Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сценарии конкурса к 8-Марта (7 класс)

Сценарии конкурса к 8-Марта (7 класс)

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

8 – Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған

«Көктем аруы – 2015» байқауының

Сценариі

Өтетін орны: №44 ЖББОМ акт залы

Өтетін күні: 04.05.2015 сағ. 12:30


1-жүргізуші: Ақнажимов Беркін

2-жүргізуші: Темірханов Диас


(Сахна мерекелік шараға сай безендірілген)

(фанфар ойналады, жүргізушілер ортаға шығады)


1-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар, асыл жанды аналар, құрметті оқушылар!


2-жүргізуші: 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылып отырған, «Көктем аруы – 2015» байқауына қош келдіңіздер!


1-жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жалындаған.

Қыз өссе – елдің көркі деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.


2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, Беркін, қыз баланы қазақ халқы өте қадірлеген. Қызды қонақ, гүл сияқты нәзік деп, оған қатты сөйлемеген, көңілін қалдырмай өсірген.


1-жүргізуші: Ерте кезден әдемі болған нәрсеге «қыздың жиған жүгіндей» деп қыздың жасағаны, айтқан сөзі, жүрген жүрісі өте әдемі деп құрметтеген. Қыздың жүріс-тұрысыа бүкіл ел баға беріп отырған.


2-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі байқауымызда бақ сынағалы отырған ару қыздарымызды қарсы алайық!


(Jado «Қамажай» әні қосылады, қыздар әдемі ырғақпен ортаға шығады)


1-жүргізуші (өлең басында):

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған, халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!


(Қыздар орындарына тұрады, өлең аяқталады)


2-жүргізуші:

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,

Қыз қылықты дегенге ән салайық.

Атына заты сай аруларға

Тағы да бір қол соғып қояйық!


1-жүргізуші: Олай болса, сайысқа қатысушы қыздарымызбен таныс болыңыздар!


2-жүргізуші: ИмангалиеваАйя

1-жүргізуші: Шабахова Карина

2-жүргізуші: КалиеваАсель

1-жүргізуші: Хамзина Аяжан

2-жүргізуші: Хайретденова Дана

1-жүргізуші: Лепесова Наргиза

2-жүргізуші: Гатауова Динара


1-жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, байқауымыздың шарттарымен таныс болыңыздар. Байқау 5 бөлімнен тұрады.

1 бөлім: «Мен қазақтың қызымын». Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өздерін презентация арқылы таныстырады. Бұнда аруларымыздың көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс-тұрысы сынға түседі.


2-жүргізуші:

2 бөлім:«Өнерлі өрге жүзер», аты айтып тұрғандай, бұл бөлімде сайыскерлер өз өнерлерін ортаға салады.


1-жүргізуші:

3 бөлім: «Ұшқыр ой, ұтымды жауап» бөлімінде қыздардың білімін сынға аламыз.


2-жүргізуші:

4 бөлім: «Дәм-думан» . Бұл бөлімде дайындап алып келген тағамды қалай жасағанын айтып қорғау.


1-жүргізуші:

5 бөлім: «Қыздарға әсемдік жарасады». Сән үлгісін көрсету.


1-жүргізуші: Байқау шарттарымен таныс болсақ,

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.


2-жүргізуші:

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік әділқазыларды таныстырып.


1-жүргізуші: Әділқазылар алқасының төрағасы, Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, ағылшын пәнінің мұғалімі, .................... Ляззат Серікбаевна


2-жүргізуші: Мектебіміздің тәлімгері, тарих пәнінің оқытушысы Нығмет Раниль Қолғанатұлы.


1-жүргізуші:

Бейнелеу өнері және сызу пәнінің оқытушысы ................... Арген Маратұлы.

Әділқазылар алқасына қошемет көрсетейік.


2-жүргізуші: Сайысымыздың алғашқы бөлімі,таныстыруға, кезек берейік.


2-жүргізуші: ИмангалиеваАйя

1-жүргізуші: Шабахова Карина

2-жүргізуші: КалиеваАсель

1-жүргізуші: Хамзина Аяжан

2-жүргізуші: Хайретденова Дана

1-жүргізуші: Лепесова Наргиза

2-жүргізуші: Гатауова Динара


1-жүргізуші:Қыздарды келесі сайысқа дайындалу үшін сахна сыртына шығарып салайық.


(қыздар келесі сайысқа әзірленуіне сахна сыртына шығады)


1-жүргізуші: Байқауымыздың бірінші кезеңі өз мәресіне жетті. Қазылар алқасын өз бағаларын беруін сұраймыз.


2-жүргізуші: ИмангалиеваАйя

1-жүргізуші: Шабахова Карина

2-жүргізуші: КалиеваАсель

1-жүргізуші: Хамзина Аяжан

2-жүргізуші: Хайретденова Дана

1-жүргізуші: Лепесова Наргиза

2-жүргізуші: Гатауова Динара


2-жүргізуші: Ендігі кезекте «Өнерлі өрге жүзер» бөліміне ару қыздарымыз дайын болғанша, Беркін, бір тамаша ән орындап жіберсен қалай?


1-жүргізуші: әрине, неге болмасқа.


2-жүргізуші: Ендеше, Ақнажимов Беркіннің орындауында, «Миллион қыздар»!!!


(Ақнажимов Беркіннің орындауында, «Миллион қыздар»әні)


2-жүргізуші:

Пір тұтқан адалдықты, адамдықты,

Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман құтты


1-жүргізуші:

Жадырап сәуле бейне күн дидары,

Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,

Күй тартып, би де биле, өлең оқы

Аруға қай өнер де жарасады – дегендей, «Өнерлі өрге жүзер» бөлімін бастайық.


2-жүргізуші: ИмангалиеваАйя

1-жүргізуші: Шабахова Карина

2-жүргізуші: КалиеваАсель

1-жүргізуші: Хамзина Аяжан

2-жүргізуші: Хайретденова Дана

1-жүргізуші: Лепесова Наргиза

2-жүргізуші: Гатауова Динара


1-жүргізуші:

Сұлулық табиғаттан басталады,

Көктеммен олар бірге шаттанады.

Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнаған.

Сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырамыз.


2-жүргізуші: Әділқазылар алқасын 2 кезең қорытындысымен таныстыруын сұраймыз.


2-жүргізуші: ИмангалиеваАйя

1-жүргізуші: Шабахова Карина

2-жүргізуші: КалиеваАсель

1-жүргізуші: Хамзина Аяжан

2-жүргізуші: Хайретденова Дана

1-жүргізуші: Лепесова Наргиза

2-жүргізуші: Гатауова Динара


2-жүргізуші: Тәуекел етіп, жігеріңді жиып, нағыз тартысқа түсетін сәт – «Ұшқыр ой, ұтымды жауап» кезеңі де келіп жетті.


1-жүргізуші: Бұл кезең шарты бойынша интерактивті тақтада әр пән бойынша ұяшықтар тұр. қыздар өздері қалаған ұяшықты таңдап, сол ұяшықта жасырылған сұрақтарға жауап беруге тиіс. Олай болса, бастайық.


2-жүргізуші: ИмангалиеваАйя

1-жүргізуші: Шабахова Карина

2-жүргізуші: КалиеваАсель

1-жүргізуші: Хамзина Аяжан

2-жүргізуші: Хайретденова Дана

1-жүргізуші: Лепесова Наргиза

2-жүргізуші: Гатауова Динара


1-жүргізуші: Қыздарымызды келесі сайысқа дайындалуына уақыт беріп, сахна сыртына шығарып салайық.


(қыздар келесі сайысқа дайындалуға сахна сыртына шығады)


2-жүргізуші: Әділқазылар өз әділ бағаларымен таныстырып жіберсе.


2-жүргізуші: ИмангалиеваАйя

1-жүргізуші: Шабахова Карина

2-жүргізуші: КалиеваАсель

1-жүргізуші: Хамзина Аяжан

2-жүргізуші: Хайретденова Дана

1-жүргізуші: Лепесова Наргиза

2-жүргізуші: Гатауова Динара


1-жүргізуші: Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан да халық дастарханды «Құтыханның берекесі» деп қасиет тұтады.


2-жүргізуші: Олай болса, Беркін, қыздарымыздың ас даярлау ісін қаншалықты меңгергенің келесі «Дәм – думан» сайысында сыналық.


2-жүргізуші: ИмангалиеваАйя

1-жүргізуші: Шабахова Карина

2-жүргізуші: КалиеваАсель

1-жүргізуші: Хамзина Аяжан

2-жүргізуші: Хайретденова Дана

1-жүргізуші: Лепесова Наргиза

2-жүргізуші: Гатауова Динара



1-жүргізуші: Кезек Әділқазылар алқасында. 4 кезеңнің бағаларымен таныстырып жіберсеңіз.

2-жүргізуші: ИмангалиеваАйя

1-жүргізуші: Шабахова Карина

2-жүргізуші: КалиеваАсель

1-жүргізуші: Хамзина Аяжан

2-жүргізуші: Хайретденова Дана

1-жүргізуші: Лепесова Наргиза

2-жүргізуші: Гатауова Динара


1-жүргізуші:Осы жерде бір әдемі әзіл керек сияқты қалай ойлайсын?


2-жүргізуші:Ия, көрермендердің көңілін көтеріп қоялық.


1-жүргізуші:Олай болса, сыныбымыздың көңілді әзілкеш жігіттерін шақырып, бірге әзілдемедік пе?! Улан, Мирас қалай қарайсындар?


(Ұлан, Мирас ортаға шығады. КВН)


1-жүргізуші: Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілін толады.


2-жүргізуші:

Қыздарға әсемдік жарасады,

Ай көркі биіктерге таласады – демекші, «Қыздарға әсемдік жарасады» кезеңін бастаймыз.


(қыздар сәнді көйлектерімен сахна төріне шығады)

2-жүргізуші: ИмангалиеваАйя

1-жүргізуші: Шабахова Карина

2-жүргізуші: КалиеваАсель

1-жүргізуші: Хамзина Аяжан

2-жүргізуші: Хайретденова Дана

1-жүргізуші: Лепесова Наргиза

2-жүргізуші: Гатауова Динара


1-жүргізуші: Өткен сайыс бойынша әділқазылар бағасын күтеміз.


2-жүргізуші: ИмангалиеваАйя

1-жүргізуші: Шабахова Карина

2-жүргізуші: КалиеваАсель

1-жүргізуші: Хамзина Аяжан

2-жүргізуші: Хайретденова Дана

1-жүргізуші: Лепесова Наргиза

2-жүргізуші: Гатауова Динара


2-жүргізуші: Олай болса, әділқазылар алқасын өз шешімін қабылдауы үшін шығарып салайық. Ал енді кезекті әдемі биге берейік.


(Әділқазылар алқасы шығып кетеді, балалар би билейді)


1-жүргізуші: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз. Сөз кезегі өздеріңізде.

(Жеңімпаздарды марапаттау)


1-жүргізуші:

Би билеп ән мен күйде аяқталды

Уақыт та біраз жерге таяп қалды.

Көктеммен қоса келген

Ару қыздар байқауы аяқталды.


2-жүргізуші: 8 –наурыз мейрамы құтты болсын!!!

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДA-038641
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>