Инфоурок / Биология / Видеоуроки / Сайыс сабақ "Білгір биологтар" (6-8 сыныптар)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Сайыс сабақ "Білгір биологтар" (6-8 сыныптар)




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Т.Бокин атындағы №41 орта мектебі

Биология пәнінің мұғалімі: Бигелдиева Гаухар Садуақасовна


Сыныптан тыс шараның тақырыбы: « Білгір биологтар».

Мақсаты: оқушылардың биология пәнінен білгірліктерін анықтап, пәнге қызығушылығын арттыру.

Түрі: сайыс.

Барысы:

Сайыстың кезеңдері:

І. Таныстыру.

ІІ. Білім бәйгесі.

ІІІ. Ғажайып ұяшықтар

ІҮ. Ең... ең... ең...

Ү. « Біз табиғаттың бір бөлшегіміз»

ҮІ. Қорытынды.

Тренинг.

«Мен саған тілеймін...».

І. Таныстыру.

Қатысушы 6,7,8 - сыныптар өз топтарымен таныстырады.

ІІ. Білім бәйгесі.

Білімнен емеспіз кенде біз,

Өйткені Тәуелсіз елде біз.

Сақадай сай болса өрендер,

Ендеше басталар бәйгеміз.

Оқушылардың барлығына 20 сұрақ қойылады. Әр сұрақ 1 ұпаймен есептеледі.

  1. Жануарлардың мінез – құлығын зерттейтін ғылым. /Этология/

  2. Бір ғана қанайналым шеңбері бар жануар. /Балық/

  3. Күннің жарық энергиясының әсерінен болатын құбылыс / фотосинтез/

  4. Күн гүлі деп аталатын өсімдік / Күнбағыс/.

  5. Сүтқоректілердің қарны неше бөлімді? /4/

  6. Тері ауруларын зерттейтін ғылым / дерматология/

  7. Жануарларды жүйелеудің негізін қалаған кім?/К.Линней/

  8. Ұша алмайтын құс /пингвин/.

  9. Өсімдікке әр түрлі түс беретін органоид / хлоропласт/

  10. Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы /120 күн/

  11. Қазақша түйме деп қай жануарды айтады? / жылан/

  12. Д витамині жетіспеушілігінен жас балаларда болатын қай ауру? /мешел/

  13. Цитология пәні нені зерттейді? / жасушаны/

  14. Басын төмен қаратып қыста ұйықтайтын жануар / жарқанат/

  15. Әлемдегі ең ірі гүл / рафлезия/

ІІІ. Ғажайып ұяшықтар.

Ел үшін қиналмас өзекті ер,

Етеді еңбегін төгіп тер.

Білімнің танытар ғажабын,

Ғажайып ұяшықтарға кезек бер.

hello_html_m37bcf7a.png




Биология ғалымдары 10.

Мен ұлым екеуміз, өсімдік жасушасын зеттеуде үлкен мүмкіндік жасап,микроскоп ойлап таптық.„

Сұрақ: Менің аты- жөнімді , тегімді білесің бе?

Биология ғалымдары 20.

Адам мен өсімдіктер және жануарларды ауруға шалдықтыратын бактериялар бар. Ауру тудыратын бактерия ауада, суда, тағамда тіршілік етеді. Адамның өкпесіндегі туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды

Сұрақ: Мен қай жылы анықтадым. Аты- жөнім кім?

Биология ғалымдары 30.

Мен жануарларды жеке -жеке топтап ажырату үшін оларды: түрге→ туысқа→ тұқымдасқа → отрядқа → классқа → типке→ жануарлар дүниесіне жіктедім .

Сұрақ: Менің өмір сүрген жылдарымды және аты- жөнімді білесің бе?

Биология ғалымдары 40.

Мен дүние жүзінің 52 елін аралап шықтым.Мәдени өсімдіктерді зерттеп мәдени өсімдіктердің жеті орталықтарын аштым.

Оңтүстік Азиялық тропиктік орталық.

Шығыс Азиялық орталық .

Оңтүстік батыс Азиялық орталық.

Жерорта теңіздік орталық.

Абиссиналық орталық .

Орталық Америкалық орталық .

Оңтүстік Америкалық орталық.

Сұрақ: Менің аты - жөнімді білесіңбе?

Биология ғалымдары 50.

1683 жылы Лондондағы Король қоғамына бактериялардың мөлшерін, пішінін, қозғалысын сипаттап хат жіберген, 1632- 1733 жылдары ұсақ ағзаларға алғаш рет зерттеу жасаған голландиялық ғалым

Сұрақ: Ғалымның аты - жөні кім, қай жылдары өмір сүрді?

Аңыздар 10.

Тау перілері бұл гүлді күні - түні қорғап, ешкімге жұлғызбайды екен.Тек шынайы сүйген адамдарға бұл гүлді сыйлыққа береді..

Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдік.

Тау шыңында өседі, махаббат, бақыт, ерлік символы.

Альпинисттер сайысында жүлдеге гүлдің алтын мүсіңімен марапаттайды.

Жауабы: Эдельвейс – еңлікгүл

Аңыздар 20.

Ежелгі Грекияда бір өте сымбатты жігіт өмір сүрген екен. Ол өзін - өзі өте жақсы көрген. Сондықтан оған халқы мынадай қатал жаза берген. «Бұл жігіт өлгенге дейін ұдайы өзінің судағы суретін қарап отырсын!». Ол бұл жазаға шыдай алмай бір күні өз - өзіне қол жұмсап дүниеден қайтыпты. Оның аққан қанының тамшыларынан әдемі гүл өсіпті, сол гүлге жігіттін атын беріпті. Бұл қандай гүл? Жауабы: Нарцисс

Аңыздар 30.

Латынша атауы Galaktus (Gala-сүт, Aktus- гүл)-сүттей ақ.

Аңыз бойынша Адам ата мен Хауа ана жәннаттан қуылған кезде күн суып кетіп, Хауа ананы жылытуға бірнеше қар кристаллдары гүлге айналыпты. Осыдан гүл “Үміт символы” болып саналады.Дара жарнақтылар класына жататын, Эфемероидты (ерте көктемде гүлдейтін) өсімдік.

Жауабы: Бәйшешек

Аңыздар 40.

Бұл өсімдік «1000 аурудың емі» деп саналады. Бұл өсімдікті жинар кезде

халқымыз иіліп сәлем берген. Түйетабандар тұқымдасына жататын улы өсімдік. Халқымыз «пәле-жаладан сақтасын» деп түтінмен аластайды, көз тимесін деп іліп қояды. Жауабы: Адыраспан /Гармала, Могильник/.

Аңыздар 50.

Ел ауған “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” кезінде Төле би қасиетті жұртын қимай,үйін жықпай елінде жалғыз қалыпты. Жоңғар басшысы айдалада қалған жалғыз үйді көріп неге көшпегенін сұрайды.

Сонда: Төле би – Шаңырағыма бір бейкүнә құс ұя салып еді, ол құс жер бетінде топан су болғанда Нұһ пайғамбарымыздың кемесін сақтап қалған, адам баласын жылан шақпақ болғанда қызғыштай қорғаған құс еді. Осындай киелі құстың ұясын бұзып,балапандарын сарнатып кете алмадым депті. Жауабы: Қарлығаш.

Өсімдік сыры 10.

Дүниедегі ең алып, ең жағымсыз иісі бар гүлді ата? Сабақтары мен жапырақтары жоқ паразит гүл. Ява аралдарында өседі.

Жауабы: Бұл гүл Арнольда раффлезиясы.

Өсімдік сыры 20.

Бұл ерекше ағза - саңырауқұлақ пен цианобактериялар симбиозы.

Зерттейтін ғылым – Лихенология. 3 топқа бөлінеді: қабыршақ пішінді, жапырақ пішінді, бұта пішінді. Жауабы: қына.

Өсімдік сыры 30.

Бейнекөрініс бойынша өсімдікті ата, бейнеленген құбылысты түсіндір?

Жауабы: Бұл құтырған қияр .Ол тұқымдарын лақтырып шашады.

Өсімдік сыры 40.

Бұл жыртқыш өсімдік фотосинтезден басқа бунақденелілермен қоректенеді. Әдемі түсі мен жағымды иісі мен бунақденелілерді

тартып,түрі өзгерген жапырақтары жәндіктер қонған кезде жабылып қалады.Бұл қандай өсімдік? Жауабы: шыбынжұт /венера мухаловка/.

Өсімдік сыры 50.

Бұл өсімдік Африка саванналарында өседі, діңінің жуандығы 10 метр.

Құлқайырға өте ұқсас ағаш тектес өсімдік. Жемісі жеуге жарамдығымен, қалың қабығы қағаз жасауға қолданылады. Жауабы: Баобаб

Жұмбақ жануар 10.

Жорғалаушылар класына жататын , жүрегі төрт қуысты, ұзындығы 3 метр,салмағы 140 кг, ең үлкен қосмекендіні атаңдар. Жауабы: қолтырауын.

Жұмбақ жануар 20.

Жыртқыш құс. Балық, кеміргіштермен қоректенеді. Жауабы: үкі.

Жұмбақ жануар 30.

Аңыз бойынша бұл құстар періштелерді көргенде белгілі бір дыбыс шығарып, адамдарға белгі береді екен. Бұл қандай құс? Жауабы: қораз.

Жұмбақ жануар 40.

Бұл табиғатта маңызы зор біржасушалы жануар.Тұщы су қоймаларында мекендейді. Жауабы: кірпікшелі кебісше.

Жұмбақ жануар 50.

Бұл таңғажайып секіруші аңға, құйрығы денесін, біркелкі ұстауға көмектеседі. Жауабы: кенгуру.

ІҮ. Ең, ең, ең...

Білімді тұрады жарасып,

Болашақ әлемге жол ашып.

Дарынды мекенін танытар,

Ең,ең,ең кезеңі жол ашық.

  1. Ең алып қосмекенді / саламандра/

  2. Ең ірі жеміс / асқабақ/

  3. Ең алып жылан /анаконда/

  4. Ең алып жыртқыш / ақ аю/

  5. Ең алып орман тұяқтысы / бұғы/

  6. Ең ірі бақа / голиаф/

  7. Ең әдемі құстар / жұмақ құстары/

  8. Ең құрметті құс / ақбас бүркіт/

  9. Дүние жүзіндегі ең биік ағаш / эвкалипт/

  10. Ең кішкентай құс /колибри/

  11. Ең алып жануар / көк кит/

  12. Ең алып пингвин / император пингвині/

  13. Ең тез өсетін өсімдік / бамбук/

  14. Күнге тура қарай алатын құс / бүркіт/

  15. Ең ұзақ өмір сүретін құс / қарға/.

Ү. Біз табиғаттың бір бөлшегіміз.

6 – сынып өздерін өсімдіктерге ұқсатады, 7 - сынып жануарларға ұқсатады, 8 – сынып табиғаттың бір құбылысына немесе қоршаған ортадағы табиғат бөлшектеріне ұқсатып суретін салады.

Постер қорғайды.

ҮІ. Қорытынды.

Білімнің қырларын жүйелеп,

Ғылымның сырын біз ұғайық,

Білгір биологтар” атанып,

Жеңістің шыңына шығайық.








Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-467280
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>