Жаңа жыл-жаңа жыр!
1жүргізуші
: Армысыздар ,құрметті ата-ана ,қымбатты ұстаздар ,оқушылар!
2жүргізуші
:Жаңа жыл мерекелерініз құтты болсын!
1жүргізуші:Қош
келдіңіз бүгінгі кешімізге ,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
2жүргізуші:
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға ,
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуанышы қөп болсын жаңа жылға, - дей отырып , жаңа жылдық кешімізді
бастауға рұқсат етіңі
1жүргізуші: Аппақ тонға оранып ,
Базарлықты мол алып ,
Келеді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
2жүргізуші : Келеді Аяз атамыз,
Қасында Ақшақары бар
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы аламыз баршамыз.
1жүргізуші
Ал енді , құрметті халайық!
Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы
әрі сәні Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алайық!
Хормен
: Аяз ата!Ақшақар!(3рет)
Музыка ойнап тұрады , сол кезде Аяз ата мен Ақшақар
келеді.
2жүргізуші:
Қош келдіңіз,Аяз ата !
1жүргізуші
: Амансың ба, Ақшақар!
Аяз
ата: Амансындар ма, балалар!
Алыс-алыс таулардан,
Орман,тоғай баулардан,
Аса-асу белдерден,
Өзендерден,көлдерден
Алыс сапар жол шегіп,
Жамандықпен алысып ,
Жақсылықпен жарысып
Келіп жеттік сендерге.
Ақшақар:
Алыс –алыс ,алыстан.
Көз жетпейтін ғарыштан,
Жұлдыздардан самғаған,
Армандардан аңсаған ,
Мұхиттардан шулаған
Дауылдардан тынбаған,
Қырдан дара-қиырдан
Ақшақар келдіасығып.
1жүргізуші
Амансындар ма! балалар
Ал,балалар Аяз ата және Ақшақар мен бірге шырша жырын айтайық.
2жүргізуші:
Аяз ата , сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз енді отырып демалыңыз.
Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуымызды қабыл алыңыз!
Жаңа
жыл әнімен Наргизаны қарсы алыныздар!
1жүргізуші:Ал,балалар,балалар,құлақ
қойып тыңдандар.
5а сыныпта
Жасыл шыршы жанында
Жаңа жылды қарсы алып
Би билейік, ән салайық-деп
Оқушылардың өнерін көрейік . «Ақшақар»
биі
2жүргізуші:Кешіміз
көңілді әнмен,бимен басталыпта кеткен сияқты.Бізбен бір жыл бойы бірге болып,бірге
қуанып,бірге ренжіген,біз үшін болған қой жылына рақмет айтып,шығарып салайық.
1жүргізуші:
Ескі жыл,қайдасың?
Ескі
жыл:Иә достарым ! меніңде бірнеше сағаттардан кейін тарихтың еншісіне айналатын
уақытым де жетті.
2жүргізуші:Қош
келдің ,ескі жыл! Сіздің құрметіңізге ән айтылып ,би биленуде.
Жаңа
жыл келгенше бізбен бірге болыңыз. «Ән көңілдің - ажары» демекші келесі кезекті
әнге береміз.
Әділетін
орындауында ән тыңдайық.
1жүргізуші:Ей,құрбылар
жақын жақсы адамдар!
Жыл келеді! Жыл келеді!Қарандар!
(Осы мезетте Мешін келеді.)
2жүргізуші:Қош
келдің !
Қуаныш
пен шаттыққа кенелейік,
Жадырап
ән шырқап тербелейік
Төрлет,төрлет
халқымның құтты жылы,
Бәріміз
дөңгелене би билейік!
(Музыка
ойнап, би биленеді)
Ескі
жыл: (кетеді) Бейбіт күнің жарқырап,
Қоштасамын бүгін мен.
Сіздерді қимас көңілмен
Тарихтың еніп қойнына
Айтамын жүрек сөзін мен.
Келер мешін жылында ,
Жақсылық көп болсын ортанда ,
Тыныштық пен бейбіт күн
Болсын деп тілеп әманда,
Қоштасып қол бұлғаймын !
Қош,сау болыңдар!
Хормен:
Қош,сау бол ,Ескі жыл!
Музыка
ойнап тұрады.
1жүргізуші:
Жаңа жылдық тойда
Көрсетейік өнер біз.
Таппақ айтсақ
Риза болар Жаңа жыл .
Тақпақ:
Нұрбек ,Ділназ ,Құндыз, Жансерік
2жүргізуші:
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы ,арманы ,
Жақсы дәстүр көбейсін.
1жүргізуші:Ал,балалар
Аяз ата мен Ақшақар
Сендермен
бірге ойын ойнайды.
2жүргізуші:Сыныптың
бишілерін шақырайық,
Қошеметпен,құрметпен
қарсы алайық
Бишілерімізді
ырғалтып би билетіп,
Қол
соғып биік шынға самғатайық –деп бишілерді ортаға шақырамыз .
«Санта
клаус» биі.
1жүргізуші:Таппақ
айтатын балаларды ортаға шақырайық.
2жүргізуші:
Ерлерім,ел намысын түйіп белге ,
Келеді
қолым жетіп биіктерге.
Тілегі
қабыл болып Елбасының,
Жаңа
жыл құт боп келсін сүйікті елге !
1жүргізуші:Қарсы
алыңыздар, алдарынызда сүйкімді қыздарыныз Ақниет.
«Қазақ»
биі
2жүргізуші:Ал
ендігі кезекті ата-аналарға берейік !
Ата –аналармен ойын ойнайық .
1жүргізуші:Өнерді
бұлбұлдай сайратамын,
Елімді
гүлдей жайнатамын ,-деген бір топ өнерпаздар өз өнерлерін ұсынбақшы.
1)Ұлдар
тобынын орындауында жігіттер квартетінің « Жаңа жыл» әні.
2)Әділет«Бол
жанымда»
3) Кукарелла
биі.
Аяз
ата :Ал,балалар!Енді, бір-бірден келіп сыйлықтарынды алыңдар .
Аяз
ата:Ал,балалар!Енді ,біз жүретін уақыт та таяп қалды.Біздерді басқа Шаһардың
елді мекендері күтіп отырған көрінеді.Енді біз Ақшақар екеуміз кетейік.Қош,
сау болыңдар, балалар !
Барлығы:Қош,сау
болыңыз Аяз ата , Ақшақар.
1жүргізуші:Құрметті,ата-аналар
және оқушылар! Келер 2016 жыл әрқайсыңызға жаңа бақыт ,жаңа жыр әкелсін! Жаңа
табыс,жаңа нұр әкелсін!
Жүргізушілер:Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.