Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Сценарий "Алтын күз, Жаңа жыл"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Сценарий "Алтын күз, Жаңа жыл"

библиотека
материалов

Жүргізуші : - Балалар , бүгін біз алтын күзбен қоштасу ойын – сауық өткізіп, тақпақтарымызды айтып, ойын ойнап, көңілімізді көтерейік. Балалар, кім маған күз айларын атап береді ?

Балалар :- Қыркүйек, қазан, қараша.

Жүргізуші :- Ал енді күз туралы тақпақтарымызды айтып берейік.

( Тақпақтар)


Жүргізуші: - Балалар, біз не үшін күзді жақсы көреміз, ол бізге нені береді?

  • Жемістер мен көкөністерді.

  • Дұрыс айтасыңдар, ал енді Күзге арнап әнімізді орындап берейік.


«Күз жомарт» әні


  • Балалар, егінді қай мезгілде жинайды?

  • Күз айында.

  • Сендер білесіңдер ме, егінді қалай жинайды?

  • Егінді комбайн жинайды.

  • Ал бұрынғы кезде егінді қолмен жинаған.Біздер де қазір егін жинайық.


« Егін жинау » ойын


  • Балалар, ал енді Күзге арнап бір әнімізді орындап берейік.


« Алтын күз » әні



Бір кезде Күз кіріп келеді. - Саламатсыңдар ма, балаларым! Сендердің әндеріңіз алыстан естіледі. Сіздермен ойын ойнайын деп, көңілімді көтерейін деп асыға жеттім.

  • Балалар, Күзбен амандасайық.

  • Саламатсың ба, Алтын күз!

Күз: - Мен жалғыз келген жоқпын , қасымда жапырақтарым бар. Олар да сіздерге өз өнерлерін көрсетеді.


« Жапырақтар » биі


Жүргізуші :Қараңдаршы, балалар, қаншама жапырақтар шашылып жатыр.


« Жапырақ жинау » ойыны


Жүргізуші:Күз , ересектер тобының балалары саған арнап тақпақтарын айтып бергісі келіп тұр.

( Тақпақтар )


  • Ал, енді қазір біздің балаларымыз көрініс көрсеткісі келеді.

« Күзде жануарлар не істейді?» көрініс


Күз : - Рахмет, сіздерге балалар! Біраз көңілімді көтердіңіздер, өзім туралы жылы сөздер естідім. Ал енді қоштасатын уақыт келді. Сау болыңыздар, балалар!

Қоштасып кетеді.


Жүргізуші: - Балалар, күзде бізбен қоштасып ұшып кететін нелер?

  • Құстар.

  • Құстар туралы ән білеміз бе?

« Қара торғай » әні


  • Енді ересектер тобының балалары ойын ойнауға қалай екен?


« Торғайлар мен жаңбыр» ойыны


Бір кезде таяққа сүйеніп Бағбан ата кіреді.

Бағбан ата :- Саламатсыңдар ма, балалар! Мен қайда келіп қалдым?

  • Балалар, бізге Бағбан ата қонаққа келіп тұр. Бәріміз тұрып амандасайық.

  • Саламатсың ба, Бағбан ата!

Бағбан ата: - Мен бақшама көкөністерді жинауға бара жатыр едім. Белім ауырып жатқызбайды, сендерге көмек сұрап келдім.

Жүргізуші : - Балалар, атаға көмек берейік , бақша өнімдерін жинап берейік.

« Көкөністерді жинау » ойыны


Жүргізуші : - Бағбан ата, сіз отырып , деміңізді басыңыз. Балалардың саған арнаған әнін тыңдаңыз.


« Ата » әні

« Топ » биі


Бағбан ата : - Бәрекелді, қандай өнерлі, шапшаң, еңбекқор балалар! Өте ризамын, менің де сіздерге арналған сыйлықтарым бар. Менің бақшадағы жемістерім, дәм татып, әл – күш жинаңдар. Сау тұрыңдар!

Жүргізуші :- Осымен күзге арналған ойын – сауық аяқталды.Топқа барып дәмнен ауыз тиейік.

Зал іші әсем безендірілген. Ортада түрлі ойыншыққа бөленген жасыл шырша.Балаларзалғакіреді, орындарына отырады.


Жүргізуші: - Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп атты маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген күн

Қанаттанып кең алқапқа тарайды.

  • Қараңдаршы , балалар, қандай әсем шыршамыз! Біздерге бүгін қонаққа келіп тұрған шыршамызға арнап жаңа жыл туралы тақпақтарымызды айтып берейік. Шыршамыз қуанып , бізге шамдарын жағар!

  1. Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жыл да келеді,

Бізге қарай жылыстап.

  1. Көрсін біздей болғанды,

Көңілденсін ол енді.

Шырқатайық өлеңді

Шырқатайық ән – жырды.

  1. Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылда біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

  1. Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел , жаңа жыл біздерге,

Кел, жаңа жыл, жыл!

  1. Міне, тағы келіп тұр,

Жаңа бір жыл , балалар.

Жадыратып жер үстін,

Төрімізге шықсын ол.

  1. Бақыттымыз бәріміз,

Әдемі екен сәніміз.

Жаңа жылда сондықтан-

Құттықтаймыз бәріміз.


« Шырша » ә н і


Жүргізуші: - Қараңдаршы , балалар, шырша шамдарын жақпай тұр, мүмкін тағы тақпақ тыңдағысы келетін шығар.


  1. Ақ қар жапты даланы,

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын

Шырша келді ортаға.

  1. Жаңа жылда жаңаша,

Біздер тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша

Біздің Аяз Атамыз.

  1. Ата- әже, ата- әже,

Құтты болсын жаңа жыл!

Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт, жаңа жыл!

  1. Жаңа жылмен – 2

Құттықтаймын әрине,

Папамызды, мамамызды

Қонақтардың бәрін де.


Бір кезде залға Түлкі Қоянды қуып шыршаны айнала жүгіреді.

Жүргізуші : - Жеткілікті, Түлкі! Қояндарды ренжітуге болмайды. Бүгін Жаңа жыл мейрамы, жаңа жылда бәрі тату болу керек.Сол себептен біздің балаларымызбен бірге болыңдар.

Түлкі: -Жарайды, ендеше мен қояндарға жақсы көзіммен қараймын , ренжітпеймін оларды. ... Ой, ал шыршаның шамдары жарқырамай тұр ғой.

Қоян :- Иә, Түлкі, жарқырамай тұр. ... Кел, екеуміз жағайық!

Қоян : - Шырша, шамдарыңды жақ! Ой, жағылған жоқ.

Түлкі :- Сұр көжек, шырша менің әдемі, әсем дауысыма көнеді. Нанбайсың ба, онда қара. Шырша , шырша , таңырқат, Шамдарыңды жарқырат! Ой, неге шырша шамдарын жақпайды екен.Әлде мен дұрыс сөздерін айтпадым ба( ренжігендей болады).

Жүргізуші:- Бәрін дұрыс айттың, Түлкі.Тек бұл шыршаны осы отырған балалар жаға алады. Себебі шырша осы балабақшаға қонаққа келді ғой. Келіңдер, балалар, бәріміз қосылып шыршаның шамдарын жағайық. Жаңа жыл мерекесін тойлайық.

« Шырша , шырша, таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат! » - 3 рет

Шырша жағылады, балалар қолдарын шапалақтайды. Қоян шыршамен ойын ойнайды.( 3 рет қол шапалақтайды, 1 рет үреді).

Жүргізуші :- Қандай тамаша, біздің шыршамыз соншама әсем, әдемі . Ал енді шыршамызға арнап ән айтайық.


« Жасыл шырша » ә н


Залға Күлдірген жүгіріп кіреді.


Күлдірген: - Саламатсыңдар ма, қымбатты балалар, ұл мен қыздар! Біздерсіз ешқандай мерекелер көңілді өтпейді, себебі біз Күлдіргендерміз, мәңгі ойнап, күліп жүреміз. Сенбесеңдер, біздің өнерімізді тамашалаңыз.


« Күлдірген » б и і


Күлдірген :- Ал, Ақшақарды неге шақырмайсыңдар, әлде ұмытып кеттіңдер ме, бәріміз қосылып шақырайық.

« Нәзік сұлу Ақшақар, дауысыңды шығар,

Біз сені сағындық, Ақшақар!»

Көңілді әуенімен Ақшақар кіреді.

Ақшақар: - Бәріңізді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Бүгін көңілді болатындарыңызға сенемін.Баршаңызға жаңа жылда бақыт тілеймін мен. Ал қайда екен құрбыларым, әсем менің Ақшақарым, сендермен бірге би билеймін, өз өнерімді көрсетейін.


« Ақшақарлар » б и і


« Балаларды тап» о й ы н ы

Күлдірген : - Балалар, тұрмайық, әнді енді шырқайық, би билейік, ойнайық.

« Би билегім келеді» ә н і

Түлкі :- Күлдірген , сен біздің жұмбақтарымызды шеше аласың ба?

Жұмбақтарды шеше алмай едәуір қиналады. Балалар көмектеседі.


Жұмбақ: Құттақандай бойы бар,

Ақ сақалы ұзын- ай.

Қолында бар қоңырау

Түнделетіп жүреді, балалар,

Есімі оның - .......... ( гномдар)

« Гномдар » б и і

Сауысқан : - Дабыл, дабыл, Аяз ата адасып қалды. Сіздің көмегіңіз керек, керек, керек!

Ақшақар: -Балалар, енді біз не істейміз. Аяз атасыз жаңа жылдық мерекеміз қызық болмайлы ғой, ал балаларымыз сыйлықсыз қалады.(жылайды).

Қоян:- Жылама, Ақшақар, қазір біздің балаларымыз Аяз атаға жолды жылдам табуға көмектеседі.

Күлдірген : - Қалайша?

Қоян:- Балалар, бәріміз Аяз атаны шақырайық, ол біздің дауысымызды естіп, жолды табады.

« Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата!»

Аяз ата : - Сәлеметсіңдер ме, балаларым, балғындарым, кішкентай балапандарым, амансың ба, Ақшақар!

  • Сәлеметсің бе, Аяз ата!

Аяз ата :- Жаңа жыл мерекеңіз бәріңізге құт болсын! Қуаныш әкелсін! Зал іші неге тыныш, жараспайды бұнысы. Ортада әлі қызық бар, қане, шыға қойыңдар.

Жүргізуші: -Балалар, бәріміз шеңберге тұрып, Аяз атамызды ортаға алып, оған ән орындап берейік.

« Аяз ата » ә н і

Аяз ата : - Аяғым орнында тұрмайды,

Билейін деп қоймайды.

Ендеше менімен балалар,

Би билеңдер, қалмаңдар.


« Көңілді » б и і

Ақшақар: - Аяз ата, сен біздің балаларымызбен бірге ойын ойнайсың ба.

Аяз ата :-Әрине.


« Қоңырау » о й ы н

Аяз ата : - Едәуір шаршап қалдым- ау , енді мен дем алып отыра тұрайын. Балалар, мен сендерге бір сиқырлы зат әкелдім. Қорапты ашады.

Аяз ата :- Ақшақарым, мына қорапты өзің ашып көрші.Қорап ашылмайды.

Ақшақар : - Қанеки, балалар, бәріміз қосылып, бірге қорапты ашайық. « Әсем қорап ашылшы, Ашылып, ән- күй шашылшы».

Қорап ашылады.

Ақшақар : - Ой, балалар, қараңдар, ішінде кішкентай қоңырау бар екен.Келіңдер, Күлдіргенмен бірге ойнап жіберейік.


« Қоңырау » о й ы н ы

Аяз ата : -Ақшақар, қораптың ішінде маған арналған тақпақтар бар ма екен ?

Ақшақар : - Шынымен Аяз ата саған да арналған тақпақтар бар екен.

  1. Борандатып, аққарлатып,

Аяз ата келеді.

Ақ көңілмен , пәк көңілмен

Бізге сәлем береді.

  1. Аяз ата, аяз ата,

Сені күтіп жүрдік біз.

Томпаң қағып, арқаланып,

Келеріңе сендік біз.

  1. Сақалы ақ, мұрны қызыл,

Жылы екен жүзі де,

Кірпігі ақ, ерні қызыл,

Мейірімді екен көзі де.

  1. Қолда таяқ , маймақ аяқ,

Қорбаң, қорбаң етеді,

Жүгіргенде жеңіл аяқ,

Желді қуып жетеді.

Аяз ата :- Тақпақтарыңыз маған өте ұнады. Мені сағына күткендеріңіз білініп тұр. Ал Ақшақарым, балалармен бірге би билеп жіберейік.


« Топ » б и і


Аяз ата :- Уһ, шаршап қалдым- ау. Билеріңіз қандай көңілді.Ал енді біздер сендермен қоштасайық.

Ақшақар :- Аяз ата, қоштасардың алдында өзіңмен алып келген сыйлықтарыңды балалрға таратпайсың ба?

Аяз ата : - Ой, кәрілік басым – ай, ұмытып бара жатырмын ғой.

Түлкі: - Келіңдер, қояндар, Аяз атаға көмектесейік.Сыйлығын тауып әкелейік.

Сыйлықтарды іздеп табады, балаларға таратады.

Аяз ата : - Ал, балаларым, балғындарым,

Жаңа жылда жаңа бақыт тілеймін.

Аспанымыз ашық болсын,

Күлкіңіз жарқын болсын.

Біздер енді басқа балабақшаға барамыз. Сау болыңыздар!!!











Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров161
Номер материала ДВ-535419
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх