Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Сценарии утренника "Аюмен бірге күзгі орманға саяхат"

Сценарии утренника "Аюмен бірге күзгі орманға саяхат"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Аюмен бірге күзгі орманға саяхат

Мақсаты: Балалардың қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастырып, табиғатты сүюге, қамқор болуға үйрету, таным белсенділіктерін арттыру. Күз мезгілінің атауларын, олардың ерекшеліктерін ұғындыру. Балалардың ой-өрісін, тілін, сөйлеу мәнерін дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Мерекеге қатысатын кейіпкерлер: Аю, Тиін, Тышқан, Мыстан.

Ойындар: «Саңырауқұлақ жинау», «Егін жина», саусақ ойыны «Жаңбыр»

Орындалатын әндер: «Күз жомарт», «Алтын күз»

Орындалатын билер: «Бағбан биі», «Жаңбырлар биі»

Музыка залы мерекеге сай безендірілген. Балалар музыка әуеніме залға кіреді.

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз.

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.

Тақпақтар:

Ән «Күз жомарт»

Залға аю кіреді.

Аю: Мына жер қандай көңілді! Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! Аюды күтпеген боларсындар?

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Аю, қандай тосын сәт? Кел, бізбен бірге күз мерекесінде көңіл көтер.

Аю: Рақмет. Бірақ, мен сендерді күзгі орманға серуендеп баруға шақырамын.

Жүргізуші: Балалар күзгі орманға барамыз ба?

Балалар: Ия!

Аю: Олай болса, кәне кеттік:

Аяқты қатты соғамыз, (тарсылдатады)
Судан, тастан өтеміз
Секіреміз, жүреміз (алға жылжи отырып секіру)
Шаршамаймыз, күлеміз. (жай жүру)
Шаршамасақ егерде,
Жүгірейік бірлесе! (бір - бірінің артынан жүгіру)
Жүргізуші: Міне, біз орманға келдік, Қараңдар, мында қаншама жапырақтар! 

Тақпақтар:

Ұлдар би і «Бағбан биі»

Аю: Қандай керемет би! Бұл кім өзі тентек болып тұрған?

Залға Тиін келеді.

Тиін: Мен тиінмін, тиінмін,

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші толы үйімнің.

Сендер не істеп тұрсындар?

Аю: Біз күз мерекесін тойлап жатырмыз. Сенде кел, ойын ойнаймыз.

Тиін: Ойын ойнауға қол тимейді. Қысқа дайындық, саңырауқұлақ жинау керек.

Аю: Қараңдар, балалар, қаншама саңырауқұлақ біздің алаңда! Тиінге көмек береміз бе? Олай болса біз «Саңырауқұлақ жинау» ойының ойнайық.

Ойынның шарты: 4-5 бала музыка ойналып тұрғанда саңырауқұлақ жинайды, ал музыка тоқталғанда барып орындыққа отырып қалады.

Тиін: Рахмет сендерге балалар.

Залға кірпі келеді.

Кірпі: Мен ашулы кірпімін
Көрінгенге түрпімін
Үстім толы ине
Есің болса тиме
Келсе егер түлкі
Түйреп алам түрпі.

Сәлем, балалар! Менде сендермен ойын ойнайыншы?

«Егін жина» ойыны.

Ойынның шарты: 4 бала ойынға қатысады. Қолдарына себет беріледі. 1бала сәбіз жинайды, 2бала картоп жинайды, 3бала қызанақ жинайды, 4бала қияр жинайды.Кім тез жинайды сол бала жеңіске жетеді.

-Жарайсындар, балалар. Енді бәріміз тұрып «Жаңбыр » саусақ ойының ойнайық.

Ағаштар мен шатырға
Жаңбыр жауды аспаннан (саусақтар «адымдайды»)
Басып қатты шөптерді, (аяқты топ - топ басады)
Жапырақты ұшырды (алақан соғады)
Кап - кап - кап, (сол алақанды жұдырықтап соғады)
Тук - тук - тук, (оң алақанды жұдырықтап соғады)
Жауды жаңбыр көбірек (алақанды басқа көтеріп соғады)

Жүргізуші: Жаңбыр, жаңбыр жауа бер,

Қорықпаймыз біз сенен.

Қолымызда қол шатыр,

Кел, билеші бізбенен.

Қыздар биі «Жаңбыр»

Жүргізуші: Балалар, естіңдерші, біреу ән айтып тұрған сияқты.

Залға Мыстан кіріп, ән айтып үйшігін бояп тұрады.

Аю: Бұл Мыстан ғой.

Мыстан иіскеп тұрып: адамдардың иісі шығып тұр ғой. (Айналып қарайды) Сендер кімсіңдер? Қайдан келдіңдер?

Аю: Оларды мен шақырдым.

Мыстан: Бәсе, орманның іші айқай шу болып кетті ғой. Құстарда қорқып кетті. Ай-яй-яй, шөптің бәрін таптап тастапты ғой, саңырауқұлақта қалмапты. Жоқ-жоқ біреуін тауып алдым одан бәліш пісіремін, тағы біреу, одан сиқырлы сусын жасаймын.

Аю: Ештенкені таптаған жоқпыз. Бұл балалар балабақшадан біздің орманға қыдырып келді. Міне Тиінмен және Кірпімен достасты.

Мыстан: Балабақша деген не? Ол не деген нәрсе?

Жүргізуші: Кәзір біздің балалар балабақша туралы айтып береді.

Тақпақтар:

Диана:
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.

Ерлік
Бұл — екінші үйіміз
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз — осы үйдің гүліміз,
Біз — осы үйдің сәніміз .

Дамир
Бұл — құшағы тым ыстық
Мектебіміз бастапқы!
Мұнда жақын туыстық,
Мұнда тұңғыш дос таптық!

Мыстан: Сендер тек ән, тақпақ айтуды білесіңдер, менің сендермен әңгімелесетін қолым тимейді. Үйшігім тұр боялмай. (Бояуды алып үйшікті бояу бастайды). Үйшік, кәне маған оңымен тұр, ал орманға қарай терісімен тұр! (Үйшік сықырлапдұрыс тұрмайды). Ой, оңбаған, түк түсіңбейді өзі? Орманға терісімен, ал маған оңымен тұр деймін.

Аю: Мыстан, сен олай ашуланба, сыпайы бол.

Мыстан: Қалай ашуланбаймын, менің көңіл- күйім жоқ.

Жүргізуші: Кел Мыстан отыр, біраз демал. Біздің балабақшамыздың балалары саған үш тілде тақпақ айтып береді.

Тақпақтар:

Ән «Алтын күз»

Мыстан: Менің көңілім көтеріліп қалды ғой. Енді менімен бірге би билейік.

«Мыстандар» биі.

Аю: Жарайсын, Мыстан. Сен балалармен дос болып қалдын ғой.

Мыстан: Мен көңіл көтеру не екенін ұмытып та қалыптым.Маған өте қызық болды.

Аю: Сендер би билеп жатқанда, сендерге арнап сыйлық әкелдім. Міне, саған мыстан бал, ешқашан ауырма.

Мыстан: Рақмет саған Аю.

Аю: Міне,сендерге де балалар ! Ешқашанда ауырмандар!

Мыстан: Қоштасқым да келмейді, бірақ қоштасатын уақыт та келді. Мына орман сыйлықтарын алыңдар. Мені кәрі Мыстанды ұмытпандар.

Жүргізуші: Міне, балалар біздің саяхатымыз аяқталды. Рақмет саған Аю! Өте қызық саяхат болды. Саған да рақмет Мыстан! Сау болындар!

































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров100
Номер материала ДВ-404360
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх