Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Конспекты / Сағындым сені, я Расул Алла!
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Обществознание

Сағындым сені, я Расул Алла!

библиотека
материалов

Сағындым сені, я Расул Алла

Рақымды Ием пайғамбарын жіберді,

Кісі ізгісі, ел сарасы жігерлі.

Түнек түнде шамы болды халықтың,

Саған, жұртқа нұрын шашты ол жарықтың!

(Жүсіп Баласағұни)

Бисмилләһир – рахманир – рахим.

Тарихымыз әлемді қараңғы түнектен жарыққа шығарған пайғамбарлардан бастау алады. Адамзат баласы ең асыл қасиеттерді, барша ізгі құндылықтарды пайғамбарлардан үйренді. Мысалы: өз ағаттығы үшін Алла Тағаладан кешірім сұрап, тәубеге келуді мұсылмандар сонау Адам (ғ.с) атамыздан үйренді. Сабыр етуді Аййуб(ғ.с) пайғамбардан, өз еңбегімен һәм маңдайтермен күн көруді Дәуіт (ғ.с) пайғамбардан үйренді.Олардың өмірі үлгі-өнегеге толы. Соңғы пайғамбардың (с.ғ.с) пайғамбарлар арасындағы екі дүние жұртындағы орны, әрине ерекше. Алла елшісі(с.ғ.с) пайғамбарлар сұлтаны, һәм ақырғы елші Мұхаммед (с.ғ.с) деген сөзді естігенде көзі сүйіспеншілік жасына, көңілі шаттық сезіміне бөленіп, ерекше бір күйге бөленеді. Ең соңғы дін ретінде асыл құндылықтардың бәрін бір бойына жинаған Ислам- азаматтың асыл тәжі. Алла тағала оны ғаламдарға рақым нұрын төксін деп арнайы жіберген. Қасиетті Құран кәрімде "Біз сені барша әлемдерге рақым етіп қана жібердік", - деген анық аят бар. Алланың соңғы елшісі(с.ғ.с) қасиетті Құран кәрімді бар барша адамзат баласына түсіндіріп, насихаттады. Өмірінің соңына дейін осы міндетті қалтқысыз атқарды.Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с) біз секілді ет пен сүйектен жаралған адам болғанымен, оның ғаламға арқалап келген жүгі айрықша ауыр еді. Ол (с.ғ.с) – адам баласына жер бетіндегі барша жаратылыстардың жаратылу мақсаты мен мәнін түсіндіретін теңдессіз ұстаз еді. Ол (с.ғ.с) адам баласының бұл дүниеге не мақсатпен келгенін, одан соң қайда барарын, қай жақта мәңгілік мекен теберін тайға таңба басқандай түсіндіріп берген жан. Алла елшісіне (с.ғ.с) деген сүйіспеншілік болмайынша, ешбір адам кәміл мүмін бола алмайды. Пайғамбарымыз хазреті Мұхаммедті (с.ғ.с) өз ата-анамызды танығандай тануымыз баршамызға міндет.Өйткені, оның бір хазисінде "Кімде-кім мені өз ата-анасынан, балаларынан және барлық адамдардан артық көрмейінше иманның кемелдігіне жете алмайсыңдар", - делінген. Сондықтан өзін мұсылманмын деп санаған адамға Мұхаммедтің өмірбаянын, мінез-құлқын дұрыс білуі уәжіп болып табылады. Бұл өз - өзінен бола бермейді. Ол кісіге қатысты әрбір мағлұматтарды ерекше көңіл қойып оқу керек, іздену керек.Бүкіл жер - әлем ардақты пайғамбарымызға (с.ғ.с) соншалықты ынтызар. Бірақ Алла елшісі соншалықты абыройлы тұлға бола тұрып, жұп-жұқа шидің үстінде ұйықтайтын құл болғаны ғажаптың ғажабы. Ешқашан тойып тамақ ішпеген, ұялғаннан ішіне тас байлап алатын болған. Алла тағала қасиетті Құранда пайғамбарымыздан үлгі алуға, ол кісіге бойұсынуға әмір еткен."Расында сендер үшін Аллаһ пен ақірет күнін үміт еткендер және Алланы көп еске алатын кісілер үшін Алланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарда көркем өнегелер (үлгілі қасиеттер) бар" делінген. Алла елшісінің өсиеттері мен өнегелі өмірі қанша ғасыр өтсе де ескірмей ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келуіне қазақ халқының өзіндік үлесі бар. Себебі, дана халқымыз пайғамбар сүннетін ұрпақтан ұрпаққа қалдырып, тіршілігін аят – хадистермен тығыз байланыстырып отырған.Белгілі данышпан ғұламаларымыз да Алла елшісі соңынан еруді үгіттеп, халыққа насихат айтты. Мәселен, Абай атамыз:

Алла мінсіз, әуелден пайғамбар – хақ,

Мүмін болсаң үйреніп, сен де ұқсап бақ.

Құран –рас, Алланың сөзі - дүр ол,

Тәһуәліне(шындығына) жетерлік ғылымың шақ, - деп халықты Аллаға иман келтіріп, әр істе пайғамбарға ұқсап, оның асыл қасиеттерін үйреніп, өнеге алуға шақырған.Пайғамбарды адамзаттың асқар шыңына бағалап,жақсылық атаулыға бағыт көрсетер темірқазық іспетті екенін жырлап, соның сүннетіне сай қылық жасауға үгіттеді. Барлық сахабалар Пайғамбарымызды қатты сүйіп, оған ұқсауға тырысқан.Олардың сүйіспеншілігі сол - ол(с.ғ.с) өмірден өткенде онсыз тұруға шыдамай басқа өлкеге көшіп кеткен. Ғылым оны терең зерттеп, көкірек көзі ояу жандар да оған ілесуде оның(с.ғ.с ) ұлылығын дұшпандары да мойындауда. Оны(с.ғ.с) сүйе білу үшін әуелі дұрыс танып – білу керек. Оның нұры өмірін баяндайтын шығармаларды, шуақ шашып, иманымызға қуат беретін хадистерін терең оқып, амалдарымызды көркейтуіміз керек. Жүсіп Баласағұни пайғамбарымызға(с.ғ.с) алғаш мадақ жыр жазған ақын. Ол өзінің "Құтты білігінде" Хазіреті Мұхаммедті(с.ғ.с) халқына танытып, сүйдіруді мақсат тұтқан. Өлең шумақтарынан пайғамбарымызға(с.ғ.с) деген ықылас пен терең сүйіспеншілікті көруге болады. "Пейіл бұрдым енді оның жолына" деп Алла елшісінің(с.ғ.с) жолы адамдарды бақытқа жетелейтін,"сүйдім сөзін,сендім ділі оңына"дей отырып пайғамбарымыздың(с.ғ.с) хадистері мен сүннетін ұстануды халыққа уағыздайды. Хадистерге аса көңіл аударған жөн.Жақсы ұстансаңыз сіздерді адастырмайтын екі нәрсе қалдырдым. Ол – Аллаһтың кітабы мен пайғамбар сүннеті деген Расулаллаһтың аманатын естен шығармауымыз керек. Ұлы қасиеттердің иегері расулымыздың(с.ғ.с) тағдыры тек қана жаратушының мейірімінен басталған. Ол енді ешкімге берілмейтін тағдыр."Егер сені жаратпағанда дүниені жаратпас едім" деген жаратқан иемнің сөзі дәлел.Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) өмірі біз үшін үлкен өнеге, өміріміздің бағыт бағдары іспетті. Оған үмбет шексіз бақыт. Оны жақсы көргендіктен жаным жай тауып, өзімді бақытты сезінемін.Әлхамдулиллә Мұсылманмын, сондықтан да оны (с.ғ.с) жан-тәніммен жақсы көремін.Сағындым сені, я Расул Алла. Сен өмір сүрген ғасырда мен неге дүниеге келмедім.

Мінез- құлқын Құран еткен - Мұхаммед(с.ғ.с),

Ақиқатты ұран еткен - Мұхаммед(с.ғ.с) .

Хақтан мейірім сұрап өткен - Мұхаммед(с.ғ.с),

Үмбеті үшін жылап өткен - Мұхаммед (с.ғ.с) – деп сөзімді қорытындылай келе бұл жалған өмірде " Құдайдың құлымын, Мұхаммедтің үмбетімін" деп айтып өтемін және де шәкірттеріме де үйретемін.

Краткое описание документа:

Автор
Дата добавления 02.02.2015
Раздел Обществознание
Подраздел Конспекты
Просмотров524
Номер материала 359040
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх