Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Сайыс сабақ.Информатика әлеміне саяхат

Сайыс сабақ.Информатика әлеміне саяхат

библиотека
материалов

«Информатика әлеміне саяхат» интелектуалдық сайыс

Тақырыбы: Информатика әлеміне саяхат

Күні:

Мұғалім:
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Информатика әлеміне саяхат» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайыстың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын,
ақылдылығы мен жылдамдығын, көптің ортасына салып, бақтарын сынату, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Оқушыларды компьютерді пайдалана отырып, шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, компьютерлік сауаттылығын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ізденуге, талпынуға, дара болуға тәрбиелеу.

Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Оқушылармен амандасу
• Олардың назарын сайысқа аудару
• Тыныштандырып, сайыс кезеңдерімен таныстыру

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста

Ойын толқын жатқанда асып, тасып
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып – деп сайысымыздың кезеңдерімен таныстырайын.

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
1 ші кезең – «Өзім туралы» таныстыру сайысы
2 ші кезең – «Бәйге» сайысы
3 ші кезең – «Ғажайып алаң»
4-ші кезең – «Сурет салу» сайысы
5-ші кезең – «Мен саған, сен маған» сайысы
Қатысушыларды марапаттау.
Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, «Шыңдарға биік қонғайсың» - демекпіз.
1.кезең – «Өзім туралы» таныстыру сайысы. Қатысушылар өздерін таныстырып өтеді, бұл сайысты әділ-қазылар алқасы бағалайды. Қорытынды ұпайлары тақтаға жазылады.

Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа , сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.

2. кезең – «Бәйге» сайысы. Сіздерге ортақ сұрақтар беріледі. Сол сұраққа қол көтеріп, жауап бересіздер. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Қорытынды тақтаға жазылады.
1. Информацияның өлшем бірлігі? (бит, байт)
2. Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынас (Интерфейс)
3. Компьютердің ақыл –ойы? (процессор)
4. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал (Компьютер)
5. Бір жолға қанша оператор жазуға болады? (256)
6. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (пернетақта)
7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
8. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Антивирус)
9. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)
10. Бос орын қалдыру пернесі? (пробел)
11. Мәтін жазуға арналған редактор (Word)

Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын!
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.

3 - кезең – «Ғажайып алаң»
(Мұнда сұрақтар информатика пәні бойынша келеді, әрбір сұрақтар сандар арқылы ұяшықтарда көрсетілген, ал ұпайлар ұяшықтың ішінде жасырылған).
1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
2. Бит дегеніміз не?
3. Принтердің түрлерін ата?
4. 1 Байтта қанша бит бар?
5. Пернетақтада қанша перне болады?
6. Біздің компьютерлер қандай операциялық жүйеде жұмыс жасайды?
7. Компьютердің атасы кім?
8. Компьютердің қосымша құрылғыларын ата?
9. Бос орыс тастау пернесі?
10. «Орта» деген сөзде неше байт бар?
11. 1 символда неше бит бар?
12. Компьютерлік дискілерді ата?
13. Флешка дегеніміз не?
14. Өшіріп, жазуға болатын дисктің аты?
15. Компакт дискіні оқитын құрылғы?
16. “Диск” сөзінде қанша бит бар?
Қорытынды ұпайлары тақтаға жазылады.

Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

4-кезең: «Сурет салу» сайысы
Сіздердің алдарыңызда 6 нұсқа жасырылған ұяшықтар ұсынылып отыр. Сіздер қалаған ұяшықты таңдап, жасырылған суретті компьютерде орындауларыңыз керек.
Компьютерге отырмас бұрын электронды есептеуіш құралдарымен жұмыс кезіндегі ережелерді еске түсірейік.
Жасырылған нұсқалар:
Желкенді кеме
Аққала
Тұрғын үй
Автокөлік
Қыс бейнесі
Орман бейнесі
бұл сайысты әділ-қазылар алқасы бағалайды. Қорытынды ұпайлары тақтаға жазылады.

Жорға, жорға, жорғала,
Шапшаңдыққа таң қалма.
Ойын деген арпалыс,
Жеңілемін деп ойлама.

5 кезең: «Сен маған, мен саған» сайысы.
Бұл сайыста оқушылар үйден үш сұрақтан дайындап алып келеді. Сол сұрақтарын қалаған қарсыласына қояды. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Ұпайлар қорытындысы тақтаға жазылады.

ІІІ. Жеңімпазды анықтап, қатысушыларды марапаттау.
Әділ-қазылар алқасы әр қатысушының жинаған ұпай санын есептеп, жеңімпазды анықтайды. Ең көп ұпай жинаған оқушы - «Үздік информатик» атағына ие болады. Құттықтаймыз!
Жеңімпаз оқушылар марапатталады.

IV. Сайысымызды қорытындылау.
Бүгінгі көріп тамашалаған «Информатика әлеміне саяхат» атты интелектуалдық сайыс ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тамашалағандарыңызға алғысымыз шексіз.
Рахмет!

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-555591

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG