Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Сценарий мероприятия в детском саду "16 декабря -день Независимости"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Сценарий мероприятия в детском саду "16 декабря -день Независимости"

библиотека
материалов


16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған 
«Тәуелсіз елім - Қазақстаным» ертеңгілік сценариі
 
Мақсаты :
 
1. Білімділігі:
Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. 
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту. 
Көрнекілігі: 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті.
2. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
 
Тәрбиеші сөзі: 
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің тобымыздың"Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!
 
«Айгөлек » тобының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
 
Балалар ән ырғағымен залға кіреді.
 
Тәрбиеші сөзі: 
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.
 
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.
 

Әлихан «тақпақ
- Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім,
Туған жерім - сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны
/Әнұран орындалады.

Тақпақтар балалар.

Ермек
Қайраттай қайсар ұлдардың
 
Жанымен келген еркіндік
 
Жазира мен ляззаттың
 
Арымен келген еркіндік
 
Қасірет пен қайғының
 
Бәрімен келген еркіндік
 
Аягөз
Он алтыншы желтоқсан
 
Ел мерейі тасыған
 
Қазақ деген қалың жұрт
 
Бәрін кешті басынан
 
Адия
Әр қазақтың есінде сақталады
 
Желтоқсандық өрендер ақталады
 
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
 
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
 
Ноэми шанти
Он алтыншы желтоқсан
 
Тәуелсіздік алған күн
 
Ерекше боп мәңгілік
 
Ел жадында қалған күн
 
-Біздің балаларымыз «Отан» туралы өлең айтып берсін.
 
ән «Отан»

Тәрбиеші сөзі: 
Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.
 
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
 
-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
 
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
 
-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады)
 

Анелия
Әділеттің ұраны,
 
Ақиқаттың шырағы.
 
Тыныштықтың туы боп,
 
Зор салтанат құрады.
 
Аяулым
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
 
Басқалармен терезесі тең болдық
 
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
 
Отан үшін болуға да құрбандық
 
Ержан
Дүбірлетсін өңірді
 
Дүбірлесін дүлділі.
 
Қазақ деген елімнің
 
Құтты болсын бұл - күні!

Нуржан:
Бірлік түбі - береке
Береке түбі - мереке.
Егеменді ел болдық,
Тәуелсіздікке енді ендік.
дарина :
Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін
Ал енді тәуелсіздік құтты болып,
Көк байрақ мәңгі - бақи желбіресін!
Тәрбиеші сөзі: 
-Енді бір ойын ойнап жіберейік.
 
Ойын: «Күш сынасу» 
Тәрбиеші: біздің балаларымыз «батырлар биі»ұлдардың орындауында билеп берсін. 
Би: «батырлар биі» 

Тәрбиеші: тақпақтар
Аяулым :
Намысымның шырағындай желтоқсан,
Тәуелсіздік пырағындай желтоқсан
Тарихымда із қалдырып, жаңғырып,
Аңыз болдың жыр – ағындай желтоқсан.
Анеля
Көк аспанда тулардың
 
Желбіреген күні - бұл,
 
Елім деген ұлдардың
 
Елжіреген күні - бұл.
 
ән «ағайынбыз бәріміз»

Ойын «оқтау тартыс»

Би» қуыршақтар би»

Ән «отан ортақ үйіміз»
Осылай көрсем деп едім - деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман – есен өсе берсін. 
Олай болса балалар, «желтоқсан гүлі » биін бірге тамашалайық
  
Би. «желтоқсан гулі»

Тәрбиеші: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін! 
Ән « Туған Елім»

Тақпақтар 
Ермек
Қайраттай қайсар ұлдардың
 
Жанымен келген еркіндік
 
Жазира мен ляззаттың
 
Арымен келген еркіндік
 
Қасірет пен қайғының
 
Бәрімен келген еркіндік
 
Аягөз
Он алтыншы желтоқсан
 
Ел мерейі тасыған
 
Қазақ деген қалың жұрт
 
Бәрін кешті басынан
 
Адия
Әр қазақтың есінде сақталады
 
Желтоқсандық өрендер ақталады
 
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
 
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
 
Ноэми шанти
Он алтыншы желтоқсан
 
Тәуелсіздік алған күн
 
Ерекше боп мәңгілік
 
Ел жадында қалған күн
 
Анеля
Көк аспанда тулардың
 
Желбіреген күні - бұл,
 
Елім деген ұлдардың
 
Елжіреген күні - бұл.
 

Елдігімнің – реңі,
 
Тендігімнің – тірегі
 
Мүддесінен халықтың
 
Ажырамас бір елі.
 
Алтын заңым – арай таным!
 
Анелия
Әділеттің ұраны,
 
Ақиқаттың шырағы.
 
Тыныштықтың туы боп,
 
Зор салтанат құрады.
 

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
 
Алдымызда барлық үміт ақталсын
 
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
 
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
 

Ерасыл
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
 
Басқалармен терезесі тең болдық
 
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
 
Отан үшін болуға да құрбандық
 
Ержан
Дүбірлетсін өңірді
 
Дүбірлесін дүлділі.
 
Қазақ деген елімнің
 
Құтты болсын бұл - күні!


Алихан
- Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім,
Туған жерім - сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны
/Әнұран орындалады/






Аяулым :
Намысымның шырағындай желтоқсан,
Тәуелсіздік пырағындай желтоқсан
Тарихымда із қалдырып, жаңғырып,
Аңыз болдың жыр – ағындай желтоқсан.
Нуржан:
Бірлік түбі - береке
Береке түбі - мереке.
Егеменді ел болдық,
Тәуелсіздікке енді ендік.
дарина :
Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін
Ал енді тәуелсіздік құтты болып,
Көк байрақ мәңгі - бақи желбіресін!

























Тәуелсіз елдің ұланымын!

Жарияланды 25-06-2013, 18:44 Категориясы: Бала-бақша 

Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз ана тілін, әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтауды бойына дарыту. 1986 жылы желтоқсанда ел азаттығы жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктерін еске алу. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу. Отанын, елін, жерін, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері. Желтоқсан құрбандары.

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, балалар! Бүгінгі ертеңгілігіміздің дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасына арналады.
«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Амандасу.
Армысыз қайырымды Аспан – ата!
Армысыз, мейірімді Жер - ана!
Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!
Армысыз, балабақша, дос жаран!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен апайлар!

Тәрбиеші: Желтоқсан әні
Әлі есімде ар мен намыс пәк мәңгі,
Еш аяусыз аяқасты тапталды.
Саперлердің күрегінен соққы жеп,
Қып - қызыл қан бояп жатты ақ қарды.

Жүректерге шер қатып,
Мұз - қар қонған - Желтоқсан
Кеудедегі күрсініс
Ызғар болған – Желтоқсан
Әділеттік жолында
Ұлың түгел халқым - ау
Құрбандығы қазақтың
Қызың болған - Желтоқсан!

Әлі есімде сұмдығы көп сол алаң,
Өткен күнге өкінішпен оралам
Озбыр күшке қарсы тұрған қаймықпай,
Қайран жастық сен қашанда бол аман

Құлдық ұрып көне берсең ырыққа,
Жер бетінен кетер едік құрып та
Қазақпын деп ойлар болсаң ағайын
Алматының желтоқсаның ұмытпа.

- Балалар, бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы 16 желтоқсанда үлкен көтеріліс болды. Ол көтеріліс қазақ халқына кең байтақ жерімізге, жан - жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Оған Қазақстанның жас ұлдары мен қыздары шықты. Өз тілін, өз мәдениетін дамытам деген қазақтарға мүмкіндік бермей шайқас басталды.
Сол жастардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев Сабира Мұхамеджанова, Ляззат Асановалар болды. Бұлар Отан үшін, Туған жер үшін, ана тіліміз үшін, сендердің болашақтарың үшін үлкен ерлікпен қаза тапты. Өз алдына дербес, еркін мемлекет, ешкімге тәуелді болмай ішкі,
сыртқы мәселелерді өздерінің шеше алатын мүмкіндігі болуды тәуелсіз мемлекет дейміз.
1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеті туралы заң қабылданды.

Шерхан:
- Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім,
Туған жерім - сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны
/Әнұран орындалады/
Динара:
Намысымның шырағындай желтоқсан,
Тәуелсіздік пырағындай желтоқсан
Тарихымда із қалдырып, жаңғырып,
Аңыз болдың жыр – ағындай желтоқсан.
Жазира:
Бірлік түбі - береке
Береке түбі - мереке.
Егеменді ел болдық,
Тәуелсіздікке енді ендік.
Жанерке:
Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін
Ал енді тәуелсіздік құтты болып,
Көк байрақ мәңгі - бақи желбіресін!
Тәрбиеші:
1986 жылы желтоқсан көтерілісінде еліміздің еркіндігі, азаттығы үшін жандарын қиған Қайраттай ержүрек ағаларымыздың өз көзімізбен көрмесек те олардың шыңдық үшін күрескенін аянбай көз алдымызға елестетеміз.
Тұтқынға түстім жаутаңдай,
Жоламай ешкім қасыма
Бара қалсаң сәлем айт,
Елдегі құрбы – досыма.
Көрініс:
Расул:
Тергеуші:
- Сен 18 - і күні сағат 10 - да қайда болдың?
Имран: Қайрат:
- Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде болдым.
Расул: Тергеуші:
- Жоқ, сен өтірік айтасың, сен Сатпаев көшесінде милиционерді ұрдың! Сен кінәлісің, білесің бе?
Имран: Қайрат:
- Жоқ, мен ешкімді көргенім де жоқ, ұрғаным да жоқ.
Расул: Тергеуші:
- Ақымақ! Әкетіңдер! Көзін құртыңдар! Атыңдар!
Қайрат:
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты - құрбандық»,
Атам десең атыңдар!

Тәрбиеші: - Иә, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ
азаматы Қайраттың соңғы сөзі еді. Елі үшін құрбан болған ержүрек аға - апаларымызды еске алып бір минут тұралық.
Раушан:
Жастық жырын желтоқсанда самғаттым,
Бұлбұл құсым үнін асқақ сайраттың,
Егеменді ел боп алдың бүгінде,
Рухына бас иемін Қайраттың.
Гүлім:
Қан төгілді қара жерге қаншама
Қайғылы жай белгісі ғой баршаңа.
Егеменді ел боп алдың бүгінде,
Қуанышым менің мәңгі тарқама!
Мадияр:
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге бұны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың
Тас көшеде тас - талқан боп өлгені.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз»
Тәрбиеші:
Егеменді ел болудың белгісі.
Басқа жұртпен тең жұлдызы тең күші
«Егемендік» деген сөздер естілер
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
М. Аружан:
Туған жерге нұр шашып, жарық берген,
Қуаныш пен мол бақыт алып келген
16 - шы желтоқсан шуақ болып,
Тәуелсіздік еліме алып келген.

Би: «Қара жорға»
Т:- Балалар, Қазақстан қандай ел?
Б:- Егеменді, Тәуелсіз мемлекет.
Т: Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық рәміздер пайда болды.
- Еліміздің рәміздерін кім атап береді?
Б: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Т:- Елордамыз қалай аталады?
Б:- Астана қаласы.
Т:- Қазақ елін кім басқарады?
Б:- Н. Назарбаев
Т:- Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
Б:- Орыс, неміс, қытай, өзбек, шешен. т/б.

Саламат:
Намысымның шырағы да – Тәуелсіздік
Сұрқай өмір сынағы да - Тәуелсіздік,
Жігіттіктің ұрпағы да – Тәуелсіздік,
Жаңа күннің шуағы да - Тәуелсіздік

Мерует:
Тәуелсіздік мерекесі – ел мерекесі тасыған,
Қазақ деген қайран жұрт бәрін кешті басынан.
Естісін ел үніңді, дүние түгел естісін,
Көтер биік тәуелсіздік туынды!

Нұрбек:
Жастай сүйіп аңсаған,
Тәтті күй мен кәусар ән.
Ол - біздің Қазақстан.

Ән: «Менің Отаным»
Альбина:
Көк байрақ иілмесін жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын
Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың
Ән: «Балдырғандар»
Балалар болашақта қандай азамат, азаматша боламыз?
Балалар хормен:
Елімізді өркендететін,
Қазақ тілін көркемдететін
Бабаларға тағзым ететін.
Аналарға бас иетін,
Балалардан бар жақсылығын аямайтын
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты.
Біз қазақ елінің болашағымыз.
Тәрбиеші:
Тарихым жатыр тасыма
Тіл қатып келер ғасырға
Азаттық дейтін ұғымның,
Желтоқсан тұр басында.

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты
Халайық қаттырақ қол соғыңыздар,
Әншіміз бар біздің де, Жанерке атты.
Ән: «Егеменді ел»
Осымен «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Барлығыңызға Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын.
Халқымыз аман болсын. Елімізде бейбітшілік болсын
- Келесі кездескенше сау - сәлеметте болыңыздар!
Б:- Сау болыңыздар қонақтар






«Тәуелсіздік – ел тілегі» мерекелік ертеңгілігі

Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет туге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Залдың іші мерекеге лайық безендірілген.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болдық. Сендер тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт талмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жүрг:  Мен –қазақпын мың өліп, мың тірілген,                                                                                                                             

             Жөргегімде таныстым мұң тіліммен

             Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

             Қуанғанда күлкіммен күн түрілген.

             Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

            Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

            Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске

            Айта бергім келеді, айта бергім

Жүрг: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік өлең шумақты қабыл алыңыздар:

Айтөре: Он алтыншы желтоқсан

               Тәуелсіздік алған күн

               Ерекше боп мәңгілік

               Ел жадында қалған күн

Тагир: Жасай берсін ұлы күн

              Үміті боп елінің.

              Ақ күн боп баланың

             Шаттығы боп шалдардың

Асылай: Он алтыншы желтоқсан

                Елдің ұлы мейрамы

                Жаңа шыққан көктемдей

                Жаз күніндей жайдары

Гульмира: Арымыздай тап-таза

                    Жанымыздай шуақты

                    Көтерілді биікке

                    Қазақстан байрағы

Талшын/Аделя:  Он алтыншы желтоқсан

                               Ел мерейі тасыған

                              Қазақ деген қалың жұрт

                              Бәрін кешті басынан

Ән «Біздің Қазақстан». Әнін жазған Ғ.Тамендаров. Залға әуенімен әндетіп, Алдар көсе келеді.

Көрініс: «Алдар көсе  мен Шығыбай»

Үстел басында Шығыбай мен оның әйелі отырады. Атпен музыка әуенімен шауып залға Алдар көсе келеді.

Алдар:  Мен Алдармын, Алдармын

               Бәріңді мен алдаймын

   Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар. Мен осы жақтан көңілді өлеңдерді естіп, тойға келдім,құттықтайын деп. Мерекелерің құтты болсын! Ойбой, мына тұрған Шығыбай байдың киіз үйі ғой. Ішінен піскен еттің иісі шығып тұр.Қазір балалар, мен олардың үйіне барып, оларды алдап кетейін, сендер айтып қоймаңдар.

Алдар көсе есікті қағып, байдың үйіне кіреді: Ассалаумағалейкұм,баеке!

Шығыбай:  Уағалейкум-ассалам! Біздің жақта не істеп жүрсің?

Алдар: Мен жоғалған қойларымды іздеп жүрмін.

Бай: Сенде қой бар ма?

Алдар: Иә, бір атар қойым бар еді, соны іздеп шаршадым. Сіздің үйіңізде 1 түн қонсам қалай көресіңдер?

Бай: Қонсаң, қон. Әй кемпір, қонаққа төсек сал.

Түнде бай мен әйелі ұйықтап жатқанда,Алдар көсе тұрып, қазандағы етті жеп, жемегенін қойнына тығып алып, кетеді,орнына балта тастап. Таңертең бай мен кемпір тұрады.

Бай:  Әй, кемпір әлгі Алдар көсе кеткен ғой. Қане, анау қазаннан етті шығар жеп алайық. Кеше кешке де сол үшін тамақ ішпей ұйықтап қалдық – деп, ішін сипалап отырады. Кемпірі қазанды ашса, ішінде балта жатыр екен, ойбайлап: Алдады, алдады ғой бізді Алдар көсе! – деп айғалайды.

Бай: Тез жүр, қуып жетейік, алыс кеткен жоқ шығар – деп, екеуі шығып кетеді.

Алдар көсе оралып келеді: Балалар, Шығыбай кетті ме? Ойын ойнамай, ән салмай, өсер бала бола ма? Демекші,келесі кезекті ойынға берейік.

1ойын «Көтермек»

2ойын «Асық жинау»

3ойын «Орамалды бер»

Ойыннан кейін балалар қонақтарға тақпақ айтып береді:

Аспандияр: Естісін ел үніңді,                             

                     Дүние түгел естісін.

                     Тәуелсіздік туыңды

                    Биік көтер, жас ұлан!

Медина: Зеңгір аспан, көгілдір

                 Алтын күні төрінде

                Тамылжытып, төгіп нұр

                Шаттық сыйлар көңілге

Жанеля:  Көк аспандай көгілдір

                  Қазақстан байрағы

                Тұрса күндей төгіп нұр

                Жылдарыңыз жайдары.

Ән «Біздің балабақша». Б.Қыдырбек

Аида: Көк байрақтың бетінде

           Қыран бүркіт қанатты

           Сол қырандай еркіндеп,

           Бала өседі талапты

Гульнур: Елтаңбасы елімнің

                 Неткен әйбат, әдемі

                Тұнығындай көңілді, -

                Ортада – аспан әлемі.

Бақдаулет: Құт, береке, шаңырақ,

                     Орын алған ол төрден

                     Қанатты қос арғымақ

                    Екі жақтан көмкерген.

Би: «Қазақта ел –қайда?» грамзапись

Жүрг: Еліміз егемендік алып, міне сендер таза ана тілінде сөйлей бастадыңдар. Тіліміз бен дініміз қайта оралды. Еліміздің нағыз ұлт-жанды, елін, Отанын сүйетін нағыз азаматтары сендерсіңдер. Болашақтарың жарқын болатынына сенімім мол. Енді Отанымыз жайында тақпақтар тыңдайық.

Диана Докумб.:  Шұғылалы таңымыз,

                               Қазақ жері – бағымыз

                              Қайнарынан мөп-мөлдір

                             Сусындайды жанымыз.

Темірхан: Қазақ жері – сәніміз

                   Мәуесі мол бағымыз

                   Саясында жетілер

                Балдай бала шағымыз

Саин Мансур: Отанды біз атамекен

                          Деп аялап айтамыз.

                          Өйткені оны мекен еткен

                         Бабамыз бен атамыз

Ән (хоровод) «Ағайынбыз бәріміз». М.Әубәкіров

Сабина:  Отанды әркім анасындай,

                 Қастерлейді бағалап

                Өйткені Отан баласындай

                Бізді өсірер аялап.

Камила:  Отан деген – атамекен,                          

                  Отан деген – туған жер.

                 Отан – ана, Отан – үлкен,

                 Қазақстан – туған ел.

Асылай: Ашық болсын десек елдің аспаны

                 Мөлдір судай тұнық болсын жастары

                Сәбилерге үлгілі өнер көрсеткен

                Балабақша тәрбиенің бастауы

Ән «Менің отаным». Әні О.Байдильдаровтікі.

Жүрг:  Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойып,білімдеріңді сынағым келіп тұр.

1.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Назарбаев)

2.Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

3.Біз қандай елде тұрамыз?

Жүрг:  Балалар, еліміз туралы көп мәлімет біледі екенсіңдер. Оларыңа ризамын. Білімді азаматтар болып өсетіндеріңе сенімдімін.

Жүрг:  Тал шыбықтай бұралған, қазағымның қыздары-ай

              Сүйсіндірген биімен, өнерлі ғой қыздар-ай.

Домбыралармен би (грамзапись)

Жүрг:  Біз көпұлтты егемен елміз. Тілімізге, дінімізге бөлінбей тату-тәтті бір аспанның астында, бір мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Түсімізге, нәсілімізге қарай да бөлінбейміз. Қазір достық туралы тақпақтарды тыңдайық.                                                                                                                  Айнұр:  Барлық елдің бөбегі

               Бір-бірімен туысқан.

              Бәрімізге төгеді,

             Өз шуағын күміс таң.

Заңғар: Бейбітшілік әніміз

               Бауырласпыз бәріміз,

               Қазақстан даласында

               Жарасады сәніміз.

              Ұлы Отанның аясында

             Жадырайды жанымыз.

Оспан: Бізбен бірге бар әлем,

              Қуанады балаша.

             Қуанышқа бөленген,

             Өмір қандай тамаша

Ән «Достық» музыкасын жазған И.Нүсіпбаев.

Жүрг: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсындеп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп ертеңгілігімізді «Қайырлы таң» әнімен аяқтағым келіп отыр.

Ән «Әрқашан күн сөнбесін» А.Островский


Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар сыры.      
Саба
қтың мақсаты:  Ойыншықтар туралы түсініктерін  кеңейту арқылы балалардың сөздік қорын дамытуда дыбыстық мәдениетті қалыптастыру. Өлең, тақпақ арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру. Ойыншықтарға деген жылулық сезімдерін ояту.
Саба
қтың көрнекіліктері: түрлі ойыншықтар, үнтаспа, 
 к
үн сәулесі бейнесі.
 Саба
қ барысы:
 Т
әрбиеші: Балалар бәрің маған қараңдаршы. Барлығың қандай әдемі болып кеткенсіңдер.
Қонақтармен амандасу.
Бізге келген
қонақтар қандай балалар.
Балалар: С
ұлу, әдемі, әсем т.б
Т
әрбиеші: Өте жақсы , олай болса келген қонақтарға өлең айтып берейік:
Ж
үрісіңнен жаңылма,
Топ  топ,  топ  топ,  топ  топ.
Жылдамыра
қ адымда,
Топ топ ,топ топ, топ топ.
Шапала
қта алақан,»
Та
қ тақ ,тақ тақ, тақ тақ.
Тездет енді бала
қай.
Та
қ  тақ , тақ  тақ , тақ  тақ.
Осы кезде
әдемі әуенмен күлдірген кіреді.
К
үлдірген: Сәлеметсіңдер ме балалар.
Балалар: С
әлеметсіз бе күлдірген.
К
үлдірген: Балалар сендердің аттарың кім?
Балалар аттарын айтады.
К
үлдірген: Сенің жасың нешеде?
Балаларды
ң жауабы: үште.


Күлдірген:Ой, қандай жақсы балалар. Апай мен керемет сиқыршымын ғой. Мен жүрген жердің бәрі ғажайып әлем, мен сіздің балаларыңызға бір  керемет көрсетіп берейін бе?
Т
әрбиеші: балалар күлдіргеннің кереметін көрейік бе?
Балалар: и
ә, көрейікші.
Т
әрбиеші: Олай болса, көрсет өнеріңді күлдірген.
(жерде беті жабулы т
үрлі-түсті қалташалары бар, қалташаларға әдемі ойыншықтар салынған күн сәулесі бейнесі жатады).
К
үлдірген сиқырлы сөздерін айтып жапқышты ашып қалады.
Т
әрбиеші:Балалар қараңдаршы қандай әсем,әдемі қалташалары бар күн сәулесі бейнесі бізге нұрын шашып жатыр. Күлдірген сен неткен керемет сиқыршысың. Ал балалар қалташаларды ашып көрейікші.
Балалар
әрқайсысы өз қалташаларына отырады.
1.     Аю шы
ғады.
            Саяра: мынау аю. Ол ж
ұмсақүсі қоңыр.Қорбаң,қорбаң етіп  
             ж
үреді.Тақпағын айтады.
2.    Сиыр шы
ғады.
           
Әдемі: Ол мөө-ө-ө дейді \ 2 рет қайталау\.Сиыр сүт          береді,ет   
            береді.Та
қпағын айтады.
3.    
Қоян шығады: 
           Гулім: мынау
қоян. Мен қоянды ұнатамын. Қоянның құлағы ұзын, ол сәбіз жақсы       
           к
өреді. Мен қоян туралы тақпақ білемін айтып берейінші.Тақпақ айтады.
4.    
Қой алып шығады.
           Камила: т
үсі ақ, бә - бә - ә дейді.Жүнінен киім тоқиды.Тақпағын айтады.
5.    Т
үлкі шығады. 
          Балжан: мынау т
үлкі, ол өте қу және айлакер. Ол көп ертегілердің кейіпкері.Ол       
          б
ұлғаңұлғаң етіп жүреді.\көрсетеді\.
6.    Ит шы
ғады .
         Асылжан: ит адамны
ң досы. Үй күзетеді. Ит аф-  аф -  аф , р – р-  р-  р  дейді         
         \
қайталау\.  
7.    Т
үйе шығады. 
         
Құдайберген: мынау түйе. Түйенің сүтін шұбат дейді. Ол бөө - ө - ө  дейді. 
            Та
қпақ айтады.
   8.  Жыл
қы шығады.
            Ол Ио - ио -  ио дейді. Мен жыл
қының төлі құлын туралы тақпақ білемін. 
           Та
қпақ айтады.
   9.  Тыш
қан шығарады.
            Н
ұрай: тышқан пи - пи - пи дейді \қайталау\ түсі сұр болады. 
             
Өзі кіп  кішкентай болады. Ол мысықтан қорқады. Тақпақ айтады.
 10. Мысы
қ шығады.
            Ж
ұлдыз: Мен мысықты жақсы көремін. Оның түсі ақ, мысық сүт ішеді. Мен мысық      
             туралы та
қпақ білемін. Тақпақ айтады.
Т
әрбиеші: Балалар өте жақсы, жануарлар жайлы көп нәрселерді біледі екенсіңдер.
К
үлдірген:Ал балалар мен сендермен қош айтысайын деп тұрмын. Мені сендер сияқты басқада балақайлар күтіп отыр. Оларға да барып таңғажайып заттарымды көрсетүім керек. Сау болыңдар, келесі кездескенше балалар.
Балалар: Сау болы
ңыз.
Т
әрбиеші: Балақайлар өздерің шаршап қалған сияқтысыңдар ғой. Кішкене серігіп алайықәне жақындаңдар.

Сергіту сәт:
Жел уледі   у -  у -  у.
Боран со
қты зу - зу - зу.
Қатты қатты жел соқты гу-  гу - гу.
Жапыра
қтар қол соқты ду - ду - ду.
Шыдай алмай жапыра
қтар ах-  ах-  ах деді.
Билеп кетті
қалтырап  тоқ - тоқ .
Т
әрбиеші: Кішкене серігіп, көңіл - күйімізді көтеріп алдық.Ал енді  балалар сабағымызды жалғастырайық.Осы сабағымызға орай бір ойын ойнайық. Ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме балалар?
Балалар: И
ә.  
Қ\о « мысық пен тышқандар»
Т
әрбиеші: Кәне балалар ойыншықтарыңды қолдарыңа алыңдар. Ойыншықтарға арнап ән айтайық.
Ән: Ойыншықтар әні.
Т
әрбиеші:Балалар бүгінгі өткен сабағымыз сендерге ұнады ма? өте қызық болды. Балалар жануарлардың дыбысын тағы бір қайталап өтейік. Сиыр мө  - мө -  мө дейді.Қозы бә-  бә - бә дейді. Ит аф - аф - аф, р-  р – р-  р дейді. Түйе бө- бө - бө дейді. Жылқы ио - ио  -ио - ио дейді.Тышқан пи - пи - пи дейді. Мысық  мияу – мияу  мияу - мияу дейді. Өте жақсы балалар.     Сабақта ойыншықтар туралы өлең, тақпақ айттыңдар, ойын ойнадыңдар сендерге көп  көп рахмет. Осымен бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды. Қонақтармен кош айтысайық.
Балалар: сау болы
ңыздар, келесі кездескенше.

Оқу қызметін  ұйымдастырудың технологиялық картасы

Күні, айы, жылы: 01.03.13ж.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Мұзафар Әлімбаевтің "Әдептілік әліппесі"өлеңімен таныстыру.

Мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: әдеп, әдептілік, сыпайылық.

Көрнекілік: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер .

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

 

 

Әрекет кезеңдері

 

        Тәрбиешінің  іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.

Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.

Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.

 Балалар зейіндерін аударып, мұқият тындайды.

Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік.

«Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

- «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс- әрекетті айтамыз?

- Балалар, бүгін біз сендермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.

Мақал-мәтелдер жаттайық;

Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала- сорлы бала.

 

Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

 

Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

Балалар хормен:

Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,

Үйренеміз жақсы мінез әдептен.

 

- Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

- Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- әдептілік.

Рефлекстік түзету кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау

 

 

 

Өзін-өзі бағалау

 

 

 

 

«Жалғастыр» ойыны:

«Не істеуге болмайды?» деген сөзді тәрбиеші айтады, балалар әрі қарай өздері жалғастырады.

1. Үлкендердің алдын-

2. Кішкене баланы-

3. Құстарды-

4. Қыз баланы-

5. Сабақтан-

6. Үйге жүгіріп-

7. Үлкен кісіні-

8. Оқу –құралдарын-

9. Сыныпта айғайлауға-

10.Ысқыруға-

11.Құстың ұясын-

Сабақты сұратар қою арқылы балалардың түсініктерін тексеру.

 

 

 

Сендер жақсы жауап бердіңдер, шапалақтау.

 

 

Не істеу керек?

- Үлкендерді сыйлау керек

- Ата- аналардың тілін алу керек

- Тәртіпті болу керек

- Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек

- Сабақты жақсы оқу керек

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже: Зейіндерін қойып тындау.

Білу керек: Әдептілік туралы білулері керек.

Түсінігі: Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек екенін түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсету керек екенін меңгерді.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-142582

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"