Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Сценарий "Күз береке, күз мереке"

Сценарий "Күз береке, күз мереке"


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Күз – мереке, күз - береке» мерекелік кеші

Мақсаты:

БМ: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту.

ДМ: Күз мезгілінің астық, жеміс-жидек көкөністерді жинау мезгілі екенін, күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінде түсіндіру арқылы естесақтау қабілеттерін дамыту.

ТМ: Күзгі еңбек түрлерімен таныстыру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: суреттер, мақал-мәтелдер, шарлар.

Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, сергіту сәті, сұрақ-жауап, ойын.


Тәрбиеші:Тырна көкте тыраулап,
Қош, қош айтты, «Кеттім» - деп
Шөптің басы қыраулап,
Күзде келіп «жеттім» деп.
Армысыңдар құрметті ата-аналар, ұстаздар және балалар! Бүгінгі

«Күз–мереке,күз - береке» атты ертеңгілігімізді бізбен бірге өткізуге қош келдіңіздер!

Сәлеметсіңдерме, балалар? Көңіл-күйлерің қалай? келген қонақтарға амандасайық.

Балалар: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша адамды құрметтеп

Бас иеміз біз.

Мен сіздерге бір жұмбақ жасырып ертеңгілігімізді бастайық.

Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
«Қызыл қырман» ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар:Күз

Тәрбиеші:Дұрыс балалар. Онда күз мезгілі екен. Енді балалар сұрақтарға жауап берейік.

Бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар:4 мезгіл

Тәрбиеші:Аттарын атаңдар?

Балалар:Көктем, жаз, күз, қыс.

Тәрбиеші:Күз мезгілі неше айдан тұрады?

Балалар:3 айдан, қыркүйек, қазан, қараша.

Тәрбиеші:Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

Балалар:күзде күн суытып, жаңбыр жауады, жапырақтар жерге түсіп, алуан түске енеді. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жемістер мен көкөністер піседі.

Ән:«Жау-жау жаңбыр» хормен.

Тәрбиеші:Жемістер мен көкөністер пісіп жатыр деп атырмыз, осы көкөністерге нелер жатады?

Балалар: қарбыз, қауын, қияр, қызанақ, сәбіз, қырыққабат, картоп, бұрыш т.б.

Тәрбиеші:жемістерге нелер жатады?

Балалар:алма, алмұрт, шие, шабдал, өрік, жүзім т.б.

Тәрбиеші:Балалар бізге бүгін алтын күз қонаққа келіпті. Осы кезде мерекелік көңіл күймен алтын күз кіріп келеді, күз базарлығы жемістер мен көкөністер.

Күз: Амансыңдар ма, балалар!

Күзгі бақтағы қонақтар.

Өздеріңе әкелдім

Күздің сыйын көз тартар.


Өрік, шие, алма, алша,

Жидек жүзім піседі.

Қауын, қарбыз, пияз, сәбіз,

Дүкендерге түседі.

Балалар айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

(Күзде)

Тәрбиеші:Алтын күз! Сізде толып жатқан сырлар көп, сондықтан бізге арналған

сыйыңыз бар шығар?

Күз: Менің күзгі жемістерім мен көкөністерім де өздерін таныстыруға асығуда.

(жемістер мен көкөністер макетін киген балалар ортаға шығады).

Жемістер:

Сырым: Мен алмұртпын, алмұртпын,

Күзде жинап алатын

Балбыраған біреуін

Жесең тойып қалатын.

Нұрдәулет:Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім.

Дәмімді татқан балақан,

Ұмытпайды ешқашан.

Гүлшат: Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

Рысбек: Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын мен де бар,

Төмен басты иемін.

Көкөністер:

Арайлым: Қауыннан да басқарақ,

Қарбыздан да басқарақ,

Семіріпті бақшада,

Қандай болыпты асқабақ.

Айым: Жас та болса қоңым бар,

Қырыққабат тоңым бар.


Балнұр: Қарбыздарды қарашы,

Қаз қатар боп тізілген,

Достар келсе үйіме

Тәттісінен тілінген.

Мен сондай тәттімін.

Ойын: «Жемістер мен көкөністерді жинау». Ойын шарты: Жерге жемістер мен көкөністерді шашамыз, балалар жемістерді бір бөлек, көкөністерді бір бөлек айырып жинау.

Жемістер мен көкөністерге арналған жұмбақтар.

Балнұр: Қалың киінгенді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

Бұл не?

(Пияз)

Айым: Жер бетінде шашы бар,

Жерастында басы бар.

Бұл не?

(Сәбіз)

Жансая: Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарды күз жеткенде

Бұл не?

(Қызанақ)

Арман: Қырыққабат жейде,

Осыны да жейді ел

Бұл не?

(Қырыққабат)

Арайлым: Бойы бір қарыс

Сақалы екі қарыс

Бұл не?

(Жүгері)

Ж. Айдана: Үй ішінен табасың

Тамаққа да саласың

Бұл не?

(Бұрыш)

А. Айдана:Көк лағым көгенде

Жатып семірді.

Бүл не?

(Қарбыз)

Нұрдәулет:Бақтарда балбырап

Тұрады албырап

Уылжыған уыздай

Алма емес ол бірақ?

(Шабдалы)

Олжас:Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатыр

Бұл не?

(Қызылша)

Мадина: Доп-домалақ бұжыр тас

Іші толы піскен ас.

Бұл не?

(Жаңғақ)

Би: «Қуыршағым ай биі»

Тәрбиеші: Енді балаларымыздың алтын күз мерекесіне арналған тақпақтары бар.

Арайлым:Жапырақтар сарғайып

Күн бұлтты болады.

Жаңбыр жиі жауады.

Құстар ұшып барады.

Жансая: Ой, балалар, балалар,

Қоңырқай күз келіпті.

Құрап жапырақ солыпты,

Ел егінін алыпты.

Мадина: Алтын сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Балнұр: Алқаптан бидайды,

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген

Ұнатамын күзді мен.

Рысбек: Әй, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!

Нұрдәулет: Еңбек қызып қырларда,

Бидай толды қырманға.

Алтын таулар секілді,

Сап-сары боп тұрғанда.

Ж. Айдана: Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.


Бұлттар дөніп,

Жерге шөгіп

Дымқыл тұман басады,

Шөп сарғайып , өңі тайып

Дала сұры қашады.

Балалар айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

(Күзде)

А.Айдана: Таудан салқын жел еседі,

Сыбдырлайды қалтырап.

Жақын қалды желтоқсан,

Жабырқайды жапырақ.

Көрініс: «Мода көрсету»

Болатбек: Басталып бір әңгіме,

Күздің желі биледі.

Алатаудың дәмді де

Пісті жеміс-жидегі.



Сырым:Алтын, алтын сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Біз мектепке баратын

Алақай-ау күн жақын.

Гүлшат: Көрінеді шалғайдан

Бел-белестер сарғайған.

Сары жапырақ төгілген

Тоғайды да көрдім мен.

Айым: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Олжас: Күншуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты талдан жапырақ.

Ерсұлтан: Қамба толы астыққа,

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштықта,

Қап-қап қауын алдық біз.

Арман: Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді.

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі.


Бейне тентек баладай,

Ойран асыр салады.

Алма бағын жағалай,

Алмаларды қағады.

Би: «Қамажай биі»

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар осымен бүгінгі «Күз–мереке, күз - береке» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келіп тамашалағаныңыздар үшін рақмет. Қош сау болыңыздар!




Автор
Дата добавления 23.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров510
Номер материала ДВ-370479
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх