Арайлы
алтын күз
Тәрбиеші:
Сәлеметсіздер ме балалар, құрметті қонақтар! Балалар ел байлығын арттырған
берекелі күз айы да келді. «Балапан», «Қошақан», «Үміт», «Балдырған» тобы «Алтын
күз» атты мерекемізді бастаймыз.
Қызыл, сары, алтын көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жадырап
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар, құрметті қонақтар! Балалар ел байлығын
арттырған берекелі күз айы да келді. «Балапан», «Қошақан», «Балбөбек», «Түймедақ»
тобы «Арайлы алтын күз» атты мерекемізді бастаймыз.
Қызыл, сары, алтын көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жадырап
(Музыка ойналады, Залға билеп Күз ханшайымы кіреді).
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, сүйкімді балалар. Бүгін сіздерде мереке болып
жатыр гой, дендеріңіз сау болып, дастархандарыңыз жеміс жидекке толы болсын.
Балалар мен сендердің тақпақтарыңды, ән мен билеріңді сағынып келдім. Мен
сендерге түрлі түсті жапырақтарымды ала келдім.
Қане, осы жапырақтармен би билейміз.
Би: «Жапырақтар биі».
Ойын: «Жапырақтар жинау».
Тақпақ:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді,
Жемістерді жинауға,
Шақырады біздерді.
Ой балалар балалар,
Қоңырқай күз келді,
Гүл жапырағы солыпты,
Ел егінін орыпты.
Жаздай күткен бәріміз,
Сары алтындай сары күз,
Алтын ұя бақшада,
Ойын бастар шағымыз.
Сарғайды тоғай,
Сап сары маңай,
Соңғы әнін айтып
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, ал қане бәріміз ән салайық.
Ән: «Күзгі бақ».
Тәрбиеші: Күз ханшасы балалардың тақпағын қабыл алыңыз.
Құт береке астық толы қоймамыз
Алтын күзді тойлаймыз
Қызыл, сары, алтын көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жадырап
Алтын суық күз келді
Жел мен жаңбыр әкелді
Құстар ұшып кетеді
Ән салмайды өтеді
Жып - жылы киім үстімде
Тоңатын менің түрім жоқ
Күз келіп қабақ шытқалы
Солмаған бір түп гүлім жоқ
Тәрбиеші:
Күзде ауа райы қандай болады?
Балалар:
Салқын болады, жаңбыр жауады.
(Осы кезде жаңбыр дыбысы естіледі).
Ән:
«Жаңбыр әні».
/залға қоян кіреді/
Қоян:
балалар қыс мезгілі жақындап қалды маған сәбіз жинауға көмектесесіңдер ме? Ал,
кішкентай балалар ойын ойнаймыз.
Ойын:
«Кім шапшаң».
(Себетке 4 топтың балалары сәбіз толтырады).
Қоян:
Рахмет! Балалар маған қысқы тамағымды мол жинап бердіңдер, енді соны қоймама
апарайын.
Ән:
«Би билегім келеді».
Күз ханшайымы:
Рахмет балалар, енді менің сыйымды қабыл алыңыздар.
Балалар: Рахмет.
Тәрбиеші:
Балалар Күз ханшасының сыйлығына ризасыңдар ма?
Сонымен бүлдіршіндер күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Рахмет:
Топтарымызға барып Күз ханшасының сыйлығын бөлісіп алайық.
Сау болыңыздар!
КММ
«ШАПАҒАТ» балалар үйі
Ертеңгілік тақырыбы:
Арайлы
алтын күз
Дайындаған:тәрбиеші
Бижанова М.Д.
Қарағанды
2014 жыл
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.