Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Сценарий мероприятия "Алтын күз"

Сценарий мероприятия "Алтын күз"


  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

«Берекеліерекелі Алтын күз»- сценарииі



Музыкалық әуен ойнап тұрады. Балалар сахнаға шығады.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер ата-аналар!

Армысыздар ұлағатты ұстаздар!

Бармысыздар жас достар!

Хормен: Берекелі, мерекелі Алтын күз құтты болсын!

Жүргізуші: Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Ертеңгілікті бастайық Қуан!Шаттан! Алақай!

Қуанатын күн келді

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Құттықтау сөз мектеп директоры Ерлан Кенжебекұлына беріледі.

Хор: Ән «Күз келгенде».

Жүргізуші:Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі күз мезгілі.Айнала сұлуланып, түрлі-түстерге боялып құлпыра түседі.Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл, қоңыр, сары болып өзгереді.Олай болса, құрметті қонақтар кішкентай балапандар күз мезгілінің ерекшеліктері туралы не айтар екен:

1.Оқушы: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

2.Оқушы:

Алтын,сары,қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақтар күлімдеп

Көз тартады жалтырап

3.Оқушы:

Еңбек қызып қырларда

Бидай толды қырманға

Алтын таулар секілді

Сап-сары боп тұрғанда

4.Оқушы:

Біреу астық түсіріп

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп

5.Оқушы:

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

Жапырақтар жамырап

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді



6.Оқушы:

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Хор:Ән «Күз -жомарт».

7.Оқушы:

Бүгін мейрам,бүгін той

Қуаныш күн біліп қой

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой

Жүргізуші:

Алқаптан бидайды

Қоймаға жинайды

Тырнасы тізілген

Ұнатам күзді мен!-дегендей бәріміз де күз мезгілін жақсы көреміз.Ендеше қошеметпен қол соғып «Күз» ханшайымын ортаға шақырайық.

Музыкалық әуен ойнап тұрады. Ортаға «Күз» ханшайымы келеді.

Күз ханшайымы: Күзде табиғат көрінісі жиі өзгереді, аспанды бұлт торлап, ағаш жапырақтары жерге түседі,жаңбырда жауады. Құстар жылы жаққа қайтады, астық жинаймыз, жемістер мен көкөністер піседі. Ал маған кім жемістер мен көкөністер туралы тақпақтар айтып береді.

1 сынып оқушысы:

Асқабақ киімін киіп кіреді.

Күзді күтіп жатамын

Жиып нәрді бойыма

Асқабақпын,жараймын

Қыстай сақтап қоюға.

2сынып оқушысы:

Мен өрікпін, өрікпін

Бау-бақшаға көрікпін

3сынып оқушысы:

Бақшаларда тізіліп

Қаперсіз мен жатамын

Қабат-қабат киініп

Қырыққабат атандым

4сынып оқушысы:

Мен алмамын,алмамын

Аузындамын бар жұрттың

4/коор/ оқушысы:

Шиемін мен шиемін

Піскенше тон киемін

Бала келсе қасыма

Басымды мен иемін

«Күз» ханшайымы:-Керемет балалар, осы тақпақтарың үшін сендерге күзгі ән шашу қабыл алыңыздар!

«Күз» ханшайымы: Қазір біз сендермен «Күз белгісі неде?» деген ойын ойнаймыз.Мен күз мезгіліне байланысты сөздер айтамын, сендер аяқтайсыңдар

-Күзде жапырақтар ………….(сарғаяды).

-Күзде күн …………………(суып, жаңбыр жауады).

-Күзде құстар …………….(жылы жаққа ұшып кетеді).

-Күзде жемістер мен көкөністер………….(піседі).

Балалармен ойын……………………………..

«Күз» ханшайымы:- Балалар күз мезгілінің айларын атап беріңдерші?

-Қыркүйек,қазан, қараша.

-Осы айлар туралы не білесіңдер?

Қыркүйек

Шоғы толған гүлдей жайнап

Жарқырады Алтын күз

Сайраңдап күліп ойнап

Келіп кетті қыркүйек

Қазан

Қазан айы молшылық

Дәулет қорын қалады

Заңғар көкке қол созып

Құстар ұшып барады

Әлихан Құстар қайтты қыс болды

Сұр бұлт жапты аспанды

Жапырақ түсіп, гүл солды

Қараша ызғары басталды

Жұмбақтар шешу

Бойын жерге жасырған

Бұрымы бар жасылдан

(сәбіз)

Ұзын мұртты сарылар

Қойнында дәні бар

(бидай)

Бақшадан келген ала доп

(қарбыз)

Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады

(пияз)

Күзбен қоштасу

Хор: «Алтын күз» әні


Автор
Дата добавления 06.12.2015
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров141
Номер материала ДВ-232883
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх