Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сайыс сабақ әзірлемесі. "Тіл-тірегім"

Сайыс сабақ әзірлемесі. "Тіл-тірегім"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Тақырыбы: «Тіл- тірегім»

Мақсаты: Балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:сайыс сабақ.
Көрнекілік: қоржындағы асықтар,мақал –мәтелдер,нақыл сөздер,жұмбақтар,жағдаяттар.т.б.. 
Сабақтың барысы: : 
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар тілдер мерекесіне қош келдіңіздер!

Біздің елімізде 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады.Қазақстан экономикасы мықты, тәуелсіз, егеменді ел.Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет.Қазақстан біздің достық үйіміз,

Енді «Тіл - тірегім» атты Тілдер күніне арналған интеллектуалдық ойын

сайысын бастайық. Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

Сайыстың жоспары:

І кезең: «Таныстыру»

ІІ кезең: «Сұрақтарға жауап»

ІІІ кезең: « Жағдаяттық сұрақтар»

ІV кезең: «Мақалдарды жалғастыр»

V кезең: « Жұмбақ шешу» -деп аталады.

VΙ кезең: «Кім жылдам?» - деп аталады.

Алдымен сіздердің жауаптарыңызды сараптау үшін әділқазылармен таныстырайық:

1.Оқу ісінің орынбасары Отегенова Д.С.

2. 4 «А»сынып жетекшісі Хамзина Р.М.

3. 4 «Б» сынып жетекшісі Кенжебаева К.Д.

-Сонымен сайысымызды  бастаймыз.  Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп  қабырғасынан басталады. «Білімді азамат- ел ертеңі», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық  сөзі бар.Сайыста біздерге әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Сайыста  жеңу үшін біздер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден  тезірек жауап беруіміз керек.
1-кезең: «Таныстыру»
Мақсаты :өз тобының атын,ұранын  таныстыру.
1-топ: «Жас қыран »
Ұраны: «Қырандай боп самғаймыз,

Жарыстан біз қалмаймыз.

Тәрбиелі ұл-қыз боп,

Болашақты жалғаймыз.»
2-топ: «Ойшылдар»
Ұраны: «Біз ойшылдар боламыз,

Жарыстада озамыз.»
2 кезең : «Сұрақтарға жауап»,яғни бұл кезеңде  қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндері бойынша сүрақтар беріледі.Сұрақтарға асықтағы белгіленген сандар арқылы жауап беріледі.(жауапсыз асық қоржынға қайта салынады)

1-топ: «Ойшылдар» 
1. Дыбыстар  нешеге бөлінеді ?  (2, дауысты, дауыссыз)
2. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?   (2,жуан,жіңішке)
3. Сөз  неден құралады?   (дыбыстардан)
4.Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім?(Ы.Алтынсарин)

5.Абайдың. шешесінің аты.(Ұлжан)

6.ҚР.-ның Тәуелсіздік күні.(16 желтоқсан)

G:\DCIM\100OLYMP\PA010231.JPG

2-топ: «Жас қыран» 
1. Қазақ алфавитінде неше  әріп бар?  (42)
2. Дауыссыз  дыбыстардың  түрлерін  ата?   (қатаң,ұяң,үнді)
3. Сөйлем неден құралады?  (сөздерден)
4.Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған (А.Байтұрсынов)

5.Абайдың әкесінің аты.(Құнанбай)

6.Тілдер күні қай күн? (22қыркүйек.)

3 кезең: «Жағдаяттық сұрақтар» 

1-топ: «Ойшылдар» 

     Сабақта «2» алып  қалдыңдар. Оған ата-анаң қатты ренжіді. Сол ренішті қалай өтер едіңдер?

2-топ: «Жас қыран» 
        Мектепке  жаңа доп алып келдің. Ойнап жүріп,досың добыңды жарып алды. Не  істейсің? Үйдегілерге не айтасың?

Көрініс көрсету немесе түсіндіру.


4 кезең: «Мақалдарды жалғастыр»Мен сендерге мақалды бастап оқимын,сендер ары қарай жалғастырасыңдар.

І топ:

1.Ең тәтті де тіл,...(ең ащы да тіл).

2.Оқу-білім бұлағы, ...(білім-өмір шырағы).

3.Жүз сом ақшаң болғанша, ...(жүз досың болсын).

4.Білім таппай мақтанба, ...(өнер таппай баптанба).

5.Тіл- қылыштан ...(да өткір).

6.Отан ...(оттан да ыстық).

ІІ топ:

1.Шебердің қолы -ортақ, ...(шешеннің тілі- ортақ).

2.Отансыз адам-...(ормансыз бұлбұл).

3.Ер жігіт елі үшін туады, ...( елі үшін өледі).

4.Мектеп-кеме, ...(білім- теңіз).

5.Жақсы жолдас- жанға серік, ...(жаман жолдас-малға серік).

6.Өнер алды- ...(қызыл тіл).

5кезең «Жұмбақ шешу»Жауабын тауып,сол жауабын үш тілде айту.

1.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.   (Кітап-книга-бук)

  1. Мұрты бар,сақалы жоқ,

Тоны бар,шапаны жоқ.    (Мысық-кошка-кәт)


3.Бiлiмнiң дәнiн тередi,

Балаға тәлiм бередi.   (Ұстаз-учитель-титчэ)

  1. Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып.   (Дәптер-тетрадь-копибук)

  1. Оқушыға күнде ерiп,

Жүретiн не?        (Күнделiк-дневник-дайэри)

6.Күндіз  көрінбейді,

Түнде күлімдейді.   (ай-луна-мун)

6 кезең «Кім жылдам»Берілген сөздерді келесі топқа қимылмен көрсету керек.ол топ сол қимылды табу керек

1-топ.Аю,ұшақ,қоңырау,мысық,

2 топ.Доп, гүл,қоян,маймыл.

G:\DCIM\100OLYMP\PA010251.JPG

Қорытынды.

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шындарына.

Бүгінігі сайысымыз аяқталды,

Сөз кезегі әділқазы алқасына.

Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау)

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен сайысымыз аяқталды.Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін

G:\DCIM\100OLYMP\PA010265.JPGG:\DCIM\100OLYMP\PA010264.JPG

Сараптама

Тақырыбы: «Тіл- тірегім».

Мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:сайыс сабақ.
Сайысқа 2 сыныптан 8 оқушыдан алынды.Сайыс 6 кезеңнен тұрды.

І кезең: «Таныстыру» Өз тобыныңатын,ұранын таныстырды..

ІІ кезең: «Сұрақтарға жауап» Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндері бойынша сұрақтар болды.

ІІІ кезең: « Жағдаяттық сұрақтар» 2топқа жағдаяттық тапсырмалар берілді.Берілген тапсырмаларды оқушылар көрініс арқылы көрсете білді.

ІV кезең: «Мақалдарды жалғастыр»Мұғалім мақалды бастап,ары қарай оқушылар өздері жалғастырып аяқтау керек.

V кезең: « Жұмбақ шешу» Жұмбақтың жауаптары шешіліп,сол тапқан жауаптарды 3 тілде айтылды.

VΙ кезең: «Кім жылдам?» топтарға берілген сөздерді қимылмен көрсету арқылы,келесі топ табу керек.Барлық кезеңдердегі тапсырманы оқушылар қызыға орындап шықты.Сайысты қорытындылап,сөз кезегін әділқазылар алқасына берілді.Олар өздерінің шешімдерін шығарды, 2 «Б» сыныбы 1 орынға ие болды.Сабақ қызық та, тартымды өтті.Сабақ өз мақсатына жетті.

Жеңістке жеткен топ мақтау қағазымен марапатталды.



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-226121

Похожие материалы