Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСайыс "Математика патшалығында" 3 - сынып

Сайыс "Математика патшалығында" 3 - сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Математика патшалығында

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математикаға қызығушылықтарын арттыру, логикалық ой - өрісін, түсінігін дамыту, өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру, топтық жарысқа үйрету.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, жарыс, өзіндік жұмыс, талдау - жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, тест, геометриялық фигуралар, ребустар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Мұғалім:

 Оқушыларға жарыс, оның түрлері, олимпиада, оның ерекшеліктері мен айырмашылықтары туралы мағлумат беру. Өз түсініктерін әңгімелету.

   Астанада өткен 51 Халықаралық математика олимпиадасына 98 елден мықты математика жеңімпаздары келіп, жарыста біздің еліміз Қытай, Россия, АҚШ, Корея мемлекеттерінен кейін 5 – орынды иеленді. 3 Алтын, 2 Күміс және 1 Құрмет грамотасымен марапатталды. «Алтын» медаль иегерлері Нурсұлтан Хаджымұратов, Денис Овчинников, Қанат Сатылғанов болса , ал «Күміс» медаль иегерлері Рауан Рахмет, Медет Жанболатұлы, Қола медальға 1 ұпайы ғана жетпегендіктен Азамат Дүйсенбаев «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Сендер де болашақ біздің математиктер деп ойлаймын, өйткені бүгінгі жарысқа әр сыныптың ең мықты, алғыр оқушылары келдіңдер.

- Ал, бұл біздің сынып аралық жарысымыз неліктен өтуде?

Мектебімізде «Болашақ бүгіннен басталады» атты апталық өтуде. Бұл апталықтың мақсаты сыныптардағы дарынды, мықты оқушыларды анықтау, білу, танысу.

 Осы топтарға әділ бағасын беретін «Әділқазылар» алқасымен таныстыру

 Ендеше, жарысымызды Отан, ел, туған жерімізге деген сүйіспеншілік ретінде еліміздің Гимнімен бастайық

Жүргізуші:

    Білім теріп бейнетінен қашпаймыз,

   Оқу жылын бестікпенен бастаймыз.

   Жыл бойына жақсы оқимыз біз сонда

   Білімменен достасамыз жастай біз – дей келе жарысымыздың бірінші бөлімін әр топтың өзін таныстыруымен бастайық.(Әр топтың өздерін таныстыруы)

  «Зерек» 3 а – сынып оқушылары

Ұраны: Білім теңіз түбі де, шегі де жоқ.

«Тапқырлар» 3 ә - сынып оқушылары 

 Ұраны: Оқу – білім азығы,

               Білім – ырыс қазығы.

«Алғырлар» 3 б – сынып оқушылары

  Ұраны: Оқу - білім бұлағы,

                Білім - өмір шырағы.             

      Қатысатын әр сынып топтарымен таныстыру,сәттілік тілеу (3 топ қол ұстасып бір – біріне тілек білдіруі). Бәрі:

Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп,

Ойламаңдар қорқып біздер қашар деп

Біз дайынбыз жарысуға достарым,

Көрсетеміз біз де қандай күш барын.

Жүргізуші:

   Дүниедегі құбылыстың мәніне

  Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де

  Мүмкін емес есептерсіз түсіну

  Есебіңіз – дүние кілті әлі де.

 Келесі бөлім кезегі «Cынақ» әр топқа тестік тапсырмалар тарату

 (Барлық топқа бірдей).

 

 

 

                                                      2

1. Көбейтіндінің компоненттері қалай аталады?

 А) Қосылғыш, қосылғыш, қосынды.

 Ә) Бөлінгіш, бөлгіш, бөлінді

 Б) Көбейткіш, көбейткіш, көбейтінді

 

2. 377 саны неше таңбалы сан?

           А) Екі              ә) Үш              б) Төрт

 

3. Дұрыс құрылған өрнекті тап.

                  98 бен 25 – тің қосындысынан 57 – ні азайт

            А) 98 + 25 – 57                  ә) 98 – 25 + 57                    б) 98 + 25 + 27

                           4. 603 – 377 + 17 * 5

             А) 311                          ә) 141              б)   215

 

 5. Мәні х = 32 болатын теңдеуді тап

            А) Х - 47 = 44                 ә)  80 - х = 48                     б) Х + 56 = 98

 

6. Есепті шығар.

  Дүкенде түске дейін 24 м мата, ал түстен кейін одан 3 есе кем мата сатылды. Дүкенде түстен кейін неше метр мата сатылды?

        А) 24 – 3 = 21(м)                 ә) 24 : 3 = 8 (м)          б) 24 + 3 = 27(м)

 

7. Қосуды көбейтумен алмастырып жаз.

    2 + 2 + 2

                А) 2 * 2                 ә) 2 * 3                  б) 2 * 4

4 + 4 + 4 + 4

                А) 3 * 4            ә) 5 * 4                    б) 4 * 4   

Жүргізуші:

Шабыт шалқып, тасысын   

Көңілді кеш жасайық.

Мұнда қызық табылар

Жұмбақ есеп бәрі бар.

 

 Ендеше келесі кезек «Кім жылдам?» жұмбақ есептерге беріледі.

 

1 – топ:

 Екі түйе, төрт жылқы,

 Екі сиыр, үш ешкі.

 Екі қоян, төрт түлкі,

 Таба алмасаң бол күлкі. (17)

 

Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?  (1)

 

Қанша қоян аулада

Сонша тауық аулада

Аяқтары он екі,

Санап көрші, кәнекей? (2 қоян, 2 тауық)

 

 

 

                                                                   3

Аман әкеп үш алма,

Нұр, Бек, Сәтке тең бөлді

Әркім алды неше алма?

 

2 – топ:

Он бір түйе, бес жылқы.

Екі сиыр, бір ешкі,

Екі қоян, үш түлкі,

Болады сонда нешеуі? (24)

 

Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр. Үйде неше мысық отыр? (4)

 

Портфелімде әуелі,

Он үш жаңғақ бар еді,

Науат пененСағатқа,

Самат пенен Маратқа,

Апасына Қанаттың,

 Екі – екіден тараттым.

Қанша жаңғақ қалғанын

Айта қойшы, ал, жаным? (3)

 

Жайылып жүр сегіз лақ,

Үшеуі оның егіз лақ.

Есептеуге сен шебер

Бала болғың келсе егер,

Сегіз лақтың енесін,

Тез есептеп бересің. (5)

 

3 - топ:

Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрі нешеу айта ғой? (17)

 

Төрт жұмыртқа төрт минутта піседі, ал бір жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)

 

Аулада бес үйрек,

Қорада үш үйрек,

Бір үйрек тығылды

Бір үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек? (6)

 

Бір топ бала тоғаннан,

Он бес балық ұстадық.

Бөліскенде оларды,

Тиді әркімге үш балық.

Сынайын ал бір сені,

Бала саны қанша еді?                                                                        4

Үй тапсырмасы «Ребус» шешу (Әр топ өздерінің дайындап келген ребустарын қарсы топтарға шешкізуі).

Жүргізуші:

Терең ғылым сананың

Тегі деп ой саламыз.

Маңыз беріп оқимыз

Математика сабағын, - дей келе кезекті ребустар шешуге берелік.

   Мұғалім:

  Бүгін Қазақстанда өтетін Азиадаға байланысты «Астана – Алматы - 2011» атты сурет көрмесі болды. Ол көрменің қорытындысымен бірінші күні танысқанбыз.(Слайд бойынша Азиада алауы, оны алып жүру тәртібі, маңызы жайлы қысқаша мағлұмат беру).

Мұғалім:

Ой сананы арттыру,

Бүгінгі күн талабы.

Біле білсең бұл дәуір

Математика заманы, - деп ендігі кезегімізді «Сәттілік» бөліміне берейік.

Бұнда әр топ осы Азиада олимпиадасының эмблемасын 2 –3 минут ішінде салып көрсетуі керек.

  Және әділқазылар қорытындысын шығарғанша берілген үшбұрыштан 7 үшбұрыш пен 3 төртбұрышты қай топ тез белгілеп көрсетсе, сол топқа 1 ұпай қосылады.

Қорытынды.

Жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазылар алқасына берелік.

 Жеңген топтарды марапаттау.

Гимнмен аяқтау.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сайыс "Математика патшалығында" 3 - сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 694 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2016 3009
    • DOCX 46 кбайт
    • 56 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байсеркеева Нурпия Сатыбалдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 61669
    • Всего материалов: 39

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 390 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 218 человек

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 144 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Современное инвестирование: углубленное изучение инвестиций и финансовых рынков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек