Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сценарии Тақырыбы: «Ал,қанеки, қыздар!»

Сценарии Тақырыбы: «Ал,қанеки, қыздар!»

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Класс:4

Класс жетекшісі:Баймаханова Амангул Жанибековна

Тақырыбы:«Ал,қанеки, қыздар!»

1-жүргізуші:

Армысыздар абзал аналар,ақ жаулықты әжелер,көктем гүліндей

жайнаған ұстаздар,аяулы қыздар!

2-жүргізуші:

Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8-наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

1-жүргізуші:

Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл күй тілей отырып,халықаралық әйелдер

күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Ал,қанеки,қыздар!» сайысын

тамашалауға шақырамыз.

2-жүргізуші:

Тауыпты әйел әлемнің бар тілдерін,

Бақытпен астастырып әр күндерін.

Босатып қара жердің тұла бойын,

Келдің бе,сегізінші наурыз күнім.

1-жүргізуші:

Бүгін той құрметтейтін әлем халқы,

Аналар күнін тойлау-елдің салты.

Көк байрақ төбемізде тұр желбіреп,

Шарықтап еркіндіктің өскен нарқын.

2-жүргізуші:

Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,

Ана деген бұл өмірдің сәні ғой.

Ән жырымен дүниені тербеген,

Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.

1-жүргізуші:

Ана-біздің жарқыраған нұрымыз,

Ана біздің солмас мәңгі гүліміз.

Анамызды аялай біз білейік,

Ана біздің жазып бітпес жырымыз.

2-жүргізуші:

Арулар,аяулылар,ардақтылар,

Өмірге жылу беріп қалмақ болар.

Арулар-тіршілікке күре тамыр,

Өмірді бір біріне жалғап тұрар.

1-жүргізуші:

Сұлулыққа қарасаң көз тоймайды,

Сұлулығы өзін-өзі баяндайды.

Естілер құдіретті бүгінгі сөз,

Қыз жайлы,ана жайлы,келін жайлы.

2-жүргізуші:

Ананың құтты болсын мерейтойы,

Бүгінгі айтылатын көптің ойы.

Ұл ұстап,қыз өсірген жанұяда,

Ауылымның арта берсін абыройы.

1-жүргізуші:

Той пердесін ашайық,

Жырдан шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән де шырқап қалайық,-деп ән жолдаймыз.

Ән: «Алтын ана»

Орындайтын:Молдағалиев Сабыр

2-жүргізуші:

Құрметті қауым:Бүгінгі өткелі отырған «Ал,қанеки,қыздар!» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.Байқаудың мақсаты-қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналылығын бойына

дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемдік –әдемілігімен

сұлулығына тәу ету.

1-жүргізуші:

Қос бұрымы аш беліне төгілген,

Келбеті бар кермаралдай керілген.

Қазақ қызы-инабатты ару қыз,

Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.

2-жүргізуші:

Тіл байланып қалатындай көргенде,

Сұлулықты соған ғана берген бе.

Кім де болса бас иеді мойындап,

Қарсы алдына қазақ қызы келгенде,-дей келе бүгінгі байқауға қатысушылар-

ға сәттілік тілей отырып,қошеметпен ортаға шақырайық.

Үш топ оқушылары келеді.

Әділдікпен баға берер аруға,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Алқасын қазылардың біз сайлайық,

Сұлуларды таңдап бүгін алуға-деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар

алқасымен таныс болыңыздар.Қазылар алқасы төрағасы...............





2-жүргізуші:Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша

сынға түседі.

1-шарт. «Сәлем – сөздің анасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады.
2-шарт. «Бәйге» 3 сөзден өлең құрастырып,әуенімен айту
3-шарт. «Кім жылдам?»
Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
ә) картоп ашу
б) Инені сабақтап түйіндеу
в) түйме қадау
г) 1 мин ішінде инеге бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).
4-шарт. «Өнерлінің өрісі кең».Әр топ өз өнерін көрсету.
5-шарт. «Ас – адамның арқауы» салат түрлерін дайындау.
6-шарт. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» — қолөнер бұйымдарын көрсету,яғни үй тапсырмасы

7-шарт «Әдемі-ай» сән үлгілерін көрсету.

1-жүргізуші:

Баурап алар бір-ақ ауыз сәлемі,

Қазақ қызы әдепті де,әдемі.

Қазақ қызы ақылына көркі сай,

Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі,-дей отырып,байқауымыздың бірінші бөлімі

«Сәлем –сөздің анасы» деп аталады.Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өз тобының атымен, ұранымен, эмблемасымен таныс- тырады.Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты,жүріс-тұрысы сынға түседі.

1-жүргізуші:

Ортаға «Шұғыла» тобын шақырамыз.

Ортаға «Гүлдер» тобын шақырамыз.

Ортаға «Достық» тобын шақырамыз.

2-жүргізуші:

Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте «Бәйге» бөлімі.

Бұл бөлімде 3 сөзден өлең құрастырып,әуенімен айту.
Ортаға 3 топ аруларын шақырамыз.

3-шарт. «Кім жылдам?»
Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
ә) картоп ашу
б) Инені сабақтап түйіндеу
в) түйме қадау
г) 1 мин ішінде инеге бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).
4-шарт. «Өнерлінің өрісі кең».Әр топ өз өнерін көрсетеді.

Ортаға «Шұғыла» тобының орындауында «Ақ мамам» әні

«Ана» атты өлеңмен ортаға «Шұғыла» тобын шақырамыз.

«Гүлдер» тобының орындауында «Тәтті» әні

Бергалиева Жұлдызды «Ақ кимешек көрінсе» атты өлеңмен ортаға шақырамыз.

«Достық» тобының орындауында «Ақтілек» әні

Достық тобы бізге «Ана монологын » ұсынғалы отыр.

Қабыл алыңыздар.
5-шарт «Ас адамның арқауы»
Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Ас көңілдің ажары деген ырым
Жақсы ғой тағамның да білген сырын,
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін.
Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Әр топ арулары үйінен дайындап келген салат түрлерін ұсынады.

Келесі 6-шартымыз бойынша «Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ» дейді қазақ, енді қыздарымыздың қолөнер бұйымдарын тамашалап, бағалайық.

7-шарт біздің арулар «Әдемі-ай» сіздерге сән үлгілерін көрсетеді.

Ортаға «Шұғыла» тобын шақырамыз.

Ортаға «Гүлдер» тобын шақырамыз.

Ортаға «Достық» тобын шақырамыз

2-жүргізуші:Олай болса,біздің кластың оқушыларының ақ тілегіне кезек берейік.

1.Сабыр:Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Ананың алақаны – біз үшін ең жылы ұя.

2.Әлімжан:Ананың жаны сондай нәп-нәзік, мейірімді жан ғой. Түн ұйқысын төрт бөліп, шырылдасаң жұбатып, әлпештеп, жырын айтып, тісің шыққанша аузыңа тамақ салып, киіміңді тазалап, дәмді ас ішкізіп мәпелейді.

3.Ерасыл: Еркелетеді, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп, бағып – қағады.

4.Жаслан: Мен анама қанша алғыс айтсам да, өмір бойы анама қарыздармын. Себебі ол мені тоғыз ай, тоғыз күнде жүрегінің астында аман сақтап, жарық мына керемет өмірді сыйлады.

5.Еламан:Мен:

«Саған ешкім тең келмейді бұл өмірде,

Анашым қамқоршымсың мәпелеген.

Бір өзіңсің бойыма қуат берер,

Әрдайым тек алдыға жетелеген.

7.Алихан:Бесікке бөледің сен, жырыңды айтып,

Ұйқысыз өткіздің ғой түндеріңді.

8.Самат:Анашым алтынымсың бағасы жоқ,

Ризамын сыйладың сен осы өмірді.

9.Дамир:Шексіз менің саған деген алғысым,

Себебі сен ақылшымсың, данасың.

10.Мақсат:Өмір бойы қарыздармын мен саған,

Мейірімді, ақкөңіл жан анашым» - деп   

жырлаймын.

11.Нұр:Біз анамыздың бір бөлшегіміз ғой. Сондықтан да ол біздің қуанғанымызды, ренжігенімізді сезіп отырады.

12.Нұрмұхаммед:«Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңды өтей алмайсың», үлкенді сыйлау бәрімізге міндет, ал анаңды сыйлау ол өмірлік парызың.

13.Ержан:Мерекелеріңіз құтты болсын барша аналар қауымы!

14.Нұржан:Қыздар, қызғалдақтар, мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіздер!Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын!  

15.Берекет:Жанарына сыр тұнған,

Жүрегінде жыр тұрған.

16.Аллаберген:Құтты болсын мерекең,

Қызғалдақтар құлпырған!

17.Арсен:Әрқайсыңыздың жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын! 

18.Темірлан:Дидарларыңыздан арай тарап, ажарларыңыздан шешек атсын, қыздар!

1-жүргізуші:Барлығыңызды «Ана туралы жыр» әнін орындауға шақырамыз.

1-жүргізуші:

Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,

Адастырмас оң жолдан үлгісі бар.

Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін,

Зерделі ол,зейінді келіп сынар-дей келе осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.

2-жүргізуші:

Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.

Сау болыңыздар.









Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров83
Номер материала ДБ-008999
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх