Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сценарий "Алтын күз" детский сад
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Сценарий "Алтын күз" детский сад

библиотека
материалов

Алтын күз

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру,

олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл - күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынасын калыптастыру

Жүргізуші:

Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдантырып халқын күз.

Армысыздар ағайын!Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі біздің «Балдырған» тобының берекелі де ырысты « Алтын күз» құрметіне арналған мерекемізге қош келдіңіздер. Ендігі кезекті құттықтау сөзін мектеп директоры Қыдыралиева Лаисира Батырқызына берейік.

Жүргізуші:

Тоңазып отырып

Көп жеміс піседі

Сарғайып жапырақ

Судырап түседі.

Үстінде егінжай

Салқын жел соғады.

Гүл,жапырақ шөптер де

Қурап солады.

Айтындаршы балалар

Бұл қай кезде болады?

Балалардың жауабы. /Күзде/

Балалар орындарына отырады.

Залға сазды әуенімен Күз кіреді.

Амансыңдар ма балалар,

Ерінбестен еңбек етіп келетін.

Еңбекшіге бар жемісін беретін,

Мен -Алтын күз

Ынтымақты еліме

Берекелі ырыс болып енетін.

Балалар мен сендерге кұр келген жоқпын,өзіммен бірге піскен жемістерімді ала келдім.

Күзде қандай жемістер піседі білесіңдер ме? /алма,алмұрт жүзім, қарбыз т.б/

Балалар мен сендермен бірге «Дәмін ажырат» деген ойын ойнағым келіп тұр.

-Сендер ойын ойнағыларың келе ме?

-Иә,ойын ойнағымыз келеді.

Ойынның шарты: Мен сендердің ауыздарыңа бір жемісті саламын, ал сендер сол жемістің дәмін татып көріп қандай жеміс екенін айтасыңдар.

Ендігі кезекте балалардың күз туралы тақпақтарын тамашалаңыздар.

Аделья:

Алтын сары, қызыл көк,

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Айзере:

Жемісті мол беретін,

Күз дос екен бізбенен,

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген

Балғаным:

Сары ала тон жамылған

Күз атамыз секілді,

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі.

Қанат:

Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз алтын күз

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалқар күз.

Жансая:

Қамба толды астыққа

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштық та,

Қап - қап қауын алдық біз.

Перизат:

Нан анасы - бидаймын,

Нанды елге сыйлаймыз.

Піскенімде мен қырда

Қауызыма сыймаймын.

Жүргізуші:

Кұлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй,

деп -Абай атамыз жырлағандай ендігі кезекте бүлдіршіндердің орындауында

Ән: Біз өмірдің гүліміз

Ерлан:

Қызыл мұратты арпамын

Ырыс құтты арпамын

Машинаға мініп ап,

Малды ауылға тартамын

Алинұр:

Күнге ғашық күрішпін

Күллі жұртқа ырыспын

Аңқам кеуіп тұрған соң

Ала жаздай су іштім

Анзор:

Күн суытып

Жапырақтар түседі

Астық- жеміс жиылды.

Қамбамызға құйылды.

Рамазан:

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып - теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз,

Әсемай:

Астық - жеміс жиылды.

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз - мың алғыс.

Алдық өнім сыйыңды.

Ендігі кезекте Абдрайым Жансая мен Рахим Анзордың орындауында би: «Лезгинка»

Жүргізуші:

Күз мезгілінде құстар туған жерін қимай, жылы жаққа қайта бастайды, олай болса балалар құстар туралы тақпақтар айтайықшы.

Даркен:

Қош бол өскен жеріміз

Айдын шалқар көліміз.

Аман болып тұрыңдар

Қамқор болған еліміз.

Айсұлу:

Күздің қазан айында

Алма алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр түседі

Камшат:

Қатерлі қыс өткенде,

Қайтып келіп көктемде.

Күнде думан құрармыз.

Күн шуағын төккенде.

Гүлзат:

Сау - сау етіп жапырақ

Сабағынан үзілді

Қоңыр тартып атырап,

Көкте кұстар тізілді.

Бақдәулет:

Мен торғаймын, торғаймын

Суықтан да тоңбаймын,

Құрт - кұмырсқа жәндіктен

Бау бақшаны қорғаймын.

Динара:

Туған жерден кетерде,

Қоңыр әнге салармыз.

Қош болыңдар бәріңде

Қимай кетіп барамыз.

Ернұр:

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды,

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды.

Ата-аналармен ойын: «Сипап сезу»

Ендігі кезекте қыздарымыздың орындауында « Өзбек биі»

Жүргізуші:

Күзде өздері пісетін тамаққа кеп түсетін

Мақтанбақшы сендерге, көкөністер сан түрлі!

Ортаға көкөністерді шақырамыз

Димаш:

Асханадан шыкпаймын,

Атым пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам,

Тұмаудан бірақ сақтаймын!

Жанерке:

Қызанақ:

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрғанол мен- қызанақ,

Күнге қарап ұялып!

Ильгар:

Қос картоп: Картоп-біздің атымыз,

Жерастында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз!

Алина:

Сәбіз: Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз!

Алтын күз:

Бәрекелді, керемет!

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Алтын күз, біздің балалардың бәрі өнерлі, олар сізге көбелек биін билеп бермекші.

Би:Көбелек

Алтын күз: Бәрекелді, керемет билейді екенсіңдер!

Жүргізуші:Алтын күз, біздің балалар жеміс-жидектер туралы өлең шумақтарын айта алатынын білесіз бе?

Алтын күз: Білмейді екем...

Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз ортаға тәтті жеміс-жидектерімізді шақырамыз

Гүлсезім:(Шие)

Тіл үйірген шырыным,

Жемістердің бірімін.

Мен маржандай шиемін,

Ұнатамын күн нұрын,

Алижан: (Дән)

Жарып шыққан қауызын.

Дән өмірлік азығым.

Жегенінде ақ нанды

Нәрге толар ауызың.

Арайлым:(Апорт алмасы )

Бақ ішінде алмалар,

Бар жемістен бағалы.

Көрген адам таңданар

Көздің жауын алады.

Ата- аналармен ойын: «Кім жылдам»

Жүргізуші: Сән әлемінен сырттап, құр қалмаңыздар,

«Күз»- 2016» сәнді киімдер шеруін тамашалаңыздар!

Сәнді киімдер шеруі

- Қортынды:

«Алтын күз»

Осы ма,осы ма күз деген?

Берекесін сыйлайтын кез екен,

Мына күздің сыйын қабыл алыңдар, балалар.

Мен сендермен қоштасамын, келесі кездескенше сау-саламат болыңдар! (балалар алтын күзбен қоштасады,музыка ойнап алтын күз шығып кетеді)

- Жүргізуші: Балалар ,алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! Осымен «Балдырған тобының «Алтын күз» ертеңгілігі аяқталды . «Сау болыңыздар»! дей отырып күз берекелді,астықты болсын демекпіз.

Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров204
Номер материала ДБ-007379
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх