1063031
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Химия Другие методич. материалыСайыстың мақсаты: химия және биология пәндерінің ерекшелігі, өмірдегі алатын орны, қосылыстардың көптүрлілігі мен мәнін оқушылардың түсінуі, қызығушылығы мен дүниетанымын қалыптастыру, оқушылар арасынан химияға қызығушы талапты алғыр химикті анықтау, ола

Сайыстың мақсаты: химия және биология пәндерінің ерекшелігі, өмірдегі алатын орны, қосылыстардың көптүрлілігі мен мәнін оқушылардың түсінуі, қызығушылығы мен дүниетанымын қалыптастыру, оқушылар арасынан химияға қызығушы талапты алғыр химикті анықтау, ола

библиотека
материалов

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»-2018 сайысы


Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар оқушылар!Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым. 22 -26 қаңтар аралығында өткен

«Болашақ энергиясы- елдің болашағы» атты химия- биология апталығы бойынша өткізіліп отырған 8-11 сыныптар арасында химия және биология пәнінен өткізілетін

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» 2018 сайысымызға қош келдіңіздер.

Сайыстың мақсаты: химия және биология пәндерінің ерекшелігі, өмірдегі алатын орны, қосылыстардың көптүрлілігі мен мәнін оқушылардың түсінуі, қызығушылығы мен дүниетанымын қалыптастыру, оқушылар арасынан химияға қызығушы талапты алғыр химикті анықтау, оларды ізденуге, тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.

Көруге химия кешін жиылғандар,

Менделеевке құдайындай сыйынғандар.

Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты

Тамашалау бақыты бұйырғандар

Ақыл- тон, аңдығанға тозбайтұғын,

Білім-кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы неге қозбайтұғын,- деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімділік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.

8-сынып оқушысы:

8-сынып оқушысы:

9-сынып оқушысы:

9-сынып оқушысы:

10-сынып оқушысы:

10-сынып оқушысы:

11-сынып оқушысы:

11-сынып оқушысы:

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ- қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсақ.

1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:Нұрзия Сарқытбекқызы

2. Математика пәні мұғалімі:Нұрзия Сапашқызы

3.Физика пәні мұғалімі:Айман Тұрсынқызы

Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырып өтейік. Сайысымыз

5- кезеңнен тұрады:

1. Бәйге. (А-Б нұсқасы)

2. Ғажайып ұяшықтар

3. Химиялық эстафета

4.Тіл өнер

5. Жорға (А, Б нұсқасы)

Бірінші кезең «Бәйге» сайысынан кейін ұпайы аз екі оқушы сайысты тоқтатады. Келесі екі оқушы 2 кезең «Ғажайып ұяшықтар» кезеңінен кейін сайысты тоқтатады.

4 -кезең «Тіл өнер » сайысынан кейін тағы да екі оқушы сайысты тоқтатады.

1 кезең.

Ең қиыны жарыстың «Бәйге» келді,

Мықтылары ортаға шықсын енді,

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма.

Осы ойыннан көрейін ерен ерді,- деп кезекті бәйге сұрақтарына береміз.

Бәйге кезеңінде химия және биология пәндері бойынша 10-сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.Әр сыныптың оқушысына жеке-жеке сұрақтар.Әр оқушы өзінің сұрақтарына ғана жауап береді. Тек бірінші оқушы А немесе Б нұсқасы деп таңдауы қажет.

8- сынып.

А нұсқасы.

1.І ауысымда сыртқа 10 минуттық қоңырау нешінші сабақтан кейін соғылады? (3)

2.Заттар дегеніміз не? (денені құраушылар)

3.Авогадро саны? (6,02*1023)

4.Судың формуласы? (Н2О)

5.Химиялық реакция типтері нешеге бөлінеді? (4)

6.Организмнің құрылыс мен оның жеке мүшелерін және жүйелерін зерттейтін ғылым? (анотомия)

7.Ересек адамның жүрегінің салмағы?(250-300г)

8.Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады? (33-34)

9.Қан топтарын ата? (І,ІІ, ІІІ, ІҮ)

10.Адамның артериялық қысымын өлшейтін құрал? (тонометр)Ж

Б нұсқасы.

1.ІІ ауысымда сыртқа 10 минуттық қоңырау нешінші сабақтан кейін соғылады? (3)

2.Оттек латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?

(қышқыл тудырушы)

3.Сілтілік металдарды ата?

(литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций)

4.Оттектің формуласы? (О2)

5.Қосылу реакциясының анықтамасы? (екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуын қосылу реакциясы деп атайды)

6.Адамның шығу тегі, эволюциясы, географиялық таралуы мен оның организмінің құрылысы, қызметі туралы зерттейтін ғылым саласы?

(Адам биологиясы)

7.Ересек адам миының орташа салмағы? (1300-1400г)

8.Адам қаңқасында нешеден астам сүйек болады? (200-ден)

9.Өз еркімен қан беретін адамды кім деп атайды? (донор)

10. Сезім мүшелерін ата? (көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу)

9 сынып.А нұсқасы.

1.І ауысымдағы 4 сабақтың уақыты? (1020-1100)

2.Ерітіндісі мен балқымасы электр тоғын өткізетін заттарды қалай атайды? (Электролиттер)

3.Біреуі міндетті түрде оттек болатын, екі элементтен тұратын бинарлы қосылыстар? (оксидтер)

4.Көмір қышқылының тұздары қалай аталады? (карбонаттар)

5.Фосфордың неше аллотропиялық түр өзгерісі бар? (3)

6. Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі? (Ядро)

7. Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат? (цитоплазма)

8.Жасуша ішіндегі сұйықтықты реттеп отыратын бөлігі? (Вакуоль)

9. Өсімдіктерге жасыл түс беретін пигмент қайсысы? (хлоропласт)

10. Жасушаның ішкі бөліктерін зақымданудан, кеуіп кетуден қорғайды? (жасуша қабықшасы)

Б нұсқасы.

1.ІІ ауысымдағы 4 сабақтың уақыты? (1630-17100)

2.Ерітіндісі мен балқымасы электр тоғын өткізбейтін заттарды қалай атайды? (Бейэлектролиттер)

3.Молекуласы металл атомы және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар? (тұздар)

4.Азот қышқылының тұздары қалай аталады? (нитраттар)

5.Көміртектің неше аллотропиялық түр өзгерісі бар? (4)

6.Организмнің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу қабілеті? (өзгергіштік)

7.Адам ағзасында қанша темір бар? (4 грамм)

8. Тірі организмнің айнала қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін биология ғылымының бір саласы? (экология)

9.Жасушалық теорияның негізін қалаған ғалымдар? (Т. Шванн, М. Шлейден)

10.Жасушаның энергетикалық станциясы? (митохондрия)

10-сынып. А нұсқасы

1.      Мыстың  латынша  атауы?(Купрум)

2.    Аспен келетін тамаққа дәм беретін зат? (ас тұзы, NaCl)

3.     Бөлінбейтін  кішкентай бөлшек? ( Атом)

4.   Химиялық байланыс түрлері ? (коваленттік, иондық, металдық, сутектік)

5.     Адам  тыныс  алатын  газ.   О 2 (оттегі) 

6.  Цитология ғылымы нені зерттейді? (жасушаны)  

7.     Жасуша құрамындағы органикалық заттар? (көмірсулар, липидтер, нәруыздар,)

8.   1 г нәруыздан қанша энергия бөлнеді? (17,6 кДж)   

9.   Әсемдік қасиеті бар өсімдіктер қалай аталады? (декоративті)

10.    1 гр май ыдырағанда қанша кДж энергия бөлінеді? (39,1 кДж)

10-сынып. Б нұсқасы

1.    Күмістің латынша  атауы.  (аргентум)

2.   Планетамызда көп таралған элементтер? ( сутек, гелий)

3.   Кернеу қатарын ұсынған кім? (Н.Бекетов)

4.   Зат массасының сақталу заңын ашқан ғалым?(М.В. Ломоносов )

5.   Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл? І2 (иод) 

6.    Генетика зерттейді? (Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік)

7.    Органикалық дүниені жүйелеген кім? (К.Линней)

8.    Вирусологияның негізін қалаушылардың бірі (Д.И. Ивановский)

9. Организмдердің көбею жолдары? (жынысты, жыныссыз)      

10. Генотип дегеніміз не? (организмге ата- анадан берілетін гендер тобы)   

11-сынып. А нұсқасы

1.Үш түрлі күйде кездесетін зат? (Су)

2.Мұнайдың соңғы өнімі? (мазут)

3. Алкандардың алғашқы өкілі? (метан)

4.Отынның агрегаттық күйіне қарай жіктелуі? (қатты, сұйық, газ)

5.Грекше «naphtha»- деген мағынаны білдіреді? (мұнай)

7.Ертедегі өсімдіктердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым? (палеонтология)

8. Ең ірі экологиялық жүйе?(Биосфера)

9. Эволюция негізін салды?(Ч.Дарвин)

10. Заман аттары? (Архей, Протерезой, Палезой, Мезазой, Кайназой)

11-сынып. Б нұсқасы

1. Отынның шығу тегіне қарай жіктелуі? (табиғи, жасанды)

2.Спирттер құрамындағы гидроксил тобымен байланысқан көміртек атомының табиғатына байланысты нешеге жіктеледі?

(қаныққан, қанықпаған, ароматты)

3.Метан (С) атомынан және сутек (Н) атомынан тұрады? (1С, 4Н)

4.Қазіргі уақытта неше бейметалл белгілі? (22)

5.Моносахаридтер тобының көмірсуы фруктозаны.... қалай атайды? (жеміс қанты)

6.Ежелгі заман? (Архей)

7.Динозаврлар ғасырының басталуы қай кезеңде болды? (мезазой, триас)

8. Эволюция өзгергіштіктің қатар жүруінен болатын құбылыс екенін дәлелдеген ғалым? (Ч.Дарвин)

9.Палезой заманы неше кезеңннен тұрады? (кембрий, ордовик, силур, девон, тас көмір, пермь)

10.Алғашқы тіршілік болған заман? (Протерезой)

Ойынның шарты бойынша «Бәйге» кезеңінде жинаған ұпайы аз екі сайыскер ойыннан шығарылады.

Білсең егер, табиғатта зор мән бар.

Онда аң құс, жануарлар ормандар.

Жерің, суың таза ауаң қажетті.

Шын жүректен оны сендер қорғаңдар- дей келе келесі бөлімімізді бастаймыз.

ІІ кезең.

Ғажайып ұяшықтар. (қалауың бойынша бір ұяшықты таңдап, сәйкесінше ұпай жинай аласың). Ұяшықтардағы сұрақтар ұпай санының өсуіне байланысты қиындайды.

ЭХПО-2017 көрмесі

10

20

30

40

Периодтық заң және периодтық жүйе

10

20

30

40

Элементтер

10

20

30

40

Ғылымдар

10

20

30

40

ЭХПО-2017 көрмесі

10- ЭХПО -2017 көрмесінің тақырыбы? (Болашақ энергиясы)

20- Алғашқы бүкіл әлемдік көрме қай жылы қай қалада өтті?

(1851 жылы Лондонда. Бұл үшін хрусталь сарай салынды)

30- ЭХПО-2017 көрмесі өткізу туралы қай жылы келісімге келді?

(2012 жыл 26 қараша №436 бұйрық)

40- Жобаның түпкі ойы? (тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аударуды қамтиды)

Периодтық жүйе

10- Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде неше период бар? (7)

20- Д.И.Менделеевтің периодтық заңы ең алғаш қай жылы ашылды? (1869)

30- Период дегеніміз анықтамасы? (атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан, сілтілік металдан басталып салғырт элементпен аяқталады)

40- Қазақстан жерінде Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі барлық элементтің кездесетіндігін дәлелдеген қазақстанның ғалымы?

(Қ.И. Сәтбаев (1899-1964))

Элементтер

10-Сұйық металл? (сынап)

20- Ересек адамның ағзасында -2% және оның 99% -ы тістер мен сүйектерде кездесетін элемент? (кальций)

30- Электр тогы мен жылуды жақсы өткізеді, оңай созылады, жаншылады. Бұл қай элемент? (кальций)

40- Адам ағзасында 4 г, оның 65%-қанға (гемоглабинде) болатын элемент? (темір)

Ғылымдар.

10- Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым? (Микология)

20- Оптика, статика, акустика, динамика, механика, кинематика, магнетизм, гидравлика, космология, энергетика бұл ататлған ғылым салалары мектепте қай пәнге қатысты?(физика)

30- Дәрілік заттардың адам мен мал организміне тигізетін әсерін зерттейтін медицина ғылымының бір саласы? (Фармакология)

40- Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жылан бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина)

Осы кезеңннен соң ұпайлары төмен 2 сайыскер ойыннан шығады. Қалған сайыскерлеріміз келесі кезеңге жолдама алады.

Тағы келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз бойланып,

Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр

Есеп шешер кезегі де келіп тұр,-деп үшінші кезең «Химиялық эстафета» сайысын бастайық.

Сәйкестендір. Берілген элементтің салыстырмалы атомдық массасын

сәйкестендіру. Әр дұрыс жауап 10-ұпай.

35,5

Алтын

16

Күміс

14

Магний

197

Кальций

65

Мырыш

40

Оттек

24

хлор

108


Келесі кезеңіміз «Тіл өнер».

Бұл турда жұмбақ жасырылады. Оқушылар жұмбақтың жауабын үш тілде айтуы керек.(қазақша, орысша, латынша).Үш тілде жауап берілсе 30-ұпай.Әр оқушыға үш жұмбақтан оқылады.

1.Өзім газбын менімен демаласың,

Жоқ болсам, ауа жетпей қиналасың.

(оттегі, кислород, оксигениум)

2.Осы затпен ескі үйді аластайды,

Түсіне қарасаң, алтынға да ұқсайды.

(күкірт, сера, сульфур)

3.Ең жеңіл элемент саналады,

Периодтық жүйе осыдан бастау алады.

(сутек, водород, гидрогениум)

4.Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады.

(қорғасын, свинец, плюмбум)

5.Өзі жылтыр күмістей,

Жұмсақтығы тағы бар.

Жеңілдігін ескерсең,

Пайдаланар жері бар.

(алминий, алюминий, алюмениум)

6.Қыздырып соқсаң, иленеді,

Балға мен төстен именеді.

(темір, железо, феррум)

7.Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық,

Буланбас қайнатсаң да отынды үйіп.

Көрсететін суықты, жылуды анық,

Қандай зат: құрал жасар соны құйып.

(сынап, ртуть, гидраргирум)

8.Кең әлемді кернейді,

Бірақ өзін көрмейді.

(ауа, воздух, )

9.Қайдан білсін ұшқан кезде ұядан,

Қызыл қоңыз көзге түсті қиядан.

Тәбет шапты, жемек болып ұмтылды

Жей алмады,жиіркеніп бір түрлі.

Дей көрмеңдер балапанға жемедің,

Өздерің айт,бірақ оның себебін. (қанқызы, лат. Coccinella tianshanica) )

10. Қайда барсаң сонда болатын,
Жүздеп ұшып,мыңдап қонатын.
Бәріне қонып мекендейтін
Қандай жәндік кім біледі екен?
(шыбын , муха, (Brachycera))

11. Шілтитіп сирағын,
Тұмсығын қадайтын.
Бетіңе, мойныңа
Қонып ап, талайтын,
Ертелі-кеш мазалап,
Ұшып-қонған тажал-ақ.
(маса, камары (Nematocera))

12. Тіршіліктің қуатын,

Өз бойына жинайтын,

Жинай-жинай азықты,

Адамзатқа сыйлайтын (өсімдік, ботаника,  botn )

Ойынның шарты бойынша осы кезеңде ұпайы төмен екі сайыскеріміз ойынды осы жерден тоқтатады.Келесі бөлімге 2 сайыскеріміз қалады. Ол сайыскерлерімізге «Жорға» кезеңінде 10- сұрақтан оқылады.

Әр дұрыс жауап 10-ұпай.Бұл кезеңде де сайыскерлеріміз А немесе Б нұсқасы деп таңдау жасайды.

5. Жорға (А, Б нұсқасы)

А нұсқасы.

1.Қай элементтің басы айдаһар бейнесіне ұқсайды? (күкірт)

2.Тіс шайқағыштардың құрамында қандай элемент бар? (фтор)

3.Ең қиын балқитын металл? (вольфрам)

4.Периодтық жүйені кім ашты? (Д.И.Менделеев)

5.Ауада оттек неше %?(21%)

6. Балықтардың денесі қандай бөлктерден тұрады? (Бас, тұлға, құйрық)

7. Акула қанның иісін қанша шақырымнан сезеді?( 0,5 км)

8. Құстардың дене температурасы?(+41,+43ºС)

9. «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» жарлыққа қол қойған тұлға. Н.Назарбаев.

10. Ағаштың діңіне, тасқа жабысып өсетін қына?(Қабық тәрізді)

Б нұсқасы

1.Қайсысы артық 1 кг мақта , әлде 1 кг темір ме? (бірдей)

2.Күннің көзі жылына неше рет шығады? (365)

3.Металдардың өзара балқымасы? (құйма)

4.Есінен танған адамға алғашқы көмек ретінде қолданылатын сұйықтық? (нашатыр спирті)

5.Иод тапшылығынан болатын ауру? (зоб немесе жемсау)

6. «Невада –Семей» қозғалысын басқарған кім? (О.Сүлейменов.)

7. Ұша алмайтын, бірақ құрлықта өте жылдам жүгіретін құс?(Түйеқұс)

8. Сүйекті балықтарда алғаш рет пайда болған мүше? (Қуық)

9. Бақаның денесі? (Бас, тұлға, төрт аяқ)

10. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын?(Көкет (диафрагма)

Жүргізуші:Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықты өткізер.

Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай.

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай,- деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап, білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін

әділ- қазыларға береміз. Әділ-қазылар ұйғарымы бойынша жеңімпаз оқушы анықталып, марапатталады.

Сонымен бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз оқушысы «ХХІ ғасыр көшбасшысы-2018» атанды. Осыменен сайысымыз өз мәресіне жетті. Бізбен бірге болып, ойынды тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет. Сау болыңыздар.

Курс профессиональной переподготовки
Учитель химии
Курс профессиональной переподготовки
Учитель биологии и химии
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
К учебнику: Химия 8 класс. Учебник. Еремин В.В., Кузьменко Н.Е. и др. М.: 2012. - 272 с.
К уроку: § 1. Вещества

Номер материала: ДБ-1117301

Похожие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Химия окружающей среды»
Курс профессиональной переподготовки «Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе»
Курс повышения квалификации «Основы туризма и гостеприимства»
Курс повышения квалификации «Педагогическая риторика в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция»
Курс повышения квалификации «Введение в сетевые технологии»
Курс повышения квалификации «Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по химии в условиях реализации ФГОС ООО»
Курс профессиональной переподготовки «Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Методы и инструменты современного моделирования»
Курс повышения квалификации «Современные образовательные технологии в преподавании химии с учетом ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Уголовно-правовые дисциплины: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика музейного дела и охраны исторических памятников»
Курс профессиональной переподготовки «Техническое сопровождение технологических процессов переработки нефти и газа»
Курс профессиональной переподготовки «Организация системы учета и мониторинга обращения с отходами производства и потребления»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.