Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Сценарий мероприятия "День Независимости"

Сценарий мероприятия "День Независимости"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, халқым менің!

Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін


2-жүргізуші: Құрметті қонақтар бүгіңгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 24 жылдығына арналған салтанатты мерекені ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні жалауынан таныған.

Өзі батыр, өзі әнші халыққа

Жарасады жігер берер әнұран.


1-жүргізуші: ТІК ТҰРЫҢДАР! ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ГИМНЫ!


2-жүргізуші: Құттықтау сөзі Қулыкөл ауылдық округінің әкімі беріледі

1-жүргізуші: Сөз беріледі

2-жүргізуші: Келесі құттықтау сөз Қали Хадесұлы атындағы Жаңаауыл орта мектебінің директоры беріледі


Әдеби – монтаж

1-жүргізуші: Сәуле болып нұрында таңғы үміттің,

Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың.

Даңқың артсын, егеменді елім менің

Серігіне айналшы Мәңгіліктің!

2-жүргізуші: Бүгін Отанымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 24 жыл толып отыр. Мереке баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіз ел атанып, өз алдына дербес мемлекет болу – айтар ауызға оңай көрінгенмен, ол оңай жолмен келген жоқ.

1-жүргізуші: Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады?

2- жұргізуші: Иә, бұл күнге жету үшін сонау батырлар заманынан бері ел мен жер үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.

1-жүргізуші: Қазақтың құрсағы қашанда қайратын жиып, елдіктің туын мығым ұстаған талай ерлерді тарих сахнасына әкелді, тарыдай шашырап, жер бетінен жойылып кетер шақта, қазақтың басын біріктіріп, тәуекелге бел буған талай көш бастаған хандар мен батырлар ел есінде.

2-жүргізуші: Өздеріңіз көріп отырғандай, қазақ елі ежелден осы Азаттық үшін, Тәуелсіздік үшін күрес жолында жанын құрбандыққа қиған халық.

1-жүргізуші: Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға – бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

2-жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы  – 29 жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын.

1-жүргізуші: 1986 жылы 17 – желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылын білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.

2-жүргізуші: Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

1-жүргізуші: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның.

2-жүргізуші: Ербол, Ләззат, Сабира, Қайрат сынды азаматтардың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 минут орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық (Бір минут үнсіздік)

КӨРІНІС: 10 сынып

 1-жүргізуші: Қазақтың санасын сілкіндіріп, дүниежүзінің назарын өзіне қаратқан желтоқсан ызғары – жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің алғашқы қайнар көзі болды.

2-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады.

«Жас ұлан» әні орындайтындар 2 сынып оқушылары Данияр мен Гүлзада

1-жүргізуші:

Қырмызы қыздар,

Қызғалдақ қыздар құлпырған.

Өздерің жайлы кеудеде біздің жыр тұңған.

Қазақтың биін билеңден қане майысып,

Отырған халқым сүйсініп қалсын сыртыңнан.


Деп кезекті қалықтаған биге береміз, «Қазақ» биі қабыл алыңыздар

Ән: « » орындайтын Айжан


2-жүргізуші: Тарихта болмаған оқиғалардың бірі ағаларымыз Тоқтар Аубакіров пен Талғат Мұсабаев ғарыш кемесін бағындырып ғарышқа ұшты


1-жүргізуші: Қарыны ақ түйенің ақтарылды,

Бар қазақ алақайлап атқа мінді.

Біз барып Байқоңырдан қарсы алайық,

Ғарыштан қайтып келген ұлдарыңды


ән: « »


2-жүргізуші:

Егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің арқасында халқымыз туған тілімен қайта қауышты. Тіліміз мемлекеттік мәртебе алды. Мұның өзі мақтаныш емес пе?

Тілім меніңтірегім, дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің?!

Өз халқыма жетеді өз мәнінде

Өз тілімде оқылса жырым менің.

1-жүргізуші: Тәуелсіз еліміз дүние жүзіне танымал болып, 1992 БҰҰ қабылданды. 1995 жылы жаңа Конституция қабылданды.

Ал 1998 жылы Қазақстан Республикасының астанасы болып Астана қаласы бекітілді


ән: «АСТАНА» орындайтын Айым

«ҚАЗАҚ» биі орындайтын Қанағат


2-жүргізуші: Ел таңдаған елбасы ел басқару ісінде бірден-бір стратегиялық бағытты таңдай білді.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп Қазақстан Бүкіәлемдік Қауымдастықта өз орны бар абыройлы мемлекетке айналды


2-жүргізуші: Тәуелсіз ел атандық,

Биік даңқың.

Бар әлемге әйгілі ләйім атың.

Ата-баба қанымен келген бізге.

Тәуелсіздік құт болып қонды еліме,

Қорғап сені өтемін өле - өлгенше.

Мақтанамын әлемге мен Азатпын


Ән: «ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ» 4 СЫНЫП


1-жүргізуші: Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр-әнім,

Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным.

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік

Қолда елімді қасиетті Құраным.

Ән: Айым мен Анараның орындауында


2-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егеменді ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген Шығыстан

Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.

Ата-бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан – Гүлістан!


КӨРІНІС: 11 сынып

1-жүргізуші: Салтанатты мерекеміздің қадірлі қонақтары Тәуелсіздік тұғыры мәңгі биік болсын деген тілекпен концертімізді аяқтаймыз.


2-жүргізуші Еліміз тыныш, патшамыз аман болсын! Келгендеріңізге рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 26.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров103
Номер материала ДВ-290525
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх