Инфоурок Другое Другие методич. материалыСценарий мероприятия "Наурыз мейрамы"

Сценарий мероприятия Наурыз мейрамы

Скачать материал

«Қош келдің, Наурыз!»

 

 

1вед           Армысыздар, аяулы халқым менің.

2вед.          Бармысыздар, қадірменді халайық!

3 вед.         Добрый день, дорогие друзья!

 

1вед

Ақтарған кең даламның алтын кенін

Мереке басы болсын берекенің,

Ардақта, Наурыз тойын, салтыңды елім!

2вед.

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кеңелге

Құтты болсын, бұл Наурыз!

 

3 вед.         Приходит снова юная весна

Да будет изобильною она

За праздничным и щедрым дастарханом,

Надежды и доверия полна!

Мы счастливы, что обновляя жизнь,

Весной приходит к нам Наурыз!

1вед.

О, жараңдар, жараңдар!

Бәрің мұнда қараңдар.

Наурыз тойы басталды,

Текке қарап тұрмаңдар!

2вед.

Әуелесін армандар,

Үміті боп жалғаңдар.

Бақ дарып, Қызыр қарасын.

Мерекеден қалмаңдар.

1вед.

О, жараңдар, жараңдар!

Тамашадан қалмаңдар.

Құс қанатты көңілмен,

Жер-әлемді шарлаңдар.

2вед.

Оятып шың мен асқарды,

Ерітіп мұз бен ақ қарды.

Нұрландырған даланы,

Наурыз Көктем басталды!

 

 

3 вед.         Тают льдинки под карнизом,

Путь весне Всевышним дан

Светлый праздник Наурыза

Принимай мой Казахстан!

По степи к нам добрый вестник –

Ветер мчится озорной.

Будем той справлять мы вместе

Всей огромною страной.

Пусть звучит домбры признанье,

Пусть бурлит в степи айтыс!

Пусть исполнятся желанья

В добрый праздник Наурыз!

 

 

1вед.

 «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын!»

десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен берекет тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен дос құшақтарды айқастырып табысатын қасиет күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

 

2вед.

Уа, халайық!

Той-думан, ортамызды ашайық

Ән мен күйді төгілтіп,

Тойға шашу шашайық

 

Әже:          Шашу! Шашу! Шашу!

Көн шашайық шашуды,

Ұмытпайық мысық тілеу ашуды

Теріп алғын несібеңді уа, халқым!

Әжең шашқан шашуды.

1вед.          Шашу шаштық болсын деп аман халқымыз,

Болған соң мұндай дәстүрлі жақсы салтымыз.

Шашуды тергін мол болсын деп несібем,

Келер жылға жетсек деп аман жалпымыз.

2 вед.

Бұл күні алдағы күндерге арналып ізгі ой, арман-мақсат айтылып, тілектер тіленеді.

Ендеше:

Бастаса – елдің көсемі,

Сөйлесе – сөздің шешені.

Ақылы асқан абыздай,

Бар түйінді шешеді, - дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді колледж директоры Аманжолова Гүлнар Қабиденқызына үлкен құрметпен ұсынаймыз.

 

3вед.

По традиции человека, который открывает праздник Наурыз, называют «Той-бастар». Сегодня предоставляется право начать праздник директору колледжа Гульнаре Кабиденовне.

 

1вед.

Сіздердің назарыңызға Сәбит Азамат орындауында «Көк ту» атты әнін ұсынамыз.

 

2вед.

Наурыз сөзі парсы тілінің – ноу – «жаңа», руз – «күн» деген сөздерінен қалыптасып,жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «наурыз» сөзі, біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден, наурыз айы, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын наурыз-көжеге қатысты айтылады.

 

3 вед.

Наурыз древнейший праздник, в современном мире его отмечают многие народы. Слово «Наурыз» переводится с персидского как начало года. Наурыз празднуют весь наш многонациональный Казахстан, представители 126  национальностей, которые живут в едином стремлении жить в мире и согласии друг с другом.

 

 

 

1 жүргізуші

Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша, 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қыдыр түні» деп аталады.   Қыдыр Баба адамдарға дәулет беріп, бақ қондырады екен.

 

2 вед. Наурыз күні көрісуден басталады. Ұлыс күнінде сәлемдесудің қалыптасқан дәсүрі бар. Ер адамдар қос қолданып, төс соқтырады; ал, әйелдер болса, құшақтасады; ерлер мен әйелдер кездессе, құшақ айқастырады. Қос қылдап амандасып, төс соғыстыру – « өмір тірегім – төсім, тіршілік көзім – екі қолым аман-сау болсын» дегенді білдіреді.

 

Жасың құтты болсын!

Өмір жасың ұзақ болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Пәле-жала жерге енсін!           

 

 3 вед. В этот теплый весенний праздник Наурыз люди ходят друг-другу в гости, прощают все обиды, угощают традиционным наурыз-көже и разными вкусными блюдами. При встрече заключали друг-друга в объятья, высказывали самые добрые пожелания, желали здоровья. И мы с вами  будем добрыми, здоровыми, и в знак добра  давайте обнимемся, пожелаем друг-другу здоровья, счастья.

 

2вед.

  Жүзінен шуақ тараған, жанары жылы, ақ сақалды қария кейпінде көрінеді. Қыдыр Бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікте жанбақ. Оның белгісі оң қолынан бас бармағына сүйек болмайды деседі білгендер. Бәріңізге де Қыдыр Баба жолыққай деп тілейміз!

 

3вед.

Есть особая традиция на востоке - в  Наурыз ждать Қыдыр ата. По древним поверьям, имено Қыдыр ата воздаст по заслугам, честным и добрым, трудолюбивым и благородным людям. Достаток,  изобилие, счастье, бдагополучие, здоровья и процветания – все это принесет с собой Қыдыр ата.   

 

Сахнаға Қыдыр Баба шығады.

Армысыңдар, әлеумет, көңілі пәк!

Жиналған мерекеге жүздерін шат.

Тілеңдер, тілегіңді қабыл етем,

Қонады бастарына мал менен бақ!

 

Уа, халайық, алғаусыз таза жүректерің,

Отаның болсын тіректерің.

Жасөспірім, көк шыбық өрендерім,

Қабыл болсын тілеген тілектерің!

 

2 жүргізуші

Ел-дәстүрі – арымыз

Той бастығы кәріміз

Қыдыр-баба той бастар

Ал тыңдайық бәріміз!

Қыдыр-баба, атамыз,

Айтылсын бізге батаңыз.

 

Қыдыр Баба

Ал тыңдаңдар батамды

Ардақтаңдар атаны!

Тойсаңдар, тасып, бөспеңдер,

Топастықты кешпеңдер,

Ананың сүтін ақтаңдар,

Арларыңды сақтаңдар!

Жалқаулық жаудан жаманды

Аңқау қып бұзар наданды

Жеңіңдер оны күреспен

Жеңіске жетер бірлескен.

Дәстүрін елдің сыйлаңдар!

Дәстүрлі салтты тойлаңдар!

Орындарсын ойларың,

Тойға ұлассын тойларың!

Әумин!

 

 

2вед.

Муз. номер (домбра )

 

1вед.

Ұлыс күні жеті түрлі заттан – соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, сүт, езілген құрт, бидай (тары, күріш), пияз және сәбізден қазан толы көже (наурыз көже) пісіріледі. Әр үйдің дастарқанына жеті түрлі дәм қойылады. Наурыз көжені тойып ішу – «жыл бойында тоқшылық болсын» деген ұғымға саяды.

 

2 вед. Ұлыстың ұлы күні дайындалатын Наурыз көже Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар», деп тоя ішу ғұрпы сақталған.

 

1вед. Сондықтан, наурыз көжені «көп көже», «тоқ көже» деп атайды. Тіпті алаңсыз тойғанында ішсін деген ниеттен болар, қаласа әркімнің өзі құйып алу еркі де болған.

 

3вед. На Наурыз готовится традиционное блюдо Наурыз-көже. Чтобы в течение года в каждом доме царило изобилие и достаток, наурыз-көже нужно есть досыта.

В состав блюда входит 7 ингредиентов. У казахов число 7 символично, например, 7 дней недели временные единицы бесконечности Вселенной; 7 цветов радуги, 7 чаш с наурыз көже должны стоять на столах; в этот праздник каждый казах должен посетить семь домов и тд.

 

 

 

2 вед.   7 саны қасиетті дейтіні белгілі. Ұлттық таным бойынша, 7 қазына, 7 ата, 7 күн, 7 қат көк, 7 музыкалық дыбыс,7 түс тб.  

 

1вед.Табиғат пен тағам арсындағы байланысты ашу арғылы Наурыз көженің қасиеттерін көрсету үшін, халқымыз даналықпен тағам түрлерін топтап, белгілі бір түстерге балап айтады екен.

 

Көк – көктемде тасыған су-жер дүниені көк толқын етеді.

 

Қызық – қарындары тойғанда қазы-қартаға да қарамай қалатын халқымыз 3 күн ет жемесе тістері қышып, қызылсырайтыны тағы бар. Ендеше барлық ет тағамын қызылға балайды.

 

Жасыл – жерден өсетін өнімднрдің бәрін жасыл өсімдңктің дәні деп түсінеміз.

 

Ақ – барлық сүт тағамдарын ақ сүтке теңеу орынды.

 

Сары – май өзінің түсінің сарылығымен бірге  ең асылын «сары майдай» сақтаған.

 

Қоңыр – бидайдың, тарының талқанын көжеге ұмаждап қосатын ұнды, кеспені қоңыр түске теңеді.

 

Қара – тұзды қасиетті қара дәм, қара бас тұз дейді.

 

2 вед.

Бүгін біздің ару қыздарымыз наурыз көже дайындап, сіздерге дәм татқызады. Ас дәмді болсын!

 

 

1вед

Уа, халайық, тұрмайық,

Әндетейік, жырлайық!

Ортамызды ашайық,

Думандатып, би билеп,

Інжу маржан шашайық.

«Қазақ биі», орындаушы – АБЖ-12-9 тобының білімалушылары

 

2вед.

 Алтын күн төбеді шапағын,

Шырқаймыз өмірдің шат әнін

Мың алғыс, өзіңе туған ел,

Мың алғыс өзіңе Отаным

Сабит Азамат «Көк ту» атты әнін орындайды

 

1вед.

Дастарқаны халықтың тола берсін,

Бақыт құсы басына қона берсін,

Ұлы тойдың төресі – Наурыз тойы,

Жылда-жылда құт тойы бола берсін!

Сіздердің назарларыңызға Аденова Аида орындауында Наурыз әнді үсынаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

2вед.

Берекесі елімнің келе берсін,

Ақ отауға махаббат ене берсін.

Иманына талабы серік болып,

Қиындықты қажыры жеңе берсін.

Катя Климчук және Диппель Алина ......                       әнді орындайды.

 

 

 

 

1 вед.

 

Наурыз келді!

Барлығы жасарады,

Наурыз тойын жұрт жатыр жасағалы.

Ұлыс келді!

Ұлы жер түледі,

Тәңір нұр аспаннан сіркіреді

Таня Евченко .......... әнін орындайды.

 

2вед

Наурыздың бойында жылылық көп,

Қауышар қуанысар жаңа жыл кеп.

Көңілдің кірбені де ұмыт болар,

Көктемнің Ұлы ісі – Ұлы күн деп

...... Ерғали мен Диппель Алина «Балдәурен» әнін сөздердің назарларыңызға ұсынайды.

 

Шаңырақ биік болсын!

Босаға берік болсын!

Ақ мол болсын!

 

1 вед.

Жасай берсін жаңа күн

Туа берсін жаңа нұр.

Дүр сілкісін дала бір.

Құтты болсын Наурыз той!

Құтты болсын Жаңа жыл!

 

Аскаусов Темірлан мен Мусайбеков Ринат   «Туған жерім»   әні .      

 

Дастарқаны халықтың тола берсін,

Бақыт құсы басына қона берсін,

Ұлы тойдың төресі – Наурыз тойы,

                   Жылда-жылда құт тойы бола берсін!

 

3вед.

Наурыз это возрождение жизни! Желаем вам счастья, любви, тепла и заботы, нежности и красоты; дарите друг-другу радость, уют. И пусть в душе каждого из вас царит весна!

 

Вовек не станет пелом и золой,

Все то, что крсото земной зовется,

Пусть будет мирным небо над землей,

Пусть вечно юность звонкая смеется!

 

2вед.

Ал, құрметті халайық, бүгінгі Наурыз мейрамына арналған мерекелік концертімізді аяқтаймыз! Сіздерге денсаулық, ашық аспан, көңілдеріңізге көктем, жандарыңызға махаббат, ұзақ өмір тілейміз!

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар химия-механикалық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қош келдің, Наурыз!»

Наурыз мерекесіне арналған әдеби-музыкалық

композициясының сценарийі

 

 

 

 

 

 

Орындаушы: Якубова Н.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий мероприятия "Наурыз мейрамы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 781 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.04.2016 3514
    • DOCX 16.1 мбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Якубова Нурила Амангельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16681
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой