Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сценарий Әліппемен қоштасу!!! 1-сынып

Сценарий Әліппемен қоштасу!!! 1-сынып

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Мақсаты:
Оқушылардың сауат ашу пәнінен оқу барысында алған білімдерін тиянақтау;
өз – өнерлерін ата – аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Дильзат:
1. Бәрің бері қара.
Бүгін бізде
Болмақ қандай шара?
Диляра:
2. Тағзым етем, тақсырым,
Айтайын мен жан сырын
Естідім ұзын құлақтан,
1 «а» сыныбынан.
Дильзат:
3. Келеді бүгін ертекке,
Ән салып, би билемекке.
Қоштасқалы отыр екен
Сүйікті кітап Әліппемен.
Диляра:
4. Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Диляра:
Уа, халайық!
Ортаға шақырайық

Ұстазды қол соға.
Шәкірттермен ортаға.
Мұғалім: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1 «а» сынып оқушыларының «Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
- Балалар, сұраққа жауап айтындаршы.
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Әліппе: Менің атым – Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық!
Әліппе: - Сендер қандайсыңдар?
Арман:
1, Талабы биік таудаймыз.
Мың бұралған бишіміз.
Біз шеберміз.
Ақылдымыз.
Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
Көп оқимыз.
Барлығы хормен: Біз – қазақ елінің болашағымыз.
Ән: «Айгөлек әні»
Ортаға Жалқаубек кіреді.
Жалқаубек:
- Ой мұнда неге көп балалар жиналған? Өздері шеттерінен әдемі екен. Бұл жерде не болып жатыр өзі, а?
Алуа: Біз бүгін Әліппемен қоштасып жатырмыз.
Жалқаубек: Әліппе деген не?
Мадиар:
О: Іші толған әріпке,
Мынау әйбат әліппе.
Барлық ілім – білімнің,
Әжесі осы - әліппе.
Жалқаубек: Сонда сендер барлық әліппені білесіңдер ме?
Хормен: Әрине.
Жалқаубек: Ал мен білмеймін!
Әріптер шығады.
Алуа:
10. Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Айқын:
11. Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.
Әріптердің атаманы қай әріп?
Аружан:
13. А әрпінен есімім
Айтсам сөздің кесімін.
Аружан мен боламын,
Айдай өсіп толамын.
Мадиар:
14.
Мадиарды білесіз,
Көңілге мені түйесіз.
М әрпі де атымда
Оқып – біліп жүресіз.
Дана:
15.
Р дегенің Равшанова,
Дана деген мен бала.
Жақсы оқысам сабақты
Одан артық жоқ шара.
Айдана:
16.
Айдана деген есімді,
Білдіңіздер кесімді.
Д әрпі бар ішінде,
Тыңдасаңыз шешімді.
Гүлдана:
17.
Г әрпі Гүлданамын мен деген,
Білім іздеп, оқу оқып терлеген.
Арман:
18.
Қ дегенің Қайыр Арманмын
Әріптерден қаламын ба мен дағы,
Достарыма тілейтінім алдымен
Денсаулық пен зор байлық алда да.
Айқын: Б әрпі Бейсекей Айқынмын мен деген

Оқу оқып,жазу жазып терлеген.


О: Осы қыс ішінде әйбат әліппені үйреніп кел. (Әріптерді барлығын Жалқаубекке береді)

Жалқаубек әні:
Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Балаларға ақ тілек,
Болашаққа бақ тілеп.
Хормен: Балаларға ақ тілек,
Болашаққа бақ тілеп.
Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған мың рақмет!

Әліппе: Балалар, рақмет сендерге! Мен сендерге өте ризамын. Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, менің досым, өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар. Ана тілі оқулықтарыңды жақсы оқыңдар, үлгілі оқушы болыңдар. Ал мен енді кетейін, қош сау болыңдар!
Сау бол!

Би: Ұлдар биі
Мұғалім:
- Балалар, сендер әліппемен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.
Жалқаубек: Математика деген не?
Сандар шығады.

Мұғалім:
Ретімен тізбелі,
Әрбір санды даралап.
Қайсың барсың бізге енді,
Айтып берер санамақ?
Мадиар:
1) 1 дегенім – бесік,
Шықтың содан өсіп.
Аружан:
2) 2 дегенім – елім,
Далам, тауым, көгім.
Дана:
3) 3 дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
Айқын:
4) 4 дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
Айдана:
5) 5 дегенім – бақыт,
Бағалайтын бақыт.
Гүлдана:
6) 6 дегенім – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
Арман:
7) 7 дегенім – жалау,
Жүректегі алау.
Алуа:
8) 8 дегенім – сөзің,
Серт беретін кезің.
Ата-аналарға сұрақтар логикалық:

Би: Қыздар Радуга

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бірге: Қош сау бол, құтты Әліппе! (Әліппе кетеді)
О: Өтірік айтпа, ұрлық жасама.
Әдептілік, ар – ұят.
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы жат,
Надандықтың белгісі,
Үйрен жақсы әдеттен,
Жирен жаман әдеттен!
(Жалқаубектің тұрысын, киімін жөндейді)
Жалқаубек: Мен өз қатемді түсіндім, мен де сендер сияқты ақылды да, тәртіпті болғым келеді. Мен өз атымды Ақылбекке ауыстырып ендігі жылы әліппені меңгеріп келемін.
Оқушылар: Біз саған сенеміз, Жалқаубек. Қош сау бол! (Жалқаубек кетеді)
Мұғалім: Өздеріміз білетін «Ана тілі» туралы тақпақтарымызды айтып берейік.
Ән: «Балдырған»
Мұғалім
: Балалар, енді әліппеден басқа да қызықты кітаптарды оқи алады. Бізге қонаққа кітапханашы Зарина апайымыз келіп отыр. Зарина апайымызға сөз берейік.
Кітапханашы: Балалар, мені мерекелеріңе шақырғандарың үшін көп рахмет. Сендер енді өз беттеріңмен оқи аласыңдар. Кітапханада әдемі, балаларға арналған кітапшалар көп. Мен сендерге бүгінгі мерекелеріңе сыйлық ретінде бірнеше кітап ала келдім. (Кітаптарды балаларға таратады, «Ана тілі» таратуға көмектеседі).
Ана тілі: Балалар, енді басқа да қызықты кітаптар оқитын боласыңдар. Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер.
Хормен: Оқимыз, «Ана тілі», оқимыз!
Мұғалім: - Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі сөз сіздерге беріледі.
Мұғалім: Ата – ана шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Қорытындысын жасайық!!! (шашу шашылады)
Мұғалім: Мұнда біреу жымияды қызына,
Мұнда біреу ақыл айтар ұлына.
Мұнда біреу сөз сөйлейді жараса,
Мұнда біреу елтіп отыр жырыма.
Ол кім десең,
Қуаныштан езулерін жымиған,
Ол – ата – ана, әлемдегі сыйлы адам, - дей келесі сөз кезегін ата – аналарға беремін.
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-107168

Похожие материалы