Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Сценарии ко дню президента

Сценарии ко дню президента


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m170f60ff.gifСабақтың тақырыбы: «Тұңғыш президент»

Сабақтың мақсаты: Тұңғыш президент туралы жалпы мағлұмат беру.

Отансүйгіштікке тәрбиелеп, өзінің еліне, жеріне, табиғатына деген ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру.

Сурет арқылы әңгіме құрату арқылы сөздік қорларын жетілдіру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрсету ,түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: Президенттің фото суреттері. Ту мен елтаңбаның, Астана қаласының суреттері.

Сабақтың барысы:

Әнұран ойналады. Балалар орындарынан тұрып айтады.

Шаттық шеңбер: Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де,

Қуанады достарым,

Жарқырап атқан күнге!

-Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бүгін біз президент күнін атап өтеміз.

-Балалар біз қандай Республикада тұрамыз?

Біздің президентіміз кім? Н.Назарбаев қай қалада тұрады?

-Сендер Астанаға саяхатқа барғыларың келе ме?

-Қандай көлік түрімен барамыз?

Балалар бір-бірінің артына тұрып, пойыз жасайды. Пойыздың жүргізушісі болады. Пойыздың дауысын келтіріп Астана қаласына келеді.

-Балалар, міне біз Астана қаласына келіп жеттік.

Рәміздермен таныстыру.

Өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Қазақтан Республикасының мемлекеттік туы көк түсті. Тудан қыранды, күнді көріп отырмыз, қыран белгісі батырлықты, ал күннің көзі елімізде әрқашан осылай күн жарқырасын дегенді білдіреді. Елтаңбадағы шаңырақ «үлкен ортақ үй» деген түсінікті білдіреді . Біздің еліміз өте бай, те әдемі. Біз оындай елде тұрғанымызға мақтан етуіміз керек. Астанада әдемі ғимараттар өте көп.

. Осындай үлкен жерімізді, елімізді басқарып отырған елбасымыз кім?.2012 жылдан бастап 1-желтоқсан күні, президент күні деп аталды. Елбасымыз Ақордада жұмыс істейді.

Сендер елбасымыз, отан туралы тақпақтар білесіңдер ме?


Мұхаметали: Бабалардың көзіндей,

Даналардың сөзіндей.

Ұлы дала тұрғызды,

Ұлы қала өзіндей.


Толғанай : Отан деген-атамекен

Отан деген-туған жер

Отан-ана,

Отан-өлкем.

Қазақстан туған ел

Ойын: «Кім жылдам?».Шарты: Үстелде бірнеше түсті жалаулар жатады, екі бала шығып кім бірінші Қазақстан елінің туының түсін табады, сол жеңімпаз аталады.


Айнара: Қазақ жері Қазақстан

Мөлдіреген ашық аспан.

Алыс кетсем сағынамын,

Отаным сен-Қазақстан.


Жақсы балалар, енді «Тәуелсіз ел ұланы» әнін айтайық.

Сергіту сәті:

Жоғары қарап күн көрдім

Төмен қарап жер көрдім

Оңға, солға бұрылып

Егеменді ел көрдім.


Пирюза: Қазақстан-туған жерім,

Қазақстан думанды елім.

Ұлы Отанда туып өскен

Кіндік қаным тамған жерім.


Еркежан: Қазақстан-туған жерім

Қазақстан думанды елім.

Көк жалауын желбіреткен,

Қазақстан менің елім!


Алина: Отан жерім, Отан суым

Отан қуат, нәр береді

Отан ұран, Отан туым

Отан мәңгі гүлденеді.




Жарайсыңдар балалар, сендер Елбасымыз, Отан туралы жақсы өлең, тақпақтар біледі екесіңдер.

-Біз бүгін қандай күнді атап жатырмыз?

Қайда келдік?

Рәміздерді сұрап өту. Астана қаласының әдемі ғимараттарын көрсетіп сұрау.

Байтеректе елбасының қолтаңбасы туралы айтып кету.

Бізде өзіміздің қолтаңбаларымызды Астана қаласына естелік етіп қалдырайық.

Ойын: «Біз бақытты баламыз».


Балалар Қазақстан картасына өз тілектерін айтып, қолдарына бояу жағып алақан іздерін қалдырады. Соңында барлығы «Біз бақытты баламыз» деп айтады.

Ғажайып сәт: -Балалар қараңдаршы мына әдемі қорапты Назарбаев атамыз сендерге жіберіпті. Ішінде сендерге арналған сыйлығы бар екен. Оны біз өзімізбен бірге тобымызға ала кетеміз.

Ал енді балалар бізге топқа қайтатын уақыт болды.

Балалар пойызға отырып өз ойын бөлмесіне қайтады.

Ойын бөлмесіне келгесін сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.




















F:\DCIM\101NIKON\DSCN4528.JPG



2014 оқу жылы

«Балдәурен» шағын орталығы


Президент күніне арналған танымдық сабақ














Тәрбиешілер: Ажанова А.А.

Торебекова А.А.












2013 оқу жылы


Автор
Дата добавления 05.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров170
Номер материала ДВ-125066
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх