Инфоурок Другое Другие методич. материалыСценарий фестиваля "Достығымыз жарасқан ел"

Сценарий фестиваля "Достығымыз жарасқан ел"

Скачать материал

Күні:17.03.201

 

Тақырыбы

 

«Достығымыз жарасқан ел!»  атты мектепішілік байқаудың сценарииі

            1-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Қазақстан бейбітшілік туын жоғары ұстаған жер достығының ордасы.

Осындай қасиетті де, берекелі ел, ежелгі Жуалы жеріне бірлік пен достықтың, жалпы ұлттың, татулықпен келісімнің куәгері наурыз келді ағайын!  Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні –Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді.

Наурыз мерекесіне арналған «Достығымыз жарасқан ел!» атты байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

2-жүргізуші: Бүгінгі күн мектебімізде ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

1-жүргізуші:  Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

                        Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

                        Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

                        Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

2-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында  бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.

2-жүргізуші: Кең байтақ елімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз _______________________. Ендеше, сізді, көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.

/мерекелік лебіз/

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

                        Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

                        Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

                        Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

2-жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

                        Қайта тудым өмірге қайта келдім.

                        Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

                        Айта бергім келеді, айта бергім.

1-жүргізуші: Еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 25 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.

2-жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық дәмімізді ұсынатын, ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне алғашқы сөз кезегін береміз.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізде біз 4 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.

2-жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

1-жүргізуші:                           Ортақ мекен жер шары,

                                                  Төбемізде бір аспан.

                                                  Барлық ұлттың баласы,

                                                  Достығымыз жарасқан.

2-жүргізуші:                           Ортақ бізге бір Отан,

                                                  Ортақ жердің байлығы.

                                                  Еңбек ортақ, жыр ортақ,

                                                  Ортақ бізге барлығы.

 

1-жүргізуші: Сөз кезегі украин халқының өкілдеріне беріледі.

/украин халқының лебізі/

2-жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, Орыс халқының өкілдеріне сөз кезегін береміз.

/Орыс халқының сәлемі/

 

1-жүргізуші:                         Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

                                                Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

                                                Елім менің биіктігі шарайнам,

                                                Қыран құсы көгінде мың самғаған!

2-жүргізуші: Сөз кезегін Өзбек халқына береміз.

/Өзбек халқының сәлемі/

1-жүргізуші:                     Қайсарлығы қара тасты үгіткен,

                                            Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.

                                            Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,

                                            Арғы тегі Алаштан тараған,

                                            Керегесін ағаштан құраған елміз!

2-жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!

1-жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!

2-жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз!

1-жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

2-жүргізуші: «Атамекен» әні хор қатысушылар орындайды.

 /ән орындалады/

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

1-жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

1-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!

2-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!

1-жүргізуші: Қазақстан жасасын!

2-жүргізуші: 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы  күні жасасын!

1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Достығымыз жарасқан ел!»  атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.

1,2-жүргізуші: Сау саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий фестиваля "Достығымыз жарасқан ел""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 909 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.03.2016 3008
    • DOCX 20.4 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алиева Гульвира Кадырбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алиева Гульвира Кадырбековна
    Алиева Гульвира Кадырбековна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21963
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой