Инфоурок Иностранные языки КонспектыСценарий конкурса выразительного чтения стихов на казахском языке

Сценарий конкурса выразительного чтения стихов на казахском языке

Скачать материал

 

Мәнерлеп оқу  және ән шырқау сайысы

Тақырыбы: «Ана тілім - айбыным»

Мақсаты:  Оқушыларды мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік

тілімізді сүюге, мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстауға тәрбиелеу. Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын қалаптастыру. Сөйлеу мәдениетін дамытып, патриоттық  сезімін қалыптастыру.

Міндеті: Оқушылар өлеңді, әнді талапқа сай мәнерлеп жатқа көркем түрде оқулары  тиіс.

Көрнекіліктер: Тіл туралы қанатты сөздер, музыка, шарлар.

 

Сайыстың барысы:

1 - жүргізуші:    

     Қайырлы күн, қымбатты достар! Құрметті қонақтар!  Оқушылар арасында «Ана тілім - айбыным» атты мәнерлеп оқу және ән шырқау сайысына қош келіпсіздер!

 

2 - жүргізуші:

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

 

1 - жүргізуші: 

      Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Жолдауында: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет» деген жолдауындағы сөздерін барша қазақстандық құптайды.

 

2 - жүргізуші:

 Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем,

Жансыз өлең жанымды алды кілең.

Бір ойым жүрегімде қаза болып,

Бір ойым көмейімді қалды тіреп,

Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем!

 

 

1 - жүргізуші:

    Алдымен бүгінгі мәнерлеп оқу сайысының басты ережелеріне тоқталып өтсек:

1)  Өлең және ән жатқа әрі мәнерлеп айтылуға тиісті (сахнаға кітап немесе қағаз - парақшалармен шығуға рұқсат етілмейді).

2)  Өлең  мен әнді  орындаған оқушының жүріс - тұрысына, сахнадағы мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылады.

3)  Өлең мен әнді музыкалық аспабының немесе техникалық құралының аккомпонементімен орындау жөн.

 

2 - жүргізуші:

    Олай болса, сайыстың аты сайыс демекші, өлеңдерді мәнерлеп оқитын оқушыларға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырайық. Сонымен:

1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары –

2. Мектеп кітапханашысы –

3. Координатор –

 

1 - жүргізуші:

    Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіреті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Алдарыңызда -- сынып оқушылары.

 

2 - жүргізуші:

      Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болған баға жетпес мұра. Сахнада – - сынып оқушылары.

 

1 - жүргізуші:

        Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзіннің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды», – деген М.Әуезов.

-         - сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленеді деп ойлаймыз.

 

2 - жүргізуші: 

      Ана тілі – біздің туған анамыз!

      Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз,  деген көрнекті  ақынның сөзін дәлелдеуге   - -  сынып оқушыларын шақырамыз.

 

 

1 – жүргізуші:

       «Қазақ тілі - өте бай тіл. Поэзияда Абай, Ілияс сияқты, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл. Мен осындай тілімізді таза ұстайық деймін», деген Ғабит Мүсірепов сөзінің жалғасы ретінде  --  сынып оқушыларына сөз кезегін береміз.

 

2 – жүргізуші:

         «Тіл адамды көкке көтереді, тіл арқылы ел бақытқа жетеді» - деп Жүсіп Баласағұн айтқан. Сайысқа қатысушылар - --- сынып оқушылары.

 

1 – жүргізуші:

        Кирилл, «Өссе тілім, мен де бірге өсемін, өшсе тілім, мен де бірге өшемін» деген Тәжібаевтің сөзін естіппең бұрын? Орысшасы қалай болады, білесің бе?

2 – жүргізуші:

        Әрине, Мадина! Если растет и развивается мой язык- расту с ним и я, если умрет мой язык, с ним умру и я! Эти слова о родном языке звучат в унисон со стихами Расула Гамзатова- сына аварского  народа: «Егер ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын.»

 

1 – жүргізуші:

     «И если завтра мой язык исчезнет, то я готов сегодня умереть.» - деп орысшаға аударылған. Қазір сахнаға    –    сынып оқушылары шығады.

 

2 – жүргізуші:

       Енді сөз кезегі   --  сынып оқушыларына.

 

1 – жүргізуші:

                          «Туған тілде сыры терең жаным бар.

                           Туған тілде әнім менен сәнім бар.» - Д Әбілев ақынның  сөздеріне  біздің --- сынып оқушыларының әні мен өлеңі үндесіп тұр. Тыңдайық!

 

2 – жүргізуші:

      Енді -- сынып оқушыларының орындауындағы  өлең мен әнді  қабыл алыңыздар!

 

1 – жүргізуші:        Туған тілім - қазынам,алтын кенім,

                                Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.

Қош келдің туған өлке,бесігіңе,

Қасиетті бабамның тілі менің.

Алдарыңызда -- сынып оқушылары.

 

2 – жүргізуші:

        Енді сайысымыздың соңында – сынып оқушылары өз өнерін ортаға салады.

 

1 – жүргізуші:

            Назарларыңызға рахмет! Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды.     Қатысушыларға, көрермендерге алғыс айтамыз.

2 – жүргізуші:  

    Ендеше бүгінгі сайыстың қорытынды сөзін әділқазы  мүшелеріне береміз.

    (әділқазы  мүшесі сайыс барысын қорытындылайды)

 Координатор:  «Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы,тыныс-тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны сендер де құрметтеп, қорғай біліңдер. Ынтымағы жарасқан халықтардың бесігі болған шуақты Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де, еңбекқор ұл-қызы болып өсе беріңдер!»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. «Бәрінен, Отан, сен қымбат!»

 

 

Алтын бесік секілді,

Туып-өскен жер қымбат.

Ақыл, сезім, ой-сана,

Адалдық, достық, ар қымбат

Өзің егіп, өсіріп,

Орып, татқан нәр қымбат

Ұлтарақтай болса да,

Ата қоныс жер қымбат.

Адамзатқа дүниеде

Өмір-ау десем ең қымбат

Дарқан тірлік мекенім,

Бәрінен, Отан, сен қымбат!

 

 

2. «Менің Республикам» (Сырбай Мәуленов)

 

Тауды көрсең күн көзіне таласқан,

Аспан көрсең ай мен Күнге жол ашқан,

Менің байтақ Республикам таулары,

Менің көгім – мөлдіреген сол аспан.

 

Дала көрсең, көкжиекпен ұштасқан,

Көлді көрсең, секілді бір түскі аспан,

Менің байтақ Республикам даласы,

Менің көлім теңізбенен ұштасқан.

 

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,

Көрсең ашық Алатаудың үндерін,

Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген

Ұлан-байтақ республикам бұл менің!

 

 

 

 

 

 

3. «Астана» Тұманбай Молдағалиев

 

Астана – арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап –жасыл боп,

Мен үлкен болғанда.

 

Төкті оған нұрын дала,

Астана – сұлу қала.

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шышында да

 

Жүректе сақтап атын,

Жүретін салтанатым.

Астана – биігіміз,

Биіктер күнге жақын.

 

 

 

4. «Отан туралы»     Мұқағали Мақатаев

 

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем,

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

 

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған

Жаным менің кеудемде жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан!Отан! Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем ...

 

 

 

 

 

 

 

5. «Үш бақытым» (М.Мақатаев)

 

Ең бірінші бақытым-халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

 

Ал екінші бақытым-тілім менің,

Жас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

 

Бақытым бар үшінші-Отан деген,

«Кім мықты?»десе біреу,-Отан дер ем.

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

 

6. «Тәуелсіздік»

 

Өзіңдікі Елің де,

Өзіңдікі Жерің де.

Өзіңді өзің еткен Бақ –

Тәуелсіздік төріңде!

 

Өзіңдікі – Туын да,

Жаса Қазақстаным,

 

Асқар тау да сенікі,

Бақша-бау де сенікі.

 

Қатал Жау да сенікі.

Ұраның да – жасасын!

Құраның да жасасын!

Қасиеті де жасасын

Ұланың да жасасын !

 

 

 

 

7. «Туған тілім « Д. Әбілев

 

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім – далам тілі – өз тілім!

Туған тілім – анам тілі – өз тілім!

 

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар

 

 

8.«Қазақстан» Қ.Аманжолов

 

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанған,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

                

 

 

9.  «Туған тілім»                                Д. Әбілев

 

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім – далам тілі – өз тілім!

Туған тілім – анам тілі – өз тілім!

 

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий конкурса выразительного чтения стихов на казахском языке"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 960 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.11.2016 1513
    • DOCX 29.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оспанова Лейла Тургуновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оспанова Лейла Тургуновна
    Оспанова Лейла Тургуновна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22734
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков в профессиональном образовании: английский, немецкий, французский

Преподаватель иностранного языка

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 229 человек

Курс профессиональной переподготовки

Итальянский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель итальянского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания французского языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек