Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / САЙЫС САБАҚ ("ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК")(7-11класс)

САЙЫС САБАҚ ("ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК")(7-11класс)

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сайыс тақырыбы :Жүзден жүйрік -+

Мақсаты:

- Өткен тарауларды қайталай отырып, оқушылардың білім деңгейін тексеру

- Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, табандылықпен шешім қабылдауға, оны дәлелдеуге,

- биология физика пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру,оқушылар арасында бәсекелестікті дамыту.

- Дәлдікке, ұқыптылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға, еңбекке баулуға, жауапкершілікке және мақсатына жете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар,түрлі түсті қағаздар,плакаттар.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Кел балалар ойнайық

Ойнайықта, ойлайық.

Қандай сұрақ болса да

Шешпей оны қоймайық. деп ортаға

7-11 сынып оқушыларынан құралған « Сұңқарлар,Қырандар , Тұлпарлар , Бүркіттер, Жалын топтарын қошеметтеп ортаға шақырайық .

«Жүзден жүйрік» -сын сабақ

Білімдіден мол талап

Жұмбақты шеш, ойна күл

Бүгінгі сын зор талап.

Қымбатты оқушылар ,ұстаздар, көрермендер! Бүгінгі сайысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілей , жарысты бастайық.

Сайыс сабағымызға бес топтан 5 оқушы қатысып отырса, сайысымыз да 5 бөлімнен тұрады.

Олар: 1. Кім жылдам 4. Бинго

2. Полиглот 5. Плакатпен жұмыс

3. Домино

Шеберлікті , білімді ,

Сараптап сіздер көріңіздер.

Әділ-қазы алқасы,

Сіздер әділ баға беріңіздер,

дей келе бүгінгі сайысымызда төрешілерін сайлап алсақ:

1.

2.

3..

Құрметті сайыскерлер! Өз топтарыңызды таныстырып өтсеңіздер...

І – «Сұңқар тобы» Ұраны: Сұңқардай қыран құс болмас,

Соқтасы қатпай аң болмас»

ІІ- «Қыран тобы» Ұраны: «Қыран болып самғаймыз,

Қарсы топтан қалмаймыз»

III- « Тұлпар тобы» Ұраны: Асау тұлпар желдей ескен арыңды,

Оқу менен еңбекке сал барыңды

IV- «Бүркіт тобы» Ұраны: Бүркіт көкке самғайды,

Зеңгір көкті қорғайды,

Әрқашанда бүркіттей,

Біздің топта самғайды,болама,

V- « Жалын тобы » Ұраны:

Жалындаймыз жанамыз әрқашанда алдамыз

Үлкендерге баламыз, кішілерге ағамыз.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау

Сәт сапар тілеп бәріңізге

Сайысты біз басталық

Көрсетіп білімдерді

Қалмаңыздар жасқанып, деп

Құрметті сайыскерлер енді ұшқыр ой, көп ақыл, терең біліммен биология физика пәнінен алған білімдеріңіздің асқақтығын көрсетіңіздер.

І.Кезең - Кім жылдам?

Бұл кезең бойынша әр топқа уақытқа байланысты сұрақтар қойылады

(1 мин).Сұраққа дұрыс толық жауап беруіне байланысты ұпай беріледі.

1. Біржасушалы қарапайымдардың негізгі қорегі? (Бактерия)

2.Адамның шашын, қасын, мұртын қырау шалатыны неліктен?(тыныс алғанда шыққан бу ыстық нәрсемен кездескенде конденсацияланады)

3.Денесінен жарық бөліп, түнге қарай теңізді нұрға бөлейтін талшықтылар өкілі? (Түншырақ)

4. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)

5. Біржасушалылардың қолайсыз жағдай туғанда қорғану үшін түзетін заты ? (Циста)

6. Стақандағы суды ішіп қойса, ішінде не қалады? (ауа, бу)

7. Эвгленаның қозғалу мүшесі? (Талшық)

8. Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа бермейді, от ауасыз жанбайды)

9. Гидра жемін не арқылы аузына апарып, жұтады? (Қармалауыштар)

10. Кемпірқосақ дегеніміз не?(жарықтың 7 түске жіктелуі, жаңбыр тамшысы призма рөлін атқарады)

11. "Теңіз гүлі" деп аталатын ішекқуыстылар? (Актиния)

12. Жарықтың соңы қай жерде аяқталады? (көлеңке басталған жерде)

13. Ұрықтанған жұмыртқадан түзілген денесі кірпікшелермен қапталған дернәсілі қалай аталады? (Планула)

14. Ұшақтың ұшу биіктігін немен өлшейтін? (альтиметр)

15. Табақшатәрізділер класының басқаша аталуы? (Сцифоидтар)

16. Күндіз теңіз желі қай бағытта соғады? Неге?(теңізден құрлыққа, судың жылу сыйымдылығы жоғары, аз қызады; ал жер тез қызып, бетінің ауа тығыздығы азаяды)

17. Гидра денесінің сыртқы қабатында ядросы ірі, өте ұсақ жасушалар қалай аталады? (Аралық)

18. Кемпірқосақ қалай пайда болады? (жаңбыр тамшысы призма рөлін атқарып, Күннен келетін ақ жарықты 7 спектрге жіктейді)

19. Жойылған немесе зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қалпына келуі қалай аталады? (Регенерация)

20. Піскен жұмыртқа мен шикі жұмыртқа мен шикі жұмыртқаны қалай ажыратамыз? (суға саламыз, тығыздығына қарай батады)

21. Шаянның жұмыртқалары қалай аталады? (Уылдырық)

22. Сұйықтың тығыздығын немен өлшейміз?(ареометр)

23. Жасуныққа ұқсас ағзалық зат? (Хитин)

24. Материя дегеніміз не? ( бізді қоршаған орта)

25. Өрмекшітектестердің аяғының бірінші жұбы қалай аталады? (Күйісаяқ)

26. Автобус кілт қозғалғанда, қандай қозғалысқа түсесің?(шалқаямыз, инерция құбылысына байланысты)

27. Жәндіктердің құрлықта өмір сүруге бейімделуінің нәтижесінде пайда болған жаңа түзіліс? (Демтүтік)

28. Табиғатты зерттеудің неше әдісі бар? (3, бақылау, эксперимент, теориялық әдіс)

29. Тайга кенесі арқылы адамға жұғатын қауіпті ауру? (Энцефалит)

30. Ең алғаш телескопты ойлап тапқан? (Г.Галилей)

31. Шаянның бунақталған жүретін аяқтары неше жұп? (Төрт)

32.Кеплердің неше заңы бар? (3)

33. Қимыл қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орналасқан бунақденелілер бөлімі? (Көкірек)

34. Заттың қатты күйіне тән қасиет? (көлемін де пішінде сақтайды)

35. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым саласы? (Энтомология)

36. Диффузия дегеніміз не?( бір молекуланың екінші бірмолекулаға өтіп таралуы, жайылуы)

37. Балықтардың болашақ ұрпағы? (Уылдырық)

38. Физикадағы ең қарапайым құралдың бірі? ( сызғыш)


39. Сүйекті балықтарда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі?(Қуық)

40. Инерция құбылысын кім ашты? (Г.Галилей)

41. Үйірлі шегірткелердің ересектерінің топтасуы? (Үйір)

42. Гравитациялық тұрақтының сан мәні? Және оны кім ашты? (6,67*10-11Н*м2/кг2)

43. Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы? (Имаго)

44. Ньютонның 3 заңын тұжарымда ( 1-ші заңы: егер денеге басқа денелер әрекет етпесе, онда дене тыныштық күйін сақтайды, 2-ші заңы: денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура, ал массасына кері пропорционал; 3-ші заңы: денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша тең және бағыттары қарама-қарсы.

45. Қуыршақ сатысынан өтпей, шала түрленіп дамитын буынаяқтылар дернәсілі? (Нимфа)

46. XX ғасырдың ең ірі ғылыми-жетістіктері қандай?(Атом ядросы, адамзаттың ғарышқа ұшуы, лазердың дамуы, кибернетика)

47.Құстардың денесінде мекендеп, әкаяқ (әсіресе тауыққа) ауруын туғызатын кене? (Мамықкене)

48. Үйкеліс күшінің неще түрі бар? Және оларды ата? (тыныштық, сырғанау, домалау)

49. Астық пен ұнды жеп, оны шірік иісті сұр затқа айналдыратын кене?(Қамба)

50. Түнде теңіз желі қай бағытта соғады? Неліктен?( құрлықтан теңізге, су күндіз біраз жылуды қабылдап, бетіндегі ауа жеңіл болады, ал жер тез суыйды)

51. Шаянтәрізділердің сипап сезу және иіс сезу мүшесі? (Мұртша)

52. Атмосфералық қысымнан жоғары немесе төмен қысымды немен өлшейді?( манометр)

53. Кененің дернәсілінің аяқ саны? (Алты)

54. И.Ньютонның тартылыс заңын ашуына не себеп болды?(алма)

55.Шаянтәрізділердің тынысалу мүшесі? (Желбезек)

56. Неліктен құрылыста қуыс материалдарды пайдаланады?(ауа жылуды сақтайды)



57. Көп және аяқ сөздерінің қосындысын білдіретін термин сөз? (Полип)

58. Автобус кілт тоқтағанда, қандай қозғалысқа түсесің? Неге?(еңкейеміз, инерция құбылысына байланысты)

59. Отырықшы ішекқуыстылардың белгілі бір затқа төменгі жағымен бекінетін бөлігі қалай аталады? (Табан)

60. Электр сымдарына отырған құстарды неге ток ұрмайды? (екі аяғы сымда болғандықтан ток өтіп кетеді)

61. Медузалардың дыбыс тербелісін сезгіштігін зерттеу арқасында теңіз дауылын алдын ала болжайтын қандай аспапты ойлап шығарды? (Медуза құлағы)

62. Атмосфералық қысымды немен өлшейді? (барометр)

63. Ішекқуыстыларда атпа жасушалар қорегін аулаудан басқа қандай қызмет атқарады? (Қорғаныш)

64. Ет, балық т.б банкілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген? (диффузия)

65. Пішіні қолшатыр немесе қоңырауға ұқсас еркін жүзе алатын ішекқуыстыны ата? (Медуза)

66. Жаңғырық қайдан пайда болады? (дыбыстың шағылуынан)

67. Кірпікшелі кебісшенің ядро саны? (Екеу)

68. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)

69.Гидраның жыныссыз жолмен көбею түрі? (Бүршіктену)

70. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)

71. Біржасушалылардың көбею жолы? (Бөліну)

72.Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал? (психрометр)

73. Амебаның қозғалу мүшесі? (Жалғанаяқ)

74. Судан шыққанда жануарлар сілкінеді. Олардың судан сілкініп, құрғатылуы физиканың қай заңына негізделген?(инерция)

75.Пішіні тұрақсыз біржасушалы қарапайым? (Амеба)

76. Теңізде қандай тастар болмайды?(құрғақ)













ІІ кезең Полиглот

Тіл қаруы сөз, сөз қаруы- ой”

Тіл ұлттың жаны,халықтың үні”

Сондықтан да қазіргі заман талабына сай оқушыларымыз ,үштұғырлы тіл бағдарламасына сай бірнеше тілді білу керек.

Сондықтанда “Басқа тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” деп Қадыр Мырза Әли айтқандай оқушыларға адам, табиғат, білім туралы мақал, жұмбақ айтамызда бір сөзін тастап кетеміз. Сол сөзді тауып 3 тілде айтқан топқа 10-15-20 ұпай беріледі. Ал іске сәт, деп бастаймыз.

І – «Сұңқар тобы»

ІІ- «Қыран тобы»


III- « Тұлпар тобы»


IV- «Бүркіт тобы»


V- « Жалын тобы»



1. Мектеп кеме, білім....(теңіз, море, sea )

2. Адам көркі шүберек, ағаш көркі...(жапырақ, лист, foliage)

3. Жалғыз кірпіш қорған болмас,

Жалғыз ағаш ...... болмас (орман, лес,forest)


1. Қыз өссе елдің көркі...... өссе жердің көркі (гүл, цветок, flower)

2. Біреуге мал қайғы,Біреуге ......қайғы ( жан, душа, joul)

3. Мақтаның анасы жер,

Атасы -...... (су, вода, water)


1. Көзің ауырса, ..... тый (қол, рука,hand)

2. Адамды адам еткен.......(еңбек, труд,Labour)

3. Құйрығы оң қарыс

Бұл айбатты... (жолбарыс, тигр,liger)



1. Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы .......(арыстан, лев,Lion)

2.Денсаулық – зор ..... (байлық, богатство,riches)

3.Жанды мотор сынбайды

Күні -түні тынбайды

Кейде оның жүрісін

Дәрігерлер тыңдайды. (жүрек, сердце,Heart)


1.Көрегендер көрші отырып, бірін бірі көрмейді (көз. Глаза. еуаrs)

2. күмбір күмбір қарағым, қартайғанша жарадың (құлақ, ухо, еуеs)

3. Денсаулық үшін ең қажетті өмір өзегі (ауа, воздух, аir)









ІІІ кезең Домино

Бұл кезең бойынша әр топқа 2 тапсырмадан беріледі.Келтірілген сөздерді ретпен орналастыру керек,келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек.Дұрыс жауабын тапқан топқа ұпай 15 ұпай беріледі.

ІV кезең - Бинго

Әр топқа физика биология пәнінен аралас 4 сұрақтан,Дұрыс жауапқа 10-20 аралығындағы ұпайлар қойылады Сәттілік топтарға !

V кезең –Плакатпен жұмыс

Бұл кезең бойынша әр топқа бір плакаттан беріледі.Ойын шарты бойынша плакаттан пәнге байланысты сөздерді табу керек.Жауабын тапқан топқа 10-20 аралығында ұпай беріледі.



Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі сайыс сабағымыз осымен өз мәресіне жетті. Сөз кезегін бүгінгі сайысқа төрелік жасаған әділ- қаза алқасына береміз.

Сабағымызға қатысып, тамашалағандарыңызға көп рахмет, қош сау болыңыздар!



Автор
Дата добавления 13.11.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров18
Номер материала ДБ-347963
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх