Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Сайыс "Бреин-ринг" 7 сынып

Сайыс "Бреин-ринг" 7 сынып

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Брейн-ринг – « НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?»

( 7-сыныптар арасындағы сайыс)


Брейн-ринг тәсілі арқылы өткізілген бұл кештің алға қойған мақсаты, ең бастысы, оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау. Сонымен қатар, ойлау, топпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру болды.

Сайысты ұйымдастыру кезеңі мынандай ретпен жүргізілді.

  1. Сыныпты үш топқа бөлеміз.

  2. Топ мүшелері өздерін таныстырады ( аты-жөнін, сыныбын). Бұдан соң әрбір топ өз тобына ат қойып, топ басшысын сайлауға тиіс. Топтың аты географияға байланысты болуы керек.

  3. Әділқазы мүшелерін таныстыру.

  4. Топтардың атын атап, қошемет көрсетіп. Қол шапалақтайды. Капитандарын таныстыру.


Мұғалім: Сонымен, құрметті топ мүшелері « Не? Қайда? Қашан?» географиялық Брейн-рингімізді бастаймыз! Бүгінгі ойнымызда күрделі де қызықты география пәнінен алған білімдеріңізді сынаққа салып, күш сынасасыздар.

Ендеше, брейн-ринг ережесімен таныс болыңыздар.


Ойын 6 кезеңнен тұрады.

I тур – Не? Қайда? Қашан?

II тур – Ең, ең, ең,....

III тур – Кім жылдам?

IV тур – Тапқыр болсаң, тауып көр!

V тур –Ойлан, тап!

VI тур – Капитандар сайысы.


Ойлануға уақыт беріледі, әрине жылдамдықты талап ететін « Ең, ең, ең,....», «Кім жылдам?» турларынан басқасына.

Тапсырма оқылғаннан кейін жауаптарыңыз бірден дайын болса, дереу алдыларыңыздағы жалаушаны көтеруге тиіссіздер. Егер жауап дұрыс болмаса, екініші топ өз жалаушасын көтеріп, жауапты түзетуіне болады. Бұл жағдайда ұпай дұрыс жауап берген топтың пайдасына шешіледі. Әрбір дұрыс жауап – 1 ұпай. Ережені бұзған үшін 1 ұпай жоғалтады. Ойын ережесі түсінікті ме? Түсінікті болса, жалаушаларыңызды көтеріңіздер!

Олай болса, құрметті ұстаздар мен көрермендер, екі топа да сәттілік тілеп, қошемет көрсетейік!

I тур – Не? Қайда? Қашан?.


  1. Жер шарындағы барлық төрт мұхит жуып жатқан материк

( Еуразия).

  1. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған не?

( Панама каналы).

  1. Сельвас дегеніміз не? (Оңтүстік Америка экваторлық ормандары.)

  2. Ф. Магеллан жер шарын қашан айналып шықты? (1519 – 1522).

  3. Африка мен Еуропаны бөліп тұрған бұғаз (Гибралтар).

  4. Азия мен Еуропаны бөліп тұрған таулар ( Урал).

  5. Қай таудың аты, оның мыс рудасына бай екенін көрсетеді(Анд).

  6. Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары кімдер? (үндістер)

  7. Анд тауының эндемикті жануары не? ( лама).

  8. Солтүстік Америка ертедегі қай материктің бөлігі? (Лавразия)

  9. Қандай мемлекет бағалы металдың атымен аталған?

(Аргентина).

  1. Африканы алған ашқан кім? ( Васко да Гама).

  2. Ферралитті топырақ дегеніміз не?( темір+аллюминий топырақ)

  3. Чили елтаңбаны қандай құс бейнеленген? ( кондор).

  4. Ұлы көлдер қайда орналасқан? (Солтүстік Америкада).

  5. АҚШ пен Ресей арасындағы даулы аумақ ( Аляска).

  6. Еуразия мен Солтүстік Американы бөліп тұрған бұғаз(Беринг)

  7. Гевея ағашынан не алынады? ( каучук ).

  8. Қай материк екі дүние бөлігінен тұрады? ( Еуразия ).

  9. Гренландия аралы қай елге тиесілі ( Дания ).

  10. Теңізбен өз елін қорғап келе жатқан мемлекет ( Голландия ).

  11. Етікке ұқсайтын түбек қалай аталады? ( Аппенин ).


hello_html_17c0c82a.gif


  1. Ең биік шың ( Джомалунгма ).

  2. Ең үлкен түбек ( Арабия ).

  3. Ең кіші материк ( Аустралия).

  4. Ең халқы көп материк ( Еуразия).

  5. Ең терең шұңғыма ( Мариана).

  6. Ең үлкен көл ( Каспий).

  7. Ең ұзын өзен ( Ніл).

  8. Ең биік сарқырама ( Анхель).

  9. Ең суыққа төзімді құс ( пингвин).

  10. Ең кішкентай мұхит ( Солтүстік Мұзды мұхит ).

II топ

  1. Ең үлкен ойпат ( Амазонка ).

  2. Ең терең көл ( Байкал ).

  3. Ең ірі дүние бөлігі ( Азия ).

  4. Ең үлкен арал ( Гренландия ).

  5. Ең үлкен бұғаз ( Дрейк ).

  6. Ең ұзын тау ( Анд ).

  7. Ең үлкен шөл ( Сахара ).

  8. Ең биік ағаш ( секвойя ).

  9. Ең кішкентай мемлекет ( Ватикан ).

10. Ең суы мол өзен ( Амазонка ).

Музыкалық үзіліс.


hello_html_m1dc96eb3.gif

( Географиялық нысанның аты аталады, сіздер оның не екенін айтасыздар. Мысалы, Анд – тау.)

  1. Сахара (шөл). 11. Скандинавия (түбек).

  2. АҚШ (мемлекет). 12. Мадагаскар (арал).

  3. Гималай (тау). 13. Гольфстрим (ағыс).

  4. Танганьика (көл). 14. Антарктида (материк).

  5. Амазонка (өзен). 15. Гибралтар (бұғаз).

  6. Альмади (мүйіс). 16. Суэц (канал).

  7. Отты жер (арал). 17. Орисаба (жанартау).

  8. Игуасу ( сарқырама). 18. Сомали (түбек).

  9. Мыс (металл). 19. Лондон (қала).

10. Гвинея (шығанақ) 20. Аконкагуа (шың).



hello_html_m73c767f6.gif

(берілетін уақыт – 1 минут).

Сіздердің алдарыңыздағы конверттің ішіндегі қиындыларды құрап болған соң, кескініне қарап, оның қандай географиялық нысан екендігін және оның маңайындағы нысандарды атау керек.

hello_html_49749067.gif


Сіздердің алдарыңыздағы конверттің ішіндегі келесі сұрақтардың жауаптары бар. Қорапты ашпайсыздар! Тек ойланып жауап бересіздер. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауап – 5 ұпай.

I топ. « ...» тапсырмасы.

Құрметті ойыншылар! Қораптағы өсімдіктің отаны – Оңтүстік Америка. Еуропаға бұл өсімдік тек қана дәрілік өсімдік ретінде танымал болды. Қазіргі кезде бұл өсімдікті жоғары тағамдық құндылығы үшін күнделікті өмірде жиі қолданымыз. Оның жемісі тамырында орналасқан. Одан өздерің сүйіп жейтін көптеген тағамдар жасалады.

Қорапта не бар?

II топ. «...» тапсырмасы.

Құрметті ойыншылар! Қораптағы зат өсімдіктен жасалған. Бұл өсімдіктің отаны – Эфиопия. Басында бұл өсімдікті керуеншілер мен бедуиндер сергіту үшін пайдаланған. Қазіргі кезде бұл өсімдік бүкіл дүние жүзінің халқы сүйіп ішетін сусынға айналды.

Қорапта не бар?


hello_html_5321433c.gif

( ортаға шақыру ).

I топ. Құрметті «...» тобының капитаны! Төменде келтірілген географиялық нысандардың ішінен Африканың жағалауында орналаспағанын таңдап алыңыз. Егер бұл нысан Африканың жағалауында орналаспаса, жалауыңызды көтеріңіз. Әрбір дұрыс жауап – 1 ұпай.

Жерорта теңізі, Гренландия теңізі, Мексика шығанағы, Скандинавия түбегі, Аден шығанағы, Баб-эль-Мандеб бұғазы, Қызыл теңіз, Лаперуза бұғазы, Гвинея шығанағы, Сомали түбегі, Шри-Ланка аралы, Мадагаскар аралы, Гибралтар бұғазы.

II топ. Құрметті «...» тобының капитаны! Төменде келтірілген географиялық нысандардың ішінен Еуразияда орналаспаса, жалауыңызды көтеріңіз.

Гималай тауы, Калифорния шығанағы, Гоби шөлі, Үндістан түбегі, Анд тауы,Ұлыбритания аралы, Мак-Кинли шыңы, Кавказ тауы,Пириней түбегі, Лабрадор түбегі,Аляскашығанағы, Жапон аралы,Қазақстан мемлекеті, Өлі теңізі, Өлім аңғары, Амазонка ойпаты,Виктория көлі.


Әділқазылар ойын қорытындысын шығарсын. Осымен брейн-ринг аяқталды.

Ойынға қатысқандарыңызға рахмет.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров191
Номер материала ДВ-395485
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх