Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сценарий "7мамыр - Бала сұлтаны"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сценарий "7мамыр - Бала сұлтаны"

библиотека
материалов

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай
1 класс арасында өткен «Бала сұлтаны » сайысы 


Саламатсыздар ма құрметті ата-аналар,балалар, әріптестер!
Біздің мектепте ұлдарын,әкелеріміз бен ағаларымызды,інілерімізді , балабақшадағы ағайларды 7мамыр- Ұландар күнімен құттықтап қоюға рұхсат етіңіздер!!!
Анаң күнің жүрегің Ағаң қамқор асқарың
Әкең өмір тірегің Інің мөлдір аспаның
Сен бақытты ұлансың Сен-бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын! Бәрі саған қуансын!
Әжең асыл ардағың Қарындасың- қанатың
Атаң дана қорғаның Ел отаның -жаннатың
Сен бақытты ұлансың Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын! Бәрі саған қуансын!
1 сынып өрендерінің орындауында «Жас дәурен» әні.
7 мамыр мерекесіне орай класымызда ұлдарының арасында өткізгелі отырған «Бала сұлтаны » сайысын ашық деп жариялаймыз! Біздің сайысымызға төрешілік етуге әділ қазы мүшелерін сайлап алайық. Әділ қазы мүшелеріне мектебіміздің құрметті ұстазы Ақботаева Салтанат апайды, ауыл әкімі Жалашев Нұрдаулет Көптілеуұлы, және балаларымызға неше түрлі ,дәмі тіл үйіретіндей тағамдарды пісіретін Люба апайды сайлаймыз.
«Жігітке жеті өнер аз,жетпіс өнер да көп емес » дегендей қош айтысып, мектеп табалдырығын аттағалы отырған өрендеріміз өз өнерлерін көрсетіп,бақ сынасады. Ендеше біз бала сұлтандарымызды ортаға шақырайық!
1. Жеткербай Сағынхан
2. Тынымбай Дайыр
3. Жалғасхан Уәлихан
4. Үмбетов Иса
5. Жамиев Бекарыс
6. Унгаров Жандос.
Біздің өрендерімізге сәт сапар тілек сөзі балабақша меңгерушісі Мадина Төремырзақызына беріледі.
Қазір балалар жеребе тастау арқылы шығу ретін анықтайды.(балалар алма ағашына барып алма алады. Алмада рет саны жазылған.)
Сайысымыз 5 шарттан тұрады.
1.Таныстыру.
2. Өнер сайысы
3.Қол өнер сайысы
4.Мақал-мәтел сайысы
5 Күштілер сайысы
6.Жеті атаны атай білеміз бе 
Біздің сайыскерлеріміздің рет сандары белгілі болды. 
Бекарыс, Иса ,Сағынхан!
Дайыр, Жандос;Уәлихан!
Әр бүлдіршін-ел гүлі!
Көңілге түй сен мұны
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі!
Ендеше таныстыруымызды бастаймыз! Таныстырулар кетеді:
Сағынхан:
Аспайтын,саспайтын
Жұмсағанда қашпайтын
Ата-әжесін қуантқан
Сағынхан деген мен болам!
Дайыр:
Биіктікті көздеген
Көкке құлаш сермеген
Дайыр менің есімім
Танып ал мені білмеген!
Жандос:
Жандос деген баламын
Айтқан тілді аламын
Әліппемен дос болып
Мектепке мен барамын!
Бекарыс:
Бекарыс деген баламын
Айтқан тілді аламын
Сырын білгім келеді
Туған ел ,дала, қаланың!
Иса:
Иса атымды қойғаны 
Өзіме сондай ұнайды
Өскесін дәрігер болғанды 
Жүрегім қатты қалайды!
Уәлихан:
Ата-әжесіне ермек болған
Уәлихан деп атым қойған
Азамат болу ойымда
Ізгілік бар бойымда!
Әділ қазылар алқасы таныстырудың бағасын дайындағанша, б/б жезтаңдай әншісі Айханымның орындауында «Айгөлек» әнін тамашалаңыздар!
Әділ қазы мүшелері бағасы
Келесі кезекті өнер сайысына береміз.
Балдырғанбыз арай жүз
Бал-бұл жанып қараймыз
Ән саламыз күнде біз
Біз қашанда біргеміз!

Менің әжем әлі де
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Жасыңа да , кәріңе!
Сағынханның орындауында «Әжемнің шайы» әнін қабыл алыңыздар.

Балабақша байтағым
Күліп ойнап қайтамын
Ән саламын,би билеп
Тақпақты да айтамын.
Бекарыстың орындауында «Балабақшам менің» әні.

Кіп-кішкентай момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді анам қозым 
Қошақаным өзің! Деп
Жандостың орындауында «Қошақаным » әні.

Өнерлі ғой балалар
Көңілдері пәк жайсаң
Би де билеп береміз
Десант биін қаласаң
Дайырдың орындауында Десанттар биі


Біз байқамай отырған 
Бір өнерлі бар арамызда
Исаны шақырайық ортамызға
Өнеріне тәнті етсін баршамызды
Исаның орындауында шығыс жекпе-жегі таэквондо жаттығуларынан үзінді.


Қара жорға болмаса
тойдың сәні келе ме
Қос етек көйлек кимесе
Қыздың сәні келе ме-дегендей
Уәлиханның орындауында Қара жорға биін тамашалайық!
Біздің балаларымыздың қандай сегіз қырлы, бір сырлы екеніне куә болдық.Әділ қазы мүшелері бағалағанша,Айханым мен Томиристің орындауында «Айналайын бөпешім » әнін тыңдайық.
Әділ қазы мүшелері бағасы.
Ендеше сайысымызды жалғастырайық.Қолөнер сайысы.
Бұл сайыстың шарты бойынша балалар жапсыру арқылы «Мен өскенде кім болам» тақырыбына жұмыс жасайды. Болғаннан кейін, кім болам тақырыбына әңгімелеп беру сұралады.
Ұшқыр ойым талабым
Сурет те,ән де саламын
Басқаға үлгі болатын
Өнегелі баламын!
Жандос:
Зәулім мектеп алаңы
Көркем үйді қаланы
Балалардың бақшасын
Құрылысшы салады
Иса:
Ақ халатты киемін
Аппақ болып жүремін
Дәрігермін мен деймін
Әже атамды емдеймін
Сағынхан:
Ұшқыш болмай немене
Қуат бітті денеме
Қанатым бар қайыспас
Ұшқыш болам өскенде
Бекарыс:
Шарлайды даланы
Шарлайды қаланы
Кім білмейді автобус
Жүргізуші ағаны
Дайыр:
Болсын күндіз,түн мейлі
Бір сәтке көз ілмейді
Тәртіп сақшысы
Тыныштықты білмейді
Уәлихан:
Бет түзейтін алысқа
Бағытымнан аумаймын
Шетсіз-шексіз ғарышқа
Зымыранмен заулаймын!

Балалардың жұмысына баға беру.
Келесі сайысымыз «Мақал –сөздің мәйегі »деп аталады.Бұл сайыстың шарты кім көп мақал айта алатынын анықтайды.
Дайыр:
1 Бала тілі- бал
2 Еңбектің наны тәтті,жалқаудың жаны тәтті
3 Отан оттан да ыстық
4 Жігітке жеті өнер де аз
5 Еңбек түбі береке
6 Бұлақ көрсең көзін аш
7 Халық айтса қалт айтпайды
8 Ауру қалса да әдет қалмайды
9 Еңбек етсең емерсің
10 Өнер алды-қызыл тіл
11 Бір тал ексең он тал ек.
12 Жері байдың елі бай.
Уәлихан:
1.Отан –елдің анасы,ел-ердің анасы
2.Туған елдей ел болмас,туған жердей жер болмас.
3.Ер туған жеріне келер,ат тұрған жеріне келер.
4.Еңбектің наны тәтті,қорқақтың жаны тәтті.
5.Өнер –қанат,білім-сағат.
6.Ақыл-жас ұланнан,жүйрік-тай, құнаннан
7.Жақсы бала-сүйік,жаман бала -күйік.
8.Бала-қымбат,немере-ыстық.
Бекарыс:
1. Балық басынан шіриді.
2. Ағасы бардың жағасы бар.
3. Кітап- білім бұлағы
4. Анасын көріп, қызын ал
5. Көп түкірсе көд болар
6. Қыз жоқ жерде қызық жоқ
Сағынхан:
1. Әдепті бала- арлы бала,әдепсіз бала- сорлы бала
2. Ағасы бардың- жағасы бар,інісі бардың –тынысы бар
3. Отансыз-адам,ормансыз-бұлбұл.
4. Отан оттан да ыстық
5. Ерлік- білекте емес, жүректе.
6. Ананың сүті -бал,баланың тілі- бал.
7. Ырыс алды –ынтымақ
8. Жаңбыр жауса-жер ырысы.
Жандос:
1. Еңбек түбі береке
2. Ер дәулеті-еңбек
3. Кәсіп түбі –нәсіп
4. Тәні саудың- жаны сау.
5. Дені сау адам-дәулетті адам.
6. Ананың сүті-бал,баланың тілі –бал.

Иса:
1. Ырыс алды –ынтымақ
2. Ынтымақ түбі игілік.
3. Ердің туы-намыс.
4. Күш-білімде
5. Ақыл азбайды,білім тозбайды.
6. Оқу-білім бұлағы.

Әділ қазылар бағасы. 
Сайысымыздың келесі бөлімі «Күштілер сайысы» деп аталады.Мұнда балалар гір көтеріп сайысады.
Әділ қазылар бағасы.
Ендігі соңғы шартымызға кезек берейік. Бұл бөлім «Жеті атаны білеміз бе деп аталады.»
«Жеті атасын білген ер , жеті жұрттың қамын жер дегендей» балалар неше атасының атын атай біледі екен.
Дайыр:Ұлы атам-Қонай
Қонайдан-Әбдікәрім
Әбдікәрімнен-Тынымбай
Тынымбайдан-Александр
Александрдан- мен Дайыр
Уәлихан:Ұлы атам-Сатай
Сатайдан-Тастемір
Тастемірден-Досқабыл
Досқабылдан-Жалғасхан
Жалғасханнан-Санатхан
Санатханнан-мен Уәлихан!
Сағынхан: Ұлы атам-Жүндібай
Жүндібайдан- Сағынай
Сағынайдан-Жеткербай
Жеткербайдан-Азамат
Азаматтан-мен Сағынхан!
Жандос:Ұлы атам-Шернияз
Шернияздан-Оңғар
Оңғардан-Қайрат
Қайраттан- мен Жандос!
Бекарыс: Ұлы атам –Дощан
Дощаннан-Жәми
Жәмиден-Тілепберген
Тілепбергеннен-Ерәділ
Ерәділден-Асанәлі
Асанәліден- мен Бекарыс

Балалардың жауаптарын бағалау.
Әділқазылар алқасының бағасы дайын болғанша біз кезекті әнге берейік.
Әлиядай апамыз,
Бауыржандай атамыз!
Фашистерден отанды
Қорғап батыр атанды!
Біз еліктеп өсетін,
Батырларың десе кім
Әлиядай апамыз
Бауыржандай атамыз! 
«Қарлығаш» тобының ұл-қыздарының орындауында «Солдат болам мен ертең» әнін қабыл алыңыздар!
Әділ қазы алқасының қорытынды сөзі. Балаларда мадақтау,сыйлықтар тапсыру.
Балбөбек,балалық шақ,балдырған
Келер күндер шығар сенің алдыңнан
Елге тұлға ұлан болшы балақан!
Биікке ұшар қыран болшы балапан!
Балаларға ақ жол тілей отырып, оқуда озат болыңдар дегім келеді!






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров2415
Номер материала ДВ-180846
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх