Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сценарий на тему "Бүгінгі бойжеткен- болашақ келін"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Сценарий на тему "Бүгінгі бойжеткен- болашақ келін"

библиотека
материалов

«Бүгінгі бойжеткен- болашақ келін» атты сайыстың сценарийі



1 - жүргізуші: Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қарындастар. Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Бүгінгі бойжеткен- болашақ келін» байқауын тамашалауға шақырамыз.

2 - жүргізуші: Тауып бір әйел - әлем бар тілдерін,

Бақыт пен астастырып әр күндерің.

Босатып қара жердің тұла бойын,

Келдің бе, сегізінші наурыз күнім.

1 - жүргізуші: Арулар - аяулылыр, ардақтылар,

Өмірге жылу болып қалмақ болар.

Арулар – тіршілікке күре тамыр,

Өмірді бір - біріне жалғап тұрар.

2 - жүргізуші: Сұлулыққа қарап көз тоймайды

Сұлулыққа өзін - өзі баяндайды

Естілер құдіретті бүгінгі сөз

Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.

1 - жүргізуші Той пердесін ашайық

Жырдан шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық - деп ән жолдаймыз.

Ән:

2 - жүргізуші: Құрметті қауым: Бүгінгі өткелі отырған «Бүгінгі бойжеткен- ертеңгі келін » атты бойжеткендер байқауын бастауға рұқсат етіңіздер. Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік - әдемілігімен, сұлулығына тәу ету және ұлттық салт-дәстүрді, тіліміз бен дінімізді өскелең ұрпаққа насихаттау, неке мен отбасы құндылықтарын алға тарту.

1 - жүргізуші: Қос бұрымы аш беліне төгілген,

Келбеті бар кермаралдай керілген.

Қазақ қызы – инабатты ару қыз

Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.

2 - жүргізуші: Тіл байланып қалатындай көргенде,

Сұлулықты соған ғана берген бе!

Кімде болса бас иеді мойындап,

Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.

1 - жүргізуші: № 1 аруымыз «Балғын» шағын орталығынан Мамішева Жанат

2 аруымыз «Ботабай ауылдық клубынан» Пірмшева Айгерім

3 аруымыз «№228 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен Айтжігіт Динара


2- жүргізуші: Әділдікпен баға берер аруға

Әділдікпен қара қылды жаруға

Алқасын қазылардың біз сайлайық

Ақ аруды талдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Қазылар алқасының төрағасы: кәсіпкер Сейтқұлов Жолдас

Мүшелері: Әйелдер кеңесінің төрайымы Қожахметова Рахия

Көп балалы ана Кененбаева Сараш

Жас ата- ана Исмаилова Жаухар

1 – жүргізуші: Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі: І - бөлім: «Таныстыру»- деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Таныстыру өзіндік фантазиясымен, әр түрлі жанрда (өлең, диалог, немесе сахналық қойылым арқылы көрсетіледі.

ІІ - бөлім Келіннің ата- енемен қарым- қатынасы (сахналық қойылым)

ІІІ - бөлім: Жас келіннің қайны, қайынсіңлілеріне ат тергеуі

ІV бөлім: «Ситуациялық сұрақтарға жауап беру» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.


2 - жүргізуші. Құтты болсын мейрамы аналардың,

Қуанышын көрсінші балалардың

Сіздер үшін бүгінгі орындаулар

Билері мен әндері жырланатын - деп аналар сіздерге арнап ән жолдаймыз.

Ән: Қыз сыны. Маханбетова Гүлназ

1 - жүргізуші: Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі

Қазақ қызы - әдепті де әдемі

Қазақ қызы - ақылына көркі сай

Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.

1 аруымыз Мамішева Жанат. Қарсы алыңыздар

2 аруымыз Пірмашева Айгерім

3 аруымыз Айтжігіт Динара

Қыздарымыз сайысымыздың келесі бөліміне дайындалғанша тағы бір ән тыңдайық:

Ән: Бектұрғанов Өмірсерік. Аяла

2- жүргізуші Білім құйған бойына

Қанып өмір жайына

Салт дәстүрдің әр сөзін

Сақтап жүрген ойына - деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Сайысымыздың келесі бөлімі «Келіннің ата- енемен қарым- қатынасы ( сахналық қойылым)

Ән: Балапан қаз. Бейсенбаева Гүлизат

1- жүргізуші: Қазақ қызы - тамсандырған талайды,

Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.

Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,

Ай секілді асқақ ару арайлы – деп, сайысымыздың келесі бөлімі «Қайны, қайынсіңлілеріне ат қою» шеберлігін байқаймыз. Мұнда ортадан 2-3 бала, қыз шығады, солардың түр тұлғасына, қимыл- қозғалысына қарап ат қояды және ол атты не үшін қойғандығын түсіндіреді.

Ән: Арулар- асыл жандар. Маханбетова Гүлназ






2-жүргізуші: Нәзік жандар қашанда ел еркесі,

Отбасының отанның берекесі.

О, қош жарқырап ортамызға,

Жұпар кеуде адамның мерекесі - дей келе сайысымыздың келесі бөлімі «Ситуациялық сұрақтарға жауап беру» .

Сайыскерлеріміз әділқазылар алқасынан парақтарға жазылған сұрақтарды алып, сол сұрақтарға жауап береді.

Ән:

1-жүргізуші: Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,

Адастырмас оң жолдан үлгісі бар.

Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін,

Зердерлі ол, зейінді келіп сынар - дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.

2-жүргізуші: Бұла қырдың құлпырған қызғалдағы,

Ержігіттің бірінші ізгі арманы.

Тіршіліктің жылуы, сұлулығы,

Мына жалған өмірдің гүлзар мәні.

Көркемдікке көмілген келбетіне,

Көз тимесін деп достым сен де тіле.

Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды,

Айна көктен жететін жер бетіне.

Сұлулықтың дүниеде барын қарап,

Аққайың да ұрлана таңырқамақ,

Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай,

Ес еркінді әкеткен барымталап.

Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі келін» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Айпейсова Нұрипа

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

Ботабай ауылы

228 Ш. Бәкіров атындағы орта мектеп

директорының орынбасары


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-226729

Похожие материалы