Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сайыс сабақ «Көңілді бағдаршам»

Сайыс сабақ «Көңілді бағдаршам»

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

«№2 Қашар орта мектебі» КММ














Сынып сағаты:

«Көңілді бағдаршам»

сайыс сабақ

















4 «Ә»сынып жетекшісі: Мырзагалиева К.С.

2016 оқу жылы








«Көңілді бағдаршам» сайыс сабақ

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер,  оқушылар шығармашылығы (салған суреттері), “Бағдаршам” қабырға газеті.

Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, ойын, оқушылардың шығармашылығы жол ережелері мен бағдаршам жэайлы салған суреттері.

       Түрі: сайыс сабақ

 Сабақтың барысы:
   І.Ұйымдастыру бөлімі.
 Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде.  Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді.  Жол-көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде.  Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.  Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.  Міне, осы мақсатта біз бүгін «Жолың болсын, балақай!!» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер! 

  Шаттық шеңбері:

Дың дың  қоңыраумын,

Дың дың соғамын.

Қоңырау сыңғырлап,

Шақырамын кел кел деп!

Бар достарды қасыма,

Жинамаймын тектен тек

      -    Балалар, сендер саяхаттағанды ұнатасыңдар ма?

-       Саяхатқа немен шығуға болады?

-       Әрине, автокөлікпен, тарамваймен, троллейбуспен саяхаттауға болады.

-       Жолда жүру ережесін білмей, саяхаттауға бола ма?

-       Қазір  біз саяхаттауға кім даяр екенін тексеріп көрейік. Ол үшін екі топқа бөлініп, ат қою керек. Бірінші топ «Алғырлар» үстел басына, ал келесі топ «Білгірлер» мына жаққа келіңдер.

-       Әрбір дұрыс жауап берген командаға фишкалар беріледі. Саяхатымыздың соңында қорытынды шығарып, жеңімпаз топ мақтау граммотасымен мадақталады. Топтар дайын болса бастайық! Алға! Қоңырау соғу.

 

ІІ. Қызығушылығын ояту.

 Сұрақ – жауап:

Балалар көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?

Әр адамның өз өмірінің қауіпсіздігі үшін.

Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?

Көліктер жүретін тас жолмен.

Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?

 Жол полициясы басқарады.

Бір жерге асықсаң, жолдан тез жүгіріп өту керек пе? Неге?

Жолдан өту кезінде оң жаққа, сол жаққа қарап жаяу жүргіншілер өтетін жолмен жүру керек.

Топқа бөлу

1-топ Сары

2-топ Қызыл

3-топ Жасыл

Бағдаршам туралы не білесіңдер?        

Жүргізуші:

Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды – дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды – тыңдағын
Жолың ашық, тұрмағын.
    Балалар, бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы – Бағдаршамды ортаға шақырамыз.
Ортаға Бағдаршам болып киінген оқушы шығады.

 

Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін мен сендерге арнайы келдім.
Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам! Ал, енді балалар бағдаршам туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

 

Қызыл көзі 2-топ

Мен көзімді ашқанда,

Ешқашанда баспа алға.

Орныңда тұр қозғалма

Ереже бұл “Сен тоқта!”


 Сары көзі 1-топ

 Мен көзімді ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жүруге әлі болмайды,

Дайындықты сақтайды

 

 Жасыл көзі  3-топ    

 Мен көзімді ашқанда,                                                              

Көліктер саған тоқтайды.

Ережені білгендер,

Өтуге еш қорықпайды.

 

Бағдаршам:

Жолды кесіп өтерде,

Сол жағыңа қарайла,

Жарты ортаға келгенде

Оң жағыңа қарайла

Білгеніңді басқаға

Үйрете жүр, жарай ма?

 

ІІІ. Тақпақ жұмбақ сайысы:

Топтар бір-іріне жұмбақтар жасырады.

 

Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар, 

Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол) 

 

Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (Трамвай)

 

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.         (Бағдаршам)

 

Ала таяқ ұстағаны                                                        Көше бойлап аяңдайды,

Жол тәртібін нұсқаған.                                                Адам тасып аялайды.

Өміріңді  күзеткен,                                                                                  (Автобус) 

Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)

 

Көліктің  қаншасын үстінен өткізген , 

Іргеден басталып, алысқа жеткізген.       (Жол)     

 

 

Өзі сөйлей білмейді,            

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді.        (Бағдаршам)        

 

ІҮ. Шығармашылық кезеңі       

Суретпен жұмыс істеу, мұнда балалардың бағдаршамның түстерін, белгілердің түстерін  ажырата  білуге  үйрету. Әр топ постер қорғайды.


Мұғалім: Рахмет, балалар. Сендер бүгін көп мәлімет бердіңдер. Алдағы уақытта осы жол ережесін сақтап, басқа балаларға үйретіп жүріңдер.

Мұғалім:  Ал, балалар, бізге де қоштасатын уақыт келді. Әр топтың фишкаларын санап  қорытынды шығару.  

 

 

Барлығы: Жол тәртібін білейік
                  Аман есен жүрейік!


Мұғалім: Рахмет, балалар. Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.

 

 

 

 














 


«Көңілді бағдаршам» сайыс сабағына талдау

Өткізген мұғалім: Мырзагалиева К.С. 4 «ә» сыныбы

Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: «Көңілді бағдаршам» сайыс сабақ

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер,  оқушылар шығармашылығы (салған суреттері), “Бағдаршам” қабырға газеті.

Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, ойын, оқушылардың шығармашылығы жол ережелері мен бағдаршам жэайлы салған суреттері. : Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде.  Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді.  Жол-көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде.  Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.  Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.  Міне, осы мақсатта біз бүгін «Жолың болсын, балақай!!» атты жол ережелеріне арналған.

4 сыныпта сайыс сабақ өтілді. Сыныпта жол ережесі жайлы білген білімдерін ортаға салды. Сайыс сыныпта белсенді болып қатынасқан оқушылар марапатталды.

Оқушы салған жұмыстарыда бағаланды.

Алдағы уақытта осы жол ережесін сақтап, басқа балаларға үйретіп жүретіндері айтылды. 

Барлығымыз бірге : Жол тәртібін білейік
                   Аман есен жүрейік! –деп сайыс сабақ өткізілді.
































Топпен жұмыс
hello_html_77878d82.jpghello_html_m7605be00.jpg

hello_html_m4a468971.jpghello_html_m5cd12966.jpg

Сұрақ-жауап

hello_html_m4f5b28d7.jpghello_html_m394eaa97.jpg

hello_html_m2a2256ba.jpghello_html_13ea308.jpg



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 29.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров62
Номер материала ДБ-298167
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх