Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сценарий круглый стол про суицида

Сценарий круглый стол про суицида

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Суицид- тығырықтан шығу жол емес.

1-жүр. Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, студенттер! Бүгінгі 1(9)а тобында *Суицид тығырықтан шығу жол емес* атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер !

2- жүр. Менің әріптесім атап өткендей бүгінгі дөңгелек үстелдің тақырыбын жан –жақты талқылау үшін, сонымен қатар, балалардың бойындағы стрестік жағдайлардың алдын алу тек психолгтың жұмысы ғана деп қарау дұрыс емес,әлеуметтік педагог, сынып жетекшысы, пән мұғалімдері бірлесе жұмыс жоспарын құрып, алдын алу шараларын жасаған дұрыс деп санағандықтан бүгінгі дөңгелек үстелге колледжіміздің ұстаздарын шақырған болатынбыз, таныстыруға рұқсат етіңіздер:

  • Светлана Шынғалиқызы

  • Жаңыл Абабакирқызы

  • Күнайым Түйешіқызы

  • Жанар Мақсотқызы

  • Ринат Маратұлы

  • Мөлдір Сәрсенбайқызы

Сондай ақ , бүгінгі дөңгелек үстелдің бағдарламасы алдарыңызға қойылған. Сол бағдарламсаға сәйкес, әрбір баяндамашы аталған тақрыпты жан-жақты талқылау үшін баяндамаларын оқиды.Ал.құрметті дөңгелек үстелге қатысушылар,белсенділік танытып,қатысуларыңыз сұралады.

1-жүр: бағдарламаға сәйкес,кіріспе сөз Айтқожақ Ақмаржанға ұсынылады.

Кіріспе сөз оқылады.

СУИЦИД(латын тілінен аударғанда-өзін өлтіру )деген,яғни өз-өзіне тқол жұмсауға икемді адамның әрекеті)былайша айтқанда ,бұл адамның өзінің «ішкі болмысына»жасалған қатыгездігі,яғнижауыздығы.Суицид дертіне әдетте рухани әлсіз,психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады.Сондай-ақ,өз-өзіне қол жұмсауға күнделікті күйзеліс түрткіболуы да мүмкін.

Суицид-бұл өзі қоғамдық дертке айналып бара жатқандай.Өмір деген-күйбең тіршілік.Өзіне-өзі қол жұмсап,қасақана жанын қию жағдайы біздің де ортамызда азаймай отыр.Әсіресе бесіктен белі шықпай жатып,осындай оқыс қадамға барған балдардың саны жетерлік.

Қазіргі кезде, дүние жүзі бойынша өз-өзіне қол жұмсау мәселесі қоғамды дүр сілкіндірген жайдың бірі.Жылдан жылға өлім мәселесі арта түсуде,оның себептерін анықтау барысында келесі мәселелерге тоқталу керек: отбасында туындаған дағдарыстық жағдайлар,мемлекетте және дүнежүзінде туындаған экономикалық тепе-теңсіздік мәселесі,қоғамдық өмірде кездесетін алкоголизм,нашақорлық,зорлық-зомбылық,бәсекелестік.

Суицидті дәрігерлер аурудың бір түрі десе, психологтар бұл жан күйзелінің көрінісі деген түрін айтады.

Аталған тақырып бойынша осы негіздерді, және басқа да себептерді жан-жақты талқылау үшін әрбір баяндамашымен бағдарламада көрсетілген тақырыптар оқылады.

Сондай-ақ, осы тақырыпта дөңгелек үстелді ұйымдастырудың басты мақсаты ол студенттер арасында «суицидтің» зияндылығы қаншалықты екенін түсіндіру болып табылады.


1-жүр: Бағдарламаның алғашқы сұрағы бойынша «Өскелең ұрпақ арасындағы суицид мәселелері» тақырыбындағы баяндаманы оқу үшін сөз кезегі Бүркітбаева Аққуға ұсынылады:

Қазіргі кезде өз—өзіне қол жұмсау яғни суицид көбейіп кетті.Бұның бірден бір себебі ашу-ыза,өз-басқара алмауы,реніш,айқай-шу.Қазіргі жастардың өз-өзіне қол жұмсау себебі олар өтпелі кезеңде жүр,әлі не дұрыс,не бұрыс айыра алмай күйзелісте жүреді яғни тез ренжігіш,сәл нәрсеге ашуланшақ болып келеді.Көбінесе өз-өзіне қол жұмсау қыздардың арасында көп байқалады.Оның бірден бір себебі өзінің сүиген жігітімен ажырасып кетеді де,босыған төзе алмай өз-өзіне қол жұмсап бәрін осымен шешемін деп ойлайды.Әрине бұл қате пікір суицид пен ештеңе шешу мүмкін емес.Суицидті тек қана өмірдлен түңіліп кеткен адамдар ғана емес,бұны қызық үшін істеитіндер де бар және осындай пасық әдетке дағдыланып кеткен адамдарда бар олар өзінің айтқанымен келіспеген адамдарды өзөзіме қол жұмсаймын деп қорқытып өз дегенін орнатқысы келеді.Көпшілігі ашу-ызамен не істегенін білми көзі ашудан көзі көрмеи қалып осындай әдеттерге барып артынан ол адам аман қалған жағдайда осы ісіне өкініп те жатады.Бұндай пасық қылыққа барған адам өмірдің қыйындығыны,мына сынақ өмсірге шыдай алмай,тек өзінен басқа ешкімді ойламайтыны айдан анық,егер ол тек қана өзін ойламайтын болса өз-өзіне қол жұмсағаннан кейін артында қалатын ата-анасын,бауырларын ойлап,ондай қылыққа бармас еді.Және мен ондай адамдарда сана жоқ деп есептеймін себебі ол оңай жолын іздеми,бәрін ой таразысынан өткізіп өз-өзіне қол жұмсауды емес бұл қиындықтан шығудың басқа тиімді жолын табар еді.Тіпті Ислам дінінде суицидке қарсы,Аллах құранда «Кімде-кім өз-өзіне қалай қол жұмсаса о дүниеде де дәл солай азаппен өлтіріледі деген,олар тозақтықтар.Егер ол адамдар осы өмірге өте құштар бір рет болсада өз аяғымен жүргісі келетін қазір біреудің көмегіне зәру болып отырған,осы дүниені көруге ынтық,осы өмірде жан-жанындағы адамның дауысын естігісі келіп кейбіреулері бала-шағасының әке-ана дегенін естігісі келетін,бір мәрте болсада өзіне жақын жанын құшағына басып қолымен жылулықты сезгісі келетін,түсіндіре алмай қыйналып сөйлегісі келетін осындай өмірге құштар жандар сонда осындай қыйындыққа қалай мойымай шыдап жүр.Яғни осы сөзді қортындылай келетін болсақ қай жағынан алсақта суицид қыйындықты шешудің жолы емес,яғни осындай жан түршігерлік әдетке баратын адамдар жеңілдің астымен,ауырдың үстімен жүретіндер.Өмір пианино сиақты қара ақ батырмалардан тұрады,қара батырма қайғы,мұң,азап болса,ақ батырма қуаныш,шаттық,бақыт, жақсы әуен есту үшін екі батырманыда араластырып басу керек.Айта кетерім өмірдің барлық қиындықтарына мойымай,өмірімізге шүкіршілік ете білейік. Жәнеде «Жігерлендіру»сөзін оқып кетейін.

Сен жыладың ,жігітім,көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын. Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.Сен жыладың бір қатты соққы алдым деп,бақытсыз болып қалдым деп жә-жә жәрәр,өткен күн ораларма,қарау керек бауырым саған алға,басыңдағы бөрікпе,орамалма.Көтер ғане басыңды күніңді босқа өткізіп педің,Тағдырың неге сыр айтты сараң.Өмірдің барлық сәтсіздіктерін бақытсыздық теп кім айтты саған,кім айтты саған тұлпарды сүрінбейді деп,асауды мінілмейді деп,ақ көйлек кірлемейді деп,қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп,кім айтты саған жұрттың бәрі мейірбан,арайлы деп,жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,Бейікті ардақтайды,асылды қорлатпайды деп.Қыйналып бекер аландадын ау ,ойыңды шығар өріске,өзің ақ айтшы ғаламда мынау жеңудің бәрі жеңіспе,жігітке арман жеткізіп па еді,өз сорын өзі жеңбесе.Өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес ендеше.


2-жүр: Бағдарламаның екінші сұрағы бойынша Нұржан Айнагүлге «Менің таңдауым өмір» атты баяндамасын оқу үшін сөз ұсынылады.

«Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам барма?»деген сұраққа кімде болсы: «Жоқ,өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын,толғанбайтын,мағыналы өмір сүруге,әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды» деп жауап береді.Бірақ қазіргі мезгілде кейбір адамдарымыз адасып жатыр. Қалада жүрсеңіз көшенің көркін келтірген зәулім үйлермен қатар қоғамды құртқан арақ-шарап дүкендері.Сол дүкендердің қасынан қолдарында бір-бір шөлмек бөтелке ұстаған қартты да,жасты да көресіз.Қуанышын да,қайғысын да осы арақ-шараппен қазіргі мезгілде кіші де,үлкен де,тіпті қыздарымызда бөліседі.Осындай байтақ жеріміз барда,аспанымыз ашық,тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп,болашағымыз өз қолымызда және небір мақсаттарымызға жетуге мүмкіншілігіміз болғанда бір ғана берілген өмірді неге дұрыс өткізбеске?

Дән көтерген құмырсқаға тимеңдерші,алысқаны өмір ғой!-дегендей өмірдің өзі үлкен жол.Өмір дегеніміз – баға жетпес асыл зат.Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды.Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз,өз еркіміз.Өмір өзен болса,ағысқа қарсы емес!Өмір- баға жетпес баға жетпес бақыт.Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізуі тиіс.

«Менің өмірлік ұстанымым басқа дейді кейбіреулер!Өмір адамға екі рет келмиді!Сондықтан мынау көк аспан мен жарық күннің астында сайран салып қалу қажет пе?Аузың барда асап қал,ішіп же,киін,сауық құр,нәпсіңді қандыр,ләззәт ал! Қайсысы дұрыс? Мұндай сұрақтарға сылдырата жауап бере салу қиын емес !Адам өмірінің мәніне қатысты мәселе- ол әр адамның өзінің жеке мәселесі. Бұндай адамдарға біз қанша жерден ойымызды,пікірімізді түсіндірсекте олардың ойы өзгере қойар ма екен?Дүние жүзінде қанша адам болса,сонша өмірлік ұстаным бар! Адам өмірінің мәні оның іс-әрекетінің мақсатқа,мұратқа жетуі және соларға талпыну.

Өмір...Өмір...былайша қарсаң төрт әріптен тұратын сөз. Алайда осы төрт әріптің астында қаншама ұғым жатыр. Өмір бір көріп жатқан түсіміздей. Бірақ өмірді жай ғана түске де санай салуға болмайды.Себебі өмір адамға бір ақ рет беріледі.Бізде өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған! Ақ пен қараны ажырату үшін көзді,ащы мен тұщыны ажырату үшін тілді берді,ең бастысы жақсы мен жаманды ажырату үшін жүректі берді!Бізде бәрі бар неге осыдан кейін адам адамша өмір сүрмейді? Пендеміз ғой...кейде қу тіршілік деп көп нәрселерді ұмытып кетеміз...Адамдар жақсы өмір сүріп бай болсам екен дейді.Ал байлық дегеніміз не? Көп адамдар байлықтың не екенін түсінбейді! Көп адамдар байлықта атақ-даңқ,мал-мүлік,мал жинау деп ойлайды.Жалпы байлық дегеніміз - бұл денсаулық. Өмірде қанша зағиб жандар бар? Олардың өмірге деген талпынысы өте ерекше , бізден де күшті болады. Әрбір адам өмірге келгеніне қуануы керек . Өмірге келгеніне шүкіршілік етуі керек.Себебі өмір адамға бір рет келедІ.Оның үстіне өмірге келу бұл –бақыт!

Өмір кейде гүл береді қолыңа

Өмір кейде күл төгеді жолыңа

Өмір кейде құзға итеріп абайсыз

Арқалатар азап жүгін мойныңа...


1-жүр: Бағдарламаның үшінші сұрағы бойынша Мажитқызы Алтынайға «Суицид-тығырықтан шығар жол емес»атты баяндамасын оқу үшін сөз ұсынылады.

Біздің Конституциямыз «Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы-адам және оның өмірі»деп басталады.Ендеше сол қымбат қазынаны көзіміздің қарашығындай етіп қорғау әрбір азаматтың алдындағы,сондай- ақ жалпы қоғамның алдында тұрған өзекті мәселе.

Соңғы 4-5жыл көлемінде қоғамға айықпас дерт боп жабысқан ғылыми атауы «суицид»деп аталатын адамның өзін-өзіне қол жұмсауы бүгінгі күннің өзекті жан ауыртар мәселесіне айналып отыр. Осы мәселені шешуде мектеп психологтарының атқарар жұмысы,берер нәтижелері жетерлік.

2010 жылғы мәлімет бойынша әлемдегі 80 елдің ішінде бүгінгі күні Қазақстан суицид бойынша 3 орынды иеленіп отыр.Біздің елде,әсіресе, кәмелетке толмағандардың арасындағы суицидтің тұрақты өсуі алаңдатушылық туғызады.2005-2007 жылдар аралығында елімізде 750 жасөспірім суицидтен мезгілсіз көз жұмған.

Көктем мезгілі қалайша қауіпті болуы мүмкін деген сұрақ туындауы мүмкін.Бұл сұрақтың да ғылыми дәлелденген жауабы бар. Ғалымдардың зерттеуі бойынша ең көп суицидтер саны көктем мезгілінде тіркеледі.Көктемгі құлпырушы әлем мен адам жанының дағдарысының кенеттен пайда болған арақатынасының сәйкес келмеуі суицидті мінез-құлықтың көрінуіне алып келеді.Американдық ақын Томос Эллиот жазғандай:«Сәуір айы ең қатігез ай». Статистикалық мәліметтерге сәйкес «өлім айлары»-сәуір,мамыр,маусым айлары,ал жыл мезгілі-көктем. «Өлім уақыттары» 12.00 немесе 13.00 – ден 15.00-ге дейінгі уақыт аралығы.

Жалпы суицидті әрекетке дайындалып жүрген жасөспірімдерді мына белгілер арқылы анықтауға болады:

Сөздік белгілер:

  1. Жасөспірім өлім туралы ашық және тура айта бастайды: « Мен одан әрі өмір сүре алмаймын».

  2. Өзінің тілегі туралы жанама түрде түсінік береді: «Мен енді ешкім үшін проблема тудырмайтын боламын...».

  3. Өзіне-өзі қол жұмсау тақырыбында көп әзілдеу.

  4. Өлім тақырыбындағы сұрақтарға қызығушылық таныту.

Мінез-құлық белгілері:

  1. Өзі үшін маңызды болған нәрселерді өзгелерге тарату,барлық жұмыстарын ретке келтіру.

  2. Жасөспірім іс-әрекетінде келесідей радикалды өзгерістер байқалады:тағамдарды өте аз немесе өте көп мөлшерде қолдану,оқу үрдісінде сабақтардан еш себепсіз қалу,берілген үй тапсырмаларына көңіл бөлмеу,жолдастарымен қарым-қатынасқа түспеу,қызбалық көрсету,көңіл-күйдің түсіңкі болуы,қоршаған ортадағы құбылыстарға немқұрайлылық таныту.

  3. Әлсіздік,үмітсіздік белгілерінің көрінуі.

Суицидті әрекетке баратын жасөспірімдердің ситуациялық белгілері:

  1. Әлеуметтік оқшауланған (жолдастары болмайды немесе бір ғана досы болады);

  2. Қалыпты емес ортада өмір сүретіндер(отбасындағы дағдарыс,ата-ананың ішімдік қолдануы).

  3. Өздерінің денелік,сексуалды,эмоционалды зорлықтын құрбаны сезінетін жасөспірімдер.

  4. Бұрын суицидті әрекетке барған жасөспірімдер.

Құдіреті күшті Аллах Тағала қасиетті Құранда: «өз-өздеріңді өлтірмеңдер(және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар).Расында(сендерді бұдан тыйған)Аллах сендерге ерекше мейірімді»(«ниса» сүресі,29-аят») дейді.Пайғамбарымыз (с.ғ.с)АлЬ-Бухариден жеткен хадисінде: «Кімде-кім өзін темір қарумен өлтірген болса,ол тозақта әрқашан сол темірді көтеріп жүреді.Ал кімде –кім у ішіп өлетін болса,ол адам тозақта мәңгі у ішіп жүретін болады.Егер біреу өзін өлтірмек болып таудан құласа,ондай адам тозақта мәңгі құздан құлап бара жатады»депті.Ендеше,бұл қасіреттен құтылудың жолы –балаларымызға ерте бастан Ислам тәрбиесін үйретіп,жүректерін тыныштандырғанымыз абзал.Аллахты еске алмайтын жүрек тыныш таппайды.Ақиқатқа жүгінер болсақ Құранда: « Сондай иман келтіргендер; Аллахты еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар.Естеріңде болсын;Аллахты еске алумен жүректер орнығады» («Рағыд»сүресі,28-аят)дейтін аят бар.

М.Мақатаев:

Пай,пай өмір!

Пай,пай өмір өтесің –ау бір күні,

Тыясың-ау қуанышты,күлкіні

Өмір деген бір жарқ еткен найзағай

Өмір деген көк аспанның күркірі.

Пай,пай өмір өтесің –ау бір күні!


Мына аспанда,мына күнде дала анау

Бәрі бізден,бәрі бізден қалады - ау

Өмір деген тағатсыз бір қозғалыс

Өмір деген өлемін деп қарамау!

Халқымыз көп болсын.Суицидке қарсы тұрар өмірлік имунитетіміз мықты болсын!


2-жүр: Ал, құрметті ұстаздар,студенттер оқылған баяндамалар бойынша аталған тақырыпты талқылап, өз пікірлеріңізді білдіруге болады.


Жаңыл Абабакирқызы, Светлана Шыңғалиқызы, Жанар Мақсотқызы, Мөлдір Сарсенбайқызы, 2(9)а тобының студенті Жауынбай Роман және сонымен қоса топ студенттері өз ойларын ортаға салып талқылады.


1-жүр: Ал дөңгелек үстелге қатысушы,ұстаздар,студенттер қазіргі уақытта аталған тақырыпты баяндамалар оқу арқылы жетік талқыланды деп санаймын.Осы шараға алтын уақыттарын бөліп келген ұстаздарға алғысымды білдіре отырып,ал баяндамашыларға белсенділік танытып қатысқан үшін мына сыйлықтарды табыстаймын. Назар қойып тындағандарыңызға рахмет!

Сансыз сынақ сенімі берік жанның сағын сындыра алмайды.Керісінше шыңдай түседі.Қиын күндердің артынан шуақты күндер келетініне бірігіп сенейік.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-245916
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>