Инфоурок Другое Рабочие программыСценарий КВН на казахском

Сценарий КВН на казахском

Скачать материал

Салауатты өмір салты айлығында

«Дені саудың – жаны сау» тақырыбындағы

КТК ойынының сценарийі

 

    Мақсаты: Оқушыларды   өз беттерімен  жұмыс жасауға,  ізденуге, топпен  жұмыс жасауға, бос уақытын  тиімді  пайдалануға үйрету.

 

Безендірілуі:  шарлармен, плакаттармен, КТК тақтасымен безендіріледі

 

Өтетін  жері:  №7 мектеп – лицейі АКТ залы

 

Барысы:

КТК  музыкасы  ойналады

 

Жүргізуші:

      Қайырлы кеш құметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер және кеш қонақтары! Мектепішілік  Салауатты өмір салты айлығының өтілуіне орай  ұйымдастырылып  отырған   «Дені саудың – жаны сау» атты көңілді тапқырлар клубы ойынын бастауға рұқсат етіңіздер!

 

 ТК музыкасы ойналады)

 

Жүргізуші:-     Өмірді шаттандырып, нұрландырған бұл әзіл,

                        Риза қылып кәрі-жасты, бала қылған бұл әзіл.

                        Келіп тұрған ойыншылары КТК-ның ортамызға,

                        Сыйласын жақсы көңіл, тәтті ән мен сәтті әзіл.

 

Жүргізуші:

     Біздің  іс-шара   басталмас  алдын  жеребе тасталып әр команда өз реттік  номірлерін  таңдап алған болатын.  

    Күлкі – денсаулық азығы демекші  көңілді тапқырларымызды  реттік  номірлерімен  қошеметпен ортаға шақырайық. 

8а  сыныбының  «Назар аудар» квн командасы

8ә сыныбының «Тамара апайдың  тоқаштары» квн командасы

9а сыныбының  «smile.KZ» квн командасы

9ә сыныбының  «Лицей тентектері» квн командасы

10а  сыныбының  «Сенсация» квн командасы

10ә  сыныбының  «Біртүрлі» квн командасы

11а  сыныбының «Күлсін апайдың балалары»  квн командаларын  қошеметпен қарсы алыңыздар.

 

-Бүгінгі ойыншыларымыздың әзілдерін, КТК ойындарын бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.

Сонымен әділ қазылар алқасының төрайымы:

-  мектеп директоры

- Директордың оқу ісі меңгерушісі 

- Директордың тәрбие-ісінің орынбасары

- Кәсіподақ ұйымының төрайымы

       Мінеки ойыншылар әділ қазылармен таныс болдық.  Енді дәстүр бойынша ойынның шарттарымен таныстырып кетейік.

-         Бірінші кезең – топтың сәлемдесуі 7 минут  

-         Екінші кезең –«5 жаңалық»

-         Үшінші кезең – «Үй тапсырмасы» 7 минут

 

      Ендеше, бұл әділ де қатал, қазылар алқасына, көрермен қауымға шексіз күлкі, ұтымды әзілдер сыйлауларыңа тілектеспіз. Сіздерге сәттілік!

 

 ( ойыншылар: –рахмет-дейді хормен және музыкамен сахнадан кетеді)

 

Жүргізуші:

Сонымен 1 кезең – Сәлемдесу. Ортада                      тобы

 

Көрермендер сахнаға

Қолды соғып қараймыз

Сахнамыздың төріне

Мұқият назар аударамыз – деп  сахна төріне 8а  сыныбының  «Назар аудар» квн командасын шақырамыз.

 

Дастарханда тұратын,

Асханадан шықпайтын

Міне енді Акт залдың

Төрі менікі  деп қоймайтын

Тәп-тәтті деп, топ-томпақ

Тамара  апайдың  тоқашы – дей келе  ортаға 8ә сыныбының «Тамара апайдың  тоқаштары» квн командасын шақырамыз

 

Біздің бір топ бар кәделі

Жымияды әдемі

Smile  нүкте KZ-деп

Шет тілінде сөйлейді  дей келе  ортаға 9а сыныбының  «smile.KZ» квн командасы  шақырамыз.

 

Қырсықтайын мінезі

Шу шу етіп жүреді

Шаштары түрлі түрлі

Лицейдің тентектері- дей келе ортаға  9ә сыныбының  «Лицей тентектері»  квн командасын шақырамыз

 

Біздің бір топ  дарынды

Жаңалықтар ашады

Теледидардан  жарнама

Сенсация   деп ашады – деп ортаға  10а  сыныбының  «Сенсация» квн командасын шақырамыз.

 

Құрамы оның  әр түрлі

Ұзынды, қысқа  сән түрлі.

Атына заты сай келген

Демек олар «Біртүрлі» - деп ортаға 10ә  сыныбының  «Біртүрлі» квн командасын шақырамыз.

 

Мектептің  Үздік сыныбын

Түлектерім мүлдем бермеген

Дарынды да, ақылды

Балалары Күлсін апайдың - дей отырып ортаға түлектеріміз

11а  сыныбының «Күлсін апайдың балалары»  квн командасын  қошеметпен қарсы алыңыздар.

 

Жүргізуші:- Мінеки бірінші кезең аяқталды.Енді әділ қазылар ойыншыларға  өз бағасын берсін. Жоғарғы  ұпай 5 ұпай. Бірінші болып бастаған:

8а  сыныбының  «Назар аудар» квн командасы  ұпай

8ә сыныбының «Тамара апайдың  тоқаштары» квн командасы

9а сыныбының  «smile.KZ» квн командасы

9ә сыныбының  «Лицей тентектері» квн командасы

10а  сыныбының  «Сенсация» квн командасы

10ә  сыныбының  «Біртүрлі» квн командасы

11а  сыныбының «Күлсін апайдың балалары»  квн командаларын 

 

Жүргізуші:

  -Ойынымыздың келесі кезегі “5 жаңалық” сайысы. Ендеше ортаға барлық командаларды шақырайық. Ойынның  шарты бойынша әр  айналымда  командалар 2 әзіл - жаңалықтан оқиды. Әзіл жаңалықтары  әділ-қазы мүшелерінің көңілінен шықпаған топ сахна сыртына шығады.  Егер  командалардың жаңалықтары бір деңгейде болатын жағдайда әділ-қазы мүшелерінің шешімі бойынша командалар қосымша 1 жаңалық  оқыса болады. Егер  2-ші кезеңіміздің  шарты түсінікті болса,  бастасаңыздар болады. Іске сәт.

 

Иә, сонымен қай командамен қош айтысамыз?

 

Жүргізуші: Мінеки екінші кезең аяқталды, енді әділ қазыларымыздың екінші кезеңге берген ұпай сандарын көрейік.

8а  сыныбының  «Назар аудар» квн командасы

8ә сыныбының «Тамара апайдың  тоқаштары» квн командасы

9а сыныбының  «smile.KZ» квн командасы

9ә сыныбының  «Лицей тентектері»квн командасы

10а  сыныбының  «Сенсация» квн командасы

10ә  сыныбының  «Біртүрлі» квн командасы

11а  сыныбының «Күлсін апайдың балалары»  квн командаларын 

 

    Ойынымыздың  үшінші кезеңі «Үй тапсырмасы» сайысы. 7 минут

 

Көрерменге әзіл сыйлай білген топтардың бағасын тамашалайық. Әділ – қазы алқалары кезек өздеріңізде.

8а  сыныбының  «Назар аудар» квн командасы

8ә сыныбының «Тамара апайдың  тоқаштары» квн командасы

9а сыныбының  «smile.KZ» квн командасы

9ә сыныбының  «лицей тентектері»квн командасы

10а  сыныбының  «Сенсация» квн командасы

10ә  сыныбының  «Біртүрлі» квн командасы

11а  сыныбының «Күлсін апайдың балалары»  квн командаларын 

Рахмет.

 

 Соңғы турдың қорытынды бағаларын тыңдайық.

 

Жүргізуші: -Ойын ойнаған тозар,

                       Асық ойнаған азар.

                       Бәрінен де әзіл айтып,

                       КТК ойнаған озар-деп әзілдей келе ортаға барлық командаларды шақырайық. Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. ( Әр әділ қазылар ойыншыларға өз пікірлерін, тілектерін айтады)

 

Жүргізуші: Ендеше ойыншыларымызды көп күттірмей ойынның барлық қорытынды ұпай сандарын тыңдап биылғы КТК ойындарының үздіктерін анықтауға рұқсат етіңіздер.

 

Жүргізуші: Бүгінгі ойында жеңіске жеткен командаларды құттықтаймыз. Әркез жүздеріңізден күлкі кетпесін, көңілдеріңіз көтеріңкі, өмірлеріңіз шат күлкіге толы болсын көрермен! Осымен КТК ойыны аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий КВН на казахском"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 449 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.03.2016 30326
    • DOCX 49 кбайт
    • 474 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жанабаева Камар Амантайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жанабаева Камар Амантайкызы
    Жанабаева Камар Амантайкызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33531
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой