Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сценарий на тему: 1-мая

Сценарий на тему: 1-мая

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сценарий

посвященного "Дню единство 1-мая"


Дата проведения: 30.04.15 г

Место проведения: спорт зал СШ № 21

Начало: 11.00 час (20 мин)


До начала мероприятия звучат патриотические песни казахстанских композиторов.

12.43 Звучат фанфары – 3 раза.


1 жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі халықаралық бірлік күніне арналған жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін



2 ведущий:

В Казахстане в единой семье живет около 16 млн человек, представителей более 120 национальностей и народностей. На казахском, русском, уйгурском, корейском, татарском языках издаются книги и газеты, работают национальные программы, радио и телевидения. Всех нас, людей всех национальностей объединяет общее, имеющее одно из важнейших понятий: Мы народ Казахстана!


Гимн РК


Құттықтау сөзі ауыл әкімі Қарсыбаев Берік Алпысұлына беріледі

Сөз кезегі мектеп директоры Кеншілік Мусалимұлына беріледі.

Адалбек Айгерім 10-сынып оқушысы (баяндама)


«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс.

2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Осыған байланысты, елімізде бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды.

Мемлекет құрылуының мерейтойы ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталып отыр.

Қазақстандық тарихшы-ғалымдардың Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегін негізге ала отырып, жан-жақты зерттеу нәтижесінде Қазақ Хандығының құрылған жылы 1465 жыл деген қорытындысы алынды.

Көптеген тарихшылардың пікірінше, осы уақыттан бастап Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы Еуразия құрлығындағы мемлекетаралық қатынастардың жеке субъектісіне айналды.

Қазіргі таңда Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өтудің тұжырымдамасы дайындалды.

Аталған тұжырымдамада Қазақ Хандығы құрылуының ғылыми деректері, мерейтойдың концептуалдық негіздері, идеологемалары, негізгі мақсаттары мен міндеттері және оның кезеңдері келтірілген.

Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өту басты үш концептуалды негізде жүзеге асырылатын болады, олар:

патриоттық: қазақ халқының Отанына сүйіспеншілігі;

ақпараттық: ғылыми көпшілік бағдарламаларды, ғылыми-танымдық деректі фильмдерді, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы көркем фильмдерді жасап, жетекші орталық телеарналар арқылы тарату;

ғылыми: қазақ хандығының құрылу проблемаларын зерделеу мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми конференциялар ұйымдастыру.





Даулетхан Самал 10-сынып оқушысы (баяндама)


2015 жылдың 23 сәуір күні Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Мәңгілік Ел: бір ел-бір тағдыр" тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналған ХХІІ сессиясы болып өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы Мемлекет басшысының көрнекті бастамалары-жалпыұлттық "Мәңгілік Ел" идеясын, "Нұрлы Жол" Жаңа Экономикалық Саясатын және Бес институттық реформасын толығымен қолдайтынын мәлімдейді.

Сессия қазақстандық біртектілікті әрі қарай нығайтуға және азаматтық принципіне; "Мәңгілік Ел" идеясының негізіндегі ұйымдастырушы құндылықтарға; тілдердің үш тұғырлығын дамытуға; ұлттың негізі ретінде орта тапқа негізделген "БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ҰЛТ" қана орнықты және табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы болатынын атап өтеді.

Сессия жалпыазаматтық құндылықтар жүйесінің негізі, біздің қоғазымыздың рухани жетекші басымдығы-жалпыұлттық "Мәңгілік Ел" идеясын тұтастай және толығымен қолдайды.

"Мәңгілік Ел"-бұл біздің бірлігіміздің қуатының қайнар көзі.

"Мәңгілік Ел"-барша қазақстандықтарды біріктіретін біздің Тәуелсіздігімнің сенімді рухани тірегі.

"Мәңгілік Ел"-бұл қазақстандық мемлекеттіліктің терең тарихын айшықтайтын жалпы-халықтық идея!

"Мәңгілік Ел"-бұл өз атамекеніне деген сүйіспеншіліктің белгісі, қазақстандық патриотизмнің жоғары деңгейі, рух күші, Отанға адалдық, еліне шынайы берілгендік, азаматтық борыш!

"Мәңгілік Ел" идеясы біздің алға басуымыздың пәрменді ынталандырушысы, барша халық үшін ақиқат сәтінің орнауы.



Тоқталхан Айзада 10-сынып оқушысы (баяндама)


Қазақстан Республикасында кезектен тыс президенттік сайлау 2015 жылдың 26 сәуірінде өтіп сайлаушылардың 95, 5 пайызын дауысын алған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Еліміз гүлденіп жасай берсін! Алға, Қазақстан! Жаса, Қазақстан!



1 жүргізуші:Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,

Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?

Армысың жиылған топ үлкен кіші,

Армысың айналайын халқым менің!


2 ведущий: И в этом Казахстан – уникальное государство с многообразием культур и религий.

В нашем государстве действительно проживает множество народностей и религиозных конфесий в мире и согласии. День 1 мая является символом мира и согласия в нашем многонациональном, дружественным государстве!



Как повезло тебе и мне,

Мы родились в такой стране,

Где люди все - одна страна, семья,

Куда не глянь - кругом друзья!




1-жүргізуші:

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін




1 оқушы: Адамзаттың арманын ұғып бірден,

Сенім құйып, үнінен үміт күлген,

Сан халықты бір тудың аясына

Бір ғана әнмен біріктірген.


2 оқушы: Мой край родной, Республика свободных

Великих наций, разных языков.

Оценят здесь обычаи народов,

Советы мудрых стариков.

Я прошлым Родины своей горжусь,

Истоки языков познать стремлюсь.


3 оқушы: Қанша ұлттың басын қосқан

Елбасымыз аман болсын!

Болашаққа жол бастаған,

Алла оған жар болсын!


5 оқушы: Дарила тепло и уют,

Согрела нас всех, накормила

И многим дала здесь приют.

И вот не одно поколение

Мы вместе все дружно живем

С думой о хлебе едином,

Да общие песни поем


6 оқушы: Тілі бөлек болғанымен тілек бір

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

7 оқушы:

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімнің жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерген,
Ертеңімін Егеменді елімнің.

Эта земля нас сроднила,

Слайд көрсетіліп

1-жүргізуші:

Қуаныштан желпілдейді түндігім

Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!


2 ведущий: Примите наши поздравленья

В прекрасный, яркий, майский день!

Пусть будет ваше настроение
Всегда цветущим, как сирень,

Пусть будет жизнь прекрасна ваша,

И дети счастливы всегда,

Пусть дом ваш будет полной чашей!

Удачи, счастья и добра!





2 - ведущий: Поздравляем от чистого сердца жителей всей страны с днем единства и дружбы народов Казахстана!


1-жүргізуші: Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, дей отыра салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз!

Еліміз гүлденіп жасай берсін! Алға, Қазақстан! Жаса, Қазақстан!














Оған сәйкес, келесі жылдың басынан Қазақ Хандығының құрылу тарихын зерттеу мәселелерін талқылау бойынша жобалар іске аса бастайды, соның ішінде қазақ мемлекеттілігі туралы ақпараттарды анықтау мақсатында Батыс Еуропа, Ресей, Түркия, Қытай, Иран, Египет, Өзбекстан сияқты елдердің мемлекеттік мұрағаттары мен музейлерінен, ғылыми-зерттеу орталықтарынан іздестіру жұмыстары қолға алынады.

Жоғарыда айтылғандарға орай, патриоттық видеороликтер, ғылыми-көпшілік, ғылыми-танымдық бағдарламалар мен ғылыми дәйектерге негізделген деректі фильмдер көрсетіліп, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, патриоттық акциялар, ойындар, фестивальдар, көрмелер т.б. өткізіледі. Сондай-ақ, біз «Мәңгілік ел» ұлт тарихына арналған деректі, көркем және анимациялық фильмдер сериясын түсіруді жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар, мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндермен (Наурыз, Жеңіс күні, Мемлекеттік рәміздер күні, Астана күні және т.б.) байланысты барлық шаралар Қазақ Хандығының 550 жылдығы аясында өтетін болады.

Жылдың аяғына дейін өңірлерде мерейтойлық іс-шаралар жалғасады. Жалпы, келер жылы мерейтойға арналған 100-ге жуық ірі шара өткізу жоспарлануда.

Аталған іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен бекітілетін болады.






Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

В Казахстане в единой семье живет около 16 млн человек, представителей более 120 национальностей и народностей. На казахском, русском, уйгурском, корейском, татарском языках издаются книги и газеты, работают национальные программы, радио и телевидения. Всех нас, людей всех национальностей объединяет общее, имеющее одно из важнейших понятий: Мы народ Казахстана!


Автор
Дата добавления 19.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров469
Номер материала 287817
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх