Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Сценарий на мероприятие в детском саду "ЖАҢА ЖЫЛ"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Сценарий на мероприятие в детском саду "ЖАҢА ЖЫЛ"

библиотека
материалов

(Қош келдің,жаңа жыл)

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Шайтан,Алдар көсе, Малдың пірлері, Балалар,Жаңа жыл, Ата - аналар..
 Жүргізуші: Уа, халайық, жараңдар,
Айналаға қараңдар.
Қызық көріп шат болып,
Шалқып күліп, тараңдар.
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр.
Жаңа жылды қарсы алып, 
Өткізейік дүрмекті деп.
Қыстың әнін шырқауға шақырамын.
Ән «зырылдайды шанамыз»

(Шыршаны айнала әні орындалады. Ән орындалып біткеннен кейін ертегілер әлеміне бастайтын саз ойналады да күтпеген жерден қара шайтан жүгіріп шығады.)
Шайтан: Мен шайтанмын, шайтанмын,
Көрінбейтін сайтанмын.
Ұнап қалған жандарды,
өзіммен алып қайтармын.
Жүргізуші: - Ой мынау кім? Құдай сақтасын, түрі қандай жаман еді. Аулақ-аулақ, сәнімізді бұзба!
Шайтан: - Бұзбақ түгілі, бұзамын. Мен жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақарды 
алдап қамап қойдым.Қазір міне, сендердің де апайларыңды алып кетіп, 
ешқандай мереке өткіздірмеймін.мереке болмайды, маған мереке  ұнамайды.
Жүргізуші: Тоқта, шайтан. Анықтап қарап көрсем қорқынышты сенің түгінде жоқ  екен, сен сондай әдемісің! Сондай қап-қарасың. Мен әкетпей-ақ қойсаң  қайтеді. Сен мені әкетпеу үшін балалар не істеуі керек?
Шайтан: -маған бір көңілді ән салып, би билеп берсеңдер, онда ойланып көрермін.
Жүргізуші: Кәне балалар бәріміз бірге би бидейік Би. «Көңілді үйректер биін билейді» Шайтан: билерің ұнады. Бірақ та бәрібір мерекелеріңді бұзғым келіп тұрғаны-ай.  өткіздірмеймін дедім, өткіздімеймін.
Жүргізуші: - тоқтай тұр шайтан, келісіп көрсек қайтеді. Біздің балалар саған біраз жұмбақ жасырсын. Егер сен шешімін таппасаң бізге бөгет болмай өз 
жолыңмен жүре бер. Ал мерекемізді жалғастырамыз.
Шайтан: -мен шешпейтін жұмбақ жоқ. Айта беріңдер, жасыра беріңдер, бәрін шешіп  аламын.
( балалар жұмбақ жасырады.)
Жүргізуші: - қане балалар, мені шайтан алып кетпесін десеңдер, қиын жұмбақтар  жасыруға тырысыңдар. Балалар жұмбақ жасырады.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)
Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
(Шырша)
(жұмбақтар айтып болған соң шайтан аяқ астынан шыңғырып, «ойбай, анау келе жатқан Алдар ғой. Тыға көріңдер балалар, құтқара көріңдер мені», - деп балалардың артына тығылады.)
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын!   Балқанға да барғанмын,                                
 Орхонға да барғанмын. 
 АҚШ қа да барғанмын,
Жапонға да барғанмын.
Шаршанқырап қалған соң,
Шайтанға мініп алғанмын.
-    Ассалаумағалейкум, балалар! Менің шайтанымды көрмедіңдер ме? Бұхараның базарына кіріп шыққанымша қашып жөнелгенін айтсаңшы.
Балалар: Көрдік!
Алдар көсе: өй мынау менің шайтаным ғой жарықтық.(балалардың артында жүгіріп қашып жүрген шайтанды басына шылбыр салып ұстап алады.)
Шайтан: - мен талайдың басын шармап едім, талайдың асын ұрлап едім, Алдар, маған  жазаң ауыр болды. балалардың алдына ант етейін! Енді өйтпеймін босатшы мені, Алдар!босата көр, алдареке!
Алдар көсе: шайтанның сөзіне сенеміз бе, балалар?
Балалар: Жоқ, болмайды.
Шайтан: Сене көріңдер балалар, сене көріңдер.
Жүргізуші: Жаңа жылды жақсылыққа ырымдайық балалар.
Шайтан екеш, шайтанда той қонағы саналар, Көре жатармыз ар жағын, босатсақ болар Алдарым.
Алдар көсе: Өз күнәңді өтеу үшін мына жиылған балаларға бір қызықты ойын өткіз  
немесе бір би биле. Егер баларға ұнаса мен сені босатамын.
Шайтан : Қане балалар бәріміз бірге бір би билейік.
би «Хоровод биі»

(балаларды отырғызу)

Жүргізуші: Қуанбаған бұл күні, ойнамапты күлмепті,
Уа, халайық, той бүгін Бақыт, шаттық мол бүгін.
Таусылмайды бұл тойдың, 
Дүбірімен дүрмегі.
Келе жатыр әнекей,
Бес түліктің пірлері.
Жүргізуші: Міне ендеше балалар, әр түліктің пірлері.
Тойдың жайын білгелі, өздеріңді көргелі,
Баталарын бергелі келіп түр.
5 пірдің сөздері:
Шопан ата: Ай мүйізі шақпақтай,
Шүйделері тоқпақтай,
Тегене құйрық май басқан.
Малды берсең қойды бер,
Шопан ата баласы қойлар бассын жеріңді.
Қамбар ата: Мен бір тілек тілейін,
 Шын бергенін білейін.
 Өңкей ала шұбардан,
Жал-құйрығы шұбалған.
Қамбар ата баласы жылқы бассын жеріңді.
Зеңгі баба: дауысы бар азандай,
Желіні бар қазандай.
Мүйізі бар жылтылдақ, 
Тұяғы бар сыртылдақ.
Зеңгі баба баласы сиыр бассын үйіңді.
Ойсыл қара: Қораға сыймас түйе бер,
 Түйе берсең үйе бер.
Азу тісі қаладай,екі өркеші баладай,
Ойсыл қара баласы, түйе бассын үйіңді.
Сексек ата: Қарағай мүйіз серкені,
Шүйде, жаны, желкені.
Ешкім дегендей осындай Сексек ата баласы,
 Ешкі бассын жеріңді.
Жүргізуші: баталарыңызға рахмет аталар. Біздің қатарымызға қосылып кешіміздің сыйлы қонағы болуларғыңызды сұраймыз.сіздердің құрметтеріңізге бір ән арнаймыз. Ән «шырша әні» аппақ-аппақ

Ақ киімді денелі ақ сақалды,  Тондырады қасындағы тірі жанды.
 Үсті-басы  - ақ қырау, демі суық,
 Жетіп те қалған шығар ертіп алып Ақшақарды.
- Балалар, бұлкім туралы айтылған деп ойлайсыңдар. Ендеше ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
 Шайтан: -мен оларды тез барып босата қояйын.Кешіміз көңілді өтсін, иә балалар!
Жүргізуші: Ал біз балалар бәріміз бірігіп, Аяз атаны шақыруды жалғастырайық.Біздің даусымызды естімесе көрші балабақшаға кетіп қалып жүрер.
(Аяз ата -3-рет) Аяз ата: (Аяз ата мен Ақшақар балалармен амандасады.) ау, амансың ба ұлдарым Ау, амансың ба қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,  Қандай әсем жырларың.

Аяз Ата: Қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайьқ.

Менің сыйқырлы шамым бар кәзір сол шамның көмегімен шырнаның шамын жағамыз
Шырша шамын жағу сәті (Сол кезде шайтан венгальски шамды жағып Аяз атаға береді аяз ата шамды алып шыршаны айналады

Шырша жанады)

Жүргізуші:

Ал, балалар, балалар

Ортамызда жарқыраған шырша бар

Шыршамызға арнап өлең айтайық

Сұлу көркін мадақтайық, мақтайық.

Қош келдіңіздер. Біз сіздерді мерекемізде көруге шын жүректен  қуаныштымыз.
Аяз ата:

Біз де сендерді көруге,
 Халдеріңді білуге,
Асулардан асып,
Аппақ қарды басып жетіп қалдық.
Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтап, Ойнап-билеп, күлуге келдік міне, балалар!
Жүргізуші: Қане балалар, Аяз атаның құрметіне бір ән  «Аяз ата» әні орындалады. Ән «Аяз ата» Ақшақар: Рахмет, балалар мені сыйлап құрметіме ән шырқап жатқандарыңа. Өз  кезегімде мен де сендерге  арнап әкелген көңілді сыйлығым бар.
 (Ақшақар балалармен көңілді ойын өткізеді.)
ойын «зам зам зам»

Би Ұлдардың орындауында

«кішкентай аяз ата»

Аяз ата:  Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Өздеріңе оралдым,
Бар сыйлығым жоралғым.
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.
Жүргізуші: Олай болса, Ақшақар екеуіңіз шыршаның түбінде отырып демалыңыздар Ал біздің балалар сіздерге арнап дайындаған сый-сияпатын көрсетпекші.
  (Балалардың тақпақтары .)


Аягөз Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса, жаусын Ақшақар!
Ержан:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
Әлихан:
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.
Нұржан
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Аяулым:
Қандай әсем шартарап
Шаттық күйге бөлеп тұр
Кәмпиттерңн арқалап
Аяз ата келіп тұр.
Дарина:
Жамылған ақ мамық, ұлпа қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп, Аяз атаның.
Ермек:
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақтон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
Ерасыл.
Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жылтырап жатады.
Адия
Аяз ата аппақ
Кәмпиттері тәтті - ақ
Ноэми шанти

Маған кәмпит көп берсең
Тағы айтамын тақпақ.

Анель. Нур Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!
Анель Жасыл желек жамылған Асыл моншақ тағынған Міне, сұлу шыршамыз Көптен күтіп сағынған.

Аязата ;балалар сендер ойнағыларың келеме .

Балалар; йа

Аязата ; қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?

Балалар;

Коьки,шаңғы,шана тебеміз .

Аязата; ал сендер аққала соққыларың келеме?

Біз казір аққала жасаймыз.

Ойын «Аққала»

Би «қарша қыздар»

Ағылшын «би күшіктер»

Аяз ата: Шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер балалар.Мен сендерге Жаңа Жылды қарсы 
алу рәсімі туралы біраз әңгімелеп берсем деп едім. Жаңа жылды қарсы алып  шыршаны безендіру рәсімі Ежелгі Англия мен Германияда басталған екен. Әр ұлт Жаңа жылды әр түрлі мезгілде қарсы алады. Мұсылмандар жаңа  жылды қашан қарсы алды.(Балалардың жауабы) Наурызбенен қаңтар 
қыстың қақаған күнінде де біз көңілді шыршаның қасында, Жаңа жылды 
қарсы алуға ешқашан қарсы емеспіз.
Жүргізуші: Рахмет, ата! Сіздің әңгімеңіз балаларға қызықты болып ұнады деп  ойлаймын. Біздің балалар, Ақшақардың ойынын тамашалығымыз келіп тұр дейді. Ақшақар біздің балалармен бірге ойын ойнап берсең дейміз.
Ақшақар: « Ойын» Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!


Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......
Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жүргізуші:

Рахмет саған, Ақшақар. Мен уақытқа қарасам Жаңа жылдың келетін  уақыты жақындап қалыпты. Бізге тағы бірқонақ келе жатыр кәне бәріміз бірге шақырайық ол біздің быйылғы қонағымыз.

Балалар:

Жаңа жыл, 3 –рет

Қарсы алайық Жаңа Жылды.
Мешін жыл келеді қарсы алайық,
Көңілденіп күлейік шаршамайық.
Мешіннің құрметін бөлісейік,
Міне, Жаңа Жыл да келді.
Жаңа Жыл: Айтқаныңыз келсін ,
Мен-дағы бір қонақпын.
Он екі айда оралар,
Үлкендерден ақ ниет,
Тілек айтсын балалар.                                                                 
Уа құдайым оңдасын,
Қызыр бабам қолдасын.                                                              
Келіп жатқан сағынта,
Жаңа жыл бізді жарылқа!
Күйге толып төріміз, ашық болсын көгіміз.
Келген Жаңа Жылымыз ақ тілекпен осындай.
Ар болып үйге кіріңіз! .
Жүргізуші: - Балалар, бүгінгі күні тілек айтпаған адам қалмасын түгелдей тілегімізді 
  айтайық.
        Ар бол Жаңа Жыл, бар бол Жаңа Жыл!
        Қадамың Құтты болсын, Жаңа Жыл!
        Бейбітшілік жылы бол, Жаңа Жыл!
        Құт береке жылы бол, Жаңа Жыл!
Аяз ата: Ал айналайын, Жаңа Жыл. Келген қадамыңа нұр бітсін!Мынау менің 
 ұлдарым мен қыздарым, бір өзіңе аманат. Жақсы жыл бол, дария нұр бол.
Жаңа Жыл: -Айтқаныңызды орындаймын, атажан!
барлығы бірге Ән «Жаңа жыл» Аяз ата: Алдар, шайтан, жаңа жыл үшеуің маған көмектесіңдер маған ауыр болғандықтан балаларға алған сыйлығымды жолда қалдырып кетіп едім алып келіңдерші .(үшеуі шығып кетеді) Балалар, мен біраз дем алдым. Арқа – басым кеңіп, ашу- аязым кеміп барады. 
 Бүйте берсем мен Аяз емес, тамыз болып кетемін. Сендерге көп рахмет. Алыс-
 алыс ауылдар, өздеріңдей қауымдар күтіп отыр біздерді. Дорбамдағы  
 базарлықты сендерге таратып берсем балалар. Сендермен қоштасатын сәт  туды. Қош сау болыңыздар, балалар.
Жүргізуші:  Қандай жақсы біздің Аяз атамыз,  Ол кеткен соң терең ойға батамыз. Ақша қар болып қалықтаймыз аспанда,
 Құс жолымен ән сап бара жатырмыз. Жаңа Жыл құтты,табысты, бақытты жыл болсын деп мерекемізді аяқтаймыз.




























Ключевой орта мектебі ММ

Шағын орталық






Ертеңгілік.




Тақырыбы: «Біз тәуелсіз елдің ұланымыз.»





Дайындаған: Кайнешова.Б.


2015 жыл
















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 14.07.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров78
Номер материала ДБ-142585
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх