Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сценари" Бастауышым - балбұлағым" 4 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сценари" Бастауышым - балбұлағым" 4 класс

библиотека
материалов


Тақырыбы: «Бастауышым-балбұлағым!»

1 - жүргізуші:

Бәрі есімде, мектепке алғаш барған күн,

Күлімдеп бір, нұр жүзіміз жанған күн

Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,

Шақырғаны алға бізді арман мың.

2 - жүргізуші:

Әсем бөлме, терезелер жап - жарық

Қойған дерсің шырағданнан шам жағып

Қара тақта, аппақ парта қаз қатар

Отырдық біз сипап бәрін таң қалып.



1 - жүргізуші:

Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,

Айқара ашып есікті тастағаны

Бір мереке думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.

2 - жүргізуші:

Кіріп келді, сыныпқа ұстаз күнді іліп,

Бөлме іші кетті лезде шын жылып

Сәлем берді бізге ұстаз жымиып,

Бар шуылын балалардың тындырып.



1 - жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, аяулы достар, қадірменді ата - аналар! Бүгін бізде қуаныш, үлкен той. Бүгін біз төрт жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адалдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымның арнасына кең жол ашқан бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.





2 - жүргізуші:

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күн болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметпен шақыралық,

4 - сынып оқушыларын ортамызға.



1 - жүргізуші:

Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкене балдырғандар еді. Енді міне, ойлары да, бойлары да өсіп, егеменді еліміздің жарқын болашағын жасау мақсатында жоғары сыныпқа қадам басуда.

2 - жүргізуші:

Біз бәріміз артқа тастап 4жылды,

Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі

Пана болған, дана болған біз үшін,

Жанымыздан артық дер ек біз сізді.



1 : Ұстаз деген қасиетті адам бар,

Біле білсең сенің екі анаң бар

Бірі сенің туған анаң болса егер,

Екінші анаң ұстаз деген данаң бар.



2: Беруші ең бізге айтып өлең - тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.



3: Өзіңсің балауса көктемім,

Мен сенен нәр алдым, көктедім

Өмірде алғашқы өткелім,

Рахмет саған, бастауыш мектебім!



4: Шақырып алыс арманға,

Асулар күтіп тұр алда

Өмірге ұлы самғауға,

Жар бола көрсін бір Алла!



5: Қоштасу тойын тойлайық,

Ән мен биге басайық

Құрметіне бұл тойдың,

Әнмен шашу шашайық

Хор: Ардақты ұстазым

2 - жүргізуші: Төрт жыл бірге біз отырғанбыз

Төрт жыл бірге оқуға талпынғанбыз

Ұмыт болмас өмір бойы мұның бәрі,

Бастауышта қаланған жыр мен әні.

1 - жүргізуші: Енді міне сағымдай боп өте шықты,

Төрт жыл уақыт аз ба екен кім біліпті?!

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат, бір - бір мықты.



6: Бірдей біздің ойымыз да сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз

Бірдей өстік оқуда да, еңбекте,

Күліп ойнап біріміз бен біріміз.



7: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын

Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын,

Осы сырды үйреткен төрт сыныбым

Түстей болып міне, бүгін артта қалдың.



8: Сен менің анамдайсың, әкемдейсің,

Мен үшін армандайсың, алаңдайсың

Ұстазым сенен артық ақылшым жоқ

Адалдық пен парасаттан жаралғансың



9: Алтын ұя, алтын бесік - мектебім,

Мәңгі есімде анам болып өткенің

Парызыңды өтедің сен, білемін,

Ал, қарызым саған берер көп менің.



10: Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,

Жаныма сіңді сенің асыл киең

Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,

Мектебім, саған мәңгі басымды ием.

2 - жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Ол оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады.

1 - жүргізуші: Сол себепті небір дарынды ойшылдар да, көк төсін шарлаған ғарышкерлер де, жүрек жұтқан батырлар да, қарапайым еңбек адамдары да ұстазды пір тұтып, қадірлейді.



2 - жүргізуші: Ендігі кезектегі «Жастар валсі» биімізді аяулы ұстаздарға арнаймыз. Шын көңілден қабыл алыңыздар.

11: Ақыл, сана берген білім тереңін

Басшысы болған мектеп деген кеменің

Алима,Алмагүл апайларымыз басқарған

Бүткіл бастауыш сынып ұстаздарының

Ұлағат ғұмырынан нұсқа аламыз

Барлық салт - дәстүрді ұстанамыз

Әр шақта тәліміңе тағзым етіп,

Ардақтап бас иеміз Ұстаз - анамыз.



12: Үйретіп үлкен ғылым саласын,

Көңілін шәкірттердің табасыз

Қанша алғыс айтсақ та, артық етпес

Рабиға,Саттігүл апайлар біздер үшін дарасыз.



13: Өмір деген сан - саналы қиыр жол,

Адаспасаң одан да аларың мол

Орыс тілін үйреткен ұстаздар,

Мадина,Набира апайларға алғысымыз зор.



14: Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып

Өнегелі Мирас ағайымызға

Бас иеміз алғысымызды айтып тұрып



15: Кемшілікті кезінде,

Кесіп айтар өзіңе

Өнеге мол өзінде

Өсиет көп сөзінде

Көңілінің хошын - ай,

Көп шәкірттің досындай,

Гүлшат,Айым апайлар осындай



16: Баулыған әрбір өнерді,

Кенжехан ағай өнерлі

Әсем әннің шебері

Әрбір сөзі мәнерлі

Қызықтырып ән - күйге

Бізді үйретіп келеді

Мінезі сондай сабырлы,

Сізге ұқсағымыз келеді.



1 - жүргізуші:
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек біз сізді анамызға.
Жақын тарттық біртіндеп бауыр басып,
Жүргеніңді ұнаттың арамызда.Демекші 4 а сынып ұлдарының «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.

17:Жарқылдап тойға келген асыл жандар,

Гүлдей боп көзімізге басылғандар

Қол жетпес арманды іске асырғандар –

Ата - аналар, құрметті асыл жандар.

18: Әкелерді құрметтеп,

Сүйеміз шын жүрекпен

Әке – асқар тауымыз

Көңілдерге гүл еккен

Өсіреді сананы,

Тура жолға салады

Әкелерге мың алғыс,

Әлпештеген баланы



19: Ойында мейірім, ақ тілек,

Бойында ақ сүт, тәтті леп

Анадай пейіл қайда бар?!

Бәріне тұрған бақ тілеп

Арадай балын жиятын,

Ақылы дария құятын

Ана көңілі – кеңістік,

2 – жүргізуші:Бүкіл әлем сиятын,- деп ақын ағамыз жырлағандай келесі өнеріміз

ата - аналардың құрметіне «Қазақ» биін қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:

Бар баланың сенгені - өздеріңіз

Сол сенімді ақтаумен өрледіңіз

Құтты болсын, ұстазым, мерекеңіз

Жана берсін жасампаз еңбегіңіз.дей келе келесі Андас Еңіліктің орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

2 - жүргізуші:
Мектеп – үйім, ұстаздарым – ата - анам,
Сенен өсіп сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім.
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.Келесі тамашалайтыныңыз ұлдардың орындауында «Кобвой» биін қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:

Ажырамай мектептен бір елі сіз

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

Сөз кезегін алғашқы ұстазымыз Алима апайға береміз.

2 - жүргізуші:

Білімді шәкірттерін аялаған,

Жақсылықты ешкімнен аямаған

Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың

Ұстаз деген - аяулы, ардақты адам - дей келіп

Сөз кезегін бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі
Алмагүл Дамировнаға береміз.

1 - жүргізуші:

Сырымды менің бес саусақтай біледі,

Біздер үшін бөлек жаны, жүрегі

Қамқор жанды одан артық көргем жоқ

Біздер үшін бақыт іздеп жүреді.

Сөз кезегін ардақты ата - аналарымызға береміз.

2 - жүргізуші:

Бастауышым - балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын.

1 - жүргізуші:

Бастауышым - балбұлағым,

Өтті сенде қызық шағым.

Қоштасар уақыт та жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын!

2 - жүргізуші:

Қасым Аманжолов ағамыз«Мектеп - кеме, білім - теңіз» деп тектен - текке айтпаған - ау, сірә. Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңізші! Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе?! Сондықтан да ұстаздардың еңбегі – ұлы еңбек.

Хор:
Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.













9



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров121
Номер материала ДВ-408020
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх