Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сценарий к 8 марта

Сценарий к 8 марта


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Айналайын ақ анашым»

Мақсаты:Ұлттық салт дәстүрлерімізді дәріптеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Үлкенді сыйлауға, ата-ананы қадірлеуге, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қанатты сөздер, шарлар, гүлден, дастархан , музыкалық құралдар, тапсырмалар жазылған карточкалар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру сәті. Балалармен ата-аналарды отырғызу, керекті құралдарды алғызу, назарларын жинақтау.

жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді балғын балаларымызға береміз.

1. Арман Келді көктем күнің, күлімдейді гүлің Алтын ойлы анам, Мерекеңіз бүгін!

  1. Жансен Шалқып, тасып әніміз
    Жадырасын жанымыз,
    Ана, сені құттықтап,
    Әндетеміз бәріміз

  2. Қуаныш Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
    Әрқашан ана сізбен берекеміз.
    Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
    Сонда біз кісілікке теңесеміз!

  3. Есқат Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
    Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
    Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
    Үлбіреген жауқазын гүлдейсіздер!

  4. Дария Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
    Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
    Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

  5. Бекзат

Ана біздің күніміз, Ананың біз гүліміз, балаңызды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!

  1. Дариға Мені жақсы көреді, Күндей күліп жүреді, Көп ертегі біледі, Маған айтып береді Шашымды өріп тараған, Қабағыма қараған, Үлкен кіші демейді, Сыйлайды оны бар адам!

  2. Әлижан Ақ қабақты анашым, күн сәулелі анашым, Әлпештеген баласың, айналайын анашым!

  3. Нұрай Әлпештеген аялаған, Ақ сүт берген апатайым, Сәлем жазып бүгін саған, Мейрамыңмен құттықтаймын!

  4. Еркебұлан Жұмақ-құшақ панам, Күндей нұрлы санаң! Қызығың көр ұл-қыздың, Еңбек сүйгіш Анам!

  5. Камила Ақ анашым, аппағым, Өзің жайлы тақпағым, Өзің жайлы әнім де, арнадым саған бәрінде!

  6. Әлихан Әр сөзімді жаттаған, Жүрегімде сақтаған, Анашым деп мақтанам, айналайын ақ мамам!

  7. Әмина Мейірімің меймілдеген, Сенен туған менмің өрен, Арқа сүйер панам өзің, Ақ сүт беріп елжіреген!

  8. Қымбат Менің әжем мейірбан, Мені жақсы көреді, Қажетіңе жарасам, Жас балаша күледі!

  9. Азинат Бізді өсіріп, баптаған, Жақсы болсақ, шаттанған, «Алтыным» деп мақтаған, Айналайын ақ мамам!

16. Ерасыл Біз үшін тыным таппаған Айналайын ақ мамам! Анашым деп еркелеп, Әдеппен бас иемін!

17. Сабина Мамаларды сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз, Әжені де ардақтап, Әдеппен бас иеміз!

Хор «Ана» туралы ән

«Ана өмір қолдаушысы әлемнің,

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы, Сейісмесің жанарынан ананың,

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.

Аялайық аналарды әрдайым,

Қуанышқа бөлейікші өздерін,

Әжелердің, аналардың, қыздардың,

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерің»!дей келе ендігіде сайысымызды бастайық. Біздің топтар қазір өздерімен таныстырып, сәлемдеседі.Әділқазы алқасының төрайымы , мүшелері Жақсылыкова Әсель,

  1. Топтардың сәлемдесуі.

  2. 1 топтың бала өнері: Аскарова Сабинаның орындауында ән «Ақ мамам»қошеметпен қабыл алыңыздар

  3. 2 топтың көрінісі (Динара, Алмагуль апай, Динара, Лаура)

  4. Мақалды аяқта. Қазақ халқы балаға, анаға, отбасына, тәрбиеге байланысты өте көп мақал-мәтелдер, нақыл сөздер тауып айтқан халық, қаір сол мақалдарды қалай білетіндерінді көрейік. Мен басында не ортасында не болмаса соңында кездесетін бір сөзді айтамын ал сіздер мақалды түгел тауып айтасыңдар. «Бала»-

Бала-адамның бауыр еті, Бала –артта қалған із, Баланың ата-анаға қарызы көп, Балаға ақырып үйретпе, ақырын үйрет, Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі,Дүниеде бал тәтті, балдан бала тәтті,Адам болар бала алысқа қарайды,

«Ұл, қыз» Ұл туғанға күн туады, Ұл орнындағы ту, қыз –ұшатын қу.Үй иесі -ұл, төр иесі -қыз,


  1. Әлемдегі ең асыл жан ол –Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы, да мейірімді жан. Ана –барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі,оны тәрбиелейді, өсіреді. Ана құдіретті жан, ендеше тағы да бүгінгі мерекелеріңізбен деп құттықтап №3 топтың ән шашуын қабыл алайық.

  2. 3 топтың бала өнері яғни «би» вальс

  3. Аяулы аналар, кішкентай Арулар Алғашқы көктем мерекесі жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналған қандай тамаша мереке! Енді келесі №1 топтың ата-аналар тарапынан айтылатын ән шашуын қабыл алайық!Әлижанның папасының орындауында « »

  4. Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды,

Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,

Нұрын шашсың мерекеге өңірлер.

Ендігі кезекті №1 топтың көрінісіне берелік.


  1. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Келесіде Дариғаның мамасы Динараның орындауында « » , қошеметтеп қабыл алайық.

  2. 2 топ бала өнері «би»

  3. Сұрақ-жауап. Қай топ сұраққа дұрыс әрі толық жауап берсе сол топ 3 ұпай, ал қысқа жауап берген топ 2 ұпай, ал жауабтарына өздері сенімсіз, аздап қателессе 1 ұпай, мүлдем жауап жоқ болса 0 ұпай беріледі.

Қыздардың шашына тағатын бұйым?(Шашбау)

Келін алғаш босағаны аттағанда не істейді?(отқа май құяды)

Аяққап не үшін арналған бұйым?(Ыдыс салуға)

Қыз балаға неше үйден тыю деп қазақ халқы мәтелдеген? (40)

Тұрмыс құрмаған бойжетіп қалған қыз бала басына не киген? (Сәукеле)

Неше қызы бар әке жұмаққа бірден барады деген сөз бар? (3)

Қазақ «ұзынсары» деп қай мезгілді айтқан? (көктем)

8-наурыз толық қандай мереке деп аталады? (Халықаралық әйелдер күні)

  1. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

  2. Аналар қыздар жасай берсін!

Ана десе ақтарылған ағынан,

Анашымды күніне мың сағынам,

Тірлік үшін әулиеге табынам,

Аналардың ақ сүтіне табынам!

Балалар түгеліміз келіп ортаға тұрып, әнімізді шырқап аналарға сыйлығымызды беріп, құттықтайық.Ән «Құттықтаймын ана мерекеңмен»

Әділқазы алқасына сөз кезегін берейік.

Ұлдардың қыздарға сыйлықтарын таратуы.

Мұғалім:Ата-аналарға рахмет айтып, мерекелік шараны қорыту.

Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!


























































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров58
Номер материала ДВ-449159
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх