Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сценарий "Әліппемен қоштасу" бастауыш сыныптарға арналған

Сценарий "Әліппемен қоштасу" бастауыш сыныптарға арналған



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппе!».
Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.
Оқушылар әуенмен сыныпқа кіреді.

Вальс тамашалайды. Би биленіп болған соң шарты шеңберге тұрады.
 Мұғалім: Уақыт… Уақыт- жарыса ескен жел секілді, бір күннің артынан екінші күннің қалай туып, жатқанын байқамай қаласың.
Уақыт-жөңкіле көшкен бұлт секілді, бүгінгі күніңнің қалайша өзіңнен алыстап бара жатқанын аңғармай қаласың.
Уақыт-жарыса аққан су секілді, ертеңгі күніңнің қалай жақындап қалғанын байқамай қаласың. Шынында да 2 тоқсан тез зымырап, өтіп барады. Ол біреуге аз, біреуге көп көрінер.Бұрынғы сәттерің кімнің есінде қалған екен?
1-                          
Ол менің есімде:
Есімде ұстаздың алғашқы қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.
2-                         
Иә, иә есімізге енді түсті. Ол кезде біз әр үйдің мәпелеген кіп-кішкентай ерке балалары едік.


Тіпті кейбіреуіміз мектепке кіруден қорқып, әндете жылағанбыз.


Кейін үйрене келе барлығымыз бір-бірімізге бауыр басып,
бір отбасының балаларындай достасып кеттік емеспе?

1- Армысыздар, ұстаздар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
2-
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
3-
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер
Қыран құстай болашағын мәпелер
Бүгін міне, әліппемен қоштасады
Азамат боп кешегі сәби еркелер.


Отан – менің өзегім,

Қиының болса төземін.

Алдағы бақыт шақтарды,

Жүрегіммен сеземін.


Отаным – менің өзегім,

Қырыңды шарлап, кеземін.

Білу керек әр ұрпақ,

Бес саусақтай өз елін.


Отаным – мәңгі қорғаным,

Қалаймын бақыт қонғанын.

Сүйемін және сондықтан,

Өзенін, көлін, орманын.


Ата, әжем, әкем, анам, -

Төртеуі де Отан маған.

Төртеуі де «Ботам» дейді,

«Ер азамат атан !» дейді.

Мақтанайын Отаныммен,

Отаныма «Ботамын» мен.

Хор «Біз дәуірдің түлегіміз».

Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым данасы
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы (М. Мақатаев) – деп, Әліппені ортаға шақырайық!
Әліппе: Сәлеметсіңдер ме,құрметті оқушылар! Құрмет көрсеткендеріңізге рақмет.


Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды
Әліппені бітірдім
Бала болдым ақылды.
Көп нәрсеге үйреттің,
Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.


Таныстырған 42 әріппен,
Қош менің қасиетті әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.


Әке, шеше, атын сен, 
Бізге үйреттің Әліппе 
Бізге жақын нағыз сен, 
Сенен білдік әріпті 

Ізгілікті ойға тоқитын, 
Шәкірт боп үздік оқитын. 
Әліппе атты кемемен, 
Кеземін Білім мұхитын. 

Үйретті бізді әліппе, 
42 дербес әріпке. 
Сөз, сөйлем құрап әріптен, 
Лайық болдық дәріпке 

Барлық әріп бағалы, 
Айттық әділ бағаны. 
Әріпсіз сөз болмайды, 
Буын онсыз толмайды. 
Адам барлық әріпті, 
Ардақтайды, қолдайды. 

Ән «Әліппе».

Әріптерді үйретіп 
Жақын болған кім бізге? 
Хор: Ол - мұғалім 
Жамандықтан жиреніп 
Ақыл болған кім бізге? 
Ол - мұғалім. 

Ең алғаш алғанымда әліппені, 
Қызығып қарай бердім әліппені. 
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді, 
Ұстазым оның кілтін ашып берді 

-Әліппе оқуға, 
Үйреткен әр күні 
-Үйретіп санауды, 
Көп еңбек сіңірген 
Мұғалім апай ғой! 

Үйретіп мұғалім бізге әліппені, 
Мұғалім ғылымға жол салып берді. 
Адамның ақыл-ойы, мақсаттары, 
Оқудың сәулесімен жарық көрді. 

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді, 
Бар асылын бізге жиып , мол береді. 
Қанатымен су себелеп асыл жан, 
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. 

Әліппе даңғыл жол ашты, 
Жаңадан пәндер жалғасты. 
Әліппе сырын ұқтырған 
Барлығы хормен: 
-Рахмет, ұстаз алғашқы! 
Ән «Мұғалім ол біздің» 


Мұғалім: 
-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана! 
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.

-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз.

Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың, 
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың. 
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың, 
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым! 

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, 
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың. 
Білім алып, тер төгем , еңбек етем, 
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! ... 


Әліппені бітірдім, 
Әріптерді танимын. 
Мен атаның баласы, 
Мен оқушы баламын.... 

Ата келші тезірек, 
Ана тілін бастадым. 
Өзіңе айтар тағы да, 
Дайын менің тақпағым.
Балалар хормен: 
-Ата-анаға мың рахмет! 

Балалар, ең алғаш әліппені жазған адамды білеміз бе? Ол кім екен?

«Ыбырай ата»

Жырын жаттап саламыз,
Жалықпастан қыс-жазы.
Ұлы Ыбырай атамыз-
Ұстаздардың ұстазы.
Ұран тастап көп елге,
«Кел, балалар оқылық!»
Деген сөзін көңілге

Ықыласпен тоқылық
Оқығаннан кезінде
Озған алғаш сол екен.
Әліппенің өзін де,
Жазған алғаш сол екен.


Ыбырай ата қазақ даласына жарық жұлдыз болып жанған адам.
Балалар, енді басқа да ұлы адамдар туралы сендер «Ана тілі» оқулығынан оқитын боласыңдар. Олай болса, «Ана тілін» ортаға шақырайық.

Ана тілі:

Армысыңдар жас достар!
Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын,
Түсіндірер бәріңе
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім

Балалар, сендерге жұмбақ жасырайын, шешіп көріңдер.

1. Қабат-қабат қаттама 
Ақылың болса аттама (кітап) 
2. Тақтада жазып, жалықпаған, 
Жаза-жаза арықтаған (бор) 
3. Үйреткен білімді, 
42 ілімді (алфавит) 
4. Алты түрлі түсі бар, 
Сурет салар ісі бар (қарындаш) 

-Рахмет, балалар, жарайсыңдар! 

Сергіту сәті.

Қызыл, көк түсті екі топқа бөлу.

Тапсырмалар кетеді: «Қазақ тілі» ауылына барады.
1. «Әріптер әлемі» сайысы: ( әріптер алып, оған сөз ойлап, буынға бөледі).
2.«Теңге алу» ойыны:
(жердегі буындарды жинап, сөз, сөзден сөйлем құрайды).

3.«Кім зерек?» Сөздік диктант, тақтада жазу.

Отан, бала.

4. Сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасау: Отан, ана.


 Тапсырмалар: «Математика еліне саяхат»

Ойын «Шыршаны әсемдеу». Мысалдарды орындау.
 «Жұмбақ» сайысы: (Ата-аналарға).
1. Торда үш қоян бар еді.Үш оқушы бір-бірден қоян алды. Сонда тақтада әлі де бір қоян қалды. Ол қалай? (Ж: біреуі торымен алған).
2.Бес бұтақты қайыңда,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер Сайынға,
Сонда қалды неше алма? (Қайыңда алма өспейді).
3.Егер «Т» - дан бастасаң санмын,

«Т» - ны алып тастасаң жаумын. (төрт - өрт)
4. 1 кг темір мен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр?
5.Адам есектен неге құлайды? (жерге).
6.10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10)
7
.Адам несіз өмір сүре алмайды? (ауасыз, сусыз, тағамсыз).
8. Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға)
Әліппе: Рахмет, балалар! Сендер әліппені жақсы меңгеріпсіңдер. Ана тілімен таныстырдым. Енді рұқсат болса мен кетейін


Мектеп деген білім кені , жыр кені, 
Мектеп деген ғылымның ең үлкені. 
Мектеп деген тәрбиеші адамға. 
Мектеп деген даналардың мекені. 

Мектебім- білім берер алтын ұям. 
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. 
Баулисың 4жыл бойы ата- анамдай. 
Әрқашан қасиетті атың маған. 

Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам, 
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам. 
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек. 
Тамырланып , сан тарапқа тараған. 

Мұғалім: 
-Балалар, біз әліппеден әріп, дыбыс, буын, сөз, сөйлем деген ұғымдармен таныстық
-Әріп пен дыбысты қалай ажыратамыз? 
-Әріпті-көреміз, жазамыз; дыбысты-айтамыз, естиміз 

-Жақсы, балалар! Ал, енді алфавиттегі алғашқы үш әріпті атайықшы 
-А, Ә, Б. Осы әріптердің алфавитте қатар тұруының сырына үңілейік.
Алфавиттің А тұрады басында, 
Әрқашанда Ә тұрады қасында. 
Байқадың ба Б тұрады үшінші, 
Ал, осының сыры неде түсінші.? 
А деген ол-аналар ғой ардақты, 
Ә деген ол-әкелер ғой салмақты. 
Б деген ол-балалар ғой әдемі, 
Біздің елде үшеуі де кәделі 
Алшақ кетпей сондықтан да расында, 
Тұрады олар алфавиттің басында. 
Мұғалім :
-Балалар, сендер осы уақыт ішінде көп нәрсені үйрендіңдер 
-Осының бәрін үйреткен кімдер? 
Оқушылар (хормен): 
-МЕКТЕП! - ӘЛІППЕ! - МҰҒАЛІМ!  - АТА-АНА! 
Мұғалім: 
-Рахмет, шәкірттерім! 
-Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады. 
-Қане, әліппеге Қош айтайық! 

Оқушылар хормен: 
-Бізге білім салып берген, 
Қош бол, құтты Әліппем, 
Қош бол, құтты Әліппем! 
Әліппе сөйлейді: 
Білімінің көп қой саласы, 
Әліппе соған жолбасшы. 
Ғылымның қиын жалғасын, 
Басқа кітаптан табарсың! 
-Қош болыңдар, балалар! 
Балалар хормен: 
-Жақсы кітап - ӘЛІППЕ! 

1.Айзере ән «Құттықтаймын».

2. Ұлдар орындауында «Батырлар» биі.

3.Жанарыс ән «Отан».

4. Дильнура «Қазақ биі».

5. Көрініс: «Саңыруқұлақтың саясы».

6. Қыздар тобы би.


Қорытынды сөз кезегі мектеп басшысына беріледі.


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-518661

Похожие материалы