзақ, құс қақпан, түтік және т.б.

Томаға. Бүркіттің екі көзін жауып тұратын, дулыға тәрізді, бүркіттің басына киілетін, теріден жасалған жабдық. Оны шымыр былғары немесе құстың басының үлкен кішісіне қарай былғарыдан немесе икемге келетін жұмсақтау көннен жасайды. Терінің майда келген, өң бетін ішіне, тегісін сыртына келтіріп тігеді. Көзге келетін тұсын сыртына қарай томпитып, қуыстап, көзіне тимейтін, қажамайтындай етіп келтіреді, саңылаусыз болады. Құстың тұмсығы шығатын жері ойылып алынып, астына, тамақ жағынан тамақбау тағылады. Томағаның жоғарғы жағына-төбесіне артық шығып тұратын ілмек айдар кигізіп, шешкен кезде құсбегі саусағына оңай іле салуға ыңғайлы етеді. Құс жалаңбас (тамағасыз) үйде отырғанда, түзде қолға алып жүргенде қимылдап, мазасыз болады. Кез-келген қыбыр-жыбырға, жәндікке, желге талпынып, қанат құйрығын тоздырады, жақын келген ит, бала, тіптен кейде иесінде шауып, шоқып алатындықтан, көзін жауып қояды. Томағалы бүркіт тыныш отырады, мінез-құлқы бірқалыпты, әрнеге мазасызданып, жүйке жүйесін тоздырмайды. Тек қана қайыру кезінде, жем бергенде, аңға қосарда бүркіттің басынан томағасын алады.

Құстың аяғына тағылатын баулар - балақбау, шолақ аяқ бау, тобыршақ, шыжым – бұлар бүркітті қолға үйретуге және ұстап алып жүруге, тұғырға отырғызғанда байлап қоюға арналған жабдықтар. Мұндағы құстың екі жіліншігіне(балағына) бірдей тағылатын балақбау немесе білізікбау құстың аяғында үнемі бірге жүреді. Оны құстың балағын қыспай, еркін айналып тұратындай білезік формалы етіп жұмсақ қайыс, былғарыдан дайындайды.

Балдақ – құсты ат үстіне алып жүргенде қолы талып шаршамас үшін тіреу ететін айыр басты ағаш таяныш құралы. Оған ұзындығы 2-3 қарыс (45-55см), жуандығы бір тұтам ағаш таңдалып алынады.

Биялай – бүркітші оң қолына киетін бас бармағы қабы бөлек, қалған төрт саусағы біртұтас тұйықталған(кейде 3 саусақты), жеңі шынтаққа жетіп жығалатындай қолғап түрі. Басынан жең ұшына дейін 50см, ені үлкен қолғап тәрізді, ал білегі қыстық киімді жеңімен бірге сұға салғанда қол сиярлықтай кең.

Құндақ – құс сиятындай етіпталдан дөңгеленте иіп жасалған, астына киіз төсеп, құс орайтын тартпа бау тағып жасаған құс «бесігі». Оның түрі бірнешеу: жас талдан астаушапішінінде немесе торлап доғалантып; тақтай ағаштан топсалы етіп; киізден сырып бау тағып істейді. Құс саяттан соң шаршап тоңса, ұйықтаса, алысқа алып жүретін жағдай туса, құсты баланы бесікке бөлегендей етіпшүберекке орап, қымтап, сыртынан баумен бос байлап, құндаққа салып қояды.



Қорытынды: Иә, құсбегілік екінің біріне ермек өнері емес. Қасиеті ерен, киесі бөлек. Құс тілін таппасаң, баулып бағын ашпасаң, тегеурінін қайырып, тұяғын мұқалтып, қияғын жұтатып, қанатын қобыратып, шақар шаңқылын қарғаның қаңқылына апаруың мүмкін.

Құсбегілік өнерді ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу міндетіміз.
Саятшылық – нағыз дамытатын кәсіп. Оған жастарды тарта білу – аға ұрпақ парызы.





Пайдаланылған әдебиет: мұражай қорынан алынған материалдар:

Саятшылық (Қазақтың дәстүрлі аңшылығы). Алматыкітап.

Орындаған: Ф.Нұрлыбаева;экскурсовод.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 22.11.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров8
Номер материала ДБ-378502
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх