«Тапқыр болсаң – талас жоқ» сайысы.
3-4 сыныптар
Мақсаты:Дарынды оқушылардың логикалық ойлау
қабілеттерін жетілдіру,тапқырлыққа, есеп құмарлыққа баулу, білімге деген
құштарлығын арттыру.
Ойын–сайысқа 9 оқушы қатысады.
1 тур: «Өткел» Жалпы сұрақтарға жауап беру.
2 тур: «Өткел» М+Г+Б.Әрбір оқушы таңдаған пән бойынша берілген тапсырманы
орындайды. Ең аз балл жинаған оқушы бірінші бастайды.
2 турдан кейін ең аз балл жинаған
оқушы сайыстан шығады.
3тур: «Өткел».Математика.Әр оқушы тапсырманы өзі таңдайды.Ең көп балл жинаған
оқушы бастайды.
1–жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті
қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Тапқыр болсаң –талас жоқ»
атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші: Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді –дей отырып ортаға өз білімімен, ақыл –
ойымен, эрудициясымен ерекшеленген 3,4 сыныптардың дарынды оқушыларын шақырамыз!
1–жүргізуші:Тапқырлық тану мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
2–жүргізуші: Дайындықпен келіп тұрған жарысқа,
Есеп білсе жетеді ғой табысқа.
1 –жүргізуші: Жарыстың алдында білім сайсының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар.
(эксперт төрағасы, мүшелерімен таныстыру)
2 –жүргізуші: Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін біздің топтың әділ сына!
1–жүргізуші:«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы -білім» деген екен шығыс
ғұламасы Әбу –р – Райхан әл Бируни. Ендеше, білімділер сайысын бастайық.
1 – жүргізуші: Шеберлікті,білімді,
Сараптаңыз, көріңіз.
Бірінші турдың қазылар,
Бағасын әділ беріңіз!
2 – жүргізуші: Ең қиыны жарыстың «Белес» келді,
Мықтыларды келіпті жеңсін енді.
Тез жауап бер,ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көрейік ерен ерді.
«Белес» -ті жүргізетін:
1–жүргізуші:Қымбатты қазы алқасы,
Сіздерден әділ шешімді.
Екінші тур бойынша,
Күтеді мұнда баршасы.
2 – жүргізуші: Ал – қанеки қаралық,
Мына жақта жаңалық,
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде,
Математика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып.
3. «Бекет» кезеңін бастаймыз!
Жүргізуші:
Сайыс шарттарымен таныстыру.
4. Ой,арманын кешеміз,
Ақылды боп өсеміз.
Есепке тұнған әлемнің,
Жұмбақ сырын шешеміз –дей отырып келесі турда «қызықты тапсырмалар» атты
математикадан есептер шешеміз.
3-өткел.
Қызықты
тапсырмалар.
1. Шығармашылық тур.
Жарыс толқын жатқандай асып – тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып,
Осы турда байқалар терең ойлар.
Жеңсең де, жеңілсеңде қалма жасып!
2-Шығармашылық
турға көшеміз.
1 – жүргізуші: «Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте»-дей отырып,
көрермендерге арналған тіл–өнер сайысын бастаймыз:
«Тіл өнер»(жауапты екі тілде айту
керек).
4-өткел.
Тіл-өнер.
(жауапты екі тілде айту керек.)
- Тік бұрыштан кіші бұрыш (острый.)
- Геометриялық негізгі ұғым. (нүкте, точка.)
- Кез – келеген екі нүкте арқылы нені жүргізуге
болады?(түзу,прямая.)
- Екі қолға .... күрек. (бір, одинь.)
- Жігітке жеті өнерде аз, неше өнер көп емес?
(жетпіс,семьдесят.)
- Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі? (сәуле,луч.)
- Отыз тістен шыққан сөз неше рулы елге
жайылады. (отыз,тридцать.).
5- өткел
Мықты болсаң, тауып көр.
- Шолпан планетасындағы атмосфераның 97%
қандай газдан тұрады? (көмірқышқыл газы)
- Жердің Күн төңірегіндегі жолындағы ең алыс
нүктесі қай айдың, қай күніне сәйкес келеді? (5 шілде)
- Қазақстанда ең алғаш құрылған қорық? (Ақсу -
жабағылы)
- Дүние жүзілік жасылдар қозғалысы (табиғат
қорғау ұйымы)басқаша қалай аталады? (Гринпис)
- Дүние жүзіндегі ең алғаш құрылған ұлттық
парк? (Йеллоустон)
- Бірінші рет атмосфералық қысымды өлшеген
ғалым? (Торричелли)
- «Смог» дегеніміз не? (улы түтін)
- Жер атмосферасының неше пайызын оттегі
құрайды? (21%)
- «Арасан» дегеніміз не? (емдік сулардың шығып
жатқан жері)
- Жердің полюстік радиусы экваторлық радиустан
неше км қысқа? (21 км)
- Ең бірінші глобусты жасаған ғалым?
(М.Бехайм)
- Қай ғасырлар «Ұлы географиялық ашулар
заманы» деп аталады? (XV – XVIIIғ.ғ)
- Қашқарияға саяхат жасаған ғалым?
(Ш.Уалиханов)
- Жер білігі орбита кеңістігінде қандай бұрыш
жасап қилысады? (66,5 )
- Экватор мен мередианның 1доғасының ұзындығы
шамамен неше км-ге тең? ( 111 км)
6-өткел.
Білгенге
маржан...
- Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал?
(Барометр)
- «Ғылымдарды жіктеу» еңбегінің авторы? (Әбу –
Насыр әл- Фараби)
- Галактикалық жыл нешеге тең? (250 миллион
жыл)
- Титан қай ғаламшардың серігі? (Сатурн)
- Солтүстік полюске бірінші жеткен саяхатшы?
(Р.Пири)
- Айдың тұтылуы қанша сағатқа созылады? (2
сағатқа)
- Реликті шағала қай қорықтың эмблемасы?
(Алакөл)
- Біздің галактикамыз не деп аталады? (құс
жолы)
- Жерден айға дейінгі қашықтық? (384
000 км)
- Жердің даму тарихындағы ең алғашқы материк.
(Пангея)
- Жердің жасанды серігі алғаш рет қай жылы
ұшырылды? (1957ж 4 қазан)
- Қазақ космонавты Талғат Мұсабаев ғарышқа неше рет ұшырылды? (3 рет)
- Қандай шоқжұлдызды гректер «Арктос» деп
атаған? (Жетіқарақшы)
- Желдің күшін анықтайтын құрал? (Аномометр)
- Қазақсатанның Қызыл кітабы қай жылы жарық
көрді? (1978)
- Қызыл қоқиқаз қай қорықта қорғалады?
(Қорғалжың)
7 -«өткел»
Қазақстан
8-«өткел»
Кім шапшаң?
9-өткел.
Санмен
өрнектелген мақал-мәтелдер.
♦
Піл к3ті, піл к3ті емес, тіл к3ті.
♦
6н балдақ қол саны,
Әшекей кесте т10
сәні.
♦
Әкесіз 7м –жарты 7м.
Шешесіз 7м – анық 7м.
♦
Біреу 1-еу білмегенді, 1-еу біледі т.с.с.
10-өткел.
Математикалық
ұғымдарға қатысты мақал-мәтелдер
♦
Көп түкірсе, көл болады.
♦
Көп алғыс – көгертер.
♦
Көп сөз – күміс,аз сөз – алтын.
♦
Көсеу ұзын болса, қол күймес.
♦
Қорқақтың қолы қысқа.
♦
Кең болсаң, кем болмайсың.
♦
Кіші баланың ұятын,үлкен бала көтереді.
11-өткел
(10 б) Х.Колумб қай жылы Американы ашты (1492)
(20 б) Қандай саяхатшы Тынық мұхитына «Тынық» деп ат берген (30 б) Жаңа
Гвинояға бірнеше саяхат жасаған орыс саяхатшысы? (Н.Н.Миклухо-Маклай)
(40 б) Қай орыс саяхатшысын «Екінші Колумб» деп атаған?
Қорытынды:Осындай
бағытта жұмыс жүргізсек,біз өзіміздің алдымызда отырған балалардың қабілетін
байқап, олардың дарынын дамыта аламыз.
Баланы заманына
қарай икемдеп,өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу,оларды
шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.