Инфоурок Другое Другие методич. материалыСценарий на конкурс "Учитель года"

Сценарий на конкурс "Учитель года"

Скачать материал

Астана қаласы «Гуманитарлық колледж» МКҚК

«Үздік топ жетекшісі» атты байқау бағдарламасы

 

                          Пән бірлестігінің жетекшісі

Қазығұлова М.Я

 

Мақсаты: «Үздік топ жетекшісі» байқау қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субъектілерінің құзырлылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылады.

Жүргізуші 1:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен студенттер қауымы!  «Топ жетекшілер онкүндігінің» аясында өткізілген тәрбиелік щара өз қорытындысын аяқтауға жақын.

Мерекелік іс - шараның бет пердесін  ашу үшін алғашқы сөз кезегін  директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Нургазиева Нұргүл Мырзабековнаға беріледі.

Жүргізуші 2:

Бүгінгі мерекелік шара күнделікті жанымыздан табылатын, бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, топ  жетекшілеріне арналады. 

Сахна төріне «Үздік топ жетекшісі -2016» байқауының жеңімпазы Сапарова  Нургуль  Изатқызын ортаға шақырамыз.

Жүргізуші 1:

Топ жетекші дегеніміз кім?  Топ жетекшісі — сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог.

Жүргізуші 2:

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,

Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.

Қошеметтеп, құрметпен қол соғайық,

Байқауға қатысушы ұстаздарға.

Осындай мақтанышпен,   құрмет пен қошемет көрсетіп,байқауға қатысушы топ жетекшілерді ортаға шақырайық!

Жүргізуші1 :

Бойыңызда от бар екенін байқадық,

Жүректерде шоқ бар екенін байқадық.

Әрқашанда осы шоқты сөндірмей,

Жалындатып шарықтаңыз, әрдайым.

1.Исабаева Махаббат Ырысбековна – 1 пмуз  тобының жетекшісі қошеметпен сахнаға шақырайық!

Өмірлік ұстанымы:  Әділеттілік

Жақсы көретін тағамы: Бесбармақ

Жақсы көретін түсі: Қызыл, жасыл түс

Хоббиі: Торт пісіру

Жұлдызнамасы:  Сарышаян

Жұлдыз жорамалы:

Кез келген маңызды және қиын жұмысты еш қорықпастан бастап кете аласыз. Сіз үшін, әсіресе, жылдың екінші жартысы табысты болмақ. Мүмкін емес деген нәрселердің өзін еш қорықпастан армандаңыз, биыл сол армандар орындалатын сәтті жыл болмақ. Пайдалы, әрі сауапты іс істеуге тырысыңыз.

Жүргізуші 2:

Пір тұтатын ылғи да даналықты,

Ойы көркем, сөздері,салмақты.

«Ұлық болсаң, кішік бол» деген сөзбен,

Өзі де армандапты ұстаздықты.

Сахна төріне 216 кж тобының жетекшісі

2. Қойшыманова  Алия Мырзакуловнаны -  шақырамыз!
Өмірлік ұстанымы: Өмірде саналы, тәрбиелі жас ұрпақ тәрбиелеу

Жақсы көретін тағамы: палау, манты

Жақсы көретін түсі: Жасыл

Хоббиі: әдеби шығармалар оқу

Жұлдызнамасы:  Тоқты

Жұлдыз жорамалы: 2017  жыл сіз үшін сәтті өтпек. Жанұяда жайлы бір жылылық пайда болады. Сейсенбi, сенбi сәтті күндер. Сондай-ақ үлкен олжаға кенелуіңіз мүмкін. Шығармашылық қызметте дарыныңыз дараланып, топ жаруыңыз ғажап емес. Сондықтан, алған бетіңізден қайтпай, тек алға ұмтылыңыз. Бір сәт тынығып алуды да ұмытпағаныңыз абзал.

Жүргізуші 1:

Ұстаз деген ерекше қауым, дара шың,

Ол жаңашыл, жаңалық іздеп табатын.

Нұргүлдің ұстаздық еткен бар ісін,

Уақыт келді ортаға салатын.

3. Коянбаева Нургуль Кайратовна-  3 ар  тобының жетекшісі

Өмірлік ұстанымы: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға »

Жақсы көретін тағамы: Анамның дайындаған тағамдары

Жақсы көретін түсі: көк, жасыл, сары

Хоббиі: әдеби аудармалар жасау, кітап оқу

Жұлдызнамасы: Арыстан

Жұлдыз жорамалы: Жанұяда жайлы бір жылылық пайда болады. Сейсенбi, сенбi сәтті күндер. Сондай-ақ үлкен олжаға кенелуіңіз мүмкін. Шығармашылық қызметте дарыныңыз дараланып, топ жаруыңыз ғажап емес. Сондықтан, алған бетіңізден қайтпай, тек алға ұмтылыңыз. Бір сәт тынығып алуды да ұмытпағаныңыз абзал. Жұлдыз жорамал бойынша 2017 жыл — жағымды жаңалықтар мен күтпеген тосын сыйларға толы болмақ.

Жүргізуші 2:

Жас болса да ұстаздықты қалаған,

Міне,бүгін топқа түспек аламан

Алтайдай жас жетекші маманды,

Қошеметтеп қарсы алайық бар адам.

4.Кадралиев Алтай Амансеитович  – 2 пкял тобының жетекшісі

Өмірлік ұстанымы: Еңбек түбі - береке

Жақсы көретін тағамы: Манты

Жақсы көретін түсі: Ақ

Хоббиі: Футбол ойнау

Жұлдызнамасы:  Бикеш

Жұлдыз жорамалы:  Іскерлік, қызметтік сұраныстары мен іскерлік ұсыныстары бұл жылы тым жоғары.  Сондықтан осы жылы да олар өзінің ұмтылысымен көзге түсе отырып, біраз қажетті адамдармен танысады. 2017 жыл сіз үшін арманыңыз орындалатын сәтті жыл болмақ.

Жүргізуші 1:

Білімі оның ұшан теңіз жан-жақты,

Айтар ойы , ақылы да салмақты.

Талай шәкірт тәрбиелеп өсірген,

Өткен өмір белесін, ұрпаққа айтып сыр шерткен, -дей келе  3 фвк  тобының жетекшісі  Күндебекова Гулнур Сериковнаны сахнаға шақырайық.
 Өмірлік ұстанымы:  Адам баласы бидай сабағындай

Жақсы көретін тағамы: Бесбармақ

Жақсы көретін түсі: Жасыл

Хоббиі: Кітап оқу, ән тыңдау.

Жұлдызнамасы:  Тоқты

Жұлдыз жорамалы: Жанұяда жайлы бір жылылық пайда болады. Сейсенбi, сенбi сәтті күндер. Сондай-ақ үлкен олжаға кенелуіңіз мүмкін. Шығармашылық қызметте дарыныңыз дараланып, топ жаруыңыз ғажап емес. Сондықтан, алған бетіңізден қайтпай, тек алға ұмтылыңыз. Бір сәт тынығып алуды да ұмытпағаныңыз абзал. Жұлдызжорамал бойынша 2017жыл — жағымды жаңалықтар мен күтпеген тосын сыйларға толы болмақ.

Жүргізуші 2:

Қыздарыңыз білсеңіз таң қалдырар,
Жүректің алау отын жандырар
Көрермен қошеметпен қарсы алайық,
Индирадай жас маман жетекшіні – дей келе 1 ша  тобының жетекшісі

6. Айтжанова Жанар Габдуалиевнаны  ортаға шақырамыз.!

Өмірлік ұстанымы: Многому я научилась у своих учителей, но больше всего у своих студентов

 Жақсы көретін тағамы: салаттар

Жақсы көретін түсі: ақ

Хоббиі: Бос уақытымды балаларыма арнаймын.

Жұлдызнамасы:  Суқұйғыш

Жұлдыз жорамалы: Әлемде, елде болып жатқан жаңалықтардан қапы қалмай, өз пайдаңызға қолданаңыз. Өйткені сіздің шығармашылық белсенділігіңіз күннен - күнге артып келеді. Қой жылында алға қойған мақсаттарыңыздың көпшілігі орындалады . Кәсібилігіңізді арттырудан жалықпаңыз.

Жүргізуші 1

Ұлдарыңыз білсеңіз таң қалдырар,
Жүректің алау отын жандырар
Көрермен қошеметпен қарсы алайық,
Жомарттай жас маман жетекшіні – дей келе 1 фвк 1 тобының жетекшісі

7.  Нурумбетов Жомарт Дюсенбекович   сахнаға шақырайық!

Өмірлік ұстанымы:  Әрқашанда  ұмтылыста болу

Жақсы көретін тағамы: бес бармақ, қуырдақ, манты

Жақсы көретін түсі: қара

Хоббиі: Спортпен айналысу

Жұлдызнамасы:  тауешкі

Жұлдыз жорамалы: Кез келген маңызды және қиын жұмысты еш қорықпастан бастап кете аласыз. Сіз үшін, әсіресе, жылдың екінші жартысы табысты болмақ. Пайдалы, әрі сауапты іс істеуге тырысыңыз.Мүмкін емес деген нәрселердің өзін еш қорықпастан армандаңыз, биыл сол армандар орындалатын сәтті жыл болмақ.
Жүргізуші 2

Кім жеңеді байқауда үміт алда,

Қобалжу бар, жүректе күдік барда.

Қазы алқасы атыңды ақта бүгін

Жүйріктерге арман мен бақыт жолда,-дей келе байқаудың қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

«Үздік топ жетекшісі» байқауының әділқазылар мүшелерінің тізімі:

Махметова  Нұргүл Уайханқызы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділқазылар төрайымы

Жиенбаева Шолпан Оразбековна – сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі

Қалабаева Нургуль Бухарбаевна - әділқазы алқасының мүшесі

Маканова Раушан Кенжеболатовна -  әділқазы алқасының мүшесі

Сапарова Нургуль Изатовна - әділқазы алқасының мүшесі

 

Байқау кезеңдерімен таныс болыңыздар:

1 кезең. Ашық тәрбие сағаттарын өткізу. Байқау 2017жылдың  24  наурызы күнінен бастап, 04 сәуір күндері аралығында  өтті.

2-кезең.

1) «Мен сынып жетекшісімін» таныстыру;

2)  «Өнерін өмірімен өрнектеген» Өз өнерін көрсету

3)  «Сегіз қырлы – бір сырлы» - тапқырлық - танымдық тапсырмалар.

Жүргізуші 1:

1 кезең бойынша топ жетекшілері онкүндік аясында тәрбиелік шаралар өткізіп, тәжірибе алмасты.

Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылды. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік ойын дамытуға әсер ететін рухани- адамгершілік қағидалары, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына әсер етті.

Жүргізуші 2

Сайыста қаймықпайды, тайынбайды,

Қиыннан ешқашанда мойымайды.

Сайыстың бұл кезеңін бастайық біз,

Әр ұстаз айта кетсін өзі жайлы.

 

1 тур. Байқауға қатысушылардың «Таныстыру»  кезеңіне кезек  берейік!

1.     Исабаева Махаббат Ырысбековна – 1 пмуз  тобының жетекшісі

2.     216 кж тобының жетекшісі Қойшыманова  Алия Мырзакуловна

3.      Коянбаева Нургуль Кайратовна-  3 ар  тобының жетекшісі

4.     Кадралиев Алтай Амансеитович  – 2 пкял тобының жетекшісі

5.     3 фвк  тобының жетекшісі  Күндебекова  Гулнур Сериковна

6.      1 ша  тобының жетекшісі Айтжанова Жанар Габдуалиевна

7.     1 фвк 1 тобының жетекшісі   Нурумбетов Жомарт Дүйсенбек ұлын   сахнаға шақырайық!

Ән

Жүргізуші 1:

Ойы озық өзге жаннан шарықтаған

Өнері көкке қарай қалықтаған,

Көкірегі ояу, парасатты ой иесі,

Тәрбиелеу жолында жалықпаған-деп, сынып жетекшілерін өз өнерін көрсету үшін 2 кезеңге шақырамыз

2 тур. Өз өнерін көрсету

Ән.

Жүргізуші 2:

Ұстаз деген ерекше қауым, дара шың,

Ол жаңашыл, жаңалық іздеп табатын.

Әр ұстаз өзі еткен бар ісін,

Уақыт келді ортаға салатын-дей келе, 3 ші кезеңді бастаймыз.

 

3 тур: «Сегіз қырлы – бір сырлы» - тапқырлық - танымдық тапсырмалар.

Жүргізуші 1

Әділқазы алқасы шешім шығарғанша өз топ жетекшілеріне жанкүйер болып отырған топ студенттерінің  тілектеріне кезек берейік!

 

Жүргізуші 2: 

Міне, байқау да өз мәресіне жетті. Жүректері лүпілдеп, толқып,  қатысушыларымыз  қорытынды нәтижесін күтуде.

Ендеше,  байқау қорытындысының нәтижесі бойынша сөз кезегін әділқазы алқасына   сөз беріледі.

Жүргізуші 1:

Тәуелсіз Қазақстан үшін жалпы адамзаттық мәселе, рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі өзекті сипатқа ие болып отыр. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік-рухани қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеу үшін, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуға бет бұруы қажет.

 

Жүргізуші 2:

Осы байқауға қатысып тәжірибесімен алмасқан ұстаздарға алғысымызды білдіреміз. Сіздерге ұстаздық еңбек жолында шығармашылық жетістіктер мен үлкен жеңістер тілейміз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 кезең тапсырмалары

 

Сөз құра, тез құра деген сергіту сәті

1.     Мөлдір моншақ толы жеміс- АНАР

2.      Допты ойнаған тозар, асық ойнаған- АЗАР

3.      Өзен суы  немен ағады-АРНА

4.     Киім тігетін шикізат- МАТА

5.      Спорттық жарыстың соңы-МӘРЕ

 

Жребий алу арқылы би түрін таңдау

1.     Қара жорға

2.     Үнді биі

3.     Лезгинка

4.     Өзбекше

5.     Современный танец

6.     Испан биі

7.     Вальс

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий на конкурс "Учитель года""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 484 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2017 412
    • DOCX 32.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдрахметова Алтыншаш Касымовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2487
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой