Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Сценарий День Знаний 1 сентября-
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Сценарий День Знаний 1 сентября-

библиотека
материалов

Жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты ұстаздар, ата - аналар, оқушылар және шақырылған қонақтар!


Білім ордасының жаңа оқу жылындағы қуаныш пен шаттыққа толы білім мерекесіне қош келдіңіздер!


Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,
Қалықта Елтаңбасы шаңырағым.
Көк Байрақ көгерт менің көсегемді
Аспандат атам қазақ әруағын!

Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар! Өз туларыңа сап түзеңдер! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде әкелінсін!

Туды әкелу мәртебесіне ие болғандар:

4 сыныптың үздік оқушылары Шалдыбаев Әлішер,

Орымбаева Құралай және Махметова Ақмарал.

/ оқушылар туды әкеледі/


Қағылды зор қоңырау күмбірледі,
Аралап айлық жерді, күндік жерді,
Ілесіп сол қоңырау үніменен
Қазақтың даласына білім келді!

деп ақындарымыз жырлағандай білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиынын ашық деп жариялаймын. / Гимн ойналады/


Келді міне, қыркүйек есік ашып
Сен кіресің есіктен ептеп басып.
Әліппені аласың, қызықтайсың
Біреу емес бірнеше беттен ашып !


дегендей бүгінгі күні мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 – сыныптың оқушыларын қол соғып, қошеметпен ортаға шақырамыз.


Қош келдің балақан мектепке,

Қуаныш, қызығың көп болсын.

Тәртіпті оқушы болғайсың,

Қадамың нұр болсын, гүл болсын!

  • деген өлең жолдарымен ортаға 1 «А» сыныбын шақырамыз. 1 «А» сыныбын білім әлеміне бастап барар ұстаздары .


Сен енді оқушысың, жас қырансың,

Үміт күткен еліңнің ұланысың.

Бес алсаң ата – анаң қуанады,

Мақтауға ылайық сен баласың!

  • деген тамаша өлең жолдармен 1 «Б» сыныбын қарсы алыңыздар. 1 «Б» сыныбын білім нәрімен сусындатар ұстаздары Стамқұлова Рыскүл Тілегенқызы.


Болсам деп өнерлі жас талаптанған,

Қол созып, білімге олар талаптанған.

Тәртіпті, білімді жас боламыз деп,

Мектептің есігін бүгін алғаш ашқан!

  • 1 «В» сыныбын ортаға шақырамыз. 1 «В» сыныбын білімнің асқар шыңына бастап барар ұстаздары Баймұхамбетова Жанар Мұхамбетжанқызы


Болсын деп шәкірттеріңіз білімді жас,

Талаптанған жетер деп мұратқа хас.

Құттықтап мерекемен кеп отырған,

Құрметті қонақтардың бары да рас!

Бүгінгі білім күнімен ұстаздар мен шәкірттерді және ата – аналарды құттықтауға келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар!




Қолдаған үнемі үжым, шәкірттері

дем дерген ата – ана, әріптестері.

Сөз сөйлеп, құттықтауға шыққалы тұр,

Мектептің білікті ұстаз, білгір басшысы !


Алғашқы құттықтау сөз мектебіміздің директоры Мирамова Жұмабике Жұмабекқызына беріледі.


Мынау сенің классың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың!

- деген өлең жолдарымен ортаға бүгінгі мерекеде өз арман, тілектерін айту үшін 1 сыныптың оқушыларын шақырамыз. / 6 оқушы тақпақ айтады/


Құтты болсын қуаныш, тойларыңыз,

Орындалсын ойлаған арман, ойларыңыз.

Білімді шәкірттеріңіз көбейіп,

Ақталсын төккен тер мен еңбегіңіз!

- дей келе келесі құттықтау сөз кезегі


_____________________________беріледі.


Ел ертеңі – білімді ұрпақ екені баршаға аян. Олай болса, ертеңгі еліміздің болашағы – бүгінгі оқушыларымызды, ата – аналарымыз бен ұстаздар қауымын құттықтау үшін ортаға________________________________ шақырамыз.

Бүгінгі мереке ата - аналар үшін ерекше. Себебі бірінің баласы алғаш мектепке келгеніне, ал екіншісі сыныптан сыныпқа көшіп білім табалдырығының сатыларына көтерілгеніне қуанып жатады, сондықтан олардың қуануы мен қобалжуы орынды. Олай болса құттықтау сөз кезегі ата –аналарға беріледі. Ата – аналардың атынан құттықтау сөз сөйлеу үшін ортаға __________________________________ _________________________________________шақырамыз.


Шәкірттердің арқасында шаттанып,
сеніммен болашаққа барады аттанып,
Ұұстаздар бар ортамызда сыналған,

Барлығымыз жүретұғын мақтан ғып!

Құттықтау сөз кезегі 1 «Б» сыныбының ұстазы Стамқұлова Рыскүл Тілегенқызына беріледі.

Білімнің гүлін ашылған,
Терумен оқып жүр екен.
Бақытқа бізді шақырған,
Қоңырау даусы жыр екен !

- дей келе жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау соғу кезегін 4-сыныптың үздік оқушылары Амантай Меруерт пен Абайділдинов Нүрисламға және мектеп табалдырығын аттағалы тұрған кішкентай бүлдіршіндеріміз, 1 сыныптың оқушылары


Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
- дей келе салтанатты жиынды жабық деп жариялаймын. / Гимн ойналады/


Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар! Өз туларыңа сап түзеңдер!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде әкетілсін! /ту әкетіледі/


Өмірде бақытты адам өздері ме,
Құдірет, даналық бар сөздеріңде,
Аяулы ұстаздарға тілеріміз,
Нұр ойнап жүрсін әркез жүздеріңде!


Құрметті ата – аналар, оқушылар!

Сіздерді білім күніне орай өтілетін «Қазақстан жолы 2050: Бір мақста, бір м.дде, бір болашақ» атты 1 және 4 сыныптардың ашық тәрбие сағатына шақырамыз. Жаңа оқу жылы жақсы жаңалықтарға толы болсын !

/музыка ойнап тұрады/






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.10.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров56
Номер материала ДБ-259120
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх