Инфоурок Другое КонспектыСәбит Мұқанов "Лашын" әңгімесі (5 сынып)

Сәбит Мұқанов "Лашын" әңгімесі (5 сынып)

Скачать материал


Сәбит Мұқанов "Лашын" әңгімесі

5 класс. Әдебиет.
І. Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов "Лашын" әңгімесі
ІІ. Сабақтың мақсаты: С.әбит Мұқанов "Лашын" әңгімесінің ой-түйінін, тақырыбы мен идеясын ашу
ІІІ. Сабақтың міндеті: б) Әңгіме мазмұнын, кейіпкерлер сырын таныту
т) Оқушылардың"аңшылық", "саятшылық" туралы қызығушылығын ояту
д) Оқушыларды жүйелі мазмұндай білуге дағдыландыру;

ІҮ.Көрнекілігі: Суреттер, қанатты сөздер, жазушының портреті, кітаптары т. б. Бейне жазба ,слайд.
Ү. Пәнаралық байланысы: тарих, жануартану, бейнелеу өнері.
ҮІ. Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
ҮІІ. Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту
ҮІІІ. Әдісі: Сөз әдісі (түсіндірмелі, баяндау, талдау, деңгейлік тапсырмалар, топтастыру стратегиясы, сэнкуэн әдісі)

ІХ. Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру бөлімі (2 минут)
2) Үй тапсырмасын сұрау; а) М. Әуезов "Ақын қонақтары"
Шолу сұрақтары:
а) Әңгіме қалай басталып еді?
ә) Әңгіме кейіпкерлері кімдер?
б) Абайдың сырт келбеті қалай суреттелген?
в) Абайдың сырқатынан айығуына не себеп болды?
г) Зере мен Ұлжан әңгімелері
д) Құтты қонақ жырлары
е) Барлас берген бата. Батаның қазақ тәрбиесіндегі мәні
и) Қонақтарға ризалық

Сабақтың эпиграфы:
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға,
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет.
Ыңғайлы ықшам киген аңшы адамға.

Мұғалімнің сөзі: - Балалар, біздер бүгінгі сабағымызды ұлы Абай атамыздың “Бүркітші”өлеңімен тектен-текке бастап отырған жоқпыз. Бүгінгі сабағымыз саятшылық пен аңшылыққа байланысты.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы С. Мұқановтың “Өмір мектебі” романынан алынған үзінді “Лашын” шығармасы.

Жаңа сабақ :Ақын, жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі - Сәбит Мұқанов Солтүстік Қазақстан облысында 1900 жылы дүниеге келген. Ауыл молдасынан ескіше хат таныған. Бала кезінен қисса – дастан, жыр, аңыздарды жатқа айтып өскен.
Кейіннен Омбыдағы мұғалімдік оқуға түседі. 1922 жылы Орынборда жұмысшы факультетінде оқиды. Ленинград университетінде, Қызыл профессура институтында білім алады. “Еңбекші қазақ”(қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде қызмет етеді. Жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарады.
Жазушының “Өмір мектебі” атты романы жазушының өмірбаяндық шығармасы, ол шығарманы біз түгелдей жоғарғы кластарда толық оқып танысамыз.

Бізге тек сол романнан “Лашын” атты шағын үзіндісі ғана берілген.
Әңгіме оқиғасы жазушының өз өмірінен алынғандықтан 1 жақта баяндалып отыр.
Жазушы әңгімеде Балтабай аулына мұғалім болып келіп, өзінің бос уақытын аңшы, құсбегі Ахметпен бірге өткізгендігін шабытпен құмарта жазады.
Әңгімені жоспар бойынша баяндаймын.

Кіріспе: Балтабай аулында.
Негізгі бөлім: Саятшылық.
1. Құсбегі Ахмет
2. Лашынның мүсіні.
3. Ахмет пен Лашынның өнері.
а) үйрек алу лашынға сөз емес.
ә) қазды алу үйректен әлдеқайда қиын екен.
б) лашынға алдырмайтын құс – дуадақ екен.
4. Шілдеде құс салу.
Дамыту: Деңгейлік тапсырмалар:
1-деңгей: Әңгімеден лашынның, Ахметтің портретін тауып жаз.
2-деңгей: Саятшылық дегенді қалай түсінесің? Аңшылық туралы мақал-мәтелдер жаз.
3-деңгей: "Саятшылық – өмірдің бір қызығы" (ой-толғау жазу)
Жеке оқушылармен жұмыс: Әрбір құстың сайрау дыбыс әртүрлі.
Олай болса, қане, ойланып көрелік:
Сұңқар саңқылдайды
Қаз...
Бүркіт шаңқылдайды
Үйрек...
Құр, кептер құрылдайды
Қарға...
Жапалақ барқылдайды
Шағала...
Аққу сұңқылдайды
Тырна...
Қарлығаш шиқылдайды

Сауысқан шықылықтайды
Тауық...
Батпылдақ батпылдайды
Көкек...
2) Әңгімеде қандай кәсіп туралы айтылады? "Құсбегілікке"қатысты қандай кәсіби сөздер бар? Томаға, дабыл, дабылдату, саятшылық, саңғу, оттау, тұғыр, биялай сөздерінің мәнін ашу керек.
(Деңгейлік тапсырмаларды тексеру)
Бекіту: Мына үзіндіден теңеу сөздерді теріп жазыңдар

Лашын денесінің бар көлемі жұдырықтай ғана, бірақ қанат, құйрығы мен тұтас алғанда сүңгуір қайықтай ұп-ұзын көрінетін, маңдайы жайпақтау келген, тұмсығы жолбарыстың тырнағындай иілген, сарғылт саусақтарының басына имие біткен сұрғылт тұяқтарының ұшы егелген біздей өткір, жазған қанатының ұш жағы іп-істік боп кеткен, құйрықтары сауысқандай ұзынша(Жұдырықтай,қайықтай, жолбарыс тырнағындай, біздей, сауысқандай.)



Қорыту: "Бір қызық ісім екен сұм жалғанда" деп Абай айтпақшы, (Мақал мәтелдер арқылы қорыту)
Лашын
(Сипаттама беру)
Не? Қандай? Қашан? Қайда? Не істейді?
Лашын жыртқыш шілдеде аңға түседі.
Үйге тапсырма: а) Әңгімені оқу, мазмұндау
ә) Аңшылық туралы мақал-мәтелдер жазып келу
б) Дуадақ, үйрек, қаз туралы мәлімет жинау
Оқушылардың еңбегін бағалау.

Х. Үйге тапсырма.
1. Мәтінді оқып, толықтай мазмұндау.
2. Құстар жөнінде мақал – мәтел, тыйым сөздер жазып келу.
3. Құстар суретін салу.





H:\DCIM\100CANON\IMG_0304.JPG





H:\DCIM\100CANON\IMG_0309.JPG

C:\Users\Lenova\Desktop\20160204_110520.jpg



































Лашын денесінің бар көлемі жұдырықтай ғана, бірақ қанат, құйрығы мен тұтас алғанда сүңгуір қайықтай ұп-ұзын көрінетін, маңдайы жайпақтау келген, тұмсығы жолбарыстың тырнағындай иілген, сарғылт саусақтарының басына имие біткен сұрғылт тұяқтарының ұшы егелген біздей өткір, жазған қанатының ұш жағы іп-істік боп кеткен, құйрықтары сауысқандай ұзынша(Жұдырықтай,қайықтай, жолбарыс тырнағындай, біздей, сауысқанда






















































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сәбит Мұқанов "Лашын" әңгімесі (5 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 748 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2016 1128
    • DOCX 782.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нұрбек Қымбат Нұржақышқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нұрбек Қымбат Нұржақышқызы
    Нұрбек Қымбат Нұржақышқызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8847
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой