Инфоурок Другое Другие методич. материалыСценарий "Қыз өссе елдің көркі"

Сценарий "Қыз өссе елдің көркі"

Скачать материал

Маңғыстау облыстық техникалық және

кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті

«Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК

 

 

 

 

«Бекітемін»

Директордың тәрбие - ісі жөніндегі орынбасары     ________Сармалаева С.К.

       «___»_________2015ж.

 

 

 

 

Ашық тәрбие сағаты

 

Тақырыбы:  «Қыз өссе елдің көркі»

 

 

 

 

 

                                                 

Оқытушы: Қожақова А.И.

Оқу тобы: ӨБ - 21

Пәні: Педагогика

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау – 2015

 

Тақырыбы: «Қыз өссе елдің көркі»

Мақсаты:

Білімділік: қыздар қауымымен сырласа отырып, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, эстетикалық тәрбие беру, оларға салт – дәстүрді үйрету, олармен пікірлесе отырып, өздерін мазалап жүрген сұрақтары болса, соған жауап табу, еркін өз ойларын ашып айтуға баулу.

Дамытушылық: студенттердің бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: студенттерді адамгершілікке, сыйластыққа, қамқор болуға, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілік: интербелсенді  тақта, түрлі - түсті парақшалар, т.б.

 

Жүрісі:

 

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті, қонақтар, ұстаздар, және студенттер. Бүгінгі ӨБ-21 тобымен бірге ұйымдастырылған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

 

1 - жүргізуші

Көркемдікке көмілген келбетіне,

Көз тимесін деп достым сен де тіле.

Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды,

Айна көктен жететін жер бетіне.

 

2-жүргізуші.

Сұлулықтың дүниеде барын қарап,

Аққайың да ұрлана таңырқамақ.

Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті - ай,

Ес еркінді әкеткен барымталап.

 

І-номер.

Молдағараева Амангүл «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әні арқылы Сағымбаева Нұрсұлумен бірге қазақ қызының болмысы мен келбетін сахналық корініс арқылы ашады

 

1-Жүргізуші:

 Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік,  ақ тамақ,  қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? - деп Абай атамыз жырлағандай,

қазақ елі қызды сұлулық, әдептілік және нәзіктік деп біліп,  қызды көктемнің гүліне, күлімдеген күніне теңеген.

Ендеше біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз «Қыз өссе елдің көркі»  деп аталады.

 

2-жүргізуші:

Бабалары қыздарын қадірлеген

Қыз баладан басталар өмір терең

Ауыл көркі қыз болып,ән айтылып

Күн болмаған сазды күй төгілмеген

Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, киімнің әсем-сәндісін, әшекей бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау ежелгі дәстүр.

Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын болған: жүн түту, жіп иіру, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, тағы басқа өнерді қыздарына үйреткен.

 

1-жүргізуші: Қазақ қызы көз тамсандырар көркімен, байыпты, байсалды мінезімен ғана емес, батырлығымен, өнерімен, шешендігімен  қазақ қызы деген атқа лайық бола білген.

 

ІІ- номер: Қазақ қыздары туралы слайд

1-жүргізуші:

Бүгінгі қыздар,болашақтың тамыры, қоғамның негізі, тарихтың көзі – жайнаған жауқазындар. Қыз – өмірдің қызғалдағы, қыздар – болашақ ана, бақыт – байлық ошағы, адамзаттың ойы өркендеп, тәлім – тәрбие алатын қасиеттің ұясы.

2-Жүргізуші:

Өмірде ана -бақыт, ана пана

Өмірде өркендетер ана ғана

Өсірген талай көсем,талай шешен

Талай ер, талай ақын,талай дана

 

ІІІ- номер: Жаманқұлова Ұлданай «Ана»

 

1-Жүргізуші:

Әрбір қыз бала бой жетіп, әке – шешенің аясында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір елге келін боп түсіп келіншек аттанады. Қыздарын тұрмыс құруға әзірлеуге қай халық болсын зор мән берген. Мұны қызының барған жердегі өмірі жақсы болуының, бақытты болуының кепілі деп білген.

 

2-жүргізуші:

Халқымыз әйел – ана, қыз дүниеге тіршілік әкелуші, барша тіршіліктің бастауы, көркемдік пен жылылық көзі, шуақ пен мейірім әлемі, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, оған көңілінің төрінен орын беріп ардақтап аялаған.

Әдет – ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,

Жарасымды, үйлесімді, ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан қашпайық.

 

 ІV-номер: «Қазақ қызының келбеті» (студенттер өлең шумақтарын оқиды)

 

2-жүргізуші:

Қыз сыны, қыз өнері, қыз  әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.

Бір көргенде болмай-ақ ортада,

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі. 

 

1-жүргізуші:

Өнері өрге жүзер талаптының.

Таланты талмай ұшар қанаттының,

Әлди әуен әлемі өнер аты

Шарпып өтсін лебімен қанатының,  -  деп Жәдігерей  Шынардың орындауында қазақ биі назарларыңызға ұсынамыз.

 

V-номер:Би

 

2 - жүргізуші:

Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,

Адастырмас оң жолдан үлгісі бар.

Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін,

Зердерлі ол, зейінді келіп сынар –

 

VI.Көрініс «Шарғы салу» дәстүрі

Мақсаты: Қазақтың салт-дәстүрін насихаттау,ұмытылып бара жатқан дәстүрді жаңғырту

 

Қорытындылау

1-жүргізіуші:

Бұла қырдың құлпырған қызғалдағы

Ержігіттің бірінші ізгі арманы

Тіршіліктің жылуы, сұлулығы

Мына жалған өмірдің гүлзар мәні

 

2-жүргізуші:

Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыз өссе елдің көркі»атты ашық тәрбие сағатымыз өз соңына жетті.Назар салып қатысқандарыңызға рахмет.Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий "Қыз өссе елдің көркі""

Настоящий материал опубликован пользователем Дудакова Елена Леонидовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

Скачать материал
    • 19.06.2018 19
    • DOCX 19.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дудакова Елена Леонидовна
    Дудакова Елена Леонидовна
    • На сайте: 12 дней
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1492
    • Всего материалов: 58

Сценарий на 8 марта

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • docx
46297
818
14.01.2025
«Инфоурок»

Материал разработан автором:

Теймурова Марина Бедрединовна

менеджер

Сценарий на мероприятие « 8 марта» Для учеников 1-4 классов. Так же скачивайте дипломы для прекрасных девочек. 8 Марта международный женский день.

Краткое описание методической разработки

Сценарий на мероприятие « 8 марта»

 

Для учеников 1-4 классов.

 

Так же скачивайте дипломы для прекрасных девочек.

 

8 Марта международный женский день.

Смотреть ещё 5 584 курса

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 232 601 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 213 221 материал из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Построение личного бренда через публичные выступления и экспертную деятельность

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы планирования: управленческий и медийный аспекты

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Социальные нормы и регуляторы общественного поведения

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 584 курса