Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Сценарий на мероприятие в детском саду "Нағыз ана, нағыз әже"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Сценарий на мероприятие в детском саду "Нағыз ана, нағыз әже"

библиотека
материалов

«Нағыз ана, нағыз әже» 

Мақсаты: 
-мерекелік көңіл-күйін құру
 
-анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту
 
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру
 
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру
 
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
 
Кейіпкерлер: жүргізуші, 1 Клоун, Мыстан бикеш. 
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: гүлдер, құмыра, орамалдар,
 
Репертуар:
 
• Әндер:
 
1 «Айналайын, ақ мамам»

2. Анашым
3
 . «Әжетайым», 
4. «Ақ Әжем»

5. «Алтынсыңғой анашым»
• Билер:
 
1. «қуыршағым »
 
2. «
ГУЛДЕРМЕН» 
3. «Аналармен би»

4.зам,зам.
• Ойындар:
 
1. Гүлді жина эстафетасы
 
2. Ананың даусын тану
 
3. Мергендер
 
4. Күндерді жина
 
Ертеңгіліктің барысы:
 
Музыкамен ұлдар залға кіреді. Жарты щеңбер жасап тұрады. 
Жүргізуші: Ұлдар, бүгін Әйелдердің мерекесі ғой! Бәрі дайын ба? Ешкім кешіккен жоқ қой? Әне, қыздар да келе жатыр! Қарсы алайық!
 
(Музыка әуені естіледі де, қыздар залға кіреді.)
 
Жүргізуші (қыздар кірген кезде): Қараңдаршы, біздің қыздарымыз қандай әдемі болып кетіпті!
 
Ұлдар қыздарға басын иеді.
 
Жүргізуші: Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, әжелерімізді, сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай! Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген жерінде әлі де қар жатады. Бірақ, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай секілді. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемділік сыйлайды.
 
1 бала: Әлихан
Бүгінгі көктем күнінде, 
Барлық адам қуанар,
 
Аналарды мейраммен
 
Құттықтайды балалар.
 
2 бала: Аяулым
«Жаным» дейсің мені, 
Жаратушым – бір сен.
 
Жалғыз өзің, тегі,
 
Жанашырым білсең,
 
Айналайын ана!
 
3 бала: Нариман
Жамандықтан сақтандырып, 
Жақсы ісімді мақтан қылып
 
Мәпелеген ақ мамамды
 
Жүрсем деймін шаттандырып.
 
4 бала: ноэми шанти
Ананың біз гүліміз, 
Ана біздің күніміз.
 

Адия
Ұландарды қуантып,
 
Ұзақ өмір сүріңіз.
 
5 бала: Дарина
Қандай бала болмайық, 
Анамызға балдаймыз,
 
Көтерейікші көңілін
 
Ән салайық бәріміз.
 
Ән «Айналайын, ақ мамам!»

(отырады) 
Жүргізуші:
Біздің ұлдарымыз қыздарға сюрприз дайындап келді ғой. Бізге қонақ шақырды. Балалар, оны шақырайық па? 
Балалар: Иә! 
Бәрі шапалақтайды. Залға бір сайқымазақ келеді.
 
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіңдер ме, қымбатты қыздар! 
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, сайқымазақ! 
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу! 
Бәрі балалардың қолынан ұстап амандасады.
 
сайқымазақ: мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтерем. 
Ал қазір мен сендерге акробатикалық номерді көрсетем.
 
Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді.
 
(Бәрі күледі)
 
Жүргізуші: Қой Вили Тили. Сен мойыныңды сындырарсың. Оданда біздің балаларымыздың биін қабыл ал. 
Ой балалар, балалар
 
Ойналық та күлейік
 
Қане енді бұралып
 
Би билеп те берейік
 
Би «қуыршағым » 
1 Сайқымазақ
: Қандай жақсы би. (Қимылдарды қайталап билеп тұрады) Тағы да билейікші. 
Жүргізуші: Жоқ, Вили Тили, біз мерекені жалғастырайық. Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер. 
Балалар шашырап тұрады.
 
1 бала: __Ермек____________________________ 
Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
 
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
 
«Әжетай сені жақсы көремін», деп
 
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
 
2 бала: __Анел____Сапош__________________ 
Әжем менің әлі де,
 
Ұқсамайды кәріге.
 
Шай қайнатып береді,
 
Қажет болса бәріне.
 
3 бала: __Анел____Данкенова_______________ 
Өзің мені өсірген,
 
Айналайын, ақ әжем.
 
Тентек болсам кешірген
 
Шөлдедің бе, дана әжем.
 
4 бала:____Ерасыл____________________ 
Шай қайнатып берейін,
 
Шекер салып жан әжем
 
Өзім құйып берейін,
 
Балдай тәтті бал әжем!
 
Ән «Әжетайым» 
Әннен кейін гуілдеген дыбысы естіледі.Мыстан бикеш кіреді.
 
Мыстан бикеш: Мұнда не қылған мереке болып жатыр? Сендер неге сондайлық мәз болып отырсыңдар? 
Жүргізуші: Сен кімсің? Неге мерекеге кедергі жасап тұрсың? 
Мыстан бикеш: Мен Мыстан бикешпін, сендер мені не таныған жоқсыңдар ма? Сендер мыстан кемпірді білесіңдер ме? Мен оның жалғыз сүйікті немересімін. 
Сайқымазақ: Ал мыстан кемпірдің өзі қайда? 
Мыстан бикеш: Ол пенсияда ғой! Енді мен оның орынбасары боламын. 
Енді мен барлық мерекелерді бұзамын. Сендердің де ертеңгіліктеріңді бұзбақпын. Болды, қайтыңдар үйлеріңе. Мереке болмайды.
 
Жүргізуші: Қалайша? Біз бүгін аналарымызды құттықтаймыз ғой. Неге кетуіміз керек? Біз ешқайжаққа кетпейміз. 
1 сайқымазақ: Мыстан бикеш, сен өзің үйіңе кет. барған жеріңе бар. (итереді) 
Мыстан бикеш: Солай ма? Ал қазір мен сендерге көрсетемін. Менің шляпам сиқырлы, қазір мен сендерді бақаларға айналдырамын. 
Қане сайқымазақ,
  Бақаға айнал.(шляпасымен тербейді) 
Сайқымазақ бақа болып бақылдайды, секіріп залдан шығады.
 
Мыстан бикеш: А ха ха, енді сендерді ешкім күлдіртпейді. Көңіл күйлеріңді ешкім көтермейді. 
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен не істедің. Сен балалардың мерекесің бұздың ғой. 
Мыстан бикеш: Иә, ал сендер маған не істей аласыңдар. Ештеме істей алмайсыңдар ғой.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен бізге Тили Вили мен Вили Тилиді қайтаршы. 
Мыстан бикеш: Ал сендер маған олар үшін не бересіңдер. 
Жүргізуші: Біз саған гүлдерді жинай аламыз. 
Мыстан бикеш: Гүл дейсіңдер ме? Жарайды, келісемін. 
Ойын «Гүлді жина» эстафетасы 
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ 5 баладан. Алдарында орындықтың үстінде бес гүл жатыр. Балалар сол гүлдерді кезек кезек бір бірден алады. Сосын құмыраға салады. 
Ойынның аяғында жүргізуші гүлдерді құмырадан алып Мыстан бикешке сыйлайды.
 
Мыстан бикеш: Гүлдерің неге сондайлық аз? Онда мен сендерге сайқымазақтарды қайтармаймын. 
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен бізді неге алдадың. Біз сенің айтқаныңды орындадық қой. Ал сен болсаң алданшақ екенсің. Балалар, айтыңдаршы, адамдарды алдауға болады ма? 
Балалар: Жоқ. 
Жүргізуші: Мыстан бикеш, білесің бе жаман қылықтарды істеуге болмайды. Солай ғой балалар, йа

Мыстан бикеш: Ой, балалар. Енді ұқтым. Менің барлық істеген істерім жаман болды екен. Ал жақсы болып қалу үшін, маған кішкене билеп, көңіл көтеру керек. 
Жүргізуші: Мыстан бикеш, саған арнайы біздің балаларымы би билеп береді. 
Би «зам,зам » 
Мыстан бикеш: Рахмет сендерге балалар, енді мен ешқашан да жаманшылық істемеймін. Ал сайқымазақты қазір әкелемін. 
Сайқымазақ: Алақай, рахмет сендерге балалар, сендер мені құтқардыңдар. 
Сендер болмасаңдар, мен әрқашан бақа болып жүруші едім.
 
Мыстан бикеш: Жарайды балалар, маған апамды Мыстан кемпірді мерекемен құттықтауға бару керек. 
Жүргізуші: Ал осы гүлдерді оған сыйла. 
Мыстан бикеш: Сауболыңдар! 
Сайқымазақ: Алақай!!! Алақай! Мерекені жалғастырайық! 
Мен оркестр адаммын ғой. Сондықтан оларға музыкалық аспаптарда ойнайын.
 
Сайқымазақ музыкалық аспаптарды алады да қалай болса солай ойнайды. Аспаптар қолдарынан түсіп, өздері құлай береді.
 
сайқымазақ: Қалай, ұнай ма? 
Жүргізуші: Қой, құлақтарымыз ауырып қалды. Одан да, біздің музыканттарды тыңдап алыңдар, үйреніңдер. 
кезекті әнге берейік

Ән: ақ әжем
сайқымазақ: Осы балабақшаның балалары би де билей алады, музыкалық аспаптарда да ойнайды. Ал біз әнді жақсы айтамыз. 
Сайқымазақ: бізге микрофон беріңіз, моэстро музыку. 
(музыка ойнайды, сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады,
Жүргізуші: Тили Вили, Вили Тили, сендер босқа өз тамақтарыңды шаршатпа. Біздің балаларымыздың әнін тыңдаңдар. Балалар, аналарымызға ән айтайық.

Ән « алтынсың ғой анашым»
1 Сайқымазақ: Қандай әдемі ән. Дауыстарың қандай жақсы. 
Ал дауыстарыңды тексердім. Жақсы екен. Енді құлақтарыңның естуін тексерейін. Қазір сендер бұрылып тұрасыңдар. Ал бір баланың анасы оны күнім немесе жаным деп шақырады. Сендердің мақсаттарың ананың даусын тану.
 
Ойын «Ананы дауысынан тану» 
Жүргізуші: Тили Вили, Вили Тили, сен көп ойындарды біледі екенсің. 
Сайқымазақ: Иә, білем. Тағы ойнаймыз ба, балалар? 
Балалар: Иә. 
2 сайқымазақ: Ал, қазір маған 4 , бала шығады. 
«Күндерді жина» ойны 
Ойын шарты: әр бір командаға күннің бөліктері беріледі (шеңдер және 10 шуақтары). Балалар осы боліктерден күн құру керек. Кім бірінші бітіреді сол жеңеді.
 

Ән «Анашым»

Би «гулдермен»
1 сайқымазақ: Балалар, мен сендерге тағы сыйлықтарды әкелдім. (үш шелек, бір шелектің ішінде кубиктар) 
2 сайқымазақ: Балалар, осы нәрселермен ойын ойнасақ! 
Жүргізуші: Балалар, ойнаймыз ба? 
Балалар: Иә. 
1 сайқымазақ: маған 10 бала керек. 
Ойын «Мергендер» 
Ойын шарты: он бала ойнайды. Олар екі командаға бөлінеді. Әр бір команда шелектерге кубиктарды лақтыру керек. Ойын эстафета түрде ойналады.
 
Жүргізуші: Рахмет, сендерге сайқымазақ. Сен бүгін бізді қызықтырып жүрдіңдер. 
сайқымазақ: Иә, мен сондаймын . мен көп ойындар, әндер де, билер де білемін. 

Және мен фокустар көрсете алам. Сендерге де қазір фокус көрсетем. 
Фокустар: 
Саусақпен. Саусақты жұтып алады.
 
Орамалдармен. 1 сайқымазақ қалтасына орамал салады, ал екіншісі қалтасынан бірдей орамалды шығарады.
 
Гүлмен. Бір гүлді каробқа салып, айтады: «Қазір осы гүл басқа бояумен боянады». Шығарса, боянбапты. Ой, неге боянбайды.
 
жүргізуші : Сен білмейсің бе, сиқырлы сөздерді айту керек қой. Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер. 
Балалар айтады.
 
сайқымазақ: Фокус, покус. (Себеттің ішіне қараса, ішінде кәмпиттер жатыр екен.) Балалар, қараңдар гүліміз кәмпиттерге айналды. 
Балаларға кәмпиттер таратылады.
 

Соңғы би аналарымен «менің аннам алтын»
Жүргізуші: 
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сауболыңыздар!





















Қарасу ауданы

Ключевой орта мектебі.

Шағын орталық

Айгөлек тобы




Ертеңгілік.

Тақырыбы: Нағыз Ана, Нағыз Әже.







Дайындаған: Тәрбиеші.Кайнешова.Б.





2016 оқу жылы.


Автор
Дата добавления 14.07.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров69
Номер материала ДБ-142584
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх