Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сценарий "Бастауышым-балбұлағым" Бастауыш сыныпппен қоштасу.

Сценарий "Бастауышым-балбұлағым" Бастауыш сыныпппен қоштасу.

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Бастауышым –балбұлағым.

(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің сценарийі).

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Қош келіпсіздер , құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар, енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сынып сатысынан орта буынға ұшқалы тұр.

Бесіктегі баланың күлгенін көрген бір мұрат,

Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат,-

дегендей, бұл да бір қуанышты күн. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Ендеше осы шәкірттерімізді ортаға шақырайық. (Музыканың әуенімен балалар вальс билеп ортаға шығады).

Мұғалім: Той бүгін- кең сарайда шалқып тасқан,

Той бүгін – жұрт жиналып шашу шашқан,

Той бүгін- шат өмірді күйге бөлеп,

Би билеп, асқақтатып, әнге қосқан.

Бұл тойда жан табылмас тасымаған,

Ақ сәуле әрбір тұстан шашыраған,

Жұпарлы гүлге оранған осы тойдың

Иелері- аяулы шәкірттерім- ұл-қыздарым!

1-оқушы: Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

2-оқушы: Қош келдіңіздер, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамған,

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.

3-оқушы: Шаттанамын ,бүгін мен шаттанамын,

Ғылым сырын түсініп мақтанамын,

Осы сырды үйреткен төртінші сыныбым –ай,

Түстей болып, міне, бүгін артта қалдың.

4-оқушы: Қоштасу тойы басталды,

Ән мен биге бастайық,

Өнерімізді көрсетіп,

Әнмен шашу шашайық.

5-оқушы: Білімнің қайнар бұлағы,

Өнердің жарқын шырағы,

Тұрағы өзің мектебім

Шәкірттің асыл қырағы.

6-оқушы: Өнерге ошақ тәрбиең

Бір сенен қуат аламын,

Жарылқашы, тәңір ием

Таудай ғой менің талабым.

7-оқушы: Мектебім- менің бапкерім.

Қарызбыз саған бәріміз,

Өзіңе деген парызды

Ақтармыз талай әлі біз.

8-оқушы: Әлі есімде мектепке алғаш барғаным,

Өз қолыммен Әліппені алғаным,

Санай ашып Әліппенің парағын,

Әріптерге үнсіз, ұзақ қарадым.

9-оқушы: Тастаттың да үйге еркелік, ойынды

Мектеп-ана биіктеттің бойымды,

Икемі жоқ қолға қалам ұстатып,

Түзеткенсің жолымды да, бойымды.

Мектеп-ана, ұстаз-пана екенін,

Сенен ұққан, алтын бесік мекенім,

Сол пейілді көрмегенде ешкімнен,

Түсінемін ұлылықтың не екенін.

Жылылықтың сиясы бар сөзінде,

Ұлылықтың ұясы бар көзінде,

Ойын қуған еркелерден ой іздеп,

Тентектігін алып қалған өзіңде.

10-оқушы: Арманым сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің,

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.


«Мектебім менің» әні.


Мұғалім: Адамзат ең алдымен ана-әке алдында парыздар. Ата-ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ата-ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Келесі кезекте өлең жолдарымыз ата-аналарға арналады.


11-оқушы: Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

12-оқушы: Үмітіңдей көзіме ,

Көп қарайсың үңіліп

Еркелеген сөзімде,

Ертеңіңіз тұр күліп.

13-оқушы: Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді,

Әжем мені, өйткені ,

Өте жақсы көреді.

14-оқушы: Өскенде ал мен, енді

Аралаймын әлемді,

Сыйлық әкеп әжеме,

Таң қалдырам бар елді

Өте жақсы көремін,

Өйткені мен әжемді!


15-оқушы: Ортаймасын анам-әкем шаттығың,

Аялаған ақ шынарым, ақ гүлім

Уақыт өтер әжімдерің білінсе,

Жүрегімді езіп өтер тәтті мұң.



16-оқушы: Ана деген, әке деген мәнді атты,

Жетем саған талмай ұшып қанатым,

Өздеріңсіз өшпес өмір өзегім,

Ұрпағына бақыт тілеп қалатын.

17-оқушы: Дүниенің жарық күні анамыз,

Дана болсақ анаменен данамыз,

Алдыменен тыңдаңыздар , ағайын,

Аналарға арнап бір ән саламыз.

«Анам-әкем» әні.

«Кеңес» күйі.


Мұғалім: Ғалым да, батыр да, ақын да, диқан да, көк күмбезін шарлаған ғарышкер де, ақ халатты абзал жан дәрігер де, мал баққан шопан да бәрә-бәрі ұстаздан тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адамзат құрметпен бас иеді.


18-оқушы: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны,

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

19-оқушы: Енді міне, сағымдай боп өте шықты,

4жыл уақыт аз ба екен , кім біліпті?

Ұстаз-ана жасады мына бізден,

Ел таң қалар азамат бір-бір мықты.

20-оқушы: Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді,

Адамның ой-арманы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

21-оқушы: Жүзің жылы, құшағың кең,

Сенен тілеп ұшамын мен

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен.

22-оқушы: Ақылшы асыл ұстазым

Өзіңе мен де ұқсармын,

Жеткенше қайрат, күш-әлім

Биікке самғап ұшармын.

23-оқушы: Бізге шаттық әкелді,

Басшы болып әр істе.

Ұсынғаны адалдық,

Үйреткені адамдық,

Біз басшыға тілейміз,

Бақыт, табыс, амандық.

24-оқушы: Күлімдеп жанары,

Біздерге жиі кеп

Сынақтар алады.

Оқысаң нашарға,

Түйілер қабағы,

Бестікті көп алсаң,

Мәз-мейрам болады.


24-оқкшы: Зәурегүл апай өнерлі,

Әсем әннің шебері

Қызықтырып ән-күйге,

Бізді үйретіп келеді.

25-оқушы: Тұғырын үш тілдің

Білуді қош көрдім,

Рахмет ұстаз үйреткен,

Біздерді тіліне Пушкиннің.

26-оқушы: Диана апайға біз сендік,

Шетел тілін үйрендік,

Ағылшынша жазып та,

Біз сөйлеуді үйрендік.

27-оқушы: Денемізді шынықтырған,

Ойындармен қызықтырған,

Еңбегімен есейдірген,

Жанат ағай, рахмет бізден.

Бәрі: Бар білгенін аямаған,

Өз гүліндей аялаған,

Мың рахмет ұстаздарға.


«Ұстазым»әні.


28-оқушы: Бастауышым- балбұлағым,

Лаулап жансын шамшырағың,

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшты тауқыраның.

29-оқушы: Жүрегімде ұстаз берген сабағы,

Өн бойыма тамырланып тарады.

Ұмытпаймын салған жолын, ақылын.

Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.

30-оқушы: Ақыл-ойың жаңғырып,

Басауышпен қоштасқан,

Өңкей білгіш балдырған

Өсті бойың, ойларың

Құтты болсын тойларың.

31-оқушы: Өтті менің қызық шағым,

Бастауышым –балбұлағым.

Қоштасар шақ жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын !

Қош бол, қош бол,

Сүйікті бастауышым! бәрі

«Соңғы қоңырау» әні.

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен балаларға тілек айтар қонақтар- деп, келесі сөзді қонақтарымызға береміз.

  1. Мектеп директорына сөз.

  2. Тәрбие, оқу-ісінің меңгерушілеріне сөз.

  3. Ата-аналарға сөз.

  4. Мұғалімдерге сөз.


Оқушыларға, ата-аналарға марапат қағаздарын тапсыру.



Мұғалім: Бастауыш сынып білімі- бар білімніңи іргетасы, тірегі. Ендеше осы алған білімдеріңді пайдаға асырып, үлкен табыстарға жетіңдер. Тәуелсіз еліміздің тірегі боп өсіңдер дей отырып, мына өлең жолдарын сендерге арнаймын:

Балғындар, құтты болсын қадамдарың,

Жарқын болсын білімдегі болашағың.

Аттағалы тұрсыңдар бүгіндері,

Білімнің екінші бір баспалдағын.

4 жыл да міне, теп-тез өткерді,

Білім жолда өтті талай өткелді,

«Әліппені», «Ана тілін» үйреткен,

Ұстазбенен қоштасатын сәт келді.

Қанаттарың қатайды,

Биікке енді самғаңдар,

Білім жолы сара жол,

Ізденіңдер талмаңдар.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! «Бастауышым-балбұлағым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып, тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.




Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров411
Номер материала ДВ-317302
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх