Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сценарий на 8 - марта
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Сценарий на 8 - марта

библиотека
материалов

hello_html_4775ebf1.gifБекітемін

Мектеп директоры: ________________

Агильская Т.А. 07.03.14 жыл. Сағ. 1330


Анаға арналған бір ән ..............................................................................................................

( осы жерде ақ көйлек киген бастауыш сыныптың оқушыларынан құралған 3 жұбы вальс билейді).

(музыка көңілді) 1-жүргізуші Диас: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.

2 жүргізуші. Ернар: Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар, әжелер мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

3 жүргізуші. Мағжан :

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

1жүргізуші: Құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаздары, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

2 жүргізуші. «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты 3 «Ә», 6 «А»,

8 «Ә » сынып оқушыларының ұйымдастырып отырған мерекелік кешке қош келдіңіздер!!! (хормен) осы жерде музыкадан үзінді( дәл әлемнің жарығынан)

3 жүргізуші. Бүгінгі мерекенің шаттығы, көңілдердің ақтығы, пейілдердің пәктігі, ән мен күйдің тасқыны, нәзік жандылар сіздерге арналады!

Әдеби монтаж (4 оқушы) 3 сынып оқушылары

(ән ....................................................................................)

3 жүргізуші.Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - немене кешке дейін маған өлең жолдарын бере бересіңдер. Менде сендер сияқты тілек айтайында, зор денсаулық, ауырмаңдар, ұзақ жасаңдар деген сияқты.

1 - жүргізуші. Жоқ сен ренжіме. Біз саған бүгінгі кештің ең тәтті жерін қалдырдық.

3 - жүрг. Иә, білем ғой тағы тақпақ айт деп айтасыңдар не болмаса барып ананы алып кел, ана затты апарып қой,- деп жұмсай бересіңдер.

2 - жүрг. Жоқ мүлдем олай емес, сен сценарийге қарашы. Не деп тұр?

3 Жүрг. Өсиетін айтсын көпке киелі,

Сөзі алтын, адал оның жүрегі.

Мектебіміздің басшысына сөз кезегін береміз,

Қабыл болсын жақсылардың тілегі. Мынау тағы тақпақ қой.

1 жүрг: Сен түсінбедін ары қарай оқысай.

2- жүрг: (музыка ойнайды) Мерекелік құттықтау сөз кезегін оқу ісінің білгірі, Ы.Алтынсарин атындағы медальдың иегері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, мектеп директоры Агильская Такура Айдарбекқызына беріледі. Мм қалай оқыдым, иә.Сценарийдің ең тәтті жері деп осыны айт!

2 жүрг: Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ұстаз, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

Айымның орындауындағы «Ардақты ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ортаға жүрекжарды тілектерімен 6 сынып оқушыларын шақырайық.

1-оқушы: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

2-оқушы: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

3- оқушы: Ұстазым екінші анам аялаған,

Біздерден бар білімін аямаған.

Оқысын, білім алсын, үйренсін деп,

Таңертең күнде құшақ жаяды алдан

4-оқушы: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

5-оқушы: Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым - сары ормандай самсаған.
Әке болып жүргенімді ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.
6-оқушы : Тұра тұршы түзелгенше бұзығың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау,
Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!

7-оқушы: Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз. 

3- жүргізуші. Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай 3 сынып оқушылары Санжар мен Аружанды «Мама» әнімен ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

3- жүргізуші: Иықтан шашын, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті ұлы ғұламалардың ғибратты сөздеріне береміз.

8 сынып оқушылары: Ұлы ғұламалардың сөзімен ортаға шақырамыз.

«Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
- Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
-  Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
2-жүргізуші:Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистіміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер.

Өтеген: Құрметті ұстаздар, ата- аналар және қыздар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Іштеріңіз пысқан шығар, мен Өтеген бүгін журналисттің рөлінде сіздермен бір ойын ойнасам. Қарсы емессіздер ма? Жақсы жауап бергенге сыйым бар...

1. Мектептегі ең сүйікті оқушыңыз кім?

2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

3. Көктемде неге қыздар құлпырады, ал ұлдар сол қалпында қалады? Неге?

4. Мектебіміздің ең-ең бұзық оқушысы кім деп ойлайсыз?

5. Өлең айтып бере аласыз ба?

6. Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?

7. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтайды деп ойлайсыз?

8. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?

9. Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын

білесіз бе?

10. Бүгінгі мерекелік іс шараға жауапты сыныптар?


1-жүргізуші: 

Өтеген осы жерден тоқта!! Біздің кішкентай достарымыз өз кезегін көп күтіп қалды.

2 жүргізуші.
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!

3 - жүргізуші. Қайрат Нұртастың «Қыздар- ай» әніне арнайы дайындалған биімен

3 сынып оқушыларын қошеметпен ортаға шақырамыз.

1- жүргізуші.

О, аналар осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасың-дағы кәрің де,

Сыйынатын осы өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге...

2 жүргізуші. Мағжан Диас не қиялданып оқып тұр ма? Түсінбей қалдық қой өзі... Мына сахнаға шығарылып жатқан столдар не бүкіл сәнді кетіріп.

3- жүргізуші: Жоқ, Ернар бұл Диастың қиялы да емес, сахнаның сәні кеткенде жоқ. Тек «Ана жүрегі » деп аталатын ойынның кезегі келді.

1- жүргізуші: Құрметті бүгінгі кеш қонақтары, алдарыңызда аяулы біздің аналар!!!!

2 -жүргізуші. Ойын шарты мынандай: Аналарымызға 3 кезеңнен тұратын тапсырмалар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай балл беріледі.

1 тапсырама: Балаңызды қалай еркелетесіз? деген айдар. (Бұл кезде баладан алынған мәлімет бойынша, кім қалай еркелетеді табу керек.)

2 тапсырма: Балаңыздын дауысын дұрыс табу. ( диктафонға жазылған дыбыс арқылы)

3 тапсырма: Балаңызды тауып алыңыз!!! (сахнаға 10 оқушы шығады, соның ішінен өз баласын табу керек.) Қортынды шығарылады.

10 «Ә» Тілек «Ана жүрегі» өлеңімен. (Осы жерде Ана жүрегі атты клип)

1 жүргізуші.

Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 

(бастарын иеді)

Ән :_______________________________________________________________________


1 жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан.

2 жүргізуші. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана.

3жүргізуші: Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.

1 жүргізуші: Осы мерекені пайдалана отырып, біз осы мектеп ұжымында еңбек жасап жүрген апайларымыздың арасынан мынандай номинацияларды тағайындауды жөн көріп отырмыз.

( номинациялар слайдқа шығады)

  1. 500 немересі бар әже -

  2. Ақ әже

  3. Ең жас әже

5. Ұлы көп ана

6. Қызы көп ана

7. Ең жас ана


2-жүргізуші: Ай жұлдыздай жарық шашқан түндегі,

Нұр сәулесін төгер ұстаз- ана жүрегі.

Болашақта сол жүректен от алып,

Самғай берсін шәкірттердің тізбегі.

1-жүргізуші: Мәпелеген қыран құстар,

Биіктерге самғайды.

Ұстаздармен аналарға бүгінгі күн түлектері,

Сыйлықтарын, гүл шоқтармен шын көңілмен сыйлайды.

( осы жерде бір ән)


1 жүргізуші. Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

2 жүргізуші. Өзің мына сыйға берген өмірде.

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.

3 жүргізуші. Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!

Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз – дей отырып, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

( осы Еркін Нұржановтың «Ана жыры» қосылады, сосын қайырмасынан бастап Ернар айтады, оқушылар шығып сахна төріне тұрып, шеңбер құрайды)

Талғар қаласы

2013 – 2014 оқу жылы

8 «Ә», 6 «А», 3 «Ә» сыныптары

7 жалпы білім беретін шағын орталығы бар лицей орта мектебі

C:\Users\Пользователь\Desktop\28.jpg


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-231077

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"