Инфоурок / Социальному педагогу / Другие методич. материалы / Сайыс, "Күз- береке шуағы"

Сайыс, "Күз- береке шуағы"

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов



Сайыстың тақырыбы : Күз – береке шуағы

Сайыстың мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялауға баулу , өз бетінше еңбектенуге, күз туралы шығармаларды ізденіп оқуға , әсемдік ке тәрбиелеу.

Сайыстың көрнекілігі : Әр топтың газеттері, даналық сөздер, жеміс –жидектер, түрлі безендірулер.

1 – Жүргізуші :

Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын .

Бақпенен шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

2 – Жүргізуші:

Табиғатты бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді,

Еркелікті , ерлікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді – деп Қ. Мырзалиев ағамыз жырлағандай бүгінгі сайысымызды табиғатты аялау , табиғат сұлулығын сақтау , күзгі ас мәзірін дайындау, күз шығармаларын жырлаумен ұштастырсақ қандай ғажап!

Бишілер тобы Өзбек биін орындайды

Жүргізуші : Енді бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен

таныстырып өтейін.

  1. Әр топтың таныстыруы.

  2. Таң қалмаңыз.

  3. Би өнері.

  4. Ақын , жазушыларымыздың күз туралы шығармаларын бейнелеу.

  5. Күзгі киім үлгілері.

  6. Күзгі ас мәзірі.

  7. Өз өнерлерін көрсету.



2 – жүргізуші: Бәрімізге қашанда таныс ғұрып,

Сәнімен өнерімен жарып шығып.

Шығады сайыскерлер алдарыңа.

Өздерін жұртшылықпен таныстырып.


1– Жүргізуші: Сайысымыздың 1- туры бойынша ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.


Салқындады суытты күнде міне,

Азайды әсем құстар үндері де.

Кімдер тапқыр епті екен көрейікші,

Кезек келді таңқалдыру тұрлеріне.


2 – Жүргізуші : 2- тур бойынша сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

Табиғаттың ең бір әсем кезі еді,

Алтын күз де сұлулықты сезеді.

Сайыскерлер тербеледі әуенмен,

Қалықтаған бидің келді кезегі.

дей келе, сайыскерлерімізді 2- тур бойынша сахна төріне шақырамыз.

Өздеріңді ақындарға теңермедім,

Көрейік сайыскерлер өнерлерін.

Көрсетеді бейнелеп сайыскерлер ,

Ақындардың шығарма , өлеңдерін.

Енді ақын –жазушыларымыздың күз жайындағы шығармаларын бейнелеп көрсетеді

1 - Жүргізуші:

Сеземіз табиғаттың күзгі лебін,

Көрсетіп әсемдіктің шексіз легін.

Сайыскерлер шығады алдарыңа,

Көрсетіп күзгі киім үлгілерін

Әдемі де, әсем талғаммен тігілген киім үлгілерін көрсету үшін сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

/Қазақ биі –орындайтын: жас бишілер тобы./


2 – Жүргізуші: Шын талант сахнаны көркі етеді,

Халқына қадірлісін ерке етеді.

Сайыскерлер енді міне алдымызда,

Өздерінің өнерлерін көрсетеді.

Өз өнерлерін көрсетуге сайыскерлерімізді қарсы алайық!

/Ойылым ойдағы елім әні орындалады./

Бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін сахна төріне қазылар алқасын шақырамыз.

1 – Жүргізуші

Қашанда қуанышқа толыңыздар,

Өнерде әлі талай жолымыз бар,

Осымен сайысымыз аяқталды,

Кездескенше есен сау болыңыздар!



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-533388

Похожие материалы