Инфоурок Начальные классы КонспектыСценарий "Қош бол, Әліппе!"

Сценарий "Досвидания, любимый Букварь"

Скачать материал

Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппем!»

Мақсаты: Оқушылардың Әліппе пәнін игеру барысында алған білімдерін тиянақтау, сөздік қорын дамытып, эстетикалық талғамдарын тереңдету, ой белсенділігін арттыру, ана тілін сүйетін, қадірлейтін өз мәдениетін көтеруші және оның мұрагері болатын, рухани дәрежесі биік, Егеменді Қазақстанның  жер бетін көрсететін  жеткіншек тәрбиелеу. Яғни «ойнай берсең, бала боласың, ойлай берсең, дана боласың» ұғымын ұғындыру.

Түрі: Мерекелік ертеңгілік

Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, шарлар, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы.

Барысы: Экранда мультфильмдік фрагмент.

 Мұғалім:  Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, келген қонақтар. Бүгін қуанышты күн- «Қош бол, Әліппем» мерекесі құтты болсын. Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан – «Әліппе» . Бұл кітап – бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ. Олай болса 1 «А» сынып оқушылары бүгін сіздерге «Әліппені» қалай меңгергендерін, сонымен қатар қалай оқып, жаза алатындарын, өнерлерін де көрсетпек. Балаларыңыз білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле  берсін дей отырып, рұқсат етсеңіздер,ертеңгілігімізді  ашық  деп  жариялаймыз!

Қош келіпсіз,ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр толар

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар! Дей тұрып, бірінші сынып оқушыларын қарсы алыңыздар!

 (Сахна төріне 2015-2016 оқу жылының  1 «А» сынып оқушыларын ду қол шапалақпен  шақырамыз) осы кезде музыка ойналады, балалар кіріп «Біз бақытты балалар» әнін айтады

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың.

Аяулым:     Келгенде алғаш мектепке,

                    Білмеуші едік әріпті

                   Оқимыз қазір ертекте,

                   Үйреткен оны Әліппе!

Айсу: Әліппе деген алтын жол

              Апарар сені алысқа

             Жеңіл емес ауыр жол

            Тырысып бақ намысқа.

Адиль:Әліппем, менің әліппем,

            Өмірді келем танып мен

            Қайталап айтам мың рет,

           Өзіңе көп рахмет.

Исламбек: Көлге ойнаған бұлақтың

             Қайнар көзін көріп пе?

            Том-том қалың кітаптың

           Басы болар «Әліппең»

Жансая: Ең алғаш алғанымда «Әліппені»

                     Қызығып қарай бердім әріптерді.

                     Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

                  Ұстазым оның кілтін алып берді.

Амирхан: Бар кітапқа бас болған,

                  Әліппеден басталған

                  Әліппе – ғылым ағасы

                  Даналықтың данасы.

Архат: Бастауышым – бастамам,

             Білім жолын бастаған.

Мұғалім:Өтті оқу , сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Оқылықпен достассақ,

«Әліппемен » қоштаспақ

Өсті білім, бойыңыз.

Құтты болсын, тойыңыз!- дей отыра  «Сәлем саған мектебім» әнін қарсы алыңыздар

Оқушылар орындықтарға жайғасып отырады.

Мұғалім: Айтыңдаршы балалар, іші толы әріпке, білімдегі жарық не ?

Балалар: Ол сүйікті Әліппе.

Мұғалім: Олай болса ортамызға қадірлі Әліппемізді шақырайық!

Балалар хормен: Әліппе! Әліппе!

Музыка ойнайды, ортаға әліппе кіреді, ән айтады. «Менің атым Әліппе»

Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата - ана! 

Менің сендерге сұрағым бар, әліппенің бірінші әріпі қандай екен?

Хормен: А әріпі.

 Адиль:Алфавитің «А» тұрады басында ,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
Байқайсың ба «Б» тұрады үшінші
Ал, осының сыры неде ?

 

Айсу:
А-деген ол аналар ғой ардақты,
Ә-деген ол әкелер ғой салмақты
Б-деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі
Нұрхат:
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.

 

 

Мұғалім:  Ал қазақ алфавитінде неше әріп бар екен?

Балалар: 42 әріп бар

Мұғалім: Дыбыстар қандай түрге бөлінеді?

Балалар: Дыбыстар екіге бөлінеді дауысты және дауыссыз болып.

Дауысты дыбыстар жуан жіңішке, ашық қысан, еріндік езулік болып бөлінеді.

Дауыссыз дыбыстар қатаң, ұян, үнді болып бөлінеді.

Әліппе: Ал, балалар, өте дұрыс айтасыңдар.Білімдерін жақсы екен. Ал, сендер өздерін қандайсындар?

Балалар:

Амирхан: Сегіз қырлы, бір сырлымыз!

Аяулым: Әдемі және сыпайымыз!

Исламбек: Көңілдіміз, әдептіміз!

Айсу: Біз еліміздің болашағымыз!

Мұғалім: дұрыс айтасыңдар, олай болса, қонақтарымызға балалардың орындауында «Қаражорға» биін тамашалауға ұсынамыз. Әліппе сіз де бірге тамашалаңыз!

Би «Қаражорға»

Мұғалім: Ой, электорнды поштамызға хат келген сияқты.

Әліппе: Иә, ол ол менің достарым Ана тілі және математика жіберген болатын. Олар басқа мектепте бөгеліп, кешігіп келетін болғандықтан сендерге қызықты тапсырмаларын жіберді.

Мұғалім: Солай екен, ал біз балалармен бұл тапсырмаларды орындайық.

Тапсырмалар. Интербелсенді тақтамен жұмыс.

Мұғалім: Ондай тапсырмаларды біз өте жақсы көреміз, Әліппе жан.

Әліппе: Ал сендер осындай тапсырмалар орындағандарын үшін қандай баға аласыңдар?

Мұғалім: Қазір сұйікті Әліппе, біз сізге көрсетеміз.

Ойын «Баға»  ( балалар ортаға шығып билейді, музыка тоқтаған кезде еденнен бір бір қағаз алады, қонақтарға көрсетеді)

Мұғалім: Балалар ал, сендер өздерінің ата аналарын мекетепте қандай баға алғандарын білгілерің келе ме? Онда ортаға ата аналарды шақырамыз. Дәл сондай шартпен ойнймыз.

( ата аналар да билейді, музыка тоқтағанда бағаларын көрсетеді «3»  “2” )

Мұғалім: Рахмет, құрметті ата аналар, бұл әрине әзіл.

Әліппе: Балалар, сендер сабақты жақсы оқиды екенсіңдер, ал мектепте сендерге сабақты мұғалім түсіндіреді. Ал үйде сабақты кіммен қарайсыңдар?

Балалар: Анамен.

Мұғалім: Құрметті аналар, әкелер, аталар және әжелер.Сіздердің еңбектеріңізге мың алғыс. Келесі тақпақтарымыз сіздерге арналады.

Тақпақтар:

 

Жансая

Айтсаң  болды  тіл  алам,

Әйбат  мамам, ақ  мамам.

Сені  көрсем  қуанам,

Сен  керексін  әрқашан.

 

Айсу:Жүре  берсең  қасымда,

Әйбат  анам  қуанам.

Ботам  деген  даусыннан,

Мен  мәз  болып  оянам.

 

АмирханАқыл  құйған  санама,

Күннен  де  артық, расында.

Күн  алыста, ал  анам,

Ылғи  менің  қасымда.

 

Аяулы  да, алтын  нұрлы  анашым,

Жүрегіммен  мәңгі  бірге  боласың,

Сен-асқарсың, сен-аспансың,биіксің,

Сен-дарқансың, сен-жомартсың,данасың.

 

 

Адиль:Адам  бар  ма  ана  сүтін  ақтаған,

Алуан-алуан  ауыр  сынды  аттаған.

Адалдықты, ар-намысты  сақтаған,

Мен  анамның  сонысына  мақтанам.

 

\Ислам:Ана  десем, алғыс  алам  халқымнан,  

Ана  десем, теңіз  болам  шалқыған.  

Ана  десем, қағады  жүрегім,  

Ана  десем, ашылады  қабағым.

 

 

Аяулым: Айналайын, ақ  анам!

Ана- көрк  көгінің,

Ана- нұры  жерімнің.

Ана- бағы  баланың,

Мақтанышы  елімнің.

 

Әліппе: Тақпақты жақсы айтады екенсіңдер.

Мұғалім: Құрметті әліппе, біздің балалар өлеңді де жақсы айтады, олар тек қазақша ғана емес, тіпті ағылшын тілінде де өлең айта алады. Келіңдер, балалар, қонақтарға ағылшын тілінде өлеңді орындап берейік.

                                                            Өлең «Иф ю хэппи» 

Мұғалім: электорнды поштамызға тағы хат келіпті. Бүл Математика және ана тілі. Біздің мектепке жетіп қалыпты.Ендеше оларды ортамызға шақырайық.

(Музыка ойнайды математика және ана тілі келеді)

Ана тілі: Армысыңдар жас достар!
Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын,

Шарықтап қиялың,
Зердеңе ой құямын.
Бір-бір мектеп-Ыбырай,
Абай, Ахмет зиялым
Табыстырам бәрімен.
Өлең-жыры, әнімен
Өрісіңді кеңейтіп,
Шежіре айтып әріден
Қысқы ілім-білімнің
Бәрі, бәрі, бәрі –мен.

- Балалар, енді мен сендермен бірге ары қарай жүремін.Мен екі тоқсан бойы мен сендердің әліппені меңгеріп отырғандарыңды байқап отырдым. Білімдеріңді ары қарай тереңд етігу дайын екенсіңдер.Мен бүгін сендерге жұмбақ жасырып әкелдім.

 

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)

Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)

Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.
(қалам)

Ана тілі: Өте жақсы балалар, жұмбақты та жақсы біледі екенсіңдер.

Математика: Мен де бос келген жоқпын, есеп шығаруды жақсы меңгеріпсіңдер, енді  сендерге қызықты логикалық сұрақтарымды дайындап әкелдім.

 1. Торда үш қоян бар еді.Үш оқушы бір-бірден қоян алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалды. Ол қалай? (Ж: біреуі торымен алған).
2.Бес бұтақты қайыңда,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер сайынға,
Сонда қалды неше алма қайында? (Қайыңда алма өспейді).
3.Күн мен түн қалай басталады? (кезекпен)
4.Адам есектен неге құлайды? (жерге).
5.10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10)
6.Сен және мен, біз екеумуз қосылсақ қанша боламыз? (екеу)
7.Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға)

Мұғалім: Рахмет сіздерге, құрметті достар, енді әліппемен бірге жайғасып, біздің оқушыларымыздың мектептегі өмірі туралы презентациямызды тамашалаңыздар.

(Слайд презентациясы жүріп жатқанда балалар киімдерін ауыстырады)

Мұғалім: Құрметті біздің Әліппе, Ана тілі, математика достарымыз,  оқушыларымызды «Чунга чанга» биімен қарсы алыңыздар

Би «Чунга чанга»

Әліппе: Балалар! Сендердің «Әліппені» жақсы меңгеріп, сауатты болғандарыңа көзім жетті. Мен сендермен қоштасып, басқа балаларды сауаташуға үйретуге аттанамын.Енді сендер ары қарай Ана тілі оқулығымен жүресіңдер. Білім баспалдағына басқан қадамдарын сәтті болсын. Сау болыңдар!

(Балалар әліппемен қоштасады)

Мұғалім: Құрметті қонақтар, біздің оқушыларымызды осы күнге дейін оқытып, білім теңізінің толқындарымен жүргізіп келе жатқан пән мұғалімдерімізге де алғысымызды білдіреміз ( ИВТ Айдана Сансызбайқызы, ағылшын тілі Меруерт Асқарқызы, денешынықтыру Дастан Бердіханұлы, өзін өзітану Равдал Мейрамгүл,)

 «Ардақты ұстазым» әні сіздерге арналады.

Мұғалім:

Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында

Ақ ниететпен баршаға тілек айтар қонақтар!

- Ал, енді құрметті қонақтар құттықтау сөзі Жамбыл орта білім беретін мектебінің директоры Султангазин К.К беріледі. ( Балаларды дипломдармен марапаттайды)

Мұғалім:

Құрметті ата аналар енді балаларымыз сауатты болып, өздері оқиды, өздері жаза алады. Бүнгі күнге дейінгі меңгерген өнерімізді тамашалауға уақыттарыңызды бөлгендеріңіз үшін, мектеп , сынып өмірімізге ат салысқандарыңыз үшін сіздерге рахмет! Сіздерге тілейтінім тек жақсылық, осымен бүгінгі «Қош бол, сүйікті Әліппе» ертеңгілігіміз аяқталды.Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қош бол, құтты Әліппе!»

 

 

 


     

                                                                                                                                  Бастауыш сынып мұғалімі:

Б                                                                                                   Бейсембекова Ж.С.

 

 

 

 

 

 

 

2015 ж.

  

 

    

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий "Қош бол, Әліппе!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 167 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2016 475
    • DOCX 602.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бейсембекова Жанар Санатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бейсембекова Жанар Санатовна
    Бейсембекова Жанар Санатовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11113
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 44 регионов

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 31 региона

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 34 регионов

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 37 регионов

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов