795684
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокДругоеДругие методич. материалыСценарий "Екі жұлдыз" мега - байқауы

Сценарий "Екі жұлдыз" мега - байқауы

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта метеп-лицейі

«Екі жұлдыз» мега - байқауының сценарийі


(Акт залында «Екі жұлдыз» әні)


Жүргізуші -1

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

Қырандай қалықтап, әсем әнмен шарықтап, Қазақстанды аралап, өнерліні жағалап, алыстан ат арытып, микрофонды тоздырған «Екі жұлдыз» байқауы міне біздің де мектепке келіп жетті.

Қазақ халқы қашанда өнермен өнерпазға кенде болмаған ғой. Ал, ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағының жанып, бабының келіскені деп ұғамыз. «Жұлдызың жансын!» - деген қазақы ақ тілекпен бастап, ақындарымыздың аузына түскен:

«Жұлдыздар жерге жақындап,

Байланып қалған сияқты.

Қаз - қатар өскен тату бақ,

Ойланып қалған сияқты».


Жүргізуші -2

«Көзіңнен күлкі үйірілген

Айналдым кірпігіңнен

Бір ұшқын шарпып өтті,

Сөйтті де ғашық етті!» - деген ән жолдарын бәріміз де тыңдап келеміз. Олай болса, бүгінгі «Екі жұлдыз» бағдарламасына хош келдіңіздер!

Құрманбек ендеше жұптарды ортаға шақырмастан бұрын бүгін осы жұптарды номинация бойынша марапаттайтын және кімнің нағыз жұлдыз екенін шешетін адам керек емес пе? Ондай болса, ең алдымен қазылар алқасымен таныс болайық:


Жүргізуші - 1

Домбырада ойнаса қоңыр үнімен құлақ қыршынын қандырар, микрофонмен ән салса, жастық делебеңді қоздырар, музыка маманы, қазылар алқасының төрағасы, мектебіміздің директоры Нұртай Мүсірәліұлы Тұмбаев



Жүргізуші -2

Белгілі сазгер, тәлімгер әнші, Қазақстан Республикасының «Білім беру» ісінің үздігі Әжібекова Серікжамал Әжібекқызы


Жүргізуші -1

Мектебіміздің ата – аналар комитетінің төрайымы, ән сүйер апайымыз Азанбаева Бағила Бейсенбекқызы


Жүргізуші -1

Музыка маманы, АӘД пәнінің мұғалімі - Әлібаев Нұрдәулет Дәулетбекұлы


Жүргізуші -2

Мектебіміздің әншісі, бастауыш сынып мұғалімі Қойайдарова Үмітжан Ахметжанқызы


Жүргізуші -1

Өлең десе ішкен асын жерге қояр поэзияға жаны жақын әпкеміз Қауметова Биғайша Серікболқызы


Жүргізуші -2

Ал енді күміс көмей, жез таңдай жұлдызды жұптарды ортаға шақырайық.

Ал, жұптар бүгін жұлдыздарыңыз жана берсін дей отырып, сіздерге сәттілік тілейміз. Сіздер сахнаға шығуға дайындалғанша, бағдарламамыздың ашылу құрметіне

әнін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші -1

Өнер десе, қанатын өрге сүйрететін өнерпаз алғашқы жұптарымызды ортаға шақырамыз.



Жүргізуші -2

Сонымен келесі жұбымыз күндей күлімдеген, айдай ажары бар аруымыз бен жұбына құт болған қошеметпен ортаға шақырамыз. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын өнерпаз жұптарымызға қол соғып, қошеметтеріңізді көрсетіп отырыңыздар! Рахмет!


Жүргізуші -1

Өнерінің күшімен, микрофонның ұшымен сіздерге әсем әндерін арнайтын келесі жұбымыз:


Жүргізуші -2

Құрметті көрермендер, қадірменді қонақтар, қошемет көрсетіп, қол соғып отырсаңыздар. Талай күнгі кештерін сарп еткен, еңбектерін көрсеткелі тұрған келесі тағы бір өнерпаз жұбымыз:


Жүргізуші -1

Қазақ қонақ келсе төрге,

Әнші келсе өрге,

Аққу келсе, көлге сүйреген, халық қой. Ендеше, жұптасқан аққудай келесі жұбымызды қошеметпен ортаға шақырайық.





Жүргізуші -2

Өнерпаз боп ән айтқан,

Ән айтқанда, таңға айтқан,

Таңға айтқанда, жанды айтқан – демекші, жанды дауысты келесі жұпты қарсы алыңыздар:


Жүргізуші -1

Арманнан адам арылмас,

Аңса да асып арындап

Ақшақар қыз ақ қардай

Тұрады лебі жалындап – демекші, арманның ақ құсына мінген, екеуі жұп болып жарасып тұрған, біреуі Гүлстандағы гүлдей, енді біреуі ақ сұңқарға мінгей өнерпаз жұлдыздарымыз Жарқын мен Маржанның орындауында «Бақыт таңы» әнін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші -2

Мына киелі сахнаның орны бөлек. Мұнда кез – келген адам шыға бермейді. Тек «ұялмаған әнші болады» дегендей, халық алдына шыққанда ұялмайтын, арқасын кеңге сала білетін, өнерден хабары бар, талантты, әрі өнерпаз адамдар ғана шығады. Сондай талантты жұптарымыздың бірі:


Жүргізуші -1

Әнмен маржан өретін

Өнерін халқым көретін,

Жұптасып бізге ән айтып беретін, келесі дарынды жұбымыз:



Жүргізуші -2

Рахмет! Көрермендер ду қол шапалақ соғып, қошемет көрсетіп отырайық. Ал, келесі жұбымыз «Екі жұлдыз» деп көптен егіліп жүрген, өнердің қиыны мен қисынын көріп жүрген келесі жұбымыз:


Жүргізуші -1

(Көрермендер алғыс) Маржан, осы өнер көрсеткен жұптарымыздың қайысы саған ұнады және неліктен?


Жүргізуші -2

Ой, Құрманбек, маған дәл осы жұп ұнады деп бөліп жаруға болмайды ғой. Себебі, осы жобаға қатысу үшін барлық жұп біршама уақыт ішінде өздерін жақсы қырынан көрсету үшін бар күштерін салып, дайындалды емес пе? Сондықтан, әр жұп өз өнерін ортаға салып, барлығы да жақсы айтты деп ойлаймын.


Жүргізуші -1

Рас айтасың, бірін жақсы, бірін жаман деуге болмайды. Әр жұптың өзіндік кемшіліктері мен артықшылықтары бар деуге де болады. Ондай болса, осымен 1-ші бөлім аяқталды деп жариялап және қазылар алқасының бір ауыз сөзін тыңдайық. (Қазылар алқасы өз пікірлерін айтады)


Жүргізуші -2

Қазылар алқасы, пікірлеріңізге үлкен рахмет! Сіздердің сөздеріңіз жұптарға күш береді деп үміттеміз. Енді жұптар екінші бөлімге дайындық жасағанша, тағы сіздердің құрметтеріңізге арнап келесі сазды әуенімізді қабыл алыңыздар.

11 сынып оқушылары Сая мен Жаннұрдың орындауында әні


Жүргізуші -1

Осыдан екінші бөлімімізді бастайық. Жұптарды кезекпен ортаға шақыру.

«Екі жұлдыз» байқауына қатысушыларды марапаттау.

  1. «Бас жүлде»

  2. «Ең үздік дауыс»

  3. «Жарасымды жұп»

  4. Комедиялық жұп

  5. Лирикалық жұп

  6. Талантты жұп

  7. Биші жұп

  8. Ең әдемі жұп


Жүргізуші -2

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар! Осымен бүкіл әлемді аралап, Қазақстанды жағалап, халықтың жүрегін жаралап келген «Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне жетті. Біздің мақсат – бірін төрден, енді бірін өрден көрсету емес, осындай өнерпаздарымыздың өнерлерін мына сіздерге паш ету. Өнерлеріңіз өрге жүзсін дей келе барлығымызды келе жатқан мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтап, қоштасамыз.


Жүргізуші -1

Осымен, көктем мерекесі алдында өткізіліп отырған «Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне жетті. Жұлдызды жұптарды алған номинациялары бойынша шын жүректен құттықтап, көк аспанның төрінде жарқырап тұрар тілек айтып, алдағы көктем мейрамымен құттықтай келе «Ана» өлеңімен аяқтағым келіп отыр.


Ана

Өмірге ана – бұлақ,

ана пана.

Өмірді өркендетер ана ғана,

Тудырған талай көсем, талай шешен,

Талай ер,

Талай ақын,

Талай дана.

Келтірмес адамзатқа еш жаманат,

Өзгег көрсетері - тек шапағат,

Ананың жүрегінен орын алған:

Ізгілік,

Мейірбандық

Һәм махаббат.

Ана!

Ол - біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы – Отанды да

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.






















«Екі жұлдыз» байқауын бағалау парағы



Аты – жөні

Орындайтын әні, пародиясы






қорытынды

1

Қаусова Гүлсім

ҚалымбековТемірлан

«Ақ мамам»

«Жалқаубек»







2

Қуанышбаев Қайыржан

Құрмашева Мадина

«Егіз лебіз»

Майкл Джексон

Леди Гага







3

Сәрсембаев Қуаныш

Қызайбаева Айгүл

«Кездесу тангосы»

Кукарелла







4

Шенгелбаев Айдар

Махмет Айбүбі

«Бойында Арыстың»

Ф.Киркоров М.Распутина







5

Тұяқова Махаббат

Әйгерім

Арай

Перизат

«Ана туралы аңыз»


Попури







6

Жұмәділов Ақбол

Ахметқалиева Қымбат

«Сұлу қыз», «Хуторянка»

Попури







7

Байзакова Кәмел

оқушылар тобы

Би «Қара жорға»











Общая информация

Номер материала: ДВ-429072

Вам будут интересны эти курсы:

Курс «Логистика»
Курс повышения квалификации «Педагогическая риторика в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация научно-исследовательской работы студентов в соответствии с требованиями ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания конституционного права с учетом реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Управление финансами: как уйти от банкротства»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Риск-менеджмент организации: организация эффективной работы системы управления рисками»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности специалиста оценщика-эксперта по оценке имущества»
Курс профессиональной переподготовки «Политология: взаимодействие с органами государственной власти и управления, негосударственными и международными организациями»
Курс повышения квалификации «Финансовые инструменты»
Курс профессиональной переподготовки «Эксплуатация и обслуживание общего имущества многоквартирного дома»
Курс профессиональной переподготовки «Гостиничный менеджмент: организация управления текущей деятельностью»
Курс профессиональной переподготовки «Осуществление и координация продаж»
Курс профессиональной переподготовки «Технический контроль и техническая подготовка сварочного процесса»
Курс профессиональной переподготовки «Стратегическое управление деятельностью по дистанционному информационно-справочному обслуживанию»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.