Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Сценарий екінші сәби тобы "Аналар мерекесі"

Сценарий екінші сәби тобы "Аналар мерекесі"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

«Бекітемін»

«№46 сәбилер бақшасы» МҚКК

басшысы _______________

М.М Кусанова

«____»___________2014 жыл


8- Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.

«Көңілді балапандар»

Балалар:Барлығы балапан киімін киген:

Кейіпкелер: Ақтөс, Үй иесі, Сайқымазақ.

Музыка үнімен. балапанның костюмін киген балалар тәрбиешімен қонақ бөлмеге кіреді.

Жүргізуші:Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.Ал енді ортаға аналарға арналған тақпақтарымен кішкентай бүлдіршіндерді шақырамын.


1.Анам менің сүйіктім
Тек өзіңетабынам.
Қасымда жүрсең биікпін, 
Алыстасаң сағынам.

2.Анаң болса қасында,
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі,
Мейірімдіғой керемет.

3.Мен анамды сүйемін, 
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды, 
Қуантсамдеп келемін.
4.Айналайын анашым,
Аялайсың бағасын.
Сен үшін балалармен,
Ән шырқайық бәріміз.

Ән: «Құтықтаймын мама қуанышың мен»


Бір бала ортаға шығады:

- Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім, беретін гүлім бар. Әжетай, сені жақсы көремін.

Тақпақ: Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген әжетайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамың мен құттықтаймын

Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы бар деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, Сағындым әже сағындым әнін қабыл алыңыздар

Ән: «Сағындым әже сағындым»

Жүргізуші:Енді біздің балалар сіздерге шалқан ертегісі бойынша ойын ойнап береді.

Ойын:Шалқан:Атай шалқан егіпті. Шалқан үйдей болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ боп, шалқалай тартады. Олай тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды. Атайәжейді шақырады. Әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды, олай тартқылайды, тартқылап суыра алмайды. Әжей немере қызын шақырады. Немере қызы әжейдің белінен ұстайды. Атай шалқанның желегінен ұстайды, олай тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды. Немересі күшігін шақырады.

Күшік мысықты шақырады. Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды, олай тартқылайды, былай тартқылайды, суара алмайды.Мысық тышқанды шақырады, тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, немере қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды, қатты тартып

қалғанда, шалқанды суырып алыпты.

Қоңырау соғады, музыка әуенімен тауық кіріп балапандарын іздейді,балапандар орындарынан тұрады би билейді
Жүргізуші: Қоңырауымыз шылдырлап, келсін бізге қонақтар
Ән әуенімен Үй иесі кіреді
Үй иесі: Орман аралап жүрсем,
Қоңырауды естідім.
Қатты дыбысымен,

Менімұнда әкелді.
Мен қырсық, жаман емеспін
Мен тентек қызбын
Мені бәрі әдемі, ақылды деп айтады.
Қайда түсіп кеттім, аяқтарым мені қайда әкелді
Жүргізуші: Сәлеметсің бе?
Үй иесі: Сәлем бердім бәріңе! Не сауық бұл жерде?
Жүргізуші: Сен бізге мерекеге түстің. Бүкіл балалар аналарын, әжелерін және қыздарды құттықтап жатыр.
Үй иесі: Немен құттықтап жатыр? Қандай мереке? Неге мен ештеңе білмеймін?
Жүргізуші: Бүгін халықаралық 8 наурыз әйелдер күні.
Үй иесі: Ой, қандай бақыт!Ә Мен де әдемі қызбын ғой, ендеше мені де құттықтаңдар!
Жүргізуші: Әрине, мерекеңмен! Ал біздің балалар саған мақтау тартады
Балалар кезекпен: әдемі, көңілді, ақылды сөздер айтады
Үй иесі: Ой, қандай керемет, көңілім көтеріліп билегім келіп кетті ғой әуенге билейді
Жүргізуші: Сен өзі әдемі билейсің ғой. Біздің балалар да әдемі билей алады.
Би: «Вальс»
Ақтөс кіріп көңілсіз айтады:
Ақтөс: Маған ешкім ботқа пісірмейді
Менің жөтелімді ешкім емдемейді
Менің анам жоқ
Ешкімге керек жоқпын
СенҮй иесі жаман емессің
Сен көңілді, күлкүлісің
Күлімдеп жүресің
сен менің анам болшы?
Үй иесі: Әрине қымбаттым.Сен боласың менің ұлым бол! (Қуанып билейді) Енді менде ұлым бар, ана болдым!
Жүргізуші: «Ана» деген ең жақсы сөз әлемде.Қазір аналарға арнап Айғаным ән айтып береді.
Ән: «Анашым», ( Жеке номер)

Үй иесі: Қандай тамаша ән. Үйге қайтар уақыт келді. Жүре ғой ұлым мен саған ботқа пісіріп берейін. Сау болыңдар.кетеді.

(қоңырау соғылады)
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдерме, достар! Сәлеметсіздерме, қымбатты ата-аналар!

Жүргізуші: Сәлеметсіңбе, сайқымазақ!

Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу! ( балалардың қолынан ұстап амандасады).

Сайқымазақ: Ал мен әнді жақсы айтамын, маған микрофон беріңіз, моэстро музыку. (музыка ойнайды, сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады)

Жүргізуші: Тили Вили сен босқа өз тамағыңды шаршатпа. Оданда біздің балаларға бір жақсы көңіл күй сыйлашы.

Сайқымазақ: Жарайды олай болса мен балалар мен гүлді жина ойынын ойнағым келіп тұр.

Ойын:

«Гүлдіжина» эстафетасы

Ойынның шарты:

Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ 5 баладан. Алдарында орындықтың үстінде бес гүлжатыр. Балалар сол гүлдерді кезек- кезек, бір - бірден алады. Сосын құмыраға салады.Кім бірінші болады сол жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Енді біздің балалар аналарына деген сыйлықтарын берсін.

Жүргізуші: Рахмет, саған сайқымазақ. Сен бүгін бізді қызықтырып жүрдің.

Сайқымазақ: Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де білеміз, және біз фокустар көрсете аламыз. Сендерге де қазір фокус көрсетеміз.

Фокустар: Саусақпен. Саусақты жұтып алады. Қазір мен сендерге ( Бір гүлді алады да) Гүлмен, осы гүлмен сыйқыр көрсетемін.

Гүлді қорапқа салып, айтады: «Қазір осы гүлбасқа бояумен боянады». Шығарса, боянбапты. Ой, неге боянбайды.

Жүргізуші: Сиқырлы сөздерді айту керек қой. Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер. Қәне бәріміз бірге айтайық.

Сайқымазақ: Фокус, мокус. (Қораптың ішіне қараса, ішінде кәмпиттер жатыр екен.`Балалар, қараңдар гүліміз кәмпиттерге айналды.Балаларға кәмпиттер таратылады.

Музыка үні естіледі: Сырттан тауық балалапандары мен кіреді де би билейді.

Би: «Көңілді балапандар»
Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі еңсұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңізсау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сауболыңыздар! 










Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-537738
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

Комментарии:

2 месяца назад

Спосибо за сайт!