Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сценарий на день опекуна

Сценарий на день опекуна



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов



1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ардақты ата -аналар, ұлағатты ұстаздар!

2-жүргізуші: Бүгінгі «Мейірімді жүрек» атты мерекемізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдық. Мұхаммед Пайғамбарымыз өсиетінде былай дейді «Өзінің не өзгенің балаларын балиғатқа жеткізіп, адам етіп шығарған адамның орны тек қана жәннат».

2-жүргізуші: Осындай батыл қадам жасап, бала тәрбиесіне үлкен үлес қосып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген ата-аналарға арналып Қазақстан Республикасында 2011 жылдан бастап, «Қамқоршылар күнін» мерекелеу дәстүрге айналды.

1-жүргізуші: Қымбатты қамқоршылар, панасызға пана болып, қамқорсызға қамқор болып, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беріп, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді сіңіріп жүргендеріңіз үшін сіздердің алдарыңызда басымызды иеміз.

2-жүргізуші:Бүгінгі мерекеміздің алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Омаров Берік Рамазанұлына беріледі.

1-Жүргізуші:
Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз - ақ бақытты боп жүргенің
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның - күлгенің
5 «Ә» сынып оқушыларының дайындаған шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар!

2-Жүргізуші:
Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,
Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.- дей келе, сыныбымыздың күміс көмей әншісі
Молжігітова Әйгерімді «Аналарға тілек» әнімен ортаға шақырамыз.


1-жүргізуші: Ажимбетова Нұргүл мен Төлеубек Адинаның орындауында өлең «Шаттық шуағы»




1-Жүргізуші:
Өтеді ғой.. Өтеді барлығы да,
Күн арқалап кетеді таңды мына
Менің жаным ашиды барлығына,
Таң нұрына, адамның тағдырына

Тамашалаңыздар көрініс: «Ата-ананың қадірі»


2-жүргізуші:

Өмірдің көрген талай жол торабын,

Әкеден кім аяйды қолда барын.

Әкенің ақ тілегін тілеу парыз,

Мен бүгін әкемді айтып толғанамын.- дей келе, Орысбаева Алуа мен Жамбыхан Нұржанның орындауында «Әкелер» әні қабыл алыңыздар.


2-жүргізуші:
Сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Нуртазина Мәншүк Бекқазықызына беріледі.

(Қамқоршы ата-аналарға мектеп ұжымы атынан шағын сыйлық табысталады.)

1-Жүргізуші:
Шашылайын шұғылаң болып,
Шырқа көңіл бүгін ән болып.
Аман есен жүрсеңдер екен,
Бет түзейтін құбылам болып.-деп жырлағандай Ата-аналарымыз аман жүрсін деген ниетпен Сагимбаева Нұрайлымды «Әкеме» өлеңімен ортаға шақырамыз.

2-Жүргізуші:
Сөз кезегі Қамқоршы ата-аналарға берілді.
(мектеп ұжымына алғыстарын айтты)

Барлығы хор


1-Жүргізуші:

Алақан жылуын, мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып,бақыт сыйлау борышымыз. Ендеше, болашағымыз жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын десек, бір- бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық, ағайын! Осымен «Мейірімді жүрек» атты өткізіліп жатқан қайырымдылық кешімізді аяқтай келе, баршаңызға балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балғын бөбектерге адамдық мейірімділік пен жомарттық танытқандарыңызға рахмет айтамыз, әр отбасыға бақыт, амандық- саулық тілейміз! Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғысымыз шексіз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-043769

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>