Инфоурок Другое Другие методич. материалыСценарий "Менің мамандығым" студенттермен кездесу

Сценарий "Менің мамандығым" студенттермен кездесу

Скачать материал

 

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Беріктас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

Бекітемін

Мектеп директоры:             Ж.Дуанаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Менің мамандығым»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген:

Физика пәнінің мұғалімі

А.Кунафина

 

 

 

 

 

 

 

 

Беріктас ауылы, 2016 жыл

 

 

 

«Менің мамандығым»

Мақсаты: Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру, олардың туған елге деген сағыныш сезімін көтеру.  Оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру; әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту; бұрынғы бітіріп кеткен және қазіргі таңд студент болып жүрген түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету; мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы жарнамалар жасау;

Көрнекілігі: Кештің тақырыбы

Кешке қатысушылар: -  әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері, яғни студенттер,  8-11-сынып оқушылары, ұстаздар, ата- аналар.

Жүру барысы:

І- жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары, бүгінгі кеш қонақтары- мектебіміздің түлектері.
                                              Әсемпаз болма әрнеге,
                                              Өнерпаз болсаң арқалан
                                              Сен де бір- кірпіш дүниеге,
                                              Кетігін тапта бар қалан

дей отырып, бүгінгі мектеп оқушылырының студенттермен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз.
ІІ- жүргізуші:
                                            Ұшырдым жүрегімнен жыр кептерін,
                                            Мерекең, құтты болсын, түлектерім.
                                            Қол соғып ортамызға шақырайық,
                                            Бүгінгі кешіміздің кейіпкерін

- деп кешегі мектебіміздің түлектері, бүгінгі студент болашақ маман иелерін ортаға шақырамыз.
(Музыка ойнайды. Студенттер ортаға шығады).

Олар:                             

1.      Аманбаев Ақжол

2.      Санақбаев Дастан

3.      Бахытжан Айнур

4.      Мыңбаев Әділет

5.      Бауыржан Балғын

6.      Сейтжан Алдияр

7.      Молдахмет Жантас

8.      Әнуарбек Жұлдыз

9.      Досбосынов Адай

10.  Найманбаев Олжас

11.  Жұмағулова Айым

12.  Жамихан Меруерт

13.  Жамихан Аңсар

14.  Сурамбекова Назым

15.  Мыңбаева Асем

16.  Әділжан Қайсар

І- жүргізуші:
Адамның өміріндегі алтын әріппен жазылар кезең- мектеп- ана құшағында өткен оқушылық күндер және қиындығы мен қызығы мол студенттік кезең екені сөзсіз.Ол басыңда мәңгі тұрақталып қалар дәуренің емес, ол сенің патшаның алтын тағына да айырбастамас балалық, жастық шағың, көзді ашып жұмғанша өте шығар сиқырлы күндерің.

ІІ- жүргізуші: Мектеп түлектерін  «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
І-жүргізуші: Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.
 
Осыған орай өткелі тұрған студенттермен мектеп оқушыларының арасындағы дәстүрлі кездесу кешіне арналған «Студенттік өмірдің қыры мен сыры туралы» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!

Ән: «Жаса Қазақстан» орындайтындар Шойбек Ақылбек, Ерболат Лашын.
ІІ- жүргізуші:

                                     Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,
                                     Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.
                                    Өнеге үлгі болған кішілерге,
                                   Ұстаздар шын пейілмен жыр арнады,

деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Чалимбекова нуршат Кемербековнаға береміз.

І- жүргізуші:
                                Ұрпағы ұландары текті жердің,
                                Қашанда болмысыңа сүйінемін
                               Кешегі ғалымдар да, мамандар да,
                               Шығады өздеріңнен деп білемін- деп келесі сөз кезегін

Мектебіміздің психологы Аульбекова Алия Алимтаевнаға беремізст

Келесі сөз кезегін қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әмырғалиева Лязат Серікқызына  береміз.

ІІ- жүргізуші:

                                   Студент ертеңіне жол ашады,
                                   Асқақта нұрлы болар болашағы.
                                  
Дәл осы мектебімде білім алып,
                                   Арманға аласармас қыр асады,

деп бүгінгі студент, ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек. Өздеріңіздің оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз жөнінде айтып берсеңіздер.

(студенттерге сөз кезегі барлығына)

І- жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің себепшісі болып отырған қымбатты студенттер сіздерге арнаған жеңіл сұрақтарымыз бар. Әрқайсыларыңыз өз ойларыңызды білдірсеңіздер. 

3. Психологиялық сәт: "Психогеометрия"- өзін- өзі тану: Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын. 
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.
4. «Мамандықтар тізбегі»- ойыны
Қазір барлығымыз шеңбер жасап, «мамандықтар тізбегін» құрамыз. Мен бір мамандықты айтамын, мысалы: металлург. Келесі оқушы осы мамандықпен қатысы, байланысы, ұқсастығы бар мамандықты атап олардың байланысын, ұқсастығын ажырата білу керек. Мысалы, металлург, аспазшы. Себебі екеуі де отпен, жоғары температурада, ыстық пештерде жұмыс істейді. 

Би: «Қыздар» тобы. Билейтіндер 8 сынып оқушылары
Қатысушыларға берілер сұрақтар:
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
- Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
- Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
- Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
- Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?

-Сіздердің арасында  педагог саласын таңдаған студенттер бар. Құдай қаласа оқу бітіргесін өздеріңіздің алтын ұя мектептеріңізге қайта келесіздер ме?

-Медицина саласын таңдаған студент,сіз біздің кентімізге келесіз бе?

-Мектеп өмірінің қай кездерін жиі еске алып жүресіздер?

-оқушыдан студент деген атаққа өзгеру қаншалықты қиынға соқты? Осы екі ұғымның айырмашалығы неде ?
ІІ-жүргізуші:
Сіздердің назарларыңызда мектебіміздің биші қыздарымыздың заманауи биін қабыл алыңыздар.

 

6. Cіз Емтихан тапсыру үстіндесіз. Жақсы баға алу үшін мұғаліміңіз сізден ақша талап етті. Сіздің қалтаңызда еш ақша жоқ. Бірақ қасыңыздағылардың бәрі осы әрекетке көшіп, осылайша емтиханнан оңай құтылуда. Ал емтихан уақыты аяқталуға аз ғана уақыт қалды. Осы кездегі сіздің әрекетіңіз

7. Сіздің бірінші курста оқитын кезіңіз. Студенттердің сүйікті мерекесі 17 қараша күні болатын мерекеге қарсы отырыспа ұйымдастырылған. Соған үйіңіздегілерден 2 сағатқа сұранып келдіңіз. Бірақ келгеніңізге 2 жарым сағат болды. Сол кезде сыртқы есік ашылып, үйіңіздегілер айқайлап, сізді алып кетті. Достарыңыздың алдында қатты ұялдыңыз. Сіздің әрекетіңіз.

8.  Ертең сіз қиналатын пәннен мемлекеттік емтихан. Бірақта сіздің ең жақын
досыңыздың туылған күні. Барсаңыз емтиханға даярлығыңыз төмендейді. Бармасаңыз ең жақын досыңыз өкпелейді. Сіздің әрекетіңіз.

9. Сізді ақпанның 20 - жұлдызы күні сағат 15: 00 де болатын мектептегі студенттермен кездесу кешіне шақырды. Дәл осы уақытта мектепке кіре бергеніңізде алдыңыздан оқушы шығып, қолындағы шелектегі суын сіздің үстіңізге төгіп алды. Сіздің сол кездегі әрекетіңіз.

І-жүргізуші: Кезек қорытындыға да келіп жетті. Құрметті студенттер, сөз соңын мына сұрақтарға жауап беру арқылы қорытындыласаңыздар.

Қорытындылау сұрақтары:
 Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
«Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
- Осы күннен не алдыңыз?
- Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

ІІ-жүргізуші:
                                           Самғаңдар бейбіт елдің аспанында,
                                           Зулайды жастық дәурен қас-қағамда.
                                           Мектебің ұстаздарың алтын қазық,
                                           Тілейді сәтті қадам жастарына.

Бүгінгі салтанатты жиынымызды қорытындылау үшін сөз кезегін физика пәнінің мұғалімі Кунафина Арай Қасымханқызына  береміз.

І-жүргізуші:
Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
                                      Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
                                      Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
                                      Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
                                      Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
                                      Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
                                     Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!

- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер,  бүгінгі кездесуде студенттеріміздің айтқан ақыл - кеңестерін жадыңызда ұстап , ілім- білім алуға барлық күш -жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіреміз!

 



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий "Менің мамандығым" студенттермен кездесу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 479 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2016 6693
    • DOCX 60.5 кбайт
    • 204 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кунафина Арай Касымхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кунафина Арай Касымхановна
    Кунафина Арай Касымхановна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31442
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой